ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 402
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зерттеушілер «Массагет» атауын ежелгі грек жазбаларынан алған. Массагеттер дегеніміз — ежелгі грек авторларының айтуынша Арал бойын, Амударияның және Сырдарияның жағалауларын, Үзбойдың аймақтарын мекендейтін тайпалар бірлестігі болып табылады. Көне деректерді зерттеген тарихшылардың ойынша, Массагет атауына біріккендер қатарында бірнеше тайпалық бірлестіктер топтары болған, және олар б.з.б. І мыңжылдықтың орта шеніне дейін осы атауды жоғалтпаған. Аталмыш өңірді мекендеген әртүрлі көшпелілерден құралғандықтан да Массагеттердің шығу тегі туралы тарихшылар нақты пікірге келген жоқ.
Л.Гумилев сөзбе-сөз былай деп жазады: «Массагеттер — өмір сүрмеген. Бұл атау тек Геродотта және Страбонда бар (оның үстіне соңғысы алғашқысынан көшіріп алған), және дәлме-дәл «Үлкен сақ ордасы» дегенді білдіреді». «Массагеттер» атауының «балық» деген мағына беретінін айта келе, олардың өздерін «балық жегіштер» деп атап жүргендер де баршылық. Бұл атауды тілдік негізде талдап «Ұлы Сақ (Скиф) ордасы» деп әсірелеп айтатындар да бар. Ал көне Хорезмді зерттеген С.П.Толстов «Массагет» ұғымын «Мазагеттер», яғни «Ұлы геттер» деп түсіндіретіндерді жақтай келе, еуроцентристік көзқарасты ұстанып, оларды Шығыс Еуропаның фракия кимерия тайпаларымен байланыстырмақ болады. Мұндайда, өздері жат жерден, шығыс Еуропадан келген болса Массагеттер табиғаты қатал, әрі жұтаң Каспий және Арал бойын жат жерлік басқыншылардан неге жандарын аямай қорғады? — деген сауал еріксіз туындайды.
Савроматтар - сармат тайпалары түркі халықтарының, қазақ ұлтының қалыптасу тарихына терең із қалдырған алғашқы мемлекет бірлестіктерінің бірі.
Көптеген уақыт бойы Савроматтар тайпаларының тарихи отаны белгісіз болып келді. Соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Савроматтар мәдениеттің ошағы б.з.б. 6 ғ. төменгі Еділ мен Жайық алабы екені анықталды.
Жазба деректер мен соңғы археологиялық материалдар бойынша, Савроматтар солтүстік Қаратеңіз скифтеріне туыстас тайпалар бірлестігі болған.
еродоттың жазуынша, Савроматтар жауынгер әйел-амазонкалардан туып, алдымен скифтермен соғысып, артынан олармен туыстасып, Танайс (Дон) арқылы Еділге көшеді. Ертедегі авторлардың айтуынша, Савроматтар қоғамында әйелдер ерекше рөл атқарған. Олар ерлермен бірдей соғысқа қатысқан.
Геродот сармат қызы өзінің бір ата жауын өлтірмейінше, күйеуге шықпағанын атап көрсетеді. Псевдо-Гиппократтың жазуынша, савромат қыздары әскери іс пен аң аулауға жаттыққан үш адамды (жауын) өлтірмейінше күйеуге шықпаған. Ертедегі авторлардың деректерін осы заманғы археологиялық зерттеу деректері де растайды.[1] Обалардың ортасына қойылған әйелдердің қабірлері ерекше. Олардан моншақ, білезік, қола айна, т.б. заттармен қатар қару-жарақтар түрлері де көп табылды. Б.з.б. 4 ғ-да Савроматтар скифтермен тату көршілікте өмір сүрген. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған олар бірте-бірте жаңа өріс іздей отырып, Дон өңірінің арғы жағындағы скиф жерлеріне, одан әрі Батыс Еуропа елдеріне дейін көшіп барған. Сол жердегі тұрғылықты халықтардың арасына сіңісіп, біртіндеп тарих сахнасынан жоғалған.
Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.
Сақтар. Сақ тайпасы
Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Саяси тарихы.Сақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот ескі бір аңызды еске түсіреді. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол тері қапты қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып тұрып былай дейді: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!». Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет — сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өзімнің руластарымнан кегімді аламын деп мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардың көбі қырылып қалады. Б.з.д. IV ғасырдың басында Александр Македонскийдің(Ескендір Зұлқарнайын) басшылығымен македондық — гректер Орта Азияға баса — көктеп кірді. Оларға қарсы Орта Азия мен Қазақстан тайпалары табан тіресе қарсылық көрсетті. 3 жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық-гректердің Орта Азяның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындыруға шамасы келді, бірақ Сырдария сыртында өмір сүрген сақ тайпалары болса, өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Аңыздардың айтуынша Александр Македонскийдің өзі сақ жебесі тиіп жаралы болыпты. Александрдің бұйрығымен Сырдария жағасында Александрия Эсхата(шеткі Александрия) деген қала салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.д. III ғасырда селевкиттер көтерілісінен қиратылды. Сонымен қатар, сақтар өздерінің солтүтік, шығыс және батысындағы көршілерімен туыстық, саяси, шаруашылық қарым-қатынаста болды. Археологиялық қазба жұмыстары сақтардың ежелгі дүние өркениеттері – Ассирия, Бактрия, Хорезм, Қытай, Үндістанмен сауда және мәдени байланыстарының болғанын дәлелдейді.
9. Үйсіндердің саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
Үйсіндер туралы ежелгі қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты»болып бейнеленеді. Табиғаты былай суреттелген: «Жерлері тегіс ,шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Тауларында қылқан жапырақты ағаш көп өседі». Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндердің шығу тегі туралы мынадай мәлімет жазып қалдырған: «Үйсіндердің басшысын гуньмо деп атайды. Оның әкесі сюннудың батыс шекарларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл жасаған кезде гуньмо туған, әкесі оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістеген қарғалар оның үстінде айналып ұшып жүрді, ал қасқырлар оны емізген. Шаньюй (сюннулардың билеушісі) бұған таңғалып, мұны ғажайып нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсірді».Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Б.з.б.138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі әрі саяхатшы Чжань Цянь: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты » деп жазады. Деректерден үйсіндердің көршілерімен қарым-қатынасы туралы да білуге болады: «Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Сөйтіп шығысында ғұндармен, батысында қаңлымен, олңтүстігінде әртүрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды». Деректерде «Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188 800 жауынгерден құралған » деп жазылған.Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндер басшысын «гуньмо» (күнби) деп атаған. Гуньмолардың жасағы отыз мың атты әскерден тұрған. Оған «бек»деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.Үйсін қоғамы біркелкі болмаған.
Тайпа мен ру басшылары, байлар, жауынгерлер мен абыздар және қатардағы қарапайым бұқара халық малшылармен егіншілерден тұрды.Мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданған үйсіндер қоғамында әлеуметтік және мүліктік жіктелу орнығып ,теңсіздік қалыптасты. Мал жеке меншікке қарады. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін, әр отбасы өз табынына ерекшелік белгі – ентаңба басып, ен салған. Әскери қолбасшылар, ірі байлар алтыннан, қоладан жасалған таңба ұстаған, дәрежесі төмендердің тастан, сазбалшықтан жасалған таңбалары болған. Бай үйсіндер 4-5 мың жылқыдан иемденді. Кейбір ауқатты бай үйсіндер құл еңбегін де пайдаланған. Құлдар негізінен соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды.Дәулетті адамдардың киімдері көбіне жібектен, не басқадай қымбат матадан тігілді. Ал қарапайым адамдар арзанқол матадан не қой терісінен тігілген киімдер киді. Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да қараған. Байлар: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обалар бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қабірге өлген адамның тұтынған заттары салынған.
10. Ғұндар: саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы». Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарымқатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған. Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған. Ғұн мемлекеті б.з.д. III ғасырда көшпенді ғұн тайпаларын біріктірген Мөде хан кезінде Еуразиядағы ең мықты мемлекет болды. Тарихи деректерде, б.з.д 209 жылы Мөде хан әкесін өлтіріп, таққа өзі отырған делінеді. Мөде хан билікке келгелі ғұндар қатты күшейіп, аумағын кеңейте бастайды. Жазба деректерге сүйенсек, ғұндар біздің заманымызға дейін 188 жылы қытай императоры Гао-Диды бағындырып, содан хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Тарихта жауынгер халық ретінде аты қалған ғұндар бұдан басқа юечжи, ловфань, байянь, үйсін тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алып, үстемдік еткен. Қытаймен ғұндар арасындағы соғыс 300 жылға созылды. Б.з.д ІІІ ғасырда Қытай мемлекеті ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын сала бастады. Сол замандарда ғұндардың әскер басы 300-400 мыңға жететін. Олар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иелік етіп, мемлекет құрған. Алайда, ғұндардың билеушісі Мөде қайтыс болғаннан кейін елде өзара қақтығыс орын ала бастайды. Содан біздің заманымызға дейін 47 жылы Хулагу билігі кезінде ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлініп кетеді. Оңтүстік ғұндар Қытайға бодан болуға көнсе, солтүстік ғұндар орталық азия тайпаларымен одақтасып батысқа қоныс аударып, өз тәуелсіздіктерін сақтап қалады. Дегенмен, Қытай үнемі қысым көрсете бергендіктен, ғұндар Тянь-Шань тауынан асып өтіп, қаңлы жеріне қоныстанады. Осылайша, кезінде ұзанғайыр жерді мекендеген ғұндар Орта Азия мен Қазақстанға алғаш рет қоныс аударып келеді. Ал, біздің заманымыздың 1 ғасырында ғұндардың екінші рет қоныс аударуы болды. 93 жылы қытайлардан қысым көрген солтүстік ғұндар өз жерінен ығыстырылып, тағы да батысқа қарай көшуге мәжбүр болады. Осылайша, ғұндар қазақ жері арқылы батысқа жылжиды. Ал олардың Қазақстан аумағына келуіне байланысты қаңлы тайпалары түркі тілін үйрене бастайды. Ғұндар жалпы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпа. Олар әсіресе жылқы өсіріп, қой ұстаған. Оның ішінде асыл тұқымды жылқыларды қолда өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Сонымен бірге,ғұндар аң аулап, отрықшылықпен айналысып, егін еккен. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар жауынгер ғана емес, сондай-ақ керемет қолөнер шебері болған. Оларда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Соның арқасында көшпелі халық зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкеледі. Ғұндар өмір сүрген заманда сауда қатынасы мен қолөнер жақсы дамыды. Олар металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан бұйымдар жасап, қөлөнермен айналысқан. Сондай-ақ, ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған тайпа ретінде тарихта қалды. Жауынгер тайпаның халқы көктәңіріне табынып, ата-бабасының рухына сиынған. Тіпті, өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін де қалыптастырған. Ғұндар қоғамында мал мен жерді жеке меншік ретінде пайдалану, алымсалық, жазу-сызудың пайда болауы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Б.з. 1 мыңжылдығының басында ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына тарады. Тарихтағы “Ұлы қоныс аудару” Орталық Азияның
саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғүндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа карай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл құбылысты Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды. Бұл оқиға әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, каңлы сиякты тайпалардың шығыстан батысқа карай орын ауыстыруына әкелді. Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда гұндар деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті. 376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Рим империясы әскерлерімен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Батыс готтар ғүндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар халықтардың ұлы қоныс аударуы жергілікті тайпалардың антропологиялык түр-келбетінің өзгеруіне әсер етті. Халықтардың араласу (метисация) үрдісі ерте темір дәуірінен басталғандығын аңғаруға болады.
11. Қаңлылардың саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті. Қытайдың «Цянь Ханшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған.«Жу патшасының тарихы» деген шығарманың «Қаңлы» бөлімінде былай делінген: «Қаңлы елінің алтын, күміс, асыл заттар, хош иісті майлар, кілемдер, қымбат аң терілері шығады. Көп елдермен сауда жасасқан едәуір қалалары да болған». Бірқатар тарихшы ғалымдар Қаңлы мемлекетінде жазу болған дейді. Оған дәлел ретінде Қытайдан барған елшілердің Қаңлы ханының сарайында жазылған Заң жарғыларын көргенін келтіреді. Өкінішке қарай, ол жарғылар сақталмаған. Бірақ соңғы жылдары археологтар қыш тақталарға жазылған қаңлы жазуларын табуда.Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Ежелгі Қытай хроникасы олардың екі астанасы- жазғы және қысқы астанасы болғанын жазады.Ежелгі Иранның бағзы заманда жазылған «Авеста» деп аталатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй» , «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас. Үнді халқының эпосы «Махабхарата» қолжазбаларының мәліметтерінде де қаңлы атауы аталады. «Қаңлы» сөзі «қарулы, жақсы, жайсаң ұлықтар» мағынасын білдіреді. Қаңлылардың саяси тарихы жөнінде жазба материалдары аз. Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылардың Қытаймен соғысқан ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр.Қаңлылар б.з.б. ІІІб.з.-дың V ғасыры аралығында өмір сүрген.Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікке қолайлы жерлерде ертедегі тұрғындар отырықшы тіршілік еткен. Табиғат жағдайының қолайлылығына байланысты мұнан екі мың жыл бұрын қаңлыларда егін, мал, қолөнер, аңшылық, сауда-саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыды. Шаруашылығы мен тұрмысы: Қалалардың айналасын, өзендердің жағаларын мекен еткен қаңлылар егіншілікпен айналысты. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Сырдария аңғарларындағы егіншіліктің басым бөлігі тары, арпа, бидай сияқты дәнді дақылдар болды. Сонымен бірге қауын, қарбыз секілді бақша дақылдары, алма, жүзім, өрік сияқты жемістер өсірілді. Суды Сырдарияның салаларынан, әсіресе Қуаңдария мен Жаңадариядан алды. Егіншіліктің кең қанат жаюы арықтардың, дамбылардың, су қоймасы мен тоғандардың пайда болуына алып келді. Тары, бидай, арпа, күріш, бұршақтан бай өнім жинаған. Сырдария Арыс Бадам өзендерінің орталық өңірлерінде мақта өсіруменде айналысқан.Егіс алқаптарын суландыру үшін, көптеген су қоймалары мен тоғандар салды. Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырым келетін Зах тоғанын қазды. Ал сол жағалауынан Ханарық арығы тартылды.Тәлімі егіншілік түрі басым болған. Жиған асықтарын іші күйдірілген ұраларда, сондай-ақ жерге көмілген үлкен қыш ыдыстарда сақтады.Қаңлылардың маңызды шаруашылығының бірі мал өсіру болған. Олар жылқы, қой, сиыр, ешкі, сияқты үй малдарын өсірді. Малдарын жаздық жайылымдарға шығарған. Жайлауы Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен. Қыс кезіндегі қыстаулар үшін ең алдымен өзен маңындағы жерлерді таңдады, өйткені оның жағасындағы қалың қамыс пен бұталар мал мен адамды дауылдан, қардан, бораннан сақтады, малға азық болды.Қаңлылар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен де шұғылданған. Олар балық аулауды да кәсіп еткен. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әртүрлі құралдармен аулаған.Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, игерілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған. Қолөнершілер жасаған бұйымдарын мал шаруашылығы өнімдеріне және астыққа айрбастады. Бұл ішкі сауданың дамуына және көрші тайпалармен қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етті.Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған.