ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 147
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
13. Қарақұмық үшін күзде топырақты өңдеу.
14. Егістік алдында топырақты өңдеу.
15. Қарақұмықтың тыңайтқыш жүйесі.
16. Себу мерзімі. Оларды қалай белгілейді.
17. Себу әдістері, себу мөлшері.
18. Қарақұмық үшін көң шығарылама?
19. Тұқымдарды себуге дайындау.
20. Қарақұмық тұқымдарын сіңіру тереңдігі.
21. Қарақұмық егістерін тырмалау.
22. Қарақұмық егістерін күтіп бағу жүйесі.
23. Зиянкестермен күрес.
24. Қарақұмықты неге бөлектеп орады?
25. Қарақұмықты дестеге түсіру мезгілін қалай анықтайды?
26. Шабу биіктігі қандай? Шабудың бағыты.
27. Неше күннен кейін, бастыру басталады? Бастыру режімі.
Әдебиеттер
1. Ефименко Д.Я., Барабаш Г.И. Гречиха. М.: Агропромиздат, 1990, 192с.
2. Савицкий К.А. Гречиха. М.: Колос, 1970.
3. Якименко А.Ф. Гречиха. М.: Колос, 1982, 196с.
4. Операционная технология возделывания и уборки крупяных кулбтур.
М.: Ростсельхозиздат, 1984, 175с.
5. Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания
гречихи. М.: Агропромиздат, 1986, 60с.
6. Журнал «Зерновые культуры», «Вестник с.-х. Науки Казахстана».
1.2 Күздік дәнді дақылдар
Күздік бидай азық-түліктік маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып од-
ан бірқатар артықшылықтарымен ерекшелінеді: ол күзгі- қысқы және ерте көктем-
дегі ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топырақты эрозиядан қорғай-
ды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз залалданады, астық сұр көбеле-
гінің жарақаттайтын кезеңінен өтіп кетеді және анағұрлым өнімді.
Соңғы жылдары Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күздік бидай аз-
ық-түліктік дәнді дақыл есебінде өсіріледі. Аталған атыраптарда қолайлы жылдары
ол жаздық бидаймен салыстырғанда, өнімділігі артық (15-20 ц/га).
Солтүстік Қазақстанда күздік бидайды азық, мал азығы есебінде пайдаланады. Ол тез өседі, көктемде ең ерте көк балауса береді.Сондықтан, күздік бидайды шөпке
өсіру Солтүстік Қазақстанда мал азығы өндірісінің негізгі қоры болып есептелінеді.
Күздік бидай және күздік қара бидай жаздық дәнді дақылдардан өнімді. Ауыс-
палы егісте оларды тыңайтынған таза сүрі жерлерде өсірген дұрыс, өйткені сүрі ем- ес және екпе сүрі жерлерде күзде нашар өсіп, қыста өліп қалады. Күздік қара бидай- ды мал азығы үшін өсіргенде, оны біржылдық шөптерден кейін орналастырады. То-
пырақта ылғал қорын жинақтау және қысқа шыдамдығын арттыру үшін таза сүрі жерлерде қыша, күнбағыстан әрбір 10-12 метр сайын ықтырма себеді. Егісті қолай-
лы мерзімде жүргізеді: күздік қара бидайды 5-ші тамыздан 10 қыркүйекке дейін
(солтүстік аудандарда одан да ерте), күздік бидайды 20-25 тамызда себу керек.
Жақсы өнім алу үшін, өнімді жинап алудың алдында 1 ш.м.жерде 500-550 өнім-
ді сабақтардың болуы керек.Ол үшін ылғал қоры жақсы болған жылдары 5,0-5,5млн,
ылғал жеткіліксіз болғанда – 4,0-4,5 млн/га өнгіш тұқым (130-170 кг/га) себіледі.
Күздік бидай органогенездің әр кезеңінде білгілікті –бір өсімділік өнімді элеме-
нттер құрастырады, оны (Ж қосымшасы)-нан көруге болады.
Жоғары сапалы тұқыммен себу-күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды ша- рттарының бірі. Сондықтан осы мақсатта өткен жылы өнімнен дайындалған бірінші
класты пайдаланған дұрыс. Себу тереңдігі 5-7см. Себілетін сорт осы аймаққа аудан-
дастырылған болуы басты шарт.
