ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 443
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А.Макшеев Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған. Cонымен бірге Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхатты сипаттап, қазақтардың ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшіл ақындар А.П.Баласогло, Д.Д.Ахшарумов Қазақ өлкесі тақырыбымен шұғылданды. Петрашевшілдер қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді.
Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, Н.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының тарихына арнап еңбектер жазды.
XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс тарихшысы А.Левшин болды.
• ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің "Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу" атты еңбегі.XIX ғасырларда Қазақстанды зерттеуге ат салысқан:
• ͘1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды.
1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшыларына қолдау білдірді. "Бөкей мен Мәулен" повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.
• ͘І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша "Азияға жол іздеу" талабымен құрылған әскери экспедицияны басқарды: И.Д.Бухгольц
• ͘Жоңғария картасын жасаған орыс экспедиция құрамында болып, тұтқынға түскен швед офицері: И.Г.Ренат
• ͘XIX ғ. 80 жылдары Жоңғария картасын алғашқы рет орыс география қоғамы жазбасына жазған: В.В.Веселовский
• ͘1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. "Пугачев бүлігінің тарихы", "Капитан қызы" шығармалары. А.С.Пушкин Оралда "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" поэмасымен танысқан.
56.XIX ғасырдағы Қазақстандағы музыка өнері және олардың өкілдерінің шығармашылығы.
Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен - болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді.Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар – жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды.Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық – тұрмыстық эпостар қатарында “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер - Тарғын”, “Қамбар”, “Қыз-Жібек”, “Қозы - Көрпеш - Баян сұлу”, “Еңлік және Кебек” жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді.Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің – эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие – Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шаман, “күй атасы” және қыл–қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы” сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген. Барлық шығармаларда, бір күйден екінші күйге көшкенде музыкалық әуендер бір немесе бірнеше рет қайталанады. 19 ғ. таман ғана қазақ музыкасы өзін шектеген дін мен дәстүрлерден арылып, дербес көркемдік шығарма ретінде дами бастаған. Бұл кезең – шын мәніндегі ұлттың рухани жаңаруы, аспапты, әндік, ақындық өнер сияқты негізгі халықтық өнердің даму кезеңі болды. Қазақстанның байтақ территориясында әртүрлі дербес кәсіби композиторлық және орындаушы мектептер пайда болды, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтап отырды. Мысалы, Батыс Қазақстанның территориясы домбыралық күй - төкпені дамытудың орталығы болып есептелсе, Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан) - әндерді орындаудың орталығы, оңтүстік-батыс аймақ (Қармақшы ауданы) эпостық жырды баяндаудың бай тәжірибесін сақтаған, ал Жетісу өңірі – айтыс дәстүрін – айтысушы ақындардың жарыс өнерін дамытады. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаевтың есімдері тек қазақ мәдениетіне ғана емес, әлемдік музыка мәдениетіне енді.
Үздіктердің ішіндегі үздігін халық – сал, сері деп атаған. 19 ғасырдағы кәсіби музыканттардың шығармашылық қызметі орындаушылық және композиторлық саламен ғана шектеліп қойған жоқ, олар көркемдік баяндаудың барлық түрін – поэтикалық импровизация, шешендік өнер, нәзік вокальдық техника, музыкалық аспаптың құлағында ойнау, театр мен цирктік өнер ойынының элементтерін қамтиды, бұл Батыс Европаның орта ғасырлық музыканттары – жонглерлер, трубадурлар, труверлер, мейстер – миннизингерлермен ұқсастығы бар.
20 ғ. қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрімен байыды. Аз ғана кезеңдік тарихи уақытта Республика европалық классикалық музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл – опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері. Шығармашылықтың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары – Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, А.Жұбанов, Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан - Сара” опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі – қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт - азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән–жоқтаулар орындалатын аренаға айналды.
Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың – ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың, орыстардың, татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды.
Қазақстан - әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол - Е. Серкебаев, Б. Төлегенқызы, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсақожаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары – М. Бейсенғалиев, Э.Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.
57.XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің шығармашылығы.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен, əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман болды.
Бірақ жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орын толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап, дамуына үлкен нұқсан келді. Соның тікелей кесірінен Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға «байшыл», «кертартпа», «діншілдер» деп ойдан шығарылған, цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тəуелсіздігі үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке «қажетсіз» санап, жетпіс жылдан астам мерзімге жоққа шығарды.
ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған
ХХ ғасырдың басы – қазақ қоғамының рухани тұрғыдан серпіліп, ұлттық сананың оянған кезеңі болды. Ұлт қамын ойлаған қазақтың зиялы азаматтары адамзат тарихының көшінен қағаберіс қалып, бейқам жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздеп, шарқ ұрды. Одан шығудың бірден-бір негізгі жолы – «өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу» деп біліп, ағартушылық идеясын, ұлттық сананы көтеру идеясын ұстанды. Бұл жолда ұлттық мәдениеттің, әсіресе тілдің алар орны ерекше болатынын терең түсінді. Осыған байланысты Ә.Бөкейханов: «Қазақтың ұлт болып, өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек», – деп жазды.
Тіл тазалығына мән бермейтін немқұрайдылықтан, тілін білмегеніне арланбайтын намыссыздықтан сақтанудың, олардың алдын алудың бірден-бір жолы – ұлттық рухты ояу, ұлттық кодты сақтау Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ... Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады». Сондай тұлғаларымызды үлгі етіп, ұлттық рухты ояту қажет. Қазақтың терең тарихын білген ұрпақ ешқашан тіліне селқос қарамайды, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек еткен қазақ тарихындағы тарихи тұлғаларды мақтан етіп, өз елінің патриоты болады. Тарихтан тағылым ала отырып, болашағының жарқын болуы үшін де өз үлесін қосуға тырысады. Елбасымыздың: «Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды. Өткенге қарап, ертеңіңді түзе!» – деген сөздерін әрдайым жадымызда ұстауымыз керек.
«Шора» журналының 1913 жылғы 4-санында жарияланған «Қазақша сөз жазушыларға» атты мақаласында А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін басқа түрік тілдерімен салыстыра келіп: «Растыққа жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта... ХХ ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай, асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», – деп тұжырым жасаған еді. 2013-2016 жылдары Қытай Халық Республикасы Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар университетінде дәріс оқығанымызда университеттің студенттері мен магистрант-докторанттары тіл тарихы, көне түркі тілі, жазба ескерткіштер тілі бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ауғалидің дәрістерінде ескерткіштердің тіліндегі көптеген сөздер басқа ұлттарға (оның ішінде түркі халықтарының өкілдеріне де) түсініксіз болып, қиындық тудырып жатқанда қазақтар
оларды жатсынбай, бірден ұғатынын, ол сөздердің етене жақын таныс болып шығатынын айтып, бойларын мақтаныш сезімі кернейтінін әңгімелеп берген еді.
58 сұрақ жауабы
Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: барысы. .
Бірінші дүниежүзілік соғыс (28 шілде, 1914 жыл– 11 қараша, 1918 жыл) — адамзат тарихындағы алғашқы және кең ауқымды соғыстардың бірі. Бірінші дүниежүзілік соғысына Ресей, Франция, Британия, АҚШ сияқты державалар қатысқан. Ол ең жойқын салатын соғыстардың бірі, шамамен 9 миллион адам шайқас фронттарда қырылса, 5 миллион азаматтар оккупация, бомбалау, ашаршылық немесе ауру әсерлерінен өлген. Онымен бірге Осман империясы өткізген геноцидтер мен 1918 жылы басталған испан грипп пандемиясы одан да көп адамдардың
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):
Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері:
Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.
Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.
Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.