Файл: Тас дуірі Ежелгі азастан тарихына жатпайтын тарихи деріс Ислам дініні таралуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 1323

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дұрыс жауабы: 1-С, 2-Е, 3-В

634ж нушеби тайпасының қолдауымен билікке келген Батыс Түрік қағаны: Ешбар Елтеріс

ҮІІғ «он оқ будун» жүйесін енгізген Батыс Түрік қағаны: Ешбар Елтеріс

Батыс Түрік қағанатында нушебилермен дулулар арасындағы билік үшін талас-тартыстар болған мерзім: 640-657жж

Батыс Түрік қағанатының ыдырауына әсер еткен оқиға: Қытай шапқыншылығы

Қытай мемлекеті Жетісуға басып кірген мерзім: 659ж

Мерзімдер мен оқиғаларды сәйкестендіріңіз:

1. 659 жыл

2. 627 жыл

3. 640 жыл

A) Тардуш қаған Алтайдағы теле тайпаларын басып алды

B) Ешбар Елтеріс нушебилердің көмегімен билік алды

C) Тон қаған Византияға Иранға қарсы көмек көрсету үшін әскер жіберген

D) Батыс Түрік қағанатының әлсірегенін пайдаланған Қытай Жетісуға басып кірді

E) Шегу қаған билік басына келді

F) Дулулар мен нушебилер арасындағы ұзақ уақытқа созылған тартыс басталды

Дұрыс жауабы: 1-D. 2-C. 3-F
Шығыс Түрік қағанаты

682-744жылдар

ҮІІғ аяғы мен ҮІІІ ортасында қалыптасқан Қазақстан, Орта Азия, Оңтүстік Сібір жерін алып жатқан мемлекет: Шығыс Түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағанаты өз мемлекетін құрды: Қазіргі Монғолия жері

Шығыс Түрік қағанаты Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірген мерзім: 682ж

682ж Шығыс түріктері өз мемлекетін қалпына келтірген жер: Монғолия

Шығыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны: Елтеріс(Құтлық)

Құтлық негізін қалаған Шығыс Түрік қағанатының аумағына енген жер: Шығыс Түркіста

Шығыс Түрік қағанаты Елтеріс(Құтлық) Қағаннан кейінгі басқарған билеуші: Қапаған

Шығыс Түрік қағанатын қуатты мемлекетке айналдырған қаған: Қапаған

Шығыс Түрік қағанатының билеушілері Білге мен Күлтегін тиімді шартқа қол жеткізген мемлекет: Қытай

Түрік халқының жауынгерлік даңқын асқақтатқан қолбасшы: Күлтегін

Шығыс Түрік қағандығында жауынгерлік даңқымен танымал болды: Төныкөк

Шығыс Түрік қағанатының әлсіреп, ыдырай бастаған мерзімі: 741ж

Шығыс Түрік қағанатының орнына 744ж қай мемлекет орнады: Ұйғыр қағанаты
Түргеш қағанаты

704-756жылдар

ҮІғасырда Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, саны жағынан көп болған тайпа: Түргеш

Жетісуда 704жылы билік басына келген мемлекеттік бірлестік: Түргештер


ҮІІІғ басында Түргеш қағанатының құрылуына жол ашқан оқиға: Қытайлармен соғыстағы жеңіс

Түргеш қағанатының негізгі жер аумағы: Жетісу

Түргеш қағанатының жері: Оңтүстік-шығысында Шаш(Тараз) қаласынан, шығысында Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейін жерді алып жатыр

Түргеш қағанатының астанасы: Суяб

Түргеш қағанатының екінші ордасы: Іле өзені бойындағы Күңгіт

Түргеш қағанатының орталығы болған қалалар: Суяб, Күңгіт, Талас (Тараз)

Түргештер жайлы алғашқы дерек кездесетін ескерткіш: «Күлтегін» ескерткіші

Түргеш мемлекетінің негізін қалаған : Үшілік

Үшілік қаған басқарған мемлекет: Түргеш қағанаты

Үшілік қаған өзінің негізгі тайпаларын бөлді: Екі ордаға

Түргеш қағанаты бөлінген аймақ саны: 20

Үшілік қаған қайтыс болды: 706жылы

Түргеш қағандығына батыстан қауіп төндірген мемлекет: Арабтар

Түргеш тарихындағы ең белгілі билеушілер: Үшлік пен Сұлу

Түргештер кімнің билікке келуімен қайта күшейді:Сұлу қаған

Түргеш қағандығының тәуелсіздігі үшін үш жақты күрес жүргізген қаған: Сұлу

Сұлу қаған шығыстағы жағдайын дұрыс жолға қоюға тырысқан: құдандалық арқылы

Сұлу қағанға шығыстағы саяси жағдайын түбегейлі жақсартуға мүмкіндік берді: Шығыс Түрік қағанатымен құдандаласуы

Сұлу қаған қай жылдары билік құрлы: 715-738жылдары

Түргеш қағаны Сұлу өзінің ордасын көшірген қала: Тараз

Арабтар «сүзеген » деп атаған қаған: Сұлу

Сұлу қаған арабтарға қарсы күресте күш біріктірген ел: Орта Азия елдерімен

Сұлу қаған арабтарға қарсы осы қала тұрғындарымен күш біріктірді: Самарқан Бұхара

Мәтінде сипатталған шайқасты анықтаңыз: «Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты... Қаған ... арабтарды біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы береді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түркеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады». Тоқарстандағы шайқас

Сұлу қағанды Навакет қаласында өлтірген қолбасшы: Баға тархан

720-721жж Соғды жерінде арабтарды жеңген Сұлу қағанның қолбасшысы: Күли шор

Түргеш қағанатында Сұлу қағаннан кейін билікке келген баласы: Тұқарсан Құтшар

Сұлудан кейін билікке келген Түргеш қағаны: Тұқарсан Құтшар



737ж Тоқарстандағы арабтарды талқандауға түргештермен бірге біріккен тайпа: Қарлұқтар

Түргеш қағанатында қара және сары түргештердің арасындағы күрес созылды: 20жылға

Қытайлар қай жылы Суябты басып алды: 748жылы

748ж Түргештердің астанасы Суяб қаласын басып алған: Қытай империясы

751ж арабтар мен қытайлар арасындағы шайқас өткен жер: Атлах шайқасы

751ж Атлах қаласының жанында үлкен шайқас болды: Арабтар мен қытайлар арасында

Атлах шайқасынан кейін: Қытайлар Жетісудан біржолата кетті

Арабтар мен түргештер қытайларды Жетісудан біржола қуған кезең: VІІІ ғасырдың ортасы

751 ж. Атлах шайқасындағы арабтардың жеңіске жетуі әсер етті: Қазақстанда ислам дінінің таралуына

Түргеш қағанатында 749-753 жж билікті қолына алған тархан: Жыпыр

Түргеш қағанатының саяси және экономикалық жағдайын әлсіреткен: Сары және қара түргештердің күресі

Түргеш қағанатындағы ішкі қайшылықтарды пайдаланып қауіп төндірген ел: Шығыс Түрік қағанаты

Араб-Қытай шапқыншылығы және ішкі қақтығыстар салдарынан Түргеш қағанатының құлаған кезі: 756жылы

Түргеш қағанатының орнына келген тайпа: Қарлұқтар

756ж Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ

Ерте орта ғасырларда Жетісу жерінде теңге шығару ісін дамытты:Түргештер

Таразда табылған Түргеш теңгелері соғылған кезең: VІІІ ғ

704-766ж түргеш теңгелері соғылған қала: Тараз

Түргештердің шаруашылығы: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
Соғдылар

ҮІ-ҮІІІ ғғ Жктісуға қоныстанған ел: соғдылар

Араб шапқыншылығы әсерінен Жетісуға қоныстанған ел: соғдылар

Соғдылар ежелден қоныстанған өзендер алабы: Зеравшан , Қашқадария

Түріктерге араласып кеткен Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық: Соғдылар

Ежелгі Орта азияда өмір сүрген иран тілдес халық: Соғдылар

Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші: Бартольд

«Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазған ортағасырлық ғалым: М. Қашқари

ҮІІғ басында Жетісудағы соғдылар туралы жазған Қытай саяхатшысы: Сюань Цзянь

Қытай саяхатшысы Сюань Цзянь деректері бойынша соғды халқының негізгі кәсібі: сауда мен егіншілік

Соғдылардың Жетісуға қоныстануы дамытты: Егіншілікті

Соғды тілінде жазылған қолжазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:
Жапония

Түрік халқының арасында көне түрік жазуымен қатар кең тарады: Соғды жазуы

Түрік қағанатында сауданың жүруіне мүдделі болған халықтар: «Сонымен .... көпестерінің эфталиттердің күйретілгенін өздерінің баюының басы деп есептегені әбден дұрыс еді. Шынында да, Қытайға баратын жол ашық та қауіпсіз болатын, ал түркіттердің өздері тонап алған немесе салықтан түскен жібектерін қайда қоярын білмейтін, сол себепті де арадағы дәнекер-делдал бұрын болып көрмеген дәрежеде байып кете алар еді. Міндет тек жібекті Византияға жеткізу ғана, бірақ ол жөнінде парсы шахынан келісу керек. Істеми хан өз тарапынан жаңа бодандарының тілегін орындауға тырысады, себебі бұл оның көңілдес жақындарының мүдделерімен сәйкес келіп жатқан. Сондықтан да хан Маниах өзін Хосрай Ануширванға, шалымды соғдылар қолында жиналып қалған мол жібек қорын Иран арқылы алып өтуге рұқсат сұрау үшін, өкілетті елші етіп жіберу жөніндегі тілегін шын ықыласымен мақұлдайды. Елші тіпті парсы шахынан саудаға қатысу жөнінен, яғни жібекті сатып алып, оны Батысқа апарып қайта сатуға ұсыныс жасайды. Мұндай шараны жүзеге асырған күнде олар тауар бағасы жөнінен аздап шағындалса да, оның айналымен толайтып, пайдаға шаш етектен кенелер еді.»: Соғдылар
Қарлұқ қағанаты