Күздік бидай сорттары:
Мироновская 808. Сорт В.Н.Ремесло атындағы Мироновск селекция және тұқ-
ымтану ҒЗИ-да шығарылған. Субэритросперум түршесі. Масақтары қылтықсыз не- месе жартылай қылтықты, ақ, қабықшалары түксіз, дәні қызыл. Орташа пісетін сорт.
Қысқа төзімдідігі жақсы. Жығылуға орташа бейімді. Қуаңшылыққа төзімділігі орта-
дан жоғары. Күшті бидай. Дәні ірі.1000 дәннің массасы 38-47г. Нандық сапасы- жақ-
сы және өте жақсы. Ақуыз мөлшері 11,9-14,9%, дән уызы 25,5-33,4%. Қоңыр татпен
залалдануы-орташа және орташадан жоғары. Қарқынды технологияда ретарданттар-
ды пайдалану ұсынылады.
Безостая 1.Сорт Красноярск АШҒЗИ-да шығарылған. Лютесценс түршесі. Ма-
сақтары қылтықсыз, ақ, қабықшалары түксіз, дәні қызыл. Ерте пісетін сорт, қысқа
төзімдігі орташа, шашылып қалуға берік, қуаңшылыққа төзімділігі орташадан жоға-
ры. Күшті бидай. Дәні ірі. 1000 дәннің массасы 39-45г. Нандық және ұндық сапасы
жақсы және өте жақсы. Қоңыр татпен залалдануы орташадан төмендеу, сары татпен
және тозаңды күйемен аздап залалданады.
Күздік қара бидай сорттары:
Саратовская 5. Сорт Оңтүстік Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Вульгаре түр-
шесі, диплоидты түршесіне жатады. Масағы призматәріздес және ұзынша-бұратыл-
ған, ақшыл-сары, тығыздығы орташа және орташадан жоғары. Масақша қабықшасы
ланцетті. Қылтықтары орташа ұзын және ұзын, ақшыл түсті. Дәні жартылай ашық, сопақша, ұзынша, қоңыр-жасыл түсті, сары дәндер қоспасымен, ірі.1000 дәннің мас-
сасы 28,4-37,3г. Сабандарының жуандығы орташа, берік, биіктігі жақсы теңгерімді.
Орташа пісетін сорт, өсу мерзімі 301-320 күн. Қысқа және қуаңшылыққа төзімді, жығылуға төзімділігі жақсы (4-5 балл). Өнімділігі жоғары. Сабанының биіктілігі 97-
135см, стандарт Шолпан сортынан 5см-дей қысқа.
Жақсы себу әдісі қатарлап себу. Тыңайтқыштар, машиналар мен құралдар және
сол сияқты қорғау заттарымен толық қамтамасызданғанда әрбір 10,8 немесе 21,6 м
сайын, шаруашылықтарда қолданылатын бүркегіштердің жұмыстық алымына бай-
ланысты технологиялық табанаралықтар жасалынады (И қосымшасы).
Қара бидай және күздік қара бидай органикалық және минералдық тыңайтқыш-
тарға жақсы қайырымды. Оларды топырақтың құнарлығын ескере отырып, жоспар-
ланған өнімге, қоректік элементтердің шығындығына және пайдалану коэффициент-
теріне сәйкесті есеппен сіңіру қажет.Негізгі тыңайтқыш есебінде күздік дақылдарға
көң шашады (15-20 т/га). Күздік дақылдардың өнімділігін арттыру үшін себу кезінде
(Р15 – 20) сіңіргеннің маңызы зор. Ең көп минералддық қоректік элементтер түптену және түтікке шығу кезеңінде қарқынды сіңіріледі. Күздік дақылдарды көктемдік үс-
теп қоректендіруді астықтық сепкіштермен жасайды. Ал самолетпен жасау одан да жақсы тиімді. Азоттық үстеп қоректендіруді, түптену кезеңінде, топырақ тоңы жібі-
мей тұрғанда, бұл кезде қар еріп жатады, бірақ тыңайтқышты ағызып әкететін су ағысы болмайды, екінші үстеп қоректендіру түтікке шығу – масақтану кезеңінде
(Қазақстанның оңтүстігінде) жасау керек. Түптену кезеңіндегі азоттық үстеп қорек-
тендіру сабақ жиілігінің тығыздығына, ал түтікке шығу кезеңіндегі – масақтағы дән санына, масақтану кезеңіндегі-ең бастысы 1000 дәннің салмағы мен ақуыз көлеміне,
әсерін тигізеді. Тұқымдарды себу алдында 3-5 күн бұрын инкрустирлейді. Егістерді
күзде қарлылық өңезге, тамыр шіруіне қарсы фундозолмен өңдейді.
Көктемде егістерді міндетті түрде тырмалау керек, ал кейде егістің бетімен сеп-
кіштермен көлденең немесе қиғаш бағытта қоректік үстемер шашқан болса, тырма-
лаудың қажеті жоқ. Күздік дақылдар егістерінің жағдайларына байланысты көктем- гі-жаздық шаралар жоспарланады. Ерте көктемде,селдір шыккан егістерді қайта жа- ңартуда, 1 м² жерде 200 өсімдік болса, қайталап сеппейді.Азоттық үстелеп қоректен-
діруді тамырдың өсу деңгейінде жасайды, ал жақсы егістіктерде олардың жығылып қалмаулары үшін репарданттарды (тур немесе кампазон) пайдалану тиімді.
Көктемде кеште болса, селдір шыққан егістерді қайтадан жаңарту үшін, қосым-
ша себу абзал. Азоттық үстеп қоректендіруді ерте топырақ тоңы жібімей тұрғанда
( N40-45) сіңіреді, репарданттарды қолданбайды.
Қоңыр тат, ақ ұнтақ ауруларына қарсы – Тилт 25% к.э., және Альто Супер33% к.э.-мен өңдейді.
Егіні жинап алу балауызданып пісудің аяғында және дәннің ылғалдылығы 25-30% болғанда, екікезеңдік әдіспен жүргізіледі, ал егістер арамшөптерден таза және
жауын-шәшін мөлшері көп болса, дәннің ылғалдылығы 17% кезінде тікелей комбай-
нмен жинап алынады.
Күздік дақылдарды өсірудің технологиялық схемасы
№ | Технологиялық іс шаралар | А/ш машиналар және құралдар | Жүргізу мерзімі | Сапалық көрсеткіштер шарқы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Таза сүрі жер (сыдыра қопсытылған) | ||||
1 | Органикалық тыңайтқыш.шашу. Күздік топырақты өңдеу | ГУН-4, ПГ-3-5, «Lemken- cмарагд» | Егінді жинағаннан кейін | Көң 15-20 т/га, Тереңдігі 20-22см. |
2 | Қар тоқтату | СВШ-10,СВУ-2,6 | Желтоқсан- ақпан | Қар үйінділері ор талығының арақашықтығы 4-5м, биіктігі12-15см. Негізгі желдің ба- ғытына көлденең. |
Көктемгі-жаздық кезең | ||||
3 | Топырақты ерте көктемде өңдеу | «Morris Field PRO» | Өңделуге көлденең топырақтың физи- калық піскен кезінде | Тереңдігі 3-5см. |
4 | Бірінші жырғалау | «Lemken- cмарагд» | Арамшөптер жал- пылай шыққанда | Тереңдігі 8-10см. Үстіңгі қабат ұлпа- ланып қопсиды |
5 | Екінші жырмалау+ тырмалау(керек болса 2-3 рет). | «Lemken- cмарагд» ОПШ-15,ОП-2000, «John Deer- 4720». | Маусыммның 1 онкүндігі. Керек болса жырмалау- дың орнына хи- миялық өңдеу. | Тереңдігі 6-8см. |
6 | Ықтырма себу (қыша) | СКН-3 | Шілденің 1 онкүндігі | Әрбір 10-12м. сайын 2-3 жолақты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
7 | Тұқымды себуге дайындау (инкрустирлеу) | ПС-10, ПСУ-10, «Мобитокс», СТ | Себуге дейін. | Винцит 5% к.с.- 2л/т, Дивидент 3% к.с.- 2л/т. |
8 | Себу, керек болса технологиялық табанаралықпен. | Себу кешендері: «Morris Concept-2000» «FIexicoil» «John Deer-1895» «Horsch-Агро- Союз» | Күздік қара бидай: 5 тамыз-10 қыр- күйек. Қара бидай: 20-25 тамыз. | Тыңайтқыш сіңіру- 20кг.ә.з.мөлшерінде. Себу тереңдігі: қара бидай 6-7см, күздік қара бидай 5-6см. Себу мөлшері 4,0- 5,5млн өңгіш тұқым 1 га. |
9 | Тексеріп қарау | | Көктеу-түптену ке- зеңінде, өскіндер, егістіктер және түптенуді байқау. | |
Егістерді баптап-күту | ||||
10 | Егістерді зиянкес- терге қарсы өңдеу | «John Deer-4720», «FIexicoil» 67, «Summers». | Көктеу-түптену ке- зеңінде-жолақты астықтық бүргеге, швед шыбынына қарсы өңдеу керек. | Каратэ 5% к.э.- 0,2л/га., Децис- экстра 12% к.э.- 0,05 л/га. |
11 | Қарлылық өңізге қарсы өңдеу | «John Deer-4720», «FIexicoil» 67, «Summers». | Түптену кезеңінде. | Фундазол 0,5 кг/га, табанаралық бойымен. |
12 | Егісті бақылау | | Айсайын, желтоқ- сан-наурыз, моно- литтер алу, жібіту, санау. | |
13 | Көктемде егісті бақылау | | Қыстан шығуды баллмен бағалау: өлгендері жоқ-5б; 25%-ға дейін өлсе- 4б; 50%-өлсе-3б; 50%-дан көп – 2б. | |
14 | Егісті көктемде тырмалау | «Morris Field PRO» | Топырақтың физи- калық піскен кезінде 1 рет. | Аздап бұрыштап. |
15 | Тамыр жүйесін қоректендіру | СЗС-2,1 | Түптену кезеңінде азоттық тыңайтқ. үстеп қоректенден. (30-40 кг/га ә.з.) | Тереңдігі 3-6см. |
16 1 | Егістерді бүрку 2 | «John Deer-4720», «FIexicoil» 67, «Summers». «John Deer-800». 3 | Таттар және ақ ұн- таққа қарсы. Арамшөптер- ге қарсы, масақтану 4 | Тилт 25% к.э.-0,5 л/га.Альто-супер 33% к.э.0,4-0,5л/га. Гранстар -10-20г/га. 5 |
| | | ға дейін.Қандала балаңқұртына қарсы | Трезор-1-1,3 кг/га. Каратэ 75% к.э.- 0,2 л/га. |
17 | Жығылуға қарсы препаратпен өңдеу | «John Deer-4720», «FIexicoil» 67, «Summers». «John Deer-800». | Қара бидайдың түп- тену-түтікке шығу кезеңі. Күздік қара бидайдың түтікке шығу кезеңі. | Кампозан -4л/га. |
18 | Таттар және ақ ұнтаққа қарсы екінші өңдеу. | «John Deer-4720», «FIexicoil» 67, «Summers». «John Deer-800». | Тулық жапырақ кезеңі. | Тилт 25% к.э.-0,5 л/га.Альто-супер 33% к.э.0,4-0,5л/га. |
19 | Зиянкестерге қарсы өңдеу | «John Deer-4720», «FIexicoil» 67, «Summers». «John Deer-800». | Сүтті және сүтті- балауызды пісу кезеңі, біті-40 да- надан көп болса, қандала балаңқұр- ты-2 дана, бит-10 дана өсімдікте болса. | Каратэ 75% к.э.- 0,2 л/га. Десцис 2,5 к.э.-0,2-0,3л/га. Шерпа 25% к.э.-0,2л/га. |
Егінді жинау | ||||
20 | Дестеге жығу | МасДон-3020, «John Deer» | Балауызданып пісудің соңы, дән- нің ылғалдылығы 16-18%. | Шығындар 1,5%-дан аспауы керек. Жығу- себу бағытына көл- денең, шабу биіктігі 18см. |
21 | Дестелерді жинап, астықты бастыру | Мега 350/360, Медион 310-3306 «John Deer» | Дәннің ылғалды- лығы 16-18% болғанда. | |