Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 421

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.

Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.

Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.

Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.

Елдiң астық қажеттiгiн егiншiлiк аудандары өтей алмады, мал басы өспедi, өнiмi ел қажеттiгiн өтей алмады. Мұның көптеген себебi бар. Олардың негiзгiсi соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигiздi. Екiншi үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарының ескiруi болды. Колхоздарда егiс алаңы, мал колхозшыларының қауымдық меншiгi деп аталғанымен олар ол меншiктiң йесi емес едi. Жер мемлекет меншiгiнде болды да, мал да мемлекеттiң меншiгiнiң бiр түрiне айналды. Мемлекеттiк меншiкке ие болмады. Иесiз меншiк өспедi, оны талан таражға салу оңай болды. Үшiншiден, ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекетке мiндеттi түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзiн ақтамады. Ауыл шаруашылығында өнiм өндiру, оны мемлекетке дайындау жүйесi өнiм өндiрушiлердiң ынтықтығын тудырмады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау

Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.


Елдiң астық қажеттiгiн егiншiлiк аудандары өтей алмады, мал басы өспедi, өнiмi ел қажеттiгiн өтей алмады. Мұның көптеген себебi бар. Олардың негiзгiсi соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигiздi. Екiншi үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарының ескiруi болды. Колхоздарда егiс алаңы, мал колхозшыларының қауымдық меншiгi деп аталғанымен олар ол меншiктiң йесi емес едi. Жер мемлекет меншiгiнде болды да, мал да мемлекеттiң меншiгiнiң бiр түрiне айналды. Мемлекеттiк меншiкке ие болмады. Иесiз меншiк өспедi, оны талан таражға салу оңай болды. Үшiншiден, ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекетке мiндеттi түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзiн ақтамады. Ауыл шаруашылығында өнiм өндiру, оны мемлекетке дайындау жүйесi өнiм өндiрушiлердiң ынтықтығын тудырмады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау және сатып алу бағасы өнiмнiң өз құнынан төмен болды. Колхоздарда колхоз демократиясы бұзылды, колхозды басқару, өнiмдi жұмсау әкiмшiлiк орындарының қолына өттi.

Партия мен үкiметтiң орталық және жергiлiктi орындары бұл ауыр халден шығу үшiн бiрнеше шара қолданды. Мәселен осы жылдары колхоздарды iрiлендiру шарасы жүрiлдi, пайдасыз ұсақ колхоздарды арасынан қосып iрiлендiрдi. Колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге асырды. Дегенмен бұлар күткен нәтижеге жеткiзбедi. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайдан шығудың жолы өндiрiстiк қатнасты жетiлдiру, яғни ауыл шаруашылығындағы өндiрiс құрал жабдығын /жер, мал, техника т.б./ йесiнiң меншiгiне беру едi. Бұл жолға ешкiм тәуекел ете алмады.

Ұлы Отан соғысының Кеңес Одағы халықтарының жеңiсiмен аяқталуы халық бұқараның рухани зор өрлеуiн туғызып энтузиязымын арттырды. Соғыста Кеңес Одағының халық шаруашылығы зор зыян шектi. Халықтың энтузиязымының арқасында соғыста бүлiнген халық шаруашылығын 1953 жылы қалпына келтiрдi, бұдан соңғы жылдары экономика арғарай дамыды.

Қазақстан майдан шебiнен ұзақ орналасқандықтан соғыстан халық шаруашылығы бүлiнбедi. Қазақстан Кеңес Одағының бүлiнген халық шаруашылығын қалпына келтiруге белсене қатысты. Батыс өлкедегi бүлiнген өнеркәсiп аудандары мен қалаларды қалпына келтiруге Қазақстаннан жұмысшылар жiберiлдi. Колхоз, совхоздарға мал жiбердi.

Соғыстан кейiнгi жылдары Қазақстан экономикасы, әсiресе, өнеркәсiп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшiлерi бес жылдықта /51-55/ өнеркәсiптi дамытуда едәуiр табыстарға қол жеткiздi. Осы жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсiп орындары iске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмiр, химия, машина жасау салалары дамыды. Түстi металлургия республиканың экономикасының жетекшi саласына айналды. Елдегi ең iрi объектiлердiң бiрi Қарағанды металлургиялық заводының /Қазақстан магниткасы/ құрылысы басталды. Қарағандыда оннан астам шахта iске қосылды. Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды қалаларындағы машина жасау заводтары жаңа станок, жабдықтар жасайтын болды. Өнеркәсiп орындарында өндiрiс процессiн автоматтандыруда, механикаландыруда елеулi табыстарға қол жеттi.



Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.

