Файл: Баа, баалау терминіне анытама Баа (Grade немесе Mark). Баалау санды ралы ретінде. Бл баалау бізді олданыстары баа ою.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Баға, бағалау терминіне анықтама

Баға (Grade немесе Mark). Бағалау– сандық құралы ретінде. Бұл бағалау біздің қолданыстары «баға қою» ұғымымен байланыстырылады. Емтихан, тест, жазба жұмысы, жоба жұмысы, т.б. бойынша балдық (мәселен, 100 балдық) немесе сандық (дәстүрлі 5 балдық) негізде қойылатын баға. Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау

  1. Рубрика терминіне анықтама

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. Рубрика - жай ғана тапсырма туралы келесі ақпаратты білуге ​​мүмкіндік беретін қағаз парағы.

  1. Білім беруді сапаландыпу мен білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалаудың маңызы

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

  1. Критериалды бағалау интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерін ашып айыңыз.

Білім алушыларға қазақ тілін меңгерту бағытындағы ұйымдастырылатын жұмыс түрлері тіл үйренушілердің санына, оқыту мақсатына қарай үш топқа жіктеледі: дербес, топтық, ұжымдық. Ұжымдық жұмыстарда «Дөңгелек үстел», ойталқы, пікіралмасу, іскерлік ойындар қамтылады. Топтық жұмыстар аясында рөлдік ойындар, ойкөкпар, пікірсайыс, тренинг ұйымдастырылады. Ал дербес орындалатын жұмыстар жүйесіне синектика, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыстар, шығармашылық жұмыстар біріктіріледі.

Интерактивті үдеріс дегеніміз  —  оқу үдерісіне қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі.     Интерактивті әдіс оған қатысушылардың қарым-қатынас жасауының жоғары қарқындылығымен, өзара қызмет алмасуымен, қызмет түрлерін ауыстырумен және түрлендіруімен, процессуалдылықпен ( қатысушылар жағдайының өзгеруімен), олардың өз қызметін мақсатқа бағыттау түріндегі рефлекциясымен сипатталады.


Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл сабақ барысындағы оқушы- оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі өзара әрекеттер. Мұндай өзара әрекеттер көбіне, ұсынылған шешімнің  қаншалықты қажеттілігіне және де мәселелердің қандай жолдармен шешілетін нұсқаларын талқылау формасында жүзеге асырылады.

Мұндағы ең бастысы, жауаптың өзінен де мәселені шешу  үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсіну. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру  ғана  емес,   оқушылардың  өз  бетімен  жауап  табу  дағдыларын қалыптастырумен байланысты болып отыр және педагогикалық  өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез- құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді.

Ұжымдық оқыту технолгиясы – шығармашылық,өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беруді басшылыққа алады.. Ал бұл үрдісте ұжымдық оқыту технологиялардың орны ерекше.
Себебі ол әр оқушының өзіне ғана тән ізденісі, қабылдауы, болжамы, сезімі, шешімі, тұжырымы негізінде жазылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ
жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің
жұмыстарын бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.

Топтық оқыту- бұл оқушылардың тобының оқу әрекетін ұйымдастыру, ол оқушылардың өзара тікелей әрекеті,оқу міндеттерін шешуде бірлескен оқу әрекеті. Топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге
байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) - субъект (студент)». Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет

әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғауарқылы мотивацияны күшейтеді : жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына,
ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.

  1. Критериалды бағалау түрлері.

Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) - бұл оқыту мақсаттары мен міндеттерін тексеруге, сонымен қатар оқыту стандарттарын жақсартуға бағытталған әдіс. Бұл оқу процесінде проблемаларды анықтау, содан кейін түзету арқылы ізделеді. Қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушының білім алуын бақылауға мүмкіндік береді, өйткені ол кері байланыс алған кезде, ол өзінің оқыту әдістерін жетілдіре алады. Бұл әдіс студенттерге өздерінің күшті және әлсіз жақтарын түсінуге мүмкіндік береді, осылайша олар жетілдірілетін мақсатты бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Бұл әдіс мұғалімдер үшін жақсы, себебі олар проблемалық аймақтарды анықтап, қиын оқушыларға оларды жеңуге көмектеседі. Мұғалімдер формативті бағалау әдісі арқылы оқушылардан сапалы кері байланыс алады. Бұл оларға оқушыларға бағаланбауы керек материалды білуге ​​мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау - бұл үздіксіз процесс және оны көбінесе бағалаудың ішкі әдісі деп атайды. Бұл мұғалімге оқу бағдарламасының құндылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Суммативті бағалау немесе жиынтық бағалау(оқуды бағалау) - бұл жиынтық бағалау әдістемесі, ол семестрдің соңында немесе кез келген басқа оқу бөлімінде, тыңдаушының немесе студенттің нұсқаулықтан қаншалықты жақсы алғанын білу үшін жүргізіледі. Ол осылайша аталады, ол оқу бағдарламасының соңында оқушының алған білімдерін қорытындылайды. Жиынтық бағалауда басты назар нәтижеге аударылады, сондықтан оны сыртқы бағалау әдісі деп атайды. Ол студенттердің оқу бағдарламасының мақсатына қол жеткізгенін тексеру үшін қолданылады. Мұғалімдер оқушылардың жетістіктерін бағалау үшін эталондық көмек алады.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың айырмашылығы неде?

• Қалыптастырушы бағалау - сапалық, ал жиынтық бағалау - сандық.

• Қалыптастырушы бағалау - бұл үздіксіз процесс, ал жиынтық бағалау - бұл оқу бөлімінің соңында болатын оқиға.

• Жиынтық бағалау формальды және викториналар мен жазбаша тестілер түрінде болады, ал формативті бағалау үй тапсырмасы мен жобалар сияқты бейресми болып табылады.


• Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - үйренгендерін жетілдіру, ал жиынтық бағалаудың мақсаты - өткен оқу көлемін дәлелдеу.

  1. Блум таксономиясының алты деңгейін ашып түсіндіру.

    Дағды

    Сипаттамасы

    Білім

    Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипат-тамасын білу және көрсету.

    Түсіну

    Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету.

    Қолдану

    Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәтінде немесе жағдаятта қолдану.

    Талдау

    Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе дәлелдер табу.

    Синтез

    Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету.

    Бағалау

    Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру.

  2. Оқыту мақсаттарының деңгейін блум таксономиясы бойынша ашыңыз

  3. Критериалды бағалаудың мақсаттары мен міндеттері:

Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.

Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру; 2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру; 3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру; 4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру; 5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру; 6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру; 7. Объективті, үздіксіз және нақты: - білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; - мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; - ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы; - басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру; 8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану; 9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану; 10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.


  1. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша критериалды бағалаудың дағдылары:

Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір білім алушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылғандығы. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған. Мұнда күтілетін нəтиже: болашақ маман білімді бағалау туралы ақпарат алады, салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді. Бағалау парақшасын жасап, сабақта қолдануға бейімделетіндігі. Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша критериалды бағалаудың дағдылары. Білім алушылардың білімін бағалау техникалық тəсіл ғана емес. Оқушының оқуы мен ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік ұғымдарына қатысты құндылықтар жататындығы.

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша бағалаудың дидактикалық ұстанымдары мен байланыстылығы. Қазақ тілін оқыту əдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның бүкіл құрылымдық  жүйесін,  жеткен  жетістіктерін  басшылыққа  алады.  Дидактикалық ұстанымдар  –  оқытудың  мазмұнын  ұйымдастыру  түрлерін,  əдістерін,  оқытудың  мақсаты мен  заңдылықтарына  сай  анықтайтын  қағидалар  жүйесі.    Оқыту  үрдісінде  кез  келген мұғалім  дидактиканың  ұстанымдарын  басшылыққа  ала  отырып,  оқытудың  мазмұнын, оқыту  үрдісінің  ұйымдастыру  формалары,  əдістерімен  бірге  тығыз  байланыстыра  келе, оқушылардың  тұтас  диалектикалық  дүниетанымын,  білімін  қалыптастыруға  тікелей  əсер етеді.    Қазақ  тілін  оқытудың  негізгі  дидактикалық  ұстанымдары  (сипаттама):  білім  берудің дамытушылық  жəне  тəрбиелік  сипаты.  Қазақ  тілін  оқытудың  арнайы  ұстанымдары: жалпы  əдістемелік  (экстралингвистикалық,  құрылымдық,  құрылымдық-семантикалық, деңгейаралық,  стилистикалық,  тарихи)  жəне  жеке  əдістемелік  (тілдің  жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар). Бұлардың Өзара байланыстылығы мен сабақтастығы. 

  2. Бағалаудың ғылымилық, когнитивтік (танымдық) коммуникативтік, саналық ұстанымдарымен байланысы.

  3. Оқу жоспары: Оқу жоспары – оқу орындарында оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.