ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 429
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
26)Көшпелі Өзбектер мемлекеті немесе Әбілқайыр хандығы.Мемлекеттік құрылымы және тайпалық құрылымы.
Жауап: Әбілқайыр Ордасы немесе Өзбек хандығы — XV ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған.Тайпалық құрылымы:Оның хандығының құрамына Қият,Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.Мемлекеттік құрылым: Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының
Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан , Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды.1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. 1450 жж. Әбілхайыр
Мәуранахардағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқараға жорық жасайды.
1456—57 жж. Ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Оған наразы Керек мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.
1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.
27) Моғолстан мемлекеті:аумағы,тайпалық құрамы,және саяси тарихы
Жауап: Моғолстан — 14 ғ орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.
Аумағы: 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады.
14-15 ғғ да Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Орталығы — Жетісу аумағы (Алмалық қаласы).
Тайпалық құрылымы: Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Моғолстанның негізгі халқы түркі тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.
Саяси тарихы: Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылық- тарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуеран-нахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362—1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин — Жетісуды, Енке төре — Іле мен Тарбағатайды биледі.
Осыны пайдаланған Әмір Темір XIV ғасырдың 70—80-жылдары Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды.
Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 ж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді.
Сөйтіп, XVI ғ. басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі жэне олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына аумақтық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.
28.
ХІҮ ғ. соңғы үштен бірі – ХҮ ғ. басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне Әмір Темірдің жаулаушылық және тонаушылық жорықтары зор қауіп төндірді. Шағатай мемлекетінің екіге бөлінуі салдарынан XIV ғ. 70-ші жылдарында Маураннахрдағы билікті Әмір Темір (1336-1405 жж.) басып алады. Ол монғолдың түріктенген барлас руынан шыққан Тарағай бектің ұлы еді. Атаққұмар, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын Әмір Темір әскерлердің шапқыншылығын пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып жаныштап, көршілес жерлердегі халықтарды талап-тонау мен күйзелту арқылы байып алды да, ешнәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 ж. Мауереннхрдағы билікті басып алды.Темірдің жеке-дара билік құрған 35 жылы (1370-1405 жж.) көрші аймақтар мен елдерге жасалған басқыншылық, тонаушылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы болды. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мейлінше мейірімсіз тағылық әдістермен жүргізді. Темір бұл соғыстарды Мауереннахрдың билік етуші үстем табы арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап-тонау, Орта Азияның да, бағындырылған аймақтардың да еңбекші бұқарасын қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізген еді.
Әмір Темірдің үлкен империя құрудағы жаугершілік әрекеті, алдымен әлсіз көршілері Моғолстан мен Ақ Ордадан басталды. Осы шапқыншылық соғыстарында Темір Ақ Орда билеушісі Ұрұс хан өлтірткен Маңғыстау өңірі басшысы Түй-Қожаның баласы Тоқтамысты пайдаланды. Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Алайда Тоқтамыс Сауран түбіндегі 1374-1375 жж. шайқаста жеңіліске ұшырайды. Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қайта аттандырады. Ұрұс ханның ұлы Тоқтақиядан жеңіліп, Темірге қайта қашып келеді. 1376 ж. басында Ұрұс ханнан Темірге Тоқтамысты қайтаруды талап еткен және өз әскерінің Түркістан жеріне таяп қалғанын ескеткен елші келеді. Темір бұған жауап ретінде енді үшінші рет Тоқтамысты қаруландырып және өзі бірге аттанады. Әмір Темір Отырар маңында, Ұрұс хан Сығанаққа тоқтайды. Арада 3 ай өткенде Ұрұс хан Сығанақтан қайтып кеткен соң, Темір оның ұлы Мәлік оғланның әскерін талқандайды. 1376 ж. Ұрұс ханның , ұзамай Тоқтақияның қайтыс болуы Ақ Орданың жеңілуіне әкеліп соғады. Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызады.
Ұрұс ханның ұлы Темір Мәлік 1377 ж. Сауранда Тоқтамысты тағы да жеңеді. Әмір Темірден тағы да көмек алған Тоқтамыс 1379 ж. ғана Ақ Орданы біржола өзіне қаратады. 1380 ж. Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай ордасын басып алды. Ендігі жерде Тоқтамыс Темірге бағынудан бас тартты. Енді екі одақтас Алтын Орда иеліктері үшін өз ара соғысқа түсті. Темірдің үздіксіз жорықтары Алтын Орданың ыдырауының негізгі сыртқы себептерінің бірі болып табылды. Әмір Темір 1391 ж. 21 қаңтарда Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерін қирата жеңеді. Тоқтамыс қашып құтылады. Әмір Темір 1395 ж. Тоқтамысқа қарсы тағы жорыққа шығады. Бұл жолы шайқас Солтүстік Кавказдағы Терек өзенінің жағасында өткен.
