ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 106
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саматтың денесі түршігіп кеткендей болды. Расында да ол ағаш ауырсынар деп еш ойламаған. Құрысын, мұны білгенде, ағаш бұтағына тиіспейтін еді ғой. Атасына айтқаны қандай жақсы болған. Әйтпесе, мына ашатаяқпен құс атса, оның сарыауыз балапандары болса, мүлдем обал болатын еді ғой. Ол өзіне дер сәтінде келген бұл ойға қатты риза болды. Жүгіріп барып, қалтасынан ашатаяқты алды да, лақтырып жіберді. (92сөз)
Мазмұндау жоспары
1.Самат не істемек болды? Ашатаяқ.
2.Ол атасына не туралы айтты? Тамшы.
3.Атасы не деді? Ағаштың көз жасы.
4. Саматтың денесі қайтті? Түршігіп.
5. Бұдан соң самат қандай ойға келді? Өкінді.
6. Ашатаяқ не істеді? Сындырып лақтарды.
Жомарт деп кімді айтамыз?
Ертеде бір Атымтай деген жомарт адам өмір сүріпті. Осы кісіден біреулер: «Өзіңізден асқан жомарт адамды көрдіңіз бе?»-деп сұрапты.
-Бір күні жол жүріп шаршап келе жаттым. Шөл далада тігулі тұрған күрке көрдім. Онда бір кемпір баласымен тұрады екен. Кеш батып қалған кез. Әлгі күркеге аялдауға тура келді.Үй иелері іргеде байлаулы тұрған ешкісін мейман асына сойды. Күркенің ағашын отқа жағып, ет пісірді. Сөйтіп, мені сыйлады. Сөйтсем, бұл үй иелерінің жалғыз ешкісі мен күркесінен басқа ешнәрсесі жоқ екен. Соның өзін аямады. Міне, жомарттық деп осыны айт,-депті ол.
Әрине, бұл аңыз ғой. Әйтсе де осы сөздің түбінде бір шындық бар.Қазақ халқы ешкімді жатсынбаған. Сондықтан болар, белгілі жиһанкез «Егер қазақ халқы экватор бойымен жағалай қоныстанса,онда жер шарын тегін аралап шығуға болар еді» деген екен.
Міне, балалар, ата-бабамыздың осындай аяулы салт-дәстүрін
сендердің де білгендерің жөн. Қонақ күту, оған сый-сияпат көрсету өз
алдына бір өнер десек те болады. (90 сөз)
Мазмұндау жоспары
-
Ертеде кім өмір сүріпті? Атымтай жомарт. -
Ол кісіден біреулерне деп сұрапты? Асқан жомарт. -
Атымтай қандай мысал келтірді? Жалғыз ешкі, күркесін аяған ж
Қартайғанда көресіңдер
Автобустың іші ыстық, қапырақ, бос орын жоқ. Әр аялдама сайын бірі түсіп, екіншілері кіріп, әншейіндегідей жүріп жатқан қала тұрғындарының өмірі.
Бір аялдамадан автобусқа қарт адам кірді. Жан-жағына қарады, бос орын жоқ екенін көрді де, отырған екі жасөспірімнің жанына келіп тұрды. Екеуінің мойындарында асып алған әдемі теннис ракеткаларының қабы бар. Өзара күлісіп, теледидардан көрген бір спорт жарысын қызу талқылап отыр. Ақсақалды көрмегенсиді.
-Қарақтарым, отыра беріңдер, тұрмай-ақ қойыңдар. Жақсылап жас кездеріңде күш жинап алыңдар. Ертең менің жасыма келіп, аяқтарың дірілдеп, бар тәндерің дем алғысы келіп, жер иіскетші деп жалынғанда мен сияқты отырғышқа сүйеніп аласұрған жүректеріңді басарсыңдар,-деді.
Келесі аялдамада ұялған балалар есіктен секіріп түсіп қалды.
(102сөз)
Мазмұндау жоспары:
-
Автобус іші. -
Автобусқа қарт адамның кіруі. -
Екі баланың әңгімесі. -
Ақсақал не деді?
Қайырымдылық пен қаталдық
Аманкелді бала кезінен-ақ Торғай уезінің Қызылжыңғыл болысында тұратын Махамбет, Сарымбай, Қорқақ секілді мергендерге еріп, тау-тасты аралап, құс атып, аң аулаған.
