ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 171
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осындай жолдар көптеген арифметикалық, ғылыми т.б. есептерді шешу жолында да пайдаланылуы мүмкін. Мысалы берілгендердің арифметикалық ортасын табу алгоритімі келесі жолдардан тұрады:
-
Қатардағы барлық сандарды қосу. -
Алынған нәтижені қатардағы сандардың жалпы санына бөлу.
Алгоритм қасиеттері.
Жоғарыда көрсетілген алгоритмдер әртүрлі ортаға байланысты келтірілген, сондай - ақ алгоритмнің кейбір қасиеттерін қолданушы міндетті түрде білу керек. Олар:
Алгоритмнің үздіктілігі – информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке - жеке нұсқаулардан тұратын тізбектен тұруы тиіс.
Дискреттік – бұл қасиет есепті шешу кезінде оны өз алдына бірнеше кезеңдерге бөлуге болатының түсіндіреді.
Алгоритмнің түсініктілігі мен анықтылығы – орындаушы (адам немесе компьютер) алгоритмді түсініп орындай алатын болу керек. Оның үстіне түрлі түрде түсіндірілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуге жол қалдырмайтындай етіп және орындалу реттері дәл көрсетіліп жазылуы тиіс.
Көпшілікке бірдейлік – яғни, алгоритмнің қарастырылып отырған информацияның кез - келген берілгендеріне бірдейлігі.
Дұрыстық – алгоритмді қолданып шешілген есептің шешімі шындыққа сәйкес болу керек.
Алгоритмнің нәтижелігі – нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс.
Алгоритмнің дұрыс құрылғандығы оның адамның басқаруы бойынша нәтиже беруінде ғана емес, сол сияқты тек бұйрықты орындайтын механикалық құрылғылардың дұрыс нәтиже беруінде. Себебі, көбіне осындай құрылғылар адамдар сияқты алгоритмді орындаушы болып саналады.
Тақырыпты бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар: (алғашқы сабақта оқушыны кемісткендей болмау үшін тапсырмалар деңгейлеп бірақ жалпы сыныпқа дайындалады, бірте-бірте оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындауға дағдыланған кезде әр топтағы оқушығаға өз деңгейінде тапсырма беріледі)
-
Шәйді демдеу алгоритмін құру; -
Жұмыртқа қууру алгоритмін құру; -
Компьютерді іске қосу және өшіру алгоритмін құру; -
Ешкі, қасқыр, қырықжапырақ туралы логикалық есептің алгоритмін құру; -
Төрт қара жәшіктерге төрт түрлі зат салынған, солардың қайсысында алма бар екенің анықтау алгоритмін құру;
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
-
Алгоритм дегеніміз не? -
Оның қасиеті қандай? -
Алгоритм құрудың қандай пайдасы бар?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
Аты-жөні
Балдық баға
Дәстүрлі баға
1
Алмаханов Нұрман
2
Зәуірбек Мағжан
3
Исмагулов Даурен
4
Қалдан Дархан
5
Кеңесбек Тұрғанбай
6
Көнебаев Бекжан
7
Мұңайтпас Гүлжан
8
Нұрхат Ерқанат
9
Орынбаева Анар
10
Өсербай Ардақ
11
Өсімжанұлы Ермек
12
Темірбектегі Нұржан
13
Төлеген Абілхайыр
Үй тапсырмасы:
Төмендегі есептердің алгоритмін құрындар:
-
Автомобиль v жылдамдықпен t уақытта қанша жол жүреді? -
Үш бұрыштың а,в,с үш қабырғасы белгілі, оның жартылай периметрін есептеңіз. -
Еркін тақырып.
№3 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Алгоритм түрлері. Блок-схема.
Сабақтың мақсаты: алгоритмнің өрнектелу жолдарын тұсіндіру, алгоритм блоктарының арнайы белгілерімен таныстыру, алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок-схема құру.
Үй тапсырмасын талқылау:
Үйге берілген есептердің табиғи тілде алгоритмдерінің дұрыс құрылғандығын тексеремін және пікір-талас ретінде талқылау жұмыстарын жүргіземін.
Өтілген материалдар бойынша тапсырма:
Еркін тақырыпта құрған алгоритмдері талқыланады.
Талқылау кезінде негізгі сұрақ: Алгоритм құру кезінде алгоритм қасиеттерін сақтай білдік пе?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Алгоритмнің дұрыс құрылғандығы оның адамның басқаруы бойынша нәтиже беруінде ғана емес, сол сияқты тек бұйрықты орындайтын механикалық құрылғылардың дұрыс нәтиже беруінде. Себебі, көбіне осындай құрылғылар адамдар сияқты алгоритмді орындаушы болып саналады.
Информацияны өңдеу алгоритмі түрлі жолдармен құрылуы мүмкін, мысалы:
-
табиғи (күнделікті) тілде; -
блок – схема түрінде; -
алгоритмдік тілде.
Табиғи тілде жазылған алгоритм күнделікті пайдаланылатын сөздер мен алгоритмдік символдарды қолданып, орындалу реттері көрсетіліп жазылған жеке – жеке нұсқаулар жиынтығынан тұрады.
