ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 436
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады
48.1824жылғы <<Орынбор қазақтары туралы>>Жарғы:
Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.
1822 жылы Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссенн даярлатқан осындай ережені Азиялық комитет 1824 жылы қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды.
Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік — байұлы рулары, орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының аз бөлігі; шығыс бөлік — әлімұлы бұтағы, сондай-ақ қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. Әр бөліктің басында патша үкіметі тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. Оның басқарушы аппараты төрағадан, сондай-ақ ықпалды қазақтардан белгіленген кеңесші және заседательдерден құралды. Атқарған міндеті тұрғысынан алғанда, бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комиссиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы-сұлтан кеңсесінің жанында офицер басқарған қазақ әскери бөлімі орналасты. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Сайлау жүйесі болған емес. Патша үкіметі 1822 және 1824 жылдардағы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтерді құру 1838 жылы аяқталды. Кіші жүзде басқарушы-сұлтан билігі алғашында тек шекаралық ауылдарға ғана таралды, ал одан шалғай жатқан елге біртіндеп, орыс билігінің нығаюымен бірге жетті. Қазақ халкы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты.
1822 жылы Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссенн даярлатқан осындай ережені Азиялық комитет 1824 жылы қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды.
Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік — байұлы рулары, орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының аз бөлігі; шығыс бөлік — әлімұлы бұтағы, сондай-ақ қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. Әр бөліктің басында патша үкіметі тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. Оның басқарушы аппараты төрағадан, сондай-ақ ықпалды қазақтардан белгіленген кеңесші және заседательдерден құралды. Атқарған міндеті тұрғысынан алғанда, бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комиссиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы-сұлтан кеңсесінің жанында офицер басқарған қазақ әскери бөлімі орналасты. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Сайлау жүйесі болған емес. Патша үкіметі 1822 және 1824 жылдардағы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтерді құру 1838 жылы аяқталды. Кіші жүзде басқарушы-сұлтан билігі алғашында тек шекаралық ауылдарға ғана таралды, ал одан шалғай жатқан елге біртіндеп, орыс билігінің нығаюымен бірге жетті. Қазақ халкы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты.[1]
50
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды. 1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генералгубернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генералгубернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады. 2. Басқарудағы өзгерістер: 1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генералгубернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды. 3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды. 4. Салық жүйесіндегі өзгерістер: 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді. Тезистер 1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже», 1868 жылы 21-қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды: Батыс Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) Орынбор (орталығы – Орынбор қаласы) генерал-губернаторлықтары. 1870 ж. Маңғыстау приставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады. 1867-1868 жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Патша үкіметі қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867-1868 жж.) басқарды. Заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт-дәстүріне көшуге мәжбүрледі. Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер (сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді. Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі қолдау көрсетіп отырды. Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді. Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды «жарым патша» деп атады. Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды. Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олардың қолшоқпарына айналды. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде. Патша үкіметі 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды. Патша үкіметі қазақ жерлерін тартып алып, құнарлы жерлер қоныс аударушыларға берілді. Қазақстан Ресей экономикасының қосалқы, арзан шикізат көзіне айналды. Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. Әртүрлі қажеттіліктерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды
51
Хандық биліктің әлсіреуі; Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі; Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы; Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлықзомбылығының күшеюі; Ішкі өзара тартыс; Сондай-ақ 1782-1783 жылдарда жұт болып, малдың шығын болуы халықтың жағдайын қиындатып жіберді. Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметі нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардабы болды. Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783- 1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б. Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғаны да айтылады. С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды. Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы Сырым Датұлы болды. Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды. Батыр 1783 жылы желтоқсанда казактардың тұтқынына түсіп қалады, 1784 жылы көктемде тұтқыннан Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар мен Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының көтерілісшілерімен қатынасын суытуы Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісшілерге қарсы генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскер жіберілді. Бірақ күннің суығынан олар Кіші жүз даласына тереңдеп ене алмай, қазақ ауылдарын тонап, қазақтарды тұтқындап әкетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең қанат жайды. 1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруінен және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады. Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды. 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады. Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді. Сырым Датұлы реформаны алғашқыда қолдады, себебі оның көздегені хандар арқылы жүргізіліп отырған үстемдікке соққы беру болды. Алайда көп кешікпей патша үкіметі бұл реформаның өз мүддесіне қайшы келетінін түсінді, реформа тоқтатылды. 1790 жылы казак әскерінің атаманы Д. Донсковтың қазақтарға қарсы әскери қимылы көтерілістің қайта басталуына түрткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты Ералының хан болып сайлануы, ал Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен старшындары арасында жік туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал казактарына және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. 1794 жылғы Ералы ханның өлімі, 1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасауымен және Есім ханның өлімімен аяқталды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі – Нұралының ұлы Қаратай хан сайланса, екіншісі – Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы кіргізілген жоқ, себебі патша үкіметі осылайша Сырымды өз жағына шығаруға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті. 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды. Тезистер Көтерілістің алғышарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі; Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі; Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы; Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі; Ішкі өзара тартыс. Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының зардабы үлкен болды. Тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б. Кейбір мәліметтерде көтерілісшілер саны 3500 адам деп айтылады. С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды. Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз ханы Нұралы мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы – батыр Сырым Датұлы. Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды. Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар және Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды. 1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруі және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады. Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды. 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады. Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді. Сырымның екі жақты – Орал казактары және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан, Айшуақ сұлтан төрағалық еткен Хан кеңесі құрылады. Осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысады. 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды.