Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 617
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-кесте. Бағдарлама бойынша экскурсия өтуі мүмкін обьектілер
сынып | бағдарлама бөлімі | экскурсия жасалатын оьбектілер |
VІІ | Кіріспе. Зат құрылысы туралы бастапқы мағұлыматтар. Денелердің өзара әсерлесуі. | Жөндеу шеберханасы. |
Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қысымы. | Өрттен қорғау депосы. Суқұбыры. Комбайнның, автомашинаның, трактордың гидроситемасы. | |
Жұмыс және қуат. Энергия. | Құрылыс алаңы. Гидротехникалық қондырғы. Жел двигателі. | |
VІІІ | Жылу құбылыстары | Малдарды тамақтандыру цехы. Ғимараттарды жылыту жүйесі. Жөндеу шеберханасының дәнекерлеу бөлімі. |
Электрлік құбылыстар | Орталық шеберханадағы автотракторлы электр қондырғыларын ретке келтіру бөлімі. | |
Электромагниттік құбылыстар | ТЭС, ВЭС, ГЭС. Жергілікті телефон станциясы. | |
Жарық құбылыстары | Оптикалық құралдарды, фотографиялық және проекциялық аппаратураларды жөндеу шеберханасы. | |
ІХ | Кинематика негіздері | Ауылшаруашылық өнімдерін алғаш тазарту пункттері. Құрылыс алаңы. |
Динамика негіздері | Жөндеу шеберханалары | |
Х | Молекула-кинетикалық теория негіздері | Астықты кептіру пункті. |
Термодинамика негіздері | Суытқыш қндырғылар және сүт өңдеу цехы. Сүт заводы. Метеорологиялық станция. | |
Электр өрісі. Тұрақты ток заңдары | Мектеп ғимаратын электр жарықтандыру жүйесі. | |
ХІ | Электромагниттік тербелістер мен толқындар | Трансформатор және электр станциялары. |
Жарық кванттары. Жарықтың әсері. | Есептеу орталығы. | |
Атом және атом ядросы. | Мал өсіру мен жеміс өсіруде радиоактивті заттарды қабылдауға арналған тәжірибелік алаңдар. |
Обьектілерге экскурсия жасалғаннан кейін оқушылардың білімдерін тексреу, бекіту мақсатында тақырып бойынша әңгімелесулер, есептер шығаруға болады. Сонда оқушылардың ойында материал терең бекіп, ұзақ сақталады.
3 Экскурсияны өткізу әдісі
Белгілі бір физикалық тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құраушыларды даярлау ісіне көмегін тигізуі керек. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгермекші – оқушы-экскурссанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамды бөлігі бірінен бірі туындап, белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен ұғымның негізгі көрнекілік принципі болғандықтан, көрсету бірінші орынға қойылады.
Экскурсияда жетекші орын алатын көрнекілік құралдарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: экскурсия обьектілері, қосымша суреттендірілген материалдар және құралдар. Көбіне дидактикалық категорияларға сүйенетін экскурсиялар теориялық және іс-жүзілік білім берудің принциптеріне, соның ішінде түсінікті, жүйелі, дәйекті болу сияқты принциптерге сүйенеді. Түсінікті болу принципі материалдың қиыншылық келтірмеуін, экскурсия жетекшісі хабарлайтын барлық мәліметтерді, теориялық тұжырымдарды және қорытындыларды оқушылар біршама ынта қойғанда меңгере алатындай етіп баяндалуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асырылуы экскурсия жетекшісінен әрбір экскурсанттың ерекшелігін, олардың білімін, дене және ақыл-ой дамуы дәреждесін ескеруді қажет етеді. Бір тақырыптағы экскурсияның материалы оқушылардың әр тобы үшін әртүрлі баяндалуы керек. Жүйелілік принцип – экскурсия материалының хронологиялық, немесе ой ұласу жағынан қатал байланысы болуын талап етеді. Әрбір экскурсияның бірнеше тақырыпшадан тұратыны белгілі. Олардың мәнін ашып көрсеткенде оқушылар экскурсияның бүкіл тақырыбы бойынша қисыгды, біртұтас түсінік алуы керек. Осы принципті орындау, экскурсия жетекшісі – материалды белгілі бір жүйе бойынша баяндап, жаңа материалды бұрынғы өтілгендермен байланыстырып отыруын, басты ерекшеліктерге көңіл аударуын талап етеді. Экскурсия өткізудің де жалпы және жеке әдісі бар. Жалпы әдіс
бұл барлық экскурсияға жарамды болатын көрсету мен баяндап беру тәсілдері. Жеке әдіс – экскурсияның белгілі бір түрлері үшін қолданылады.
Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Ол белгілі бір әдіске сәйкес, жоспар бойынша жүргізіледі. Обьектілерді көрсету – экскурсия жетекшісінің әңгімесімен ұласып отырады, бұл әңгімелерде обьектілер неғұрлым жақсы көрініп, әсер қалдыратындай болуы керек. Кейбір обьектілірдің бірнеше жерден көрсетілітінін ескерген жөн. Эксурсанттар тұратын орынды таңдағанда экскурсия жетекшісі оқушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ орынның оларға ыңғалы болуын ойластыруы қажет. Көрсетілітін орын көлік жолынан едәуір алыс жерде болуы және сол маңда қандай-да болмасын құрылыс жұмыстары атқарылмауы тиіс.
Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін жасалатын экскурсиялардың тамаша оьбектілірі. Олар физика заңдарын түсіндіруге және ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы. Мұндай экскурсияларға 1-2 сағат уақыт уақыт берілуі тиіс.