Алгоритмнің схемалық түрі (блок схема) – информацияны өңдеу алгоритімін МЕСТ-те бекітілген символдарды пайдаланып , графикалық түрде жазу. (МЕСТ – мемлекеттік стандарт (ГОСТ))
Графикалық форма – алгоритмдер құрылымындағы әртүрлі элементтердің реттелген әрі ықшамды түрдегі көрінісі. Графикалық көріністегі алгоритм бір – бірімен байланысқан блоктардан тұрады, олардың әр қайсысы өз алдына бір немесе бірнеше амалдарды шешеді және белгілі бір геометриялық фигурамен анықталады. Алгоритм құрудың мұндай түрі блок схема немесе графикалық схема деп аталады. Графикалық схема құрамындағы көбіне қолданылатын блоктар 1.1-суретінде көрсетілген.
1.1-сурет. Графикалық схема құруда пайдалынатын негізгі блоктар.
А рифметикалық ортаны табу процесін графикалық схема түрінде жазайық (1.2- сурет). Алгоритмнің басын білдіретін блоктан кейін берілгендерді енгізу блогы орналасқан, оларға n, a1,a2,a3,…,an кіреді. Бұл блоктар басқа блоктар секілді бір – бірімен түзу сызық арқылы байланысады. Келесі тіктөртбұрыш қосындыны өндейді, яғни мұнда қосынды s – ті есептейді. Келесі блок информацияны өңдеу қатарына жатады. Бұл жағдайда мұнда берілгендердің as- арифметикалық ортасы есептелінеді. Соңғы блоктың үстіндегі блокта нәтижені баспаға шығару орындалады, ал соңғы блок алгоритмнің соңын білдіреді.
1.2-сурет. Арифметикалық ортаны табудың графикалық схемасы.
Тақырыпты бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар: Төмендегі есептердің алгоритмін блок-схема түрінде құрындар:
-
x=a+b+c -
y=a*b+10
c=y+4a
-
Пернетақтаның бағасы 700 теңге, монитордың бағасы 15000 теңге, жүйеліктін бағасы блок 75000 теңге. Осындай бағадағы құрылғылардан тұратын төрт компьютердің бағасын қанша болады?
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
-
Алгоритмді өрнектеудің, жазудың қандай тәсілдері бар? -
Алгоритмді график арқылы бейнелеу ерекшеліктері қандай? -
Блоктар қандай топтарға бөлінеді, қызметтері қандай?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
Аты-жөні
Балдық баға
Дәстүрлі баға
1
Алмаханов Нұрман
2
Зәуірбек Мағжан
3
Исмагулов Даурен
4
Қалдан Дархан
5
Кеңесбек Тұрғанбай
6
Көнебаев Бекжан
7
Мұңайтпас Гүлжан
8
Нұрхат Ерқанат
9
Орынбаева Анар
10
Өсербай Ардақ
11
Өсімжанұлы Ермек
12
Темірбектегі Нұржан
13
Төлеген Абілхайыр
Үй тапсырмасы:
-
Асанның жасы x, Үсеннің жасы y . Табу керек, екеуінің жасының орта шамасын және екеуінің жасы сол шамадан қанша есе көп екенің. -
Еркін тақырып.
№4Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Есептің ЭЕМ-де шешу басқыштары.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерімен таныстырып, оларды практика жүзінде қолдануға үйрету. Бағдарлама құру кезеңдерін тереңірек түсіндіру.
Үй тапсырмасын талқылау:
Үйге берілген есептін шешуде қандай жолдарын қарастырғаның көріп шығам, талдауды өздеріне беремін. Оқушы өзінің нәтижеге жеткен жолын талқылап түсіндіреді. ІІІ деңгейдің оқушыларына алгоритм құрылу барысында қасиеттері сақталды ма жоқ па соны тексереді.
Өтілген материалдар бойынша тапсырма:
Төмендегі есептердің алгоритмін блок-схема түрінде құрындар:
-
«Дұрыс сөзін» баспаға шығар. -
Берілген 30 сұрақтың 26 дұрыс болған жағдайда, оқушы қанша ұпай жинайды?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кез-келген бағдарламаны бағдарламалау тілінде құру бір мезеттік кезеңнен тұрмайтыны алдынғы тарауларда айтып өткендерден белгілі. Төменде біз бағдарлама құрудың негізгі кезеңдерін қарастырып өтеміз.
Есептің құрылымы
Бағдарламаны дұрыс құру үшін, бағдарламашы бағдарлама құру барысында алдымен есепті тура және айқын тұжырымдап, өзі қандай мақсатқа жету керектігін жоспарлап, оның шешімі үшін қандай бастапқы мәлімет қажеттігін және қорытындысы қандай болу керектігін айқындап алуы керек.
Есепті шешудің үйлесімді әдісін табу және
сәйкес алгоритм құру.
Қойылған есепті табысты шешу үшін, бағдарламашы тым болмағанда сол есепті шешу жолының жалпы жоспарын құрып, шешімінің ең нәтижелі және сенімді жолын белгілеу керек. Көбіне бағдарламаны компьютерде құрмас бұрын алдымен оның негізгі кезеңдерінің блок схемасын сызып алғанның көмегі көбірек болады.
Бағдарламалау тілінде бағдарлама мәтінің жазу.
Бұл кезеңді көбінесе бағдарламаны аударғыш кезеңі деп атайды. Яғни, алгоритмді машиналық код тіліне аударады. Бағдарлама мәтінің теру үшін компьютерде мәтіндік редактордың қажетті бағдарламалары орнатылуы керек.
Мәтінді редакциялау мағынасы мәтінің түзетілуі, яғни, мәтінде табылған қателерді дұрыстауды түсіндіреді. Түзету мүмкіншіліктерінің барысы мәтіндік редактордың міндеттерімен келеді, себебі кез – келген бағдарламада мәтін теру барысында қате кетуі мүмкін.