1941 жылы КСРО үкіметінің Эвакуация жөніндегі Кеңестің шешімімен Ресей және КСРО Ғылым Академиясының ғалымдары Қазақстан жеріне орналасады. Қ.Сәтбаев талай кеңестік оқымысты ғалымдарды тартып, республиканың бай табиғи қорларын игеруге күш жұмылдырады. 1940 жылы бір ғана Геология институты ашылса, 1944 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалында 6 институт және 4 сектор жұмыс істеп тұрды. Бұл жерде 576 қызметкер, оның ішінде 2 академик, 4 КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 27 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары қызмет етті. Соғыс жылдары ғылыми кадралар құрамы үш есе өсті. Соғыстан кейін тау-кен, химия, металлургия, топырақтану институттары ашылды. Қ.Сәтбаев республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуына қыруар дайындық іс-шаралар жүргізді. Осы мақсатпен ғалым 1944 жылы 3 қантарда республика

Басшылығына бір орталықтан ұйымдастырылып, үлестіріп отыратын республикалық Ғылым Академиясын ашу мұқтаждығы көрсетіліп, қазақстандық ғылым дамуы туралы хат жолдайды. 1944 жылдың соңында Қ.Сәтбаев үкімет тапсырмасы бойынша ҒА ашуға жұмыстарына кірісе бастайды. ҚазКСР Ғылым Академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына КСРО ҒА-ның 11 академигі және президенті С.И.Вавилов кіреді.

Ұзақ дайындық жұмыстардан кейін 1946 жылы 1 маусымда ҚазақКСР Ғылым Академиясы құрылады. Ғылым ордасы алғашқыда қазіргі микробиология Институтының екіқабатты ғимаратында орналасты. Ғылым академиясының құрамында 18 ҒЗИ, 8 сектор, 7 тәжірибелі станция, 3 ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің саны 1400 адам, соның ішінде 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаттары. Қ.Сәтбаев бастамасымен 11 жаңа ғылыми-зерттеу институттары құрылды.

Дегенмен, 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.


Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.

Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.

«Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды.

Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді.

1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.

1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.


78 сурак

Қазақстан мәдениетіндегі жаңа құбылыстар.

(Соғысқа дейінгі білім мен ғылым)

  1. Тегін оқу. Ұлдар мен қыздарды бірге оқыту.

1924 жылы сәуір «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Кеңестік білім

Жүйесінің негізгі қағидалары: тегін оқу, ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, дніи

Пәндерді оқу бағдарламасынан алып тастау болды. 1921-1927 жылы 200 мың адам

Оқып сауатын ашты. 1928 жылы аяғында сауатты адамдар 25 %, оның ішінде

Қазақтар – 10 % болды. 1926 жылы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ереже»

Қабылданды. Осы ережелер бойынша міндетті бастауыш білім беру енгізілді. Үш

Жылдық және төрт жылдық мектептер және қазақ қыздарына арнап мектептер

Ашылды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан, Оралда

Ашылды.

  1. Зайырлы пәндер. Латын әрпінің ендірілуі.

Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды.

Араб тілінде оқулықтар жазылды. Мысалы: А. Байтұрсынов – суретті әліппені,

Мысал-жұмбақтар жинақтары, Ж. Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқыту

Әдістемесі, Ә. Бөкейханов – география оқулығын, Қ. Сәтпаев – алгебра оқулығын

Құрастырды.

1928 жылы араб әрпіне көшу туралы жарлық шықты. Араб әрпімен оқып,

Сауатын ашқан қазақтар жаңа әліппені меңгеру керек болды. Ғасырлар бойы

Жазылған рухани мұраны игеруге мүмкіндік болмай қалды. Араб әрпімен шыққан

Басылымды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист» деп жарияланып,

Қудалауға ұшырады.

  1. 1928 жылы комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды.

Соғысқа дейін 65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты. 1931 жылы

Желтоқсан «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім

Беру» енгізілді. 1939 жылы жалпы халықтың сауаттылығы 65 %-ға, оның ішінде

Қазақтар 40 %-ға жетті.

  1. Жоғары оқу орындарының ашылуы.

1928 жылы – тұңғыш педагогикалық институт, оған кейін Абай есімі берілді.

1929 жылы – Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты.

1930 жылы – Қазақ ауылшаруашылық институты.

1931 жылы – Алматы медицина институты.

1931-1932 жылдары – Орал және Қызылорда педагогикалық институттары.

1934 жылы – С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті.

1934 жылы – Қазақ кен-металлургия институты.

1928 жылы – 24 техникум, 1940 жылы – 118 техникум.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып 40

Мыңдай адам оқыды.

  1. Қазақстан ғылымының қылыптасқан кезеңі.