Әмір Темір 1371-1372 жж. Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Алмалыққа дейін жетіп, керейттерді талқандайды. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын, олжа түсіріп қайтады. Әмір Темір 1371-1390 жж. Моғолстанға он шақты рет шабуыл жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жж. Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудың ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Темір 1376 ж. көктемде Моғолстанның атақты қолбасысы Камар ад-динді талқандау үшін 30 мыңдық әскер аттандырады.
Моғолстанды түпкілікті қарату үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарда Темір көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды Мауереннахрға жіберіп отырған. 1390 жж. жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Темір билігінің соңғы кезінде, оның империясына Хорезм, Түркістан, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Кавказ бен Үндістанның бір бөлігі бағынды. Темір 1405 ж. Қытайға бағытталған әскери жорығының басында, Отырарда қайтыс болды.
29.
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.
Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы”аталған.
Ноғай ордасының негізін Едігеқалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Қастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ноғай ордасының даралануы 13 ғ. 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өзенінің төменгі саласы, Сарайшыққ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Ноғай ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі” әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, кінәз, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс ханәулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды.
Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этностық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ. аяғында Ноғай орда орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ. 2-жартысында
Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді.
Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың үлесі өте мол.
30. Сібір хандығы- XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасыменшектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін.
Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша мен кеңесші) арқа сүйеген.
Тарихи деректерде Сібір хандығы – Қазақ хандығының көршілес ел ретінде жазылса, енді бір деректерде Қазақ хандығымен тығыз қарым-қатынастағы ел ретінде аталады. Сібір хандығы он бесінші ғасырда құрылды Моңғолдар үйінің Жошы жалпы құлдырау жағдайында болды. Хандардың алғашқы капиталы болды Чимги-Тура. Бірінші хан болған Тайбуга, кім мүше болды Боржигин. Оның орнына ұлы Қожа немесе Хока, оның орнына ұлы Мар келді. Тайбугидтер арасындағы аймақты бақылау Тобол және орта Ертіс даусыз болған жоқ. The Шайбанидтер, Жошының ұрпақтары, бұл жерді өздерінің меншігі ретінде жиі иемденді. Ибақ хан, Шайбанидтер үйінің кіші филиалының мүшесі Марды өлтіріп, Чимги-Тураны тартып алды. Тайбугидтердің қалпына келтірілуі Мардың немересі Мұхаммед Ертіс төңірегіндегі шығыс аумақтарға қашып, Ибакты шайқаста өлтірген кезде болған. 1493. Мұхаммед Чимги-Турада қалмауға шешім қабылдады, бірақ жаңа астананы таңдады Искар (немесе Сібір) Ертіс бойында орналасқан Ресейдің Қазанды жаулап алуы 1552 ж. Сібірдегі Тайбугид ханы Ядигармен достық қарым-қатынас орнатуға итермеледі Мәскеу. Алайда Ядигарға Ибактың немересі Шайбанид қарсы болды Кучум. Бірнеше жыл шайқастар (1556–1563) Ядигардың өлімімен аяқталып, Кучум хан болды. «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» Керей мемлекетінің ханы Тұғырыл – Оң ханның арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен, Батыс өлкеге қарай көшіп, Ібір-Сібірден бір-ақ шығады. Ертістің етегі, Есіл мен Тобыл аңғарын жайлаған жергілікті түрік нәсілді, фин-угор текті ру-тайпаларды бағынышқа түсіріп, Тайбұға Ұлысын негіздепті. Тайбұғы Ұлысын 1220 жылы құрды. Бастапқыда Ишим (Есіл), Тобыл, Тұра, Ертіс өзендерінің ортасында. Кейін Обь өзені және әрі қарай Естек, Вогул деген тайпаларды жаулап алып мекенін үлкейтті. Шыңғыс хан Тайбұғыны әкесінің құрметі үшін, Тұғырыл ханның көзі ретінде қолдау көрсеткен және өз балаларымен бірдей санап, еншісіне Ұлыс бөліп берген. Сібірдегі керей Оң ханның ұрпақтары Алтын Орда дәуірінің ұзына бойында байтақ Сібірде билік құрды. Алтын Орданың ыдырау кезеңінде Жошы-Шибан нәсілімен тайталас басталады. Әуелде Шибан әулеті жеңіске жетеді, одан соң Тайбұғалықтар қайтадан билікті алады, одан соң тағы да аударыспақ; бұл қырқыстың ең соңғы өкілдері – Көшім хан мен Сейдақ хан болды. 1584 жылы ғана Сібір ханы Сейдақ, Тайбұғы ханның ұрпағы Тәуекел хан Қазақ ханымен Одақтық келісімге қол қойды. Аманатқа Ораз Мұхамедті, Тәуекелдің ағасының ұлын алды. Қараушысы болып Қыдырали Жалаири тағайындалды. Оның Қазақ хандығымен одақтық келісімге отыруы – Сібірде Көшім ханды жеңіп, Искер, Қышлық қалаларын орыс атаманы Ермактан Тайбұғы жұртына қайтару үшін Сейдак шайқасқа аттанды. Сейдак хан Ермакты жеңіп Сібір хандығын қайтырып алды.