ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 145
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Невский – Солтүстік-Батыс ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында
шығарылған. Қарқынды түрдегі жоғары өнімді, асханалық ортадан ерте пісетін сорт.
Саңырауқұлақ және бактериялық ауруларға төзімді, вирус ауруымен орташа дәре-
жеде залалданады. Түйнегі ақ, дөңгелек-сопақша формалы. Қабығы тегіс, көзшелері
ұсақ, аз санды, қызғылт түсті, жұмсағы ақ.
Кокшетауский ранний – А.И.Бараев атындағы КФ АШҒӨО шығарылған.Көкше-
тау регионында аудандастырылған. Ерте пісетін сорт.Түптері тік өскен, жинақы, би-
ік. Жапырақтары орташа көлемді, қоңыр-жасыл түсті. Гүлдері молдышалық. Жеміс-
тері мол. Түйнектері ақ, ұзынша-дөңгеленген, көзшелері ұсақ. Түйнектер массасы
116-175гр. Крахмалдылығы – 12,4-17,5%. Тәмділік бағасы 4,2 балл, стандарт Прие-
кульский ранний сортымен бірдей. Сорт жақсы сақталады. Парша ауруымен аз за-
лалданады, дымқылды шіруге төзімді.
Шортандинский - А.И.Бараев атындағы АШҒӨО, Қазақ ҒЗИ-ның ТШ шығар-
ылған. Орташа ерте пісетін сорт. Асханалық, өнімділігі ортадан жоғары, бактерия-
лық, вирустық аурулармен аз залалданады, қуаңшылыққа төзімді. Түйнектері ақ,
дөңгелекше, көзшелерінің орналасу тереңдігі орташа, жұмсағы ақ. Түйнектердің крахмалдылығы орташа, дәмділік сапасы және сақталғыштығы жақсы.
Тұқымдық түйнектерді дайындау отырғызудан бір ай бұрын басталады. Осы мақсатпен картопты сұрыптап іріктейді, отырғызар алдында күн көзінде қыздырып
алады және тұқымдарды химиялық дәрілейді. Массасы 50-80г бүтін түйнектер от-
ырғызуға ең қолайлы деп есептеледі. Тұқымды жылы ауамен қыздыруды 12-15 күн
аралығында, ауаның температурасы 12-16ºС болғанда жүргізеді.
Дәрілеуді отырғызардан 1-2 күн бұрын қырмандарда жалда, контейнерлерде, не-
месе арнаулы картоп отырғызатын машинаға асып қойған құралдармен жүргізіледі.
Фитофтрозға, ризоктониозға қарсы бенлат 50%т.п.-0,5-1,0 кг/т; ризоктониозға – ви-товакс 200 75% т.п.- 2кг/т; және кешенді әсерлі Текто 45% к.с. қолдануға болады.
Картоп отырғызуды топтық әдіспен, ыдыссыз тасқынды технология негізінде дер мезгілде – орташа ерте пісетіндерді бірінші, ерте пісетіндерді – мамырдың екін-
ші онкүндігінде, 6-8 күн аралығында, күн бұрын тілінген қырқаларға отырғызады.
Картоп отырғызу тереңдігі, қырқалар әдісінде 6-8 см, ал тегіс әдісінде 8-10 см.
Отырғызу жиілігі, тауарлық картоптар 1 га-ға 40-45 мың, ал тұқымдықтары 55-57 мың дана. Ең тиімді күтім әдісі, картоп көгі шыққанға дейін және ол шыққаннан
кейін сыдыра қопсытқыштармен өңдеу. Ол жұмысқа картоп отырғызылғаннан кейін
5-7 күннен соң кірісу керек, және 6-7 күннен кейін қайталау керек. Ластануына, ыл-
ғалдануына және топырақ тығыздығына қарай өсіп-өну кезеңінде бірнеше қатарара-
лық өңдеу жүргізеді. Суармалы жерлерде және суарылмайтын жағдайда әр өсімдік
биіктігі 15-17см жеткенде картопты түптеуге кіріседі. Қажет болса екінші рет түп-
теуге болады. Фитофторамен күресу үшін фунгицид Ридомил 72% т.п.-2,5 кг/га мөл-
шерінде көк шыққаннан кейін 4-6 күн аралығында пайдалану керек. Картоп гүлде-
генше фитофторозға қарсы 7-10 күннен кейін – фунгицид Даконил 75% т.п.- 1,8 –
2,4 кг/га мөлшерінде күтімдік бүрку керек.
Калорадо қоңызына қарсы, бірінші бүркуді картоптың топырақтан көктеп шыға
бастағанында жүргізеді. Қоңыздар 1-ші және 2-ші жас шамасында жалпылай пайда
болғанда бүркуді қайталап жүргізеді. Зиянкестерге қарсы Каратэ 5% к.э., Децис 2,5% к.э., Кинмикс 5% к.э. пайдаланады. Картопты жинау алдында жапырақ, сабақ-
тарын шауып тастайды немесе химиялық әдіспен жояды. Сабақ, жапырақтарды де-
сикация әдісімен жоюды 12-14 күн бұрын тұқымдық танаптарда, 5-7 күн бұрын аз-
ықтық танаптарда жүргізеді, және олар аурулардың таралуын жояды.
Бірінші ерте пісетін картопты жинаудан бастайды, сонан кейін тұқымдықты жи-
найды. Қыркүйектің екінші онкүндігінде азықтық картопты жинау аяқталуға тиіс.
Картоп ты жинау үшін комбайндарды SE-75-404В, DR-1500 пайдаланады. Тұқымдық
картопты қазғышпен қазып түйнектерді қолмен жинайды.
Азықтық картопты салқын, жаңбырлы ауа-райы жағдайында жинағанда, оны қалқанның астында 5-7 күн кептіреді. Тұқымдық картопты активті желдетуді қолда-
нып қоймаларда сақтайды.
Картопты сақтағанда төмендегідей үш кезеңді орындау міндетті:
1. Емдеулік – 10-15 күн, бұл кезеңде сақтау температурасы 15-18ºС, салыстырмалы
ылғалдылығы 85-90% және жақсы аэрация қамтамасыз етілуі керек.
2. Салқындату кезеңі – 3-4 жұма бойы температураны сөткесіне 0,5 -10ºС дейін тө-
мендетеді, сыртқы ауамен желдетеміз, ылғалдылық 85-95%.
3. Негізгі сақтау кезеңі – қарашадан сәуірге дейін. Деректік температура сортына
байланысты +1,5- +5,0ºС, ылғалдылық 85-95%.
Қоймаларда картоптың сақталуына және температуралық режімге күнделікті ба- қылау жасалады. Деректі деңгейден, температураның көтерілуі немесе төмендеуі тұ-
қымдық сапаның нашарлауына әкеп соғады.
Картоп өсірудің технологиялық схемасы
№ | Технологиялық іс шаралар | А/ш машиналар және құралдар | Жүргізу мерзімі | Сапалық көрсеткіштер шарқы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. Топырақты дайындау және тыңайтқыштарды сіңіру | ||||
1 | Аңызды сыдырғы- лау немесе малалау | «Lemken cмарагд», «Morris Rangler» | Алғы егіс жинал- ған соң, ерте өңдеу | Тереңдігі 6-8см. Тереңдігі 3-5см. |
2 | Топырақты агро- хияиялық зерттеу | | | Жоспарланған өнімділік деңгейіне, керекті тың- айтқыштар көлемін анықтау. |
3 | Органикалық тың- айтқыштарды ар- ту және шашу. | ПБ-35, ПТР-10 РОУ-6 | Күзде | Шашу мөлшері 30-40 т/га. |
4 | Минералдық тың- айтқыштарды та- сымалдау, шәшу. | РМГ-4, РУМ-5А, РУм-6. | Күзде | Жоспарланған өнімділік деңгейіне, керекті калий- дің толық, фосфорлық- тардың 75-80%. |
5 | Сүдігер жырту | «Lemken- плуг | Күзде | Тереңдігі 27-30см. |
6 | Күздік сүдігерді қопсыту | «Lemken cмарагд» | Күзде | Тереңдігі 16-18см. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
7 | Күзде арақатарлық- тары 70см қырқалар ды тілу және мине- ралдық тыңайтқыш- тарды бірге сіңіру. | КГФ-2,8, КОН-2,8, КРН- 4,2 қайтажаб- дықталған, КРН-4,2 | Күзде | Тікбағыттылықты сақтау, агрегаттың екі жүріп өт- кенінде қырқалар пайда болады. | |
8 | Қар тоқтату | СВШ-10,СВУ-2,6 | Желтоқсан- ақпан | Қар үйінділері орталығының арақашықтығы 4-6м. Желдің негізгі бағыты- на көлденең. | |
9 | Тегіс немесе қырқа- ларға картопты от- ырғызғанда, ерте- көктемде малалау. | Зиг-Заг, «Morris Field PRO» | Топырақтың Физикалық пісуі. | Тереңдігі 3-5см. | |
10 | Көктемде қырқалар- ды тыңайтқыштар сіңіріп тілу, немесе күзгілерді түзеу. | КГФ-2,8, КР-12. | Отырғызудың алдында неме- се соңынан. | Тікбағыттылықты сақтау, агрегаттың екі жүріп өт- кенінде қырқалар пайда болады. | |
II Тұқымдық материалды отырғызуға дайындау | |||||
11 | Қоймадан шығарыу және көлікке арту | ТПК-30, ТЗК-30 | Отырғызудан бір ай бұрын | Түйнектің бүлінуі 3%-ан кем, шашылу жоқ. | |
12 | Картопты жіктеу ор- нына жеткізу | МТЗ-КУН-10 бақырымен | | Тұқымның шашылуын болдырмау керек | |
13 | Жіктеу және іріктеу | КСП-25, КСП-15 немесе РКС-10 | | Түйнектерді үш бөлекке бөлу:ұсақтары 25-50г., орташа 50-80г, ірілер 100 г-нан үлкен, қоқымдар. | |
14 | Күннің көзіне шы- ғарып жылыту | | Отырғызғанға дейін | 15 күндей, температура- 12-16ºС. | |
15 | Картопты алаңнан көлікке арту, бір мезгілде химикат- тармен бүрку, | ТВК-30, ОВС-А, ОВТ –1А. | Отырғызғанға дейін | Түйнек сыртының 90% сулау, Бенлат 50% т.п.- 0,5-1,0 кг/т, Витовакс 200 75%т.п.-20 кг/т. | |
16 | Картопты тасымал- дау және отырғыз- ғышқа тиеу | Газ53 қырынан түсіретін бун- керімен. | | Тұқымның шашылуын болдырмау керек. | |
17 | Картопты отырғызу және бір мезгілде тыңайтқыш сіңіру. | Л-202, Л-207, «Grimme» | Мамырдың I-II онкүндігі | Отырғызу тәсілі: тегіс және тілінген қырқаларға Схемасы 70*30-суарма- ғанда,70*28,70*25-суар- ғанда, тереңдігі-6-8см қырқаларға,8-10см тегісте.Отырғызу жиілігі 35-45мың.суармағанда; 55-57мың 1га,суарғанда. | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
III. Егістерді күтіп-баптау | |||||
18 | Егіс көктемей жыр- ғалау және тырма- лау (қырқалар әдісі) | КОН-2,8,КРН-4,2 +ЗБСС-1,0 | Отырғызғаннан кейін 5-7 күнде | Тереңдігі 3-5см. | |
19 | Екінші егіс көктемей жырғалау | КОН-2,8,КРН-4,2 | Біріншіден 6-7 күннен кейін | | |
20 | Жырғалау, бір мезгіл- де гербицидтерді бүрку. | «John Deer 4720»,«Morris Field PRO» | Көк шығардың алдында 3-4 күн бұрын. | Прометрин-3-5кг/га, Топогард-2,4кг/га. | |
21 | Картоп өскіндер ара- лығын бірінші жырғалау | КФК-2,8, КРН-4,2. | Бекіген көктер- 5-8см, аралығымен. | Тереңдігі 8-10см. | |
22 | Қатараралық жырғалау | КРН-4,2, КОН-2,8. | Суарылмаған танапта өсім- діктер 15-18см болғанда, түптеу керек. | Бірінші өңдеу тереңді-гі-14-16см, екіншісі – 10-12см. | |
23 | Колорадо қоңызына қарсы бүркулер. | «Flixicoil 67» | Өсіп-жетілу кезеңінде. | Кинмикс 5% к.э.-0,15- 0,2л/га, Каратэ 5% к.э.-0,2л/га. | |
24 | Фитофторозға қарсы бүркулер | «Flixicoil 67» | Гүлдеуге дейін | Ридомил 72% т.п.-2,5 кг/га, Даконил 75% т.п. 1,8-2,4 кг/га. | |
25 | Жапырақ-сабақтарды шауып тастау | КС-2,6, КС-300, КИР-1,5Б. | Жинаудан бұ- рын 2-6 күнде. | Шабу биіктігі 10-15см, түйнектерді кесілуден сақтау. | |
26 | Десикация | ОВТ-1А, ОПЖ-15. | Жинаудан 5-6, тұқымдықтарда 12-14 күн бұрын. | Баста 2-3 кг/га. | |
27 | Картопты жинау а) комбайнмен | SE-75-404B DR -1500 | | Топықтың ылғалдылы- ғы 25% кем. 3-4% жоға- лу,1-2% кесілу шектем- дігі. | |
| б) картопты қазғыш- пен қазып, түйнекті қолмен жинау | КТН-Б, КУСТ- 1,4А, КТН-2В. | | Бүліну шегі 10%-дан кем, түйнектің кесілуі- 2%-дан кем. | |
| в) бөлектеп жинау,әу- елі түйнектерді жал- ға жинақтап, содан кейін жинап алу. | УКВ-2, ККУ-2А. | | |
Бақылау сұрақтары
1. Дақылдың таралу аймақтары және шығу тарихына тоқталыңыз.
2. Картоптың азық-түліктік және жемазықтық проблеманы шешудегі рөлі, және
қайта өңдеу өндірісі үшін шикізаттық сапасының мәні.
3. Картоп дақылының негізгі өсу кезеңдерін атаңыз. Әр кезең мезгілінің рөлі.
4. Картоптың жылуға сұранысы.
5. Картоп ылғалғалға қалай сұранысты?
6. Картоптың топыраққа, ауа режіміне сұранысы.
7. Картоптың тамыр жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз.
8. Картоп түйнегінің анатомиялық құрылысы.
9. Солтүстік Қазақстанда өсірілетін сорттарға, сипаттама беріңіз.
10. Шаруашылықта 2-3 сорт өсіру, нені береді?
11. Қарқынды технология үшін сорттарға қойылатын талаптар?
12. Дақылдың өнімділігін анықтайтын, қарқынды технологияның негізгі элементтері
13. Картоптың ауыспалыегістегі орны. Азықтық картоп үшін, ауыспалыегістің схе-
ма-жобасын атаңыз.
14. Картоптың топырақтан ең дау кезеңдерінде қоректік заттарды сіңіруі.
15. Органикалық тыңайтқыштарды картоп үшін қолдану (органикалық тыңайтқыш-
тар түрлері, сіңіру мөлшері, мезгілі, әдістері).
16. Кәдәмгі қаратопырақтарда минералдық тыңайтқыштарды сіңіру мөлшері, мезгілі
және сәйкестігі.
17. Жасыл дақылдарды картоп үшін пайдалануға бола ма?
18. Топырақты-климаттық жағдайға, алғыегіске, аймаққа байланысты картоп үшін
топырақты күзде өңдеу ерекшеліктері.
19. Картопты әртүрлі отырғызу үшін, көктемдік топырақ өңдеудің ерекшеліктері.
20. Картопты күнбұрын тілінген қырқаларда отырғызудың жақсылықтары қандай?
21. Тұқымдық материалды сорттаудың ерекшеліктері.
22. Картоп түйнектері өскінденуінің маңызы, оның ұзақтығы, дәлдік температурасы.
23. Картоп түйнектерін қашан және қандай химикаттармен өңдейді?
24. Картопты отырғызу мезгілін белгілегенде, қандай факторларды есепке алу
қажет?
25. Картопты отырғызу тереңдігі неге байланысты?
26. Облыстағы тұқымдық және азық-түліктік картопты отырғызудың ұсынымды
жиілігі.
27. Тегіс егістерде және тілінген қырқабаттарда картоп өскіндері пайда болғанда,
қандай өңдеулер жүргізіледі?
28. Картоп өскіндері шыққаннан кейінгі өңдеудің ерекшеліктері?
29. Солтүстік Қазақстан аймағында фитофторозға қарсы күтімдік бүркулер жүргізі-
ле ме?
30. Колорадо қоңызына қарсы күрес.
31. Картопты жинау технологиясы қандай операциялардан тұрады?