Бір күні соңына екі лағын еріткен киіктің ешкісі суатқа келіп, еңкейіп су ішіп жатады. Ор қазып, киікті аңдып жатқан сақа мергендер:
- Ал, бала мерген, саған жол бердік! Ешкіні ат!-дейді.Аманкелді:
- Анасын атып, екі лағын маңыратып, жетім қалдырар жайым жоқ. Қолым бармайды,- деп, ешкіні атпайды.
Сол кезде бір қасқыр өлген малдың қу басын көлденең тістеп, сай ішімен ақырын ұрлана басып, ешкіге қарай жылжып келе жатады. Аманкелді:
- Ал, ағалар, ататын рет жаңа келді,- дейді.Аманкелді қасқырды жақын келтіріп алып, жалғыз оқпен қос өкпенің тұсынан дәлдеп атып, жайратып салады. Киіктің ешкісі ажалдан аман қалып, екі лағын ертіп, жөніне жүре береді.
- Балада болсаң, өзің әділ бала екенсің. Сен халықтың қамқоры болғалы тұрған жігіт екенсің! - деп, үлкен мергендер бала мергенге сүйсініпті. («Балдырған»журналы 90сөз)
Сөздік: уез
Мазмұндау жоспары:
-
Екі лағын ерткен киік. -
Амангелдінің мейірімі. -
Ұрлана басқан қасқыр тағдыры. -
Бала мергенге берілген баға.
Соқыр мен Ақсақ
Баяғы заманда бір соқыр мен ақсақ тауға шығып, аң аулайды. Бір кезде соқыр:
-Анау таудың бөктерінде қырғауыл тұр, атып алайық,-дейді. Соқыр мылтығын алып, қырғауылды атып түсіреді. Ақсақ мен алып келейін деп жүгіріп кетеді. Екеуі қырғауылды үйлеріне апарып асады. Қырғауылдың етін жеп отырып ақсақ:
-Соқыр сенің көзің көрмейтін еді ғой, сонау таудың басында тұрған қырғауылды қалай аттың,- дейді. (58 сөз)
Мазмұндау жоспары:
1.Соқыр мен ақсақтың тауға шығуы.
2.Қырғауылды атуы.
3.Бір-біріне таң қалуы
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп кетіп, ара және қоңызбен дос болыпты. Бір күні жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Содан соң көмек сұрау үшін жаңа достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға келіп:
-
Досым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті. -
Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - деп көнбепті ара. -
Құмырсқа, енді екінші досы қоңыздан көмек сұрапты. -
Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, - деп жорғалап кете барадықоңыз.
Екі досынан да күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен кездесіп қалыпты. Олар мұның түрін көріп:
-
Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа басынан кешкен жайды айтады. Достары
көмектеседі де, дәнді бәрі бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа өз үйіріне қайта қосылады.
«Жаңа достың қадірі – ескі достай бола алмас» деген сөз осыдан қалыпты.
(«Ел аузынан», 90 сөз).
Сөздік: еңбегі еш болу, күдер үзу.
Мазмұндау жоспары:
1. Құмырсқаның жаңа достары.
2. Дән.
3. Көмек сұрау.
4. Жаңа достардың «көмегі».
Көкек
Көкек жұмыртқа баспайды. Бұта арасынан басқа құстардың ұясын тауып алса, жұмыртқасын соған туады. Басқа құс бұны байқамай қалады, өйткені көкек оның бір жұмыртқасын алып тастайды да, өз жұмыртқасын соның орнына салып қояды. Жұмыртқалардың түсі де бірдей болады.Ұяда сарғыш жұмыртқалар жатса, көкек сарғыш жұмыртқа, көк жұмыртқалар жатса, көк жұмыртқа, ақ жұмыртқалар жатса, ол ақ жұмыртқа туады. Содан күндердің бір күнінде өзге балапандармен қатар көкектің балапаны да дүниеге келеді. Жұмыртқаны басып шығарған құс өз балапандарын ұядан лақтырып тастайды да, тек көкектің балапанын азықтандырып, жетілдіреді.
Көкектің бұлай ететін себебі мынадан: ол бір жетіде бір ғана жұмыртқа туады. Ол әр жұмыртқасын өзі басып шығаратын болса, бірінші жұмыртқадан балапан шыққан кезде, екінші жұмыртқа дүниеге келер еді. Оны тағы да басып шығару керек. Бұл кезде алғашқы жұмыртқадан шыққан балапанды қалай асырамақшы?
Сондықтан да көкек жоғарыдағыдай қулық істейді.
(«Ұлан» газеті», 90сөз)
Мазмұндау жоспары:
-
Көкектің қулығы. -
Алданған құстар. -
Көкектің бұлай ету себебі.
Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!
Адам таза ауамен демалады. Адам демімен шыққан ауа қайтып жұтуға жарамсыздау болады. Біз үнемі тазасын жұтып, жарамсыз етіп отырғандықтан, егер таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер үстінде жұтуға жарамды ауа қалмас еді.
Сонда таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Дұрысы- таза ауа ешқайдан келмейді.Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан қайтіп жұтуға жарамсыз ауаны жұтып, ондағы біздің дем алуымызға зиянды, бірақ өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартып, қайтадан шығарады.
Біздің үйіміздің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, соғұрлым ауа да таза болады.
Таза ауамен демалған адамның дені сау, көңілі хош болып ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік алады. Осы себепті бабаларымыз, «өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!» деген екен.
(90сөз) «Балдырған»журналынан
Мазмұндау жоспары:
-
Таза ауа. -
Таза ауа қайдан келеді?
Ақ бидай
(ертегі)
Ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаншылық болады. Судың тапшылығынан өсімдік біткен қатты торығады. Басқа өсімдіктер ақ бидайды алқымға алады. Тамыры мықтылары бидай өсіп тұрған жердің суын тартып алады.
Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай түседі. Ақырында ол өлер халге жетеді. Ақ бидайға садақ асынған адам тап болады. Ол аңшыға мүшкіл халін баяндайды.
Адам білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы арам шөптерді отайды. Бұлақтан су әкеліп,суарады. Күзге дейін қамқорлығы-
на алады. Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерін Адамға тарту етеді.Адам дәмді қыс бойы әрі жылы, әрі құрғақ жерге сақтайды. Көктемде жер жыртып, дәнді егеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып күтіп-баптайды.
Күзде бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап. Бірнеше жылдан кейін-мың қап. Бара-бара адамзат әлденеше миллион қап етіп алатын болады.
Адам мен Ақ бидайтың достығы осылай басталған. (94сөз)
Мазмұндау жоспары:
-
Қуаншылық жылы бидай қандай Қатты тарығады, алқымға алады,
күйге душар болады? суын тартып алады.
-
Мұндай жағдайдан оны кім құт- Адам білегін сыбанып, шөпті отай- қарады? ды, суарады. -
Адам Ақ бидайды қалай Жылы, құрғақ, жерде дәнді егеді,
бағалайды? күтіп баптайды.
Қайырымдылық пен қаталдық
Аманкелді бала кезінде торғай уезінің Қызылжыңғыл облысында тұратын Махамбет, Сарымбай, Қорқақ секілді мергендерге еріп, тау-тасты аралап,құс атып аң аулаған.
Бір күні соңына екі лағын ерткен киіктің ешкісі суатқа келіп еңкейіп, су ішіп жатады.
Ор қазып, киікті аңдып жатқан сақа мергендер: -Ал, бала мерген, саған жол бердік! Ешкіні ат,-дейді.
Амангелді:
-
Анасын атын, екі лағын маңыратып, жетіп қалдырар жайым жоқ. Қолым бармайды,-деп ешкіні атпапты.
Сол кезде бір қасқыр өлген малдың қу басын көлденең тістеп, сай ішімен ақырын ұрлана басып, ешкіге жылжып келе жатады.
Амангелді:
-Ал, ағалар ататын рет жаңа келді,-дейді. Аманкелді қасқырды келтіріп алып, жалғыз оқпен қос өкпенің тұсынан салады. Киіктің ешкісі ажалдан аман қалып, екі лағын ертіп, жөніне жүре береді.
-Бала болсаң да, өзің әділ бала екенсің. Сен халықтың қамқоры болға-
лы тұрған жігітсің!-деп, үлкен мерген де бала мергенге сүйсініп батасын беріпті. (90 сөз)
Мазмұндау жоспары:
-
Аманкелді кімдерден бірге аң аулаған? Махамбет, Сарымбай,Қорқақ. -
Мергендермен қайда барды? Аңға. -
Мергендер оған не деді? -
Аманкелді қалай жауап қайтарды? Киіктің ешкісін атпаймын,- дейді -
Ол нені атты? Қасқырды.
Маңдай тер
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.