Файл: Баа, баалау терминіне анытама Баа (Grade немесе Mark). Баалау санды ралы ретінде. Бл баалау бізді олданыстары баа ою.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 92

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дискриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады.

Реформалау тобының оқыту үшін бағалауға берген анықтамасы

Бағалау реформалар тобы оқыту үшін бағалаудың келесі анықтамасын ұсынады: оқыту үшін бағалау–берілгендерді интерпретациялау және іздеу үдерісі,оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын кезеңдерін анықтауға арналған оқушылар өзінің оқу үдерісі кезінде қайда тұрғанын білу үшін қолданылатын, қа-лай даму керектігін, қажетті деңгейге жетудің тиімді және ұтымды жолдарын айқындауды қалыптастырады.

 

Бұл анықтаманың маңызды элементі оқушыларды бағалаудың нәтижесін қол-дануға бағытталауы. Сонымен бірге мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болып та-былмайтынына назар аударылады. Оқушылар өзін-өзі және өзінің сыныптастарын бағалауға қатыстырлуы мүмкін. Мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізгендерімен, оқушылар да бағалауға белсенді қатысуға тиіс. Оқуға ынтасы барлар ғана өзінің оқуын жақсартуды үйренуге қабілетті бола алады. Нақтылап айтқанда, зейінді, ын-таны талап ететін кері байланыс нәтижесінде алынған ақпаратқа назар аудару қа-жет. Бұл қорытынды оқыту тәжірибесі үшін өте маңызды және өзекті. Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мәселесін шешуде оқытуды бағалау үдерісі маңызды орын алады деген сұрақты әр мұғалім қоюы мүмкін.
Оқуды бағалау кезіндегі оқушылар тобының қол жеткізген деңгейі мен арақатынасы.

Жиынтық бағалау
Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану

Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер мұғалімдердің жұмыс үлгісін сәйкестендіруіне және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға ерекше на-зар аударуына ықпал етеді. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) және ЭЫДҰ сияқты халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген, қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қандай дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» жинақтай әдістемесін біліп, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.Сонымен  қатар  алдағы  нәтижелерге  қалай  қол  жеткізілгенін  біліп,  одан  кейінгі  іс-әрекеттерін жоспарлау үшін де мектептер «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы


деңгейінде  жиынтық  бағалау  жетістіктер  деңгейін  және  оқушының  әрі  қарай  дамуы  үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды. Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мəселелерді түсіну жəне талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Бағалау үдерісі – бүгінгі оқыту мен оқудың маңызды элементтерінің бірі. Оқу үдерісін басқарудың тиімділігі бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Қазіргі бағалау икемді, бірнеше аспапты, түсінікті, психологиялық тұрғыдан қолайлы, екі бөлікті: формативті және суммативті болуы керек.


Өзара бағалау Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы. Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады. Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын, қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады. Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін көрсетеді.

Өзін-өзі бағалау Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады

Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі; • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы; • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі; • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады. Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 4-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді. 4-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары Мұғалім Білім алушы • Білім алушы оқытудың қай сатысында? • Олар білім алуда неге талпынады? • Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? • Мен оқытудың қай сатысында тұрмын? • Нәтижеге қалай қол жеткіземін? • Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет? Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.


Портфолио - мұғалімнің тапсырмалары бойынша студенттің бір немесе бірнеше əдістердің аясында оқыту əрекетін жүйелейтін тақырыптық материалдар жинағы. Портфолио –- жүйелі, тұрақты процедуралық жұмыс болып табылатындығы.
Портфолионың білім алушыға өздігінен білім алуға жəне өз кəсіби қызметінің, оқудың, зерттеу нəтижелерінің сапасын бағалауға мүмкіндік беретіндігі. Портфолио əдісі ақпараттық технологиялардың дамуы негізінде, оның ішінде компьютерлік бағдарламалармен оқуды басқару кезіндегі рөлі.
«Портфолио» əдісі - оқытудың ең нəтижелі əдісі. Портфолио – оқушының тоқсан немесе оқу жылы жасаған жұмыстары жəне жетістіктерінің айғағы мен дəлелі.Портфолио – оқушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін анықтауы, оқу процесінің оқушы үшін қандай нəтиже беретіндігін көрсетіп, оқушылармен кері байланыс құру тəсілі болып табылатындығы.

Портфолионың қызметтері: жинақтаушы – оқушылардың жұмыстарының жиынтығы;үлгі (модель) – оқушының жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы; ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы.Портфолио үшін ең басты мəселелер – есеп беру (дəлелдер келтіру) жəне ой-толғаныс (рефлексия).Портфолионың екі түрі: өсу портфолиосы (мұнда оқушының жеке тұлғалық жəне кəсіби дамуы көрсетілетіндігі) жəне нəтижелер портфолиосы (жыл бойы қол жеткізген ең елеулі нəтижелер).

Портфолио - бағалау тәсілі ретінде алғаш 1980 жылдары АҚШ-та қолданылды.
• Ағылшын. «портфель»,«маңызды жұмыстарға арналған папка » Француз. «фотосуреттер »
Итальян. «құжаттар салынған папка», «маман папкасы»

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:

-         Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;

-         Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;

-         Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;

-         Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

-         Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.

-         Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.

-         Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.


Оқушы портфолиосы туралы түсінік

  • оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.

  • оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері

60. Критералды бағалау міндеттерінің ,қызметтерінің ,қағидаларының тізімін құрастырыңызжіне өзініңіздің нұсқаңызды графикалық тұрғыдан ұсыныңыз



61. 1. Осы Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі – модель) Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормалары негізінде және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы 44/25 қарарымен қабылданған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған Бала құқықтары туралы конвенцияның нормалары ескеріліп әзірленді және балаларды дамыту мен оқыту талаптарының өзгеруіне және өзекті ғылыми деректерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды трансформациялау үшін қажетті өзгерістер бағытын айқындайды. 2. Осы модельде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:    1) модель – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту мен жетілдіру бағытын айқындайтын тәсілдер мен қағидаттар жиынтығы; 2) баланы толыққанды дамыту – қимыл белсенділігіне жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру, достық қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі;

      3) баланың қажеттіліктері – ойынға, қимыл-қозғалысқа, таңдауға, өз өмірін бақылауға, пайдалы іс-әрекетке, жақын жылы қарым-қатынас жасауға, араласуға, жаңа нәрсе жасауға, зерттеуге, эксперименттерге, танымдық белсенділікке қажеттілік;