Кешенді экскурсиялар – бір-біріне байланысты пәндер бойынша (физика және химия, физика және матемтика, т.б.) сабақтардан өткізілетін экскурсиялар түрі. Онда оқушыларға бір обьектілерден екі, не үш пәнге байланысты қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде тапсырмалар беріледі. Бұл экскурсиялардың қай-қайсысына да баратын оьбектілер алдын-ала белгіленеді. Ауылдық мектептерде ондай экскурсиялық обьектілер: жылу станциялары, аудандық трактор станциясы, аудандық трактор шеберханасы, ұстахана, гараждар, электр және телефон станциялары т.т.
Экскурсия жақсы әсер қалдыру үшін мұғалім де, оқушылар да оған мұқият әсірленуі қажет. Ол үшін мұғалім алдымен экскурсия жасалатын обьектілермен алдын ала танысып, қай обьектіге қандай тақырыпта экскурсия жасауға болатынын ертерек шешіп алады. Мұғалім экскурсия жасалатын кәсіпорынның басшыларымен экскурсия өткіетін күн, ол жерге түсінік беру үшін маман адам белгілеу жайында бірнеше күн бұрын келісім жүргіеді. Көбіне экскурсияда түсінік беруші мұғалімнің өзі болғаны дұрыс. Өйткені, мұғалім өз оқушыларының әзірлігі мен білім көлемін бөтен адамнан гөрі жақсы біледі. Бірақ, мұғалімдер экскурсиялық обьектінің кейбір мәселелерін жете біле бермейтіндіктен, экскурсияда түсінік беруші ретінде сол кәсіпорынның мамандырының бірімен бірігеді. Мұндай жағдайда түсінік беруші адамнан экскурсияда қамтылытын мәселелер жайында, оқушыларға не туралы түсінік беру керектігі жайында әңгімелесіп, тіпті оның қолына экскурсияның кеңірек жасалған жоспарын беріп қойған жөн. Сонда ол, түсінік беруші адам қандай мәселелерге тоқтау керектігін нақты білетін болады. Мұндай оқушылар экскурсиядан көп әсер алады.
Экскурсияға әзірлік, оған барар алдындағы физика сабағында кіріспе әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұндай әңгімеде мынадай мәселелер қамтылады: 1. Экскурсияның мақсаты, баратны обьектілер. 2. Обьектілерді аралу тәртібі, оқушылардың неге назар аудару керектігін анықтау. 3. Үйге тапсырманы ұйымдастыру яғни қортынды әңгімеге қажетті сұрақтарға ауызша жауап беру, немесе қысқаша жазбаша есеп жасау, экскурсия материалы бойынша есептер шығару тәртібі, т.б. қарастырылады. 4. Оқушылардың экскурсия кезінде өздерін қалай ұстау керектігін яғни тәртіп сақтауын берілген түсінікті жақсы ұғатындай болып бір-біріне бөгет жасамай тұруын, қаіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз ету.
Кіріспе әңгіме кезінде экскурсиға байланысты схемалар, диафильмдер, немесе кино, т.б. көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Егер оқушылар бұл обьектіге бірінші рет экскурсия жасап отырған болса, онда оның даму тариғы, өндірістік мүмкіндігі туралы айтып, сол кәсіпорынмен қысқаша таныстырған жөн. Экскурсияны қорытындылаудың маңызы зор. Бұл қорытынды оқушылардың экскурсиялардан алған әсерлері әлі басылмай тұрған кезде, келесі физика сабағында жүргізілуі тиіс. Ол сабаққа да тиісті көрнекіліктер, түрлі апаптар әзірленеді. Қорытынды жасағанда оқушылар өздеріне тапсырылған мәселелер бойынша айтып береді де. Артынан мұғалім экскурсияны қоытады. Кейбір экскурсиялар әр тарау өтілгеннен кейін, оны қорытндылау мақсатында жүргізіледі. Сонда оқушылар әрбір тараудың теориялық материалын, оның тұрмыста, техникада қолданылуымен байланыстырады, материалды жете ұғады. Егер уақыт тар болмаса, онда экскурсины кейбір тараулардың материалдарын бірден қамтитындай етіп ұйымдасытуға болады. Бұл мәселелр мұғалімге және жергілікті мүмкіншілікке байланысты. Кейде экскурсияға сыныпты толық апарудың орнына, оны топқа бөліп, оқушылардың әрқайсысына жеке тапсырмалар беруге болады.
7-сыныпта өткізілуі мүмкін бір экскурсияның мысалын келтірейін.
Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физкиадан алғашқы теориялық білімдерін нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі тараудың материалдары бірдей қамтылады.
Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. аспаптармен таныстыру.
Экскурсияның қорытныдылау тәсілдері. Экскурсия қортындысын шығару әңгіме түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көген-білгендерін сыныпта баяндап береді.
Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі.
Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі.
Оқушылардың қызығуына байланысты 11-сыныпта «Электр» таруын оқып болғаннан кейін, «Электромагнитік тербелістер мен толқындар» тақырыбы бойынша адиотрансляция торабына, радиохабар жіберетін және радиохабар қабылдайтын тұрақты станцияға экскурсия жасауға болады. Мұғалім экскурсияда көрген-білгендерін айтып берген оқушыларға міндетті түрде баға қояды.
Экскурсия нәтижесі. Әртүрлі өндірістерге барып, оларды зерттей отырып, оқушылар ғылыми-ехникалық білімдерін ұлғайтады, тереңдете түседі, түрлі бақылаулар жасайды және бірсыпыра бағалы қорытындылар тиянақтайды, екінші сөзбен айтқанда өндірістік экскурсиялардан кейін оқушылар мектепте оқытылатын оқу матреиалын шын ынтасымен игеріп, мағынасын түсініп, терең ұға бастайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Эксукрсия деген не? -
Эксукрсияның қандай түрлері бар? -
Экскурсияның өткізу мақсаты қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.
5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике