ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 105
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ тілін оқытудың қоғамдық әлеуметтік мәнінің артуы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда баланың қабылдау, түйсіну, ойлау психологиялық әрекеттерін жетілдіруге сауатты жазу мен сөйлеудің маңыздылығын арттырып отыр.
Қазақ халқының әріден келе жатқан және бертінде туған бай әдебиет мұрасы бар. Ол көркем мұралардан қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің ең шұрайлы, асқан мәнерлі үлгілерін кездестіреміз. Қазақтың сондай көркем сөздері мен шешендік дәстүрлерін қалыптастырудың негізі бастауыш кластарда, тіл дамыту жұмыстарында қаланады.
Тіл дамыту жұмысы-күрделі шығармашылық процесс.Сондықтан тіл дамыту жұмысы-мұғалімнің ізденімпаздығын, сезімталдығын, оқушыларына берілетін білім, дағдыны шеберлікпен түрлендіре отырып, жаңа заман талабына сай жүйелі түрде үнемі жүргізілуін талап етеді. Тіл дамытудағы негізгі мақсат-оқушыларды өз ойын ауызша және жазбаша түрде тиянақты етіп айтып беруге үйрету болып саналады. Ал «тіл дамыту» деп, балалардың сөздік қорын молайтып, сол игерген сөздерді мағынасына сай қолдана білуге, өз ойларын немесе біреудің ойын басқаға жүйелі түрде, ауызша, жазбаша дәл, айқын да түсінікті білдіруге үйрету жүйесін айтамыз.Тіл дамыту баланың ойын дамытумен тығыз байланысты. Яғни, оқушының тілі байыған сайын, оның ойы да дамиды деген сөз.
Мектепте оқушының ауызша тілі мен жазбаша тілін дамыту жұмыстары бағдарламаға сай қатар жүргізіліп отырады. Көмекші құрал негізінен 1-4-кластың әдістемелік құралдарын басшылыққа ала отырып, оқушының жас деңгейі ескеріліп құрылды.
Бұл көмекші құрал бастауыш класс мұғалімдеріне оқушыларды сауаттылыққа баулуда, егеменді еліміздің мәдениетті бәсекеге қабілетті тұлғасын тәрбиелеуде, мәтін мазмұны мен өз ой-пікірін ұштастыра отырып, жазба жұмысын жүргізуде көмегі болады деп сенеміз.
Автордан
Бастауыш кластарда жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мынадай түрлері.
Ауызша әңгіме өткізу.
Берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару.
Мұғалімнің көмегімен мазмұндау жоспарын жасау.
Мәтіннің формасын өзгерте баяндау, яғни І жақ түріндегі мәтінді ІІІ жақпен мазмұндау.
Қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек негізгі мәселелерін ғана баяндау.
Берілген мәтінге оқушы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау.
Сөздік жұмыстары.
Мазмұндама және шығарма жазу.
Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету-мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Мазмұндама жазуға үйрету кезінде мұғалім бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сұрақтарға жауап қайтару, мәтінде түсініксіз сөздермен жұмыс жасау, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу, мәтінді тірек сөздер арқылы бірнеше оқушыға ауызша мазмұндату, берілген тақырыпқа ұқсас оқушылардың өздерінің білетін мәліметтері бойынша жоспар жасауға байланысты әңгімелер өткізу, т.б. жұмыс түрлері жүргізіледі. Мазмұндама жоспарын құруға үйрету алғашқы кезде тікелей мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі және оқушыларды толық қатыстыра отырып, бірлесіп жоспар құрудан басталады.Ол үшін мұғалім мәтін мазмұнына қарай сұрақ қойып, бірнеше оқушыдан жауап алады. Солардың ішінде ең дәл,тұжырымды айтылғанын тақтаға жазады немесе оқушыларға жаздырады.
Мазмұндама жазуға төселіп кету оқушылар үшін оңай жұмыс емес.Сондықтан мазмұндама жазуға төсілдіру жұмысы «жеңілден ауырға қарай» деген қағидаға сүйене отырып, біртіндеп күрделендіреді.
-Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілі »бағдарламасында
(2-4-кластарға арналған) жазба жұмыстарының талаптары бойынша;
-Мазмұндама жұмысы 2-4 кластарда жыл бойына барлығы шамамен 4 рет әр оқу тоқсаны сайын 1 рет алынады.
-Мазмұндамаға арналған сөз саны;
1-класта 10-30сөз.
2-класта 30-50 сөз
3-класта 50-70 сөз
4-класта 70-90 сөз
Бағдарлама талаптарына сай бұл мазмұндамалар жинағына оқушылар үшін ауызша және жазбаша мазмұндауға әрі жеңіл, әрі балалардың ой-өрісіне сәйкес, мазмұндық жағынан тәрбиелік мәні бар мәтіндер таңдалып, мынадай тақырыптар негізіне алынады:
1.Жыл мезгілдері, олардың бір-бірінен өзгешеліктері.
2. Суреттен, кинодан көрген –білгендері.
3. Өзін қоршаған табиғатты бақылаудан алған әсері.
4. Балалардың еңбек әрекеттері, ойындары.
5. Туған жер, достық, отбасы туралы әңгімелер.
6. Отан үшін от кешкен батырлар.
7. Ертегілер,т.б.
Мазмұндаманың негізгі тақырыптары бала өскен сайын қайталануы мүмкін.Бірақ жас ерекшелігіне байланысты бұл жұмыстар бірте-бірте күрделеніп жүргізіледі. Мысалы, дайын мәтін бойынша жүргізілетін мазмұндама 1 класта сөздің мағынасын түсіну, сөйлем құра білу, олардың ара жігін ажырату мақсатын көздесе, 2 класта мұғалімнің көмегімен жоспар жасауға, негізгі айтылмақшы ойды табуға, мәтіннен түсінгендерін жазуға дағдыландырады. Ал 3-4 кластарда оқушылар дайындалған жартылай тексті әрі қарай өз беттерінше жалғастыруға, қысқа және толық мазмұндама жазуға, ой қорытындыларын жасауға үйренеді.
Мазмұндама жазғанда қойылатын негізгі талаптар.
Мазмұндаманың дұрыс шығуы көп жағдайда мәтінді дұрыс сұрыптап ала білуге байланысты. Сондықтан да мазмұндама мәтіндеріне үлкен талаптар қойылады.
Атап айтқанда:
а) идеялық-тәрбиелік мәні жағынан да, көркемдік қасиеті жағынан да жоғары дәрежеде және оқушылардың көкейіне қонымды келсін;
б) мазмұны мен сюжеті қызықты және балалардың ұғымына үлесімді келсін;
в) көлемі әр сыныпқа лайықты болсын;
г) жеке бөлімдері (қысқа эпизодтары) оңай ажыратылып, оқушылардың өздігінен жоспар жасай алуларына қолайлы болсын;
д) тілі (сөз, фраза, сөйлемдері) жатық, жеңіл және оқушылардың жас шамасына, білім көлеміне сай келсін.
Мазмұндама мәтіндерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны оқушылардың халықтық тәрбиені терең ұғынуға, ерлікке, еңбекке, адамгершілікке, достыққа баулуға бағытталады. Қазақтың ұлттық тәрбиесін бойға жинау, Отанның даңқты адамдарын сүйе білуге тәрбиелеу-мазмұндама мәтіндеріне қойылатын алғы шарт. Оқушылар Отанымыздың табиғаты, ел-жер байлығы, дүниетану көлеміндегі ғылыми-техникалық мақалалар бойынша да мазмұндама жазулары керек.
Мазмұндама мәтіндеріне көлемі, құрылысы, тілі жағынан үлкен талап қойылатыны жоғарыда айтылады. Бұл талаптардың өзіне тән бір ерекшелігі – мазмұндама мәтіндерінің көлемі мен жоспарлауға жататын жеке бөлімдеріне, сөз, сөйлем құрамына әр сынып бойынша белгілі мөлшерде шек қоюшылық жазбаша мазмұндамаға қатысты.
Оқушы белгілі мәтінді сөзбе-сөз қайталамай, өз сөзімен мазмұндап жазуы керек;
Оқушының өз ойы, өз пікірі болу керек;
Қажет кезінде мәтіннің баяндау жағының өзгертілуі;
Аяқталмаған мәтінді жалғастыру, мазмұнына сай ой қорытындысын жасау;
Бастауыш кластарда мазмұндама жазудың мынадай түрлері бар:
Мазмұндама
түрлері
Берілген тірек сөздерді пайдала-
нып мазмұндама
Сурет бойынша
Аяқталмаған мәтінді жалғас-
тыру
Дайын мәтін бойынша
Кино, диафильм бойынша
Бірнеше сюжетті суреттер бойынша мазмұндама
Бір сурет бойынша мазмұндама жазу
1 сұраққа бірнеше сөйлеммен жауап беру арқылы
Мазмұнын сақтай отырып,
1 сұраққа
1 сөйлеммен
Мазмұнын сақтай отырып формасын өзгертіп жазу
Ықшамдап жазу
Мазмұндама жазуға үйрету
Жоғарыда бастауыш класс оқушыларына мазмұндама жаздырудың бірнеше түрлері көрсетілді.
Сын жұмысының бір түрі –мазмұндама.
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің ең тиімді жолы. Ол оқушының жазба тілінің қалай қалыптасқанын тексеру мақсатымен жүргізіледі.Бұл оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазу. Демек, мазмұндама дайын мәтіндерге негізделеді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, есте сақтауы,зейіні жетіледі. Сөздерді орынды қолдану,сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс құрай білуге жаттығады. Ойын жүйелі жеткізуге дағдыланады. Сауаттылыққа үйретеді.
Мазмұндаманы жаздырар да мұғалім мәтінді дауыстап оқиды. Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқиды. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды. Содан кейін мәтінді қайтадан оқып, жоспар құрады. Жоспар тақтаға жазылады.
Мазмұндама жазарда мұғалім алдына нақты талаптар қояды. Бір мазмұндаманың үстіне бәрін үйіп-төгіп қоя беруге болмайды. Оқушының мүмкіндігін ескеріп отырған жөн.
Негізінен мынадай талаптар қойылады.
-
мәтіннің мазмұнын толық жазу; -
кейіпкерін анықтау, қай жақта жазу керектігін нақтылау,(кейіпкер бірінші жақта айтылса, үшінші жақта жазу); -
міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; -
түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіру; -
өлеңнің мазмұнын өз сөзімен мазмұндап жазу; -
мәтіннің мазмұнын сәйкес жоспар жасап жазу.
Мазмұндаманы бағаларда мына мәселелерді есте сақтау керек:
а) мазмұны;
ә) мәтіннің құрылымы;
б) сөйлемнің құрылымы;
в) мәтіннің тілі;
г) орфорафиялық және пунктуациялық білімділік.
Мазмұндама былай бағаланады.
«5»-толық мазмұндалған, қатесіз жазылған жұмысқа;
«4»- толық мазмұндалған, 1,2 орфографиялық немесе пунктуациялық
қатесі бар жұмысқа;
«3»-мазмұны толық берілмеген, 3-5 қатесі бар жұмысқа.
«2»-мазмұны берілмеген сөйлемдері дұрыс құрылмаған, 5-тен артық қатесі бар
жұмысқа қойылады.
Мазмұндамалар мәтіні
1-класс
Күз