Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 413

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


12. «Түрік» этнонимі. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Түрік» этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсон қытайша «тукю» деп аталған халық «түріктер» екендігін дәлелдеді. Ғылымда «түрік» атауы туралы пікірлер көп. Академик А.Канонов – «ту- кюе» (түркіт) сөзін — дулыға (дулыға сияқты таудың етегін мекендеген, ол тау – Алтай тауы) деп аударылады дейді. Француз ғалымдары Клапрот, Ремюза бойынша – «ту-кюе» (тақия) – бас киім деп аталады. Қытайтанушы Бичурин ,Шмидт – «ту-кюе» сөзін монғолдың –дудига сөзімен байланыстырып — дулыға деп аударған, бірақ олар, қытай деректеріндегі «ту-кюе» түркілер емес монғолдар деп есептеді. Н.Аристов – «ту-кюе» (терк-түріктің өз сөзі,атау содан шыққан)-дулыға деген мағына береді, керісінше ,қытайша аты ту-кюе деген тұжырымға келеді.Бастапқы кезде түрік деген сөз түркітілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Кейін түрік деген атау саяси мәнге ие болып, олардың қол астында болған өзге де тайпалар да атала бастады. Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті. Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды. Батыс түрік қағанаты (603—704). Сонымен580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді. Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб (Жетісу) қаласы болды. Аумағы: Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай,Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралықтарын қамтыған. Құрамына Шығыс Түркістан, Самарқанд, Кеш, Бұқара сияқты отырықшыегінші аймақтар да енді. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы, негізінен, көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы отырықшы, егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Түрік қағанатында қағаннан кейін екінші адам ұлық болды. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдері қолында болды. Олар: Шад, одан кейінгілеріне Тегін, Елтебер деген лауазымдар берілді. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды. Сондай-ақ мұнда Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті жақсы дамыды. Қазіргі Моңғолия жерінде көк түріктердің 220 қаласының орны бар көрінеді. Араб географтары кимектердің белгілі 16 қаласы, қарлұқтардың 25 қаласы бар деп жазды. Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» — «он оқ елі» аталды. Батыс Түрік қағанаты өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталың Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды. Алайда «он оқ бұдын» елінің оң қанаты (5 нушиби) мен сол қанаты (5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты. Бұған 657 жылы Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай экспансиясы қосылды. Тақ әулетіне қарсы соғыс бірнеше жылға созылды. 657 жылы түрік әскерлері Ертіс бойында жеңіліп, қағанның өзі Шаш өлкесіне бой тасалады. Қарамағындағы ұлыстар ыдырап кетті. Осы кезден бастап өз дамуында күшейіп алған Тақ әулеті Шығыс және Батыс Түрік қағанаты жерлерін толығымен өз ықпалында ұстап тұруға ұмтылды. Империяның қол астындағы халықтарды ұстап тұру үшін түрік ақсүйектерін өз жағына тартып, сенімді өкіл ретінде басқақ, тұтық лауазымдарын үлестірді. Тақ империясы тарапынан тұрғызылған балбал тастарда түрлі лауазымы бар түрік тайпаларының көсемдерінің есімдері қашап жазылған.



13сурак

Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.

Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.

Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.
Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады

14сурак

Қытай басқыншыларына қарсы түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. 704 жылы түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады. Түркеш – Батыс Түрік қағанатының сол қанатындағы дулу тайпалық бірлестігінің ішіндегі төртінші тайпа. Қағанаттың негізгі жер аумағы – Жетісу болды. Жалпы қағанат аумағы Орта Азияның оңтүстік –шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы- Шу аңғарындағы Суяб қаласы.707 жылы Үшеліктің қайтыс болуымен билік басына оның мұрагері Сақал (Саға) келді. Егер Үшелік билік басына келгенде жүз қырық мың әскері болса, Сақал тұсында оның саны үш жүз мың адамға жетеді. Сақал билігі тұсында ішкі талас–тартыс күшейді. 710 жылы ағасы Сақалдың берген жер үлесіне көңілі толмаған Чжен (Жану) өкпелеп, Шығыс Түрікке қашып барып шағымданды. Ағасына қарсы көмек сұрады. Шығыс Түрік қағаны Қапаған жиырма мың атты әскерді батысқа аттандырды. Әскер басына кіші ұлы Инелді, оған кеңесші басшы етіп Тоныкөкті тағайындады. Сақал қолға түсті. 711 жылы Қапаған қаған сатқын Чженге «Сен өзіңнің туған ағаңмен отаса алмағанда, маған қайтіп опа қыласың?», — деп екі ағайынды өлтіріледі.Түркештердің қалған әскерін әскери қолбасшы Сұлық бастап Сырдария арқылы оңтүстікке жылжиды. 712-713 жылдары Елтеріс қаған балалары Білге мен Күлтегін және Тоныкөк бастаған Шығыс Түрік әскері өз жеңістерін әрі жалғастыру мақсатында Сұлықтың соңынан ерді. Шығыс Түрік әскерінің ары қарай жылжуын оңтүстіктен Орта Азияға жылжып келе жатқан арабтар тоқтатты. 714 жылы Шығыс Түрік әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Сұлық та өз әскерімен Жетісуға қайтты.Сұлық- қара түркеш өкілі. 717 жылы Сұлық өзін қаған деп жариялап, Түркеш мемлекетін қалпына келтірді. Қағанат орталығын Талас (Тараз) қаласына көшіреді. Ол ең алдымен Шығыстағы қауіпті сейілтуге тырысты. Ол мұнда өзінің үш қауіпті жауымен некеге отырды. Ашын руының қызына үйленіп, өз билігін заңдастырды. Өз ұлын Шығыс Түрік қағаны Білге қағанның қызына үйлендірді. Тибет патшасының қызын әйелдікке алды. «Көне Таңнама» Сұлықтың ерекше құрметке ие болғандығын мәлімдейді: «Сүлік әділ, ұқыпты адам еді, әр жолғы соғыс олжаларын қолбасылар мен жауынгерлерге, жамағатқа тұтас таратып, қол астындағы қауымның ықыласына бөленді. Жұрттың бәрі оған аянбай қызмет етті».717 жылы түркеш билеушісі Қытаймен достық байланыс орнатты. Егер Түркеш билеушісіне батыстан төнген араб қауіпіне қарсы одақтас қажет болса, Тан империясы өзіне ерікті одақтастарды жақындата отырып, солардың көмегімен Тибетті талқандап, шығыстан әскер қозғамай-ақ, арабтарды қууды көздеді. Осы оқиғаға байланысты болса керек кейбір араб құжаттарында Сұлық «Қытай императорының туысқаны» ретінде көрсетіледі. Осы уақыттан бастап Түркештер арабтармен белсенді күреске көшті. Ендігі басты жау батыстан төнген қауіп- арабтар еді. Түркеш көсемі Самарқанд, Бұқара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалаларды арабтардан босатады. 737 жылы қарлұқтармен бірлесіп Тоқарстандағы арабтарды талқандайды. Сұлық қаған шайқастарға өзі қатынасып, онда үнемі жеңіске жетіп отыруынан болса керек, ол «Сүзеген» деген лақап атқа ие болды.Арабтар да түркештерді өз жағына тартуға тырысты. Халиф Хишам Сұлыққа өз өкілін жіберіп мұсылман дінін қабылдауды ұсынды. Елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый–сияпат көрсетті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзалы, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп …



15сурак
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.
Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.
Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды.
Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды. Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аумағына қоныстанды. X ғасырда араб дерегінде «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған» деп келтіріледі.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды. Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билігі әлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше әлсіреттіүҚарлұқ бірлестігі көптеген ру-тайпалық топтардан тұрды. Халықтың негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ал ең төменгі құқығы жоқ топты құлдар құрады.
Көшпелі тайпаларды басқарушы ақсүйек қауымы тек жайылымға ғана емес, қалаларға да иелік етті. Деректерге сәйкес қарлұқтар еліндегі 25 қала мен қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.

840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Қарлұқ жабғуы Ұйғыр қағанатын бағындырып, қаған лауазымын иеленді.
Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды. IX ғасыр соңында арабтар Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Арабтарға қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.Қытай тарапынан теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқтар түпкі мақсаттары жағынан жақын одақтастар еді. Олар Шаш ханымен туыстық қатынасы бар қара түргештер арқылы арабтармен жақындасады. Бұғанға дейін түркештерге бірнеше жеңісті жорықтар жасап, Жетісу мен Мауренахрға ене бастаған Тан империясы араб халифаты иелігіне тікелей қауіп төндірді.
Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді. Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді. 940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша 200 жылдай өмір сүрген Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды

16.Оғыздардың этникалық тарихы

Оғыздар (ежелгі түркіше – оғуз; қазақша – оғыз) —— орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді.

Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған.

7 ғасырдың басында Түркі қағандығы құрамында тоғыз оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түркі қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездері Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түркі қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түркі» атымен (қайта аталып) оғыз-түркі тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады.


Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түркі-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түркіленгендер) мен ЖетісуСібірдің көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше тайпаға, тайпалар руларға бөлінді.

Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук) болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді. Осы топтардың әрқайсысы теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралды.

9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізіКаспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады.

11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті. Салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті.

СырдарияАрал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11-13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды. .[1][2][3]

17..Қимақ қағанаты

Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық