Файл: Баа, баалау терминіне анытама Баа (Grade немесе Mark). Баалау санды ралы ретінде. Бл баалау бізді олданыстары баа ою.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 93

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


76. Критериалды бағалаудың кіріктірілген модулі-ритериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ) – 
қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау және сыртқы жиынтық  
бағалаудан тұратын бағалау моделі. 
Қорытынды бағалау – оқу жылының соңындағы қалыптастырушы  
бағалау, ішкі жиынтық бағалау және сыртқы жиынтық бағалау  
қорытындыларының белгілі бір пайыздық қатынастағы нәтижелерінен  
тұратын, оқушыға қойылып, ата-анасына ұсынылатын баға. 
Критериалды бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес  
келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші  
болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үдерісінің барлық  
қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлер арқылы оқушылардың оқу  
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.  
Балл қою критерийлері – оқушылар жұмысын қаншалықты дұрыс  
орындағанын бағалауға мүмкіндік беретін тұжырым.  
Жетістік критерийлері – оқушының оқу мақсатына қаншалықты  
жеткендігін анықтайтын мұғалімге арналған тұжырым.  
Модерация – мұғалімдердің бағаларды стандарттау мақсатында 
бағалаудың әділ және шынайы болуын қамтамасыз ететін, бір пән және  
сынып бойынша оқушылардың жұмыстарына талқылау жасайтын үдеріс.  
Стандарттарды сәйкестендіру үшін модератор қойылған балдарға  
өзгеріс енгізуге болатынын ұсынады. 
 Жоспарлау және стандарттау – қалыптастырушы бағалауды  
9  
жоспарлайтын үдеріс, оқу мақсаттары, бағалауға арналған ұсыныстар,  
жетістік критерийлері туралы жалпы түсініктердің бірдей болуын  
қамтамасыз етеді.

77. Қалыптастырушы бағалау (формативті бағалау немесе оқыту үшін бағалау) талдау жасап, мысал келтір- Формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. 


«Формативті бағалау» 

Күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнбе күн); алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс; оқушыға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы; мұғалімге сыныптың үлгірімін қадағалауға көмектеседі; формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады

78. Критериалды бағалаудың мұғалімдер үшін, ата-ана үшін, оқушы үшін маңызын талдап, мысал келтір- Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

Сабақ берудің сапасын арттыруға;

Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.

79. Жиынтық бағалау жөнінде мысалдармен талдау жаса- Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;


2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін дайындағанда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;

80. Ішкі жиынтық бағалау туралы мазмұндама, мысал- Ішкі жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген, сондықтан ІЖБ өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң құпия түрінде ұсталынуы қажет. Олар жабық шкафта, оқушылар көре алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталынады. ІЖБ негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар ІЖБ жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, кез-келген бос мұғалім ІЖБ өткізуде мұғалімге көмектесуі қажет. Бұл адам, көмекші бақылаушы рөлін атқарады және ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. ІЖБ өткізу кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс-әрекет жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.  

Ішкі жиынтықбағалауды өткізуге дайындық
ІЖБ өткізілетін кабинеттерді, мұғалімнің алдын-ала дайындап қоюы қажет. Бұл кабинеттер оқушылардың күнделікті сабақ өтетін кабинет болуы және қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек. ІЖБ кабинетті дайындағанда келесілерге назар аудару қажет: • оқушыларды қалай отыратыны туралы, олар жеке, шусыз жұмыс жасайтынын ойлау қажет; • оқушылар бір-бірден, тақта жаққа қарап, басқа оқушылардың жұмыстарына қарай алмайтындай болып отырулары керек. ҰБТ, ОЖСБ мысал

81. Сыртқы жиынтық бағалау туралы мазмұндама, мысал- оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.

82. Бақылаудың рейтингтік жүйесінде баллды жинақтау үрдісін тірек сызбаға түсір- универдегі дискрипторды айтуға болады. A, B, C, D деңгейлері сияқты

83. Рейтингтік баллды бағаға ауыстыру шкаласына мысал, талда- мектеп бойынша бір бала бірінші орында болса 5 деген бағамен ауыстырады немесе соңғы орында тұрса междік бағаға жетпей бағалау бойынша 2 немесе 3 деген бағалану дәрежесінде тұрады.

84. Оқушыларды аралық аттестаттау туралы- белгілі бір уақыт арасында бақылау немесе жарты жылдық арасындағы бақылау.

85. Оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдарын пайдалана отырып, жаңа материалды түсіндіру бойынша сабақ жоспарын әзірле- Мектепте оқушылардың білімін тексерудің түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білімнен алғандарын ғана тексеріп қоймай, олардың сол алған білімдерін өзбетінше пайдалана білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге төселдіре отырып, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу.

Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі мен оқушылардың алған білімдерін тексеру оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Л.Н.Толстой былай дейді: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, олардың көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі, қайта өзімнің сабақ оқытуымдағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті». Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны және оқушы білімін дұрыс тексеру жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.Қазіргі заман талапбына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дұрыс жүргізе алуы қажет.


86. PIRLS халықаралық зерттеуінің тәжірибелерін зерделеп талда- PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) 2015 жылы Апробациялық зерттеуі, ал 2016 жылы негізгі зерттеуі өткізіледі.

Зерттеу кезінде білім алушылардың білім жетістіктігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беріледі.

Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берген:

Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі;

Оқушылардың математикалық құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;

Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану-ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

87. Кері байланыс құралы: жазбаша пікірлердің жазылуына ұсыныстарды зерделеп жаз- кері  байланыс  –  бұл  оқу  қызметі,  студенттердің  жетістіктеріне  және 

оқытылуына  бірталай  әсер  ететін,  сонымен  қатар  бағалаудың  маңызды  бөлігі 

болып табылады. Айтарлықтай, кері байланыс оқушылардың бағалауына үлкен 

әсер етеді және қуаныш сезімін қозғайды.

 

Әдеттегідей, тиімді кері байланыс: 

-  Оқушыларға керекті мәліметтерді пайдалану қабілеттілігін жақсарту, 

болашақта дәл осындай жұмыста немесе жағдайда өзін-өзі бағалауды 

өткізе алуға мүмкіндік береді; 

-  Оқушылардың өзінің жасалған жұмысын жақсарту және де басқаша 

тәсілмен  жұмыс жасау; 

-  Жұмыста кеткен қателерді түзету; 

        Кері байланыс қалыптастырғанда, мұғалімнен оқушының жұмысына 

мақтанышты, яғни сапалы түсініктемелердің жазылуы маңызды. Көбінесе, 

оқытудың сапасы кері байланыстың сапасымен тепе-тең болып келеді, себебі 

мұғалімдер оқыту процесін қаншалықты сапалы жүргізсе, соншалықты кері 

байланыс та болады. Кері байланыс оқыту процесін жақсартуға және 

қателердің қайталануын болдырмауға көмектеседі. Оқушылардың көбісі кері 


20 

 

байланысты қажет етеді және де мұғалімдер олардың ой-пікірімен