Файл: леуметтану пнінен емтихан сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 59

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әлеуметтану пәнінен емтихан сұрақтары

Әлеуметтану пәнінің  байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына,  оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын құрал – тәсілдеріне байланысты.

  1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Объектісі және пәні.

    Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады.



  2. Девиация және әлеуметтік бақылау

  3. Символикалық интеракционизм теория ретінде (Дж.Г.Мид, Г.Блумер) Символдық Интеракционизм - Батыс әлеуметтануындағы және әлеуметтік психологиядағы теориялық-әдіснамалық бағыт. Ол негізінен, әлеуметтік өзара дербестілік катынастардың символдықтарын зерттеңці. Оның негізін салушы философ, әлеуметтанушы және әлеуметтік психолог Дж. Г.Мид (1863 - 1931). Оның пікірі бойынша әр адам баска адамдармен қарым-катынастары арқылы "әлеуметтік менді" (яғни әр адамның "мені" өзіндік тұрғыдаи алғанда, "кіммін, басқалармен калай қатынаса аламын" сияқты түсініктерін біртұтас) қалыптастырады. Қоғамдағы адамның мөні адамдар арасындағы қарым-қатынастардың мазмүны анықталады. Символдық Интеракционизмнің екі бағьтты бар: чикаголық (Г.Блумер], Т.Шибуни], А.Сросе], т.б.) және айовлық (М.Кун], Т.Партленд, т.б.). Егер, біріншілері қарым-қатынас, қозғалыс-көріністеріне, әлеуметтік символдардың шығу, калыптасу, күнделікті пайдалану жақтарына баса көңіл аударса, екіншілер қоғамда орныққан тұрақты символдардың маңызын жоғары бағалайды.

  4. Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму тарихы Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Платонның «Мемлекет туралы» еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сын и талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емс, бедер». Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жену болып табылады.Әлеуметтанудың ғылым түрінде дамуы


  • әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі 4 - кезеңнен өтті:

  • 1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.

  • 2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау бастады, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.

  • 3-кезең. ХХ ғасырдың жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтануөтендегң өзінің теорияларын, алуан түрлі ой- тұжырымдарын өмірде қолдана баста ты.

  • 4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды

Тұлға  әлеуметтенуі  –  бұл  тұлғаның  қоғамдық  құндылықтар  мен 

адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым 

тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.

Әлеуметтену  үдерісінде  адам  әлеуметтік  қалыптарды  меңгереді, 

әлеуметтік  рөлдерді  пайдалану  әдістері  мен  қоғамдық  әрекет-қылық 

дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану 

негізінде қалыптасып барады.


  1. Тұлғаның әлеуметтенуі

  2. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары (Т.Парсонс, Р.Мертон)Әлеуметтану ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Талкотт Парсонс әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен – құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.

  3. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және ӛзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы кӛптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік ӛсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе – олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы ӛндіріс дамуының нәтижесі, ал ӛндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады.

  4. Әлеуметтік институттар және оның түрлері «Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыруды сипаттайды. Ал сол стандарттау, реттеу, заңдастыру процесін «институттану» дейді. Ол заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ережелер, принциптер, нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдардың әрқилы қызметтерін, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен статустар жүйесіне, іс-әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек.

  5. О.Конт - әлеуметтанудың негізін салушы.Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.


  1. Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен әдістері 1. Ұшқыш (барлау) – зерттеудің ең қарапайым, уақыты мен көлемі жағынан шектелген түрі, объект туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді, үлкенірек зерттеу алдында жиі көмекші зерттеу ретінде пайдаланылады. 2. Сипаттамалық – әлеуметтік ақпаратты жинаудың, өңдеудің және талдаудың неғұрлым күрделі және ауқымды тәсілі, зерттелетін объектіге, оның құрылымдық элементтеріне салыстырмалы түрде тұтас көзқарас береді, осы зерттеу үшін егжей-тегжейлі бағдарлама жасалуда, құралдар жұмыс істейді. пилоттық зерттеу арқылы алдын ала сыналған. 3. Аналитикалық – социологиялық талдаудың ең терең түрі. Ол құрылымдық электрондық поштаның сипаттамасын ғана емес береді. Зерттелетін құбылыстар, сонымен қатар топтар арасындағы анықталған айырмашылықтардың негізінде жатқан себептер нақтыланады.1. Сауалнама әдісі – респондентке сұрақтармен жүгіну, олардың жауаптарын кейіннен статистикалық өңдеу арқылы жазып алу.2. Бақылау әдісі – формалдану дәрежесі бойынша: стандартталған (адам мінез-құлқын анықтау)/стандартсыз (жалпы адам мінез-құлқы); бақылаушының позициясы бойынша: ашық / жасырын; бақылаушының қатысу дәрежесі бойынша: енгізілген/қосылмаған.


3. Құжаттарды талдау әдісі – әлеуметтік маңызды ақпараттың кез келген материалдық тасымалдаушысы. (фотосуреттер, құжаттар, бейнематериалдар, сувенирлер және т.б.) Формальды (контент-анализ) – қатаң анықталған элементтер және бейресми (дәстүрлі) элементтер бар.

  1. Отбасы мен некенің түрлері-Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
          1) неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

      2) жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;Отбасы — әлеуметтік  институттардың  белгілерін  бойына  сіңірген, әлеуметтік  жүйенің  негізгі  саласы. Отбасы – қоғамдық  құрылымның  шағын, ерекше  үлгісі, сонымен  қатар  адамдардың  өзара  қарым-қатынаста  болатын  адамдардың  тұрақты  тобы,   қоғамның  алғашқы  ұясы. Отбасы  қалыптасуы  үшін  неке  қалыптасуы  қажет.Неке – отбасының  заң  жүзіндегі  негізі, еркек  пен  әйелдің  өзара  түсінісуінің, еріктілігінің  негізінде құрылатын  одағы,  адамның  әлеуметтік  табиғи, сонымен  қатар  материалдық  және  рухани  өмірінің  қажеттілігі. Неке  ер  мен  әйел  арасындағы  сүйіспеншіліктің  адамгершілік.




Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке - отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.

Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

  1. Отбасы әлеуметтік институт ретінде

  2. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік-Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда "әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. "Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде "strata” немесе "stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал "stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде  осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан , ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.Әлеуметтік мобильділік - адамдардың бір әлеуметтік топтар мен қабаттардан басқаларға өтуі (әлеуметтік орын ауыстырулар), сондай-ақ, олардың престижділігі, табыс деңгейі және билігі жоғары деңгейлерге жылжуы (әлеуметтік жоғарылау) немесе төменірек иерархиялық позицияларға карай жылжу (әлеуметтік төмендеу). Әлеуметтік мобильділіктің топтық және жеке түрлерін бөледі.

  3. Білім әлеуметтік институт ретінде-Білім беру əлеуметтік институт ретінде жəне оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары