Файл: Саба Мерзімі Саба таырыбы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 169

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

А) write Ә) round Б) writeln В) read Г) readln

  1. var i:integer;

begin for i:=1 to 6 do

if (i mod 2)=0 then write(i); end; А) 2 3 4 Ә) 1 3 5 Б) 1 2 3 В) 2 4 6 Г) 5 2 6

  1. Тексеру нәтижесiнде "иә" (true) немесе "жоқ" (false) мәндерiн қабылдайтын логикалық өрнектiң аталуы

А) бұйрық Ә) шарт Б) серия В) алгоритм Г) программа

  1. Мәлiметтiң нақты сан қарапайым типiн таңдаңыз

А) real Ә) integer Б) char В) boolean Г) array

  1. Type қандай тарауды бiлдiредi

А) тұрақтылар Ә) операторлар Б) айнымалылар В) таңбалар Г) типтер

  1. repeat s until b;

мұндағы: А) b-цикл денесi, s-логикалық өрнек Ә) b-оператор, s-символдық айнымалы

Б) b-символдық айнымалы, s-оператор В) b-логикалық өрнек, s-цикл денесi

Г) b-оператор, s-цикл денесi

  1. Экранды тазартуға арналған оператор.

А) var Ә) Crt Б) Graph В) cls Г) type

Жауаптар:


Тест №3

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

вариант

В

В

А

Б

В

А

Г

Б

В

Ә

Б

В

Ә

В

В

Ә

А

Г

В

В


Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:

Тест оқушылардан сабақтың аяқталуына 10 мин қалғанда жиналынады.


  1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

  2. Цикл қай кезде қолданылады?

  3. Цикл түрлері, ерекшеліктері неде?


Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр









Үй тапсырмасы:

Тақырыпты қайталау


31 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Жиым. Элемент түрі, өлшемі, индекстер. Бір өлшемді жиым.

Сабақтың мақсаты: . «Жиым» ұғымы мен жиым элементтерін реттеу әрекеттерінің орындалуымен танытыру. Жиым элементтерін енгізіп реттеуге бағдарлама құра білуге үйрету.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бір типті шамалардың бір ғана ат беріліп реттелген тізбегі массив деп аталады. Массивпен жұмыс істеу үшін оның әр елементінің мәні белгілі болуы тиіс. Массив структуралық типке жатады. Структуралық типтегі (түрдегі) айнымалының стандартты типтегі айнымалылардан айырмашылығы мынау: олар бірнеше элементтерден құралады, ал стандартты типтер бір ғана элементтен құралады. Массивтің символдық бүтін және нақты сандардан тұратын сандық және символдық типтері бар. Мысалы, сандық кесте, вектор координаттары, матрица (төртбұрышты сандық кесте), әрқайсысы бір элемент түрінде алынған символдар тізбектерінің жиынтығы массив қатарына жатады (символдық массив элементтеріне енетін символдар саны 255-тен аспауы тиіс). Массивтың атауы да сандық айнымалының атауы сияқты белгіленеді.

A[1]

a[2]



a[n]

2.5

-4.7

...

7.84

7-кесте

7-кестеде сызықтық (бір өлшемді) нақты сандар массиві келтірілген.

Мұндағы: а – массив аты, a[k] – массив элементтері (k=1,2,3,...,n), кестенің төменгі жағында массив элементтерінің мәндері берілген: a[1]=2.5; a[2]=-4.7; т.с.с. Массивте әр элемент номерін элементтің индексі деп, элементтің өзін индекстелген айнымалы деп атайды.

Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (integer, real) және қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген программалау есептерінің шешімін табу барысында әрбір элементтің деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.

Паскальдағы массив – күрделі типке жатады. Ол бір ғана типтен тұратын, саны алдын ала анықталған элементтер жиыны. Массивті бір қалыпты анықталған (регулярлық) тип деп те атайды. Массив элементінің және оның атауын белгілеу алгоритм тақырыбындағы белгілермен бірдей.


Бір өлшемді массив.

Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі номер бойынша нөмірленеді.

Массив сипаттамалары:

  • Типі – массив элементтерінің жалпы типі;

  • Көлемі – массив индекстерінің саны;

  • Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;

  • Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.

Массив элементтерімен жұмыс істеу барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.

Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды сипаттау (var) бөлімінде хабарлануы қажет.

Массивті екі түрлі сипаттау мүмкін. Біріншісінде бағдарламаға енгізілетін типтер бөлімінде массив тип атауы арқылы сипаттайды. Сипаттау үлгісі:
Type <тип атауы>= array[T1] of [T2];

var <массив атауы>:<тип атауы>;

Мұндағы: array[T1] of [T2] – массивті анықтау, Т2 – массив элементінің типі; тип атауы – типті (массивті) анықтайтын кез-келген белгілеме (айнымалы); type,var, array, of – қызметші сөздер.

Бір өлшемді (сызықтық) массивтерді сипаттау.

Мысалы, type m1=array[1..10] of real;

m2=array[1..20] of integer;

m3=array[0..25] of char;

var a,b:m1; c:m2; r:m3;

Мұндағы: 1..10, 1..20, 0..25 – шектеулі (аралық) типтер; a,b,c,r – типтері type бөлімінде анықталған массивтің атаулары.

Бағдарламаға TYPE бөлімін енгізбей, массивті var бөлімінде сипаттау мүмкін.Мысалы, a,b массивтерін мына түрде сипаттауға болады:

Var a,b:array[1..10] of real;

Бірақ күрделі типтерді TYPE бөлімінде анықтау бағдарламаны оқуды көп жеңілдетеді және ол бағдарламалаудың жақсы тәсілі.

1-мысал. a[1],a[2],…,a[10] мм арқылы есептеген, жергілікті жерде соңғы 10 жылда жауған жауын-шашын мөлшері болсын. Оның бір жылдық орта мөлшері мен әр жылдағы ауытқуын есептеу керек.

Program_f;

Uses crt;

Type ms=array[1..10] of real;

Var a:ms; k:integer; s,d:real;

begin

clrscr;

S:=0;

Writeln(‘Әр жылдың ж.-ш. мөлшерін’);

Writeln(‘ендірген соң пернесін басыңыз’);

Writeln;

For k:=1 to 10 do begin

Write(k,‘- жылдың ж.-ш. мөлшері=?’);

Readln(a[k]);

S:=S+a[k];

End;

S:=S/10;

Writeln(‘Орта мән’, S:6:2);

End;

End.
Ескерту: 1) массивті жадыға ендіру мен оны экранға шығаруды бөлек циклдар арқылы орындаған дұрыс;

2) массивті анықтауда Т1 үшін 1..n шектеулі типін алып, n-нің мәнін бағдарламаның Const бөліміне енгізіп қою да мүмкін.Мысалы,

Const n=10;

Type m1=array[1..n] of integer;

3) Бағдарламада k айнымалысы цикл параметрі және индекс ретінде пайдаланғандықтан, оны var k: integer; немесе var k: 1..10; арқылы сипаттауға болады.

2-мысал. n элементтен тұратын нақты сандар массивінің (а) ең кіші элементін табу керек (n<=60)

Program_min;

Uses crt;

Const n1=50;

Type ms=array[1..n1] of rael;

Var a:ms; m:real; n,l,k:integer;

Begin

Clrscr;

Write(‘элементтер саны (n<=60); n=?’);

Readln(n);

Writeln;

Write(‘1-ші элементтің саны=?’);

Readln(a[1]); m:=a[1]; l:=1;

For k:=2 to n do begin

Write(k,‘-ші элементтің саны=?’);

Redln(a[k]);

If a[k]
m:=a[k]; l:=k;

End; end;

Write(‘min=’,m:6:3,’нөмірі=’,l);

End.

3-мысал. n элементтен тұратын нақты сандар массивінің элементтерін һспелі түрде реттеу керек. Бағдарламаны түрлі жолмен құру мүмкін, оның цикл ішінде циклді пайдаланып құрылған түрі:

Program_retteu;

Uses crt;

Const n1=50;

Type ms=array[1..n1] of real;

Var a:ms; k,i,j:integer; m:real;

Begin

Clrscr;

Write(‘элементтер саны (n<=50):n=?’);

Readln(n);

For k:=1 to n do begin

Write(k,‘-ші элемент мәні=?’);

Readln(a[k]);

End;

For k:=1 to n do begin

i:=k;

For j:=k+1 to n do

If a[j] < a[i] then i:=j;

m:=a[k]; a[k]:=a[i]; a[i]:=m;

write(‘ ’, a[k]:6:2); end;

end.
Тақырыпты бекіту:

Деңгейлік тапсырмалар:

9 бет № 7.1, 7.2, 7.3, 7.4, 7.7
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:

Сонымен, балдар:

  1. Жиым дегеніміз не?

2. Жиымның базалық типі деген не және олар қандай типті болады?

  1. Жиым индексінің бүтін және нақты болмайтыны қалай түсінесіндер?


Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі

Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр







Үй тапсырмасы: 9 бет № 6.1, 6.2, 6.9, 7.12