756-940жылдар

Монғол шапқыншылығына дейінгі кезеңге жататын мемлекет(-тер): Қарлұқ қағанаты, Оғыз қағанаты, Қыпшақ хандығы

756ж Түргеш қағандығын құлатып билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ

Қарлұқ қағанаты 756ж осы мемлекеттің әлсіреуіне байланысты құрылды: Түркеш

Жетісу жерінде орналасқан мемлекет:Қарлұқтар

Қарлұқ қағанатының орталығы: Суяб

Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасып орналасқан жері: Алтайдан Балқаш көліне дейін

Жазба деректерде Vғ тирек тайпаларының құрамында кездесетін тайпа: Қарлұқтар

Vғасырдан бастап жазба деректерде қарлұқтар кездеседі: тирек тайпаларының құрамында

Қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанаты құрамында болғандығын білдіретін деректер: «Күлтегін» жазуы

VІІ ғасырдың басындағы қытайлардың «Таншу» хроникасында көрсетілген қарлұқтар құрамындағы тайпалар: Бұлақ, Жікіл, Ташлық

Жазбаша деректерді олардың қалдырған мәліметтерін сәйкестендіріңіз:

1. «Таньшу» хроникасы

2. «Оғызнама»

3. «Күлтегін» жазуы

A) Қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында болғандығын білдіреді

B) Қарлұқтардың балық аулауға құрал-саймандардың атаулары кездеседі


C) Қарлұқ жерінде 25 қаланың болғандығын мәлімдейді

D) ҮІІ ғ. басында қарлұқтардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық тайпаларының болғанын көрсетеді

E) Еділ бойындағы печенегтермен болған соғыс туралы айтылады

F) Оғыздардың күз айларында Хорезм, Ұлытау баурайында көшіп жүргенін мәләмдейді

Дұрыс жауабы: 1-D. 2-E. 3-A

Қарлұқ қағанатының ақсүйек-шонжарлары тұрған екінші астанасы: Баласағұн

Қарлұқ бірлестігінің құрамына кірген тайпалар: Бұлақ, жікіл , ташлық

Қытай деректерінде бұлақ деген атауымен кездесетін тайпа: Қарлұқтар

Араб тарихшысы әл-Марвазидің(ХІІғ) хабарына қарағанда қарлұқтар құрамындағы тайпалапдың саны: Тоғыз

ІХғ қарлұқтардың шығыстағы жауы: Ұйғырлар

Қарлұқ қағанаты күшейе бастаған кезең: VІІІғ аяғы

Қарлұқтардың Жетісуға жылжу себебі: Ұйғыр қағанатынан жеңілді

Ұйғыр қағанатынан жіңілгеннен кейін қарлұқтар жылжыған аймақ: Жетісу

Мәтіндегі қатені табыңыз. «Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Енесей қырғыздарынан төнген қауіпті жоюды ойластырады. Олардың Тараз, Ташкент қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді. Атлах түбіндегі шайқасқа өздері де қатынасқан болатын. Сондықтан олардан қауіп болдырмау үшін 766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді»: Қытай

VІІІ ғ. ІІ жартысында Қашғария аймағын өз бақылауында ұстаған мемлекет: Қарлұқтар

Қарлұқтар осы мемлекетпен одақтасып 840жылы Ұйғыр қағанатын талқандады:Енисей қырғыздарымен

Ұйғыр қағанатының өмір сүруін тоқтатты: Енисей қырғыздары

840ж өзін қаған деп жариялаған Испиджаб қаласының билеушісі: Білге Құл Қадырхан

Саманилер жаулап алған Қарлұқ қағанатының қалалары: Испиджаб, Тараз

Саманилерге қасы күресті жүргізген Білге Құл Қадырханның ұлдары: Базар Арслан, Оғұлшақ

Саманилер Испиджапты жаулап алуының салдары: Мұсылман діні тарай бастады

Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі созылды: 2ғасырға

Қарлұқтар еліндегі қалалар саны: 25

«Худуд әл-Алам» қолжазбасы бойынша 25 қаласы бар ел: Қарлұқ

Аталар зиратының басына тастан жасалған балбал мүсіндер қою кең тарады: Қарлұқтарда

Қарлұқтар еліндегі атақты қалалар: Құлан, Атлах, Талғар, Мирки, Балық

Қарлұқтар жаз айларында мал шаруашылығымен айналысқан жерлер: Алтай, Жоңғар

Қарлұқтар қыс айларында қыстаған жерлер: Балқаш, Іле, Талас, Шу, Сырдария

Қарлұқтардың қосалқы шаруашылығы: Аң, балық аулау