ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
-
Қазақ ойшылдарының әлеуметтік саяси көзқарастары-Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарып, соған бағындырылды. Сол халықтың пайдсы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар депотырғаны қазақтың ауылдықрулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы , еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді. Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының өркениетті елдерқатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктінетек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды.Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім беріге арнады. Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын әлеуметтік- білімдік құрылымы арқылы ған қарастырып1 2 3 4 5
-қоймаған, оның әлеуметтік таптық құрылымына да көңіл аударған.
Зерттеу әдістері: қатыса отырып бақылау-Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді.
Мәдениет әлеуметтік өнім-Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады.
«Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарының арақатынасы-Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты.Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға
болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді.
Ч. Ломброзо, Х. Шелдон, З. Фрейд тұжырымдамаларындағы девиацияның себептері.Ч. Ломброзо, Х. Шелдон, З. Фрейд тұжырымдамаларындағы девиацияның себептері.- Қылмыстық бағыныштылықпен Байланысқан физикалық белгілер. Дене бітімінің Физикалы0 ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады.Девианттар арасында
жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері Ч. Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай кӛзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады.
-
Гендердің әлеуметтанулық теориясы. Гендерлік ролдер.Гендердің әлеуметтануы әлеуметтанудағы ең ірі субфельдиялардың бірі болып табылады және гендердің әлеуметтік құрылымын сыни түрде талдайтын теориялар мен зерттеулердің ерекшеліктері, қоғамдағы басқа әлеуметтік күштермен гендерлік өзара әрекеттесуі және жалпы гендерлік құрылымның жалпы әлеуметтік құрылымға қатысты екенін көрсетеді. Әлеуметтанушылар осы субфилде әртүрлі зерттеу әдістерімен, соның ішінде жеке басын сәйкестендіру, әлеуметтік өзара әрекеттесу, билік пен қысымшылық, жыныс, сынып,Термин гендерлік рөлдер Бұл ерлер мен әйелдердің қоғамда күтілетін әрекетін анықтайтын әлеуметтік рөлдің түріне қатысты. Гендерлік рөлдер қоғам еркектік дегеніміз не және әйелдік дегеніміз туралы келіскен нормалар мен стандарттарға негізделген.
-
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рол-Әлеуметтiк статус (мәртебе) - қоғамдағы жеке түлғалар мен әлеуметтік топтардың қандай да бір қүқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. Әлеуметтiк статус- жеке түлғаның немесе әлеу¬меттік топтың Р.Мертон "статустық жиынтық" деп атаған қоғамдағы дәрежесінің, кәсібінің, білігінің, лауазымының, материалдық жағдайының, саяси ықпалының, партиялық және кәсіподақтық мүшелігінің, іскерлік байланыстарының, үлтының, діншілдігінің, жасының, отбасылық жағдайының, туыстық байланыстарының интегралды көрсеткіші.Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.
Спенсер әлеуметтік дамудың негізгі факторларының бірі ретінде қоғамның өсуін атайды. Қоғамның өсуі әлеуметтік эволюцияның себебі де, салдары да болып табылады. Шынында да еңбек бөлінісі индивидтер санының аз болуына байланысты шағын қоғамдарда терең дами алмайды. Сонымен бірге, адамзат қауымдастықтары өскен сайын, олардың бір-біріне ықпалы күшейе түседі - ол не әскери қақтығыстар арқылы, не сауда-өнеркәсіп қатынастарының күшеюі арқылы жүреді. Бірте-бірте, әлеуметтік өзгерістердің маңызды себептері ретінде тұрақты түрде жинақталып, күрделілене түсетін органикалық өнімдер - заттай, таза рухани өнім бола бастайды.
-
Г. Спенсер әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары- -
Жастар әлеуметтануының пәні-Жастар социологиясының пәні: қоғам дамуындағы жастардың орны мен рөлін зерттеу, оның сұраныстары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, құндылықтары, әлеуметтік күтулері, өмірлік көзқарастары, әртүрлі әлеуметтік салалардағы ерекшеліктерін қарастыру, өмірлік жоспарлары мен оны оптималды түрде жүзеге асыру жағдайын анықтау, жастардың әлеуметтік басқару мен әртүрлі деңгейдегі өзін-өзі басқаруға әлеуметтік белсенділігі және қатыспау себептері, моральдық – психологиялық дайындығын анықтау т. б. -
Ч.Кулидің «Айнадағы мен» теориясы-Чарльх Хортон Кули бұл пікірге қатты сын көзбен қарады. Ол, адам өзін әлеуметтік іс-әрекет процесінде және топтық тәжірибеде түрлендіретінін айтып, «Айнадағы Мен » теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша, «Айндағы Мен» процесінде индивид ойша басқа адамдардың пікірін өзіне қабылдайды, сол адамдардың көзқарасы арқылы өзіне баға береді. Айнадағы шағылысу секілді физикалық «Мен» үлгісін береді және адамның меншікті мінез-құлқы пен келбетіне басқа адамдардың реакциясы, оны қалай қабылдауы әлеуметтік «мен» үлгісін береді. -
Э.Дюркгейм әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары-19-ғасырдыңаяғында итальян дәрігері Цазере Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның пікірінше, адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адм қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен байланыстырады. Мәселен, ондай адамның астыңғы иегі шығыңқы, сирек сақалды және ауруға деген сезімі төмен болып келеді деп көрсетеді. Бұл концепцияны жақтаушылар көп болды. -
Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы және оның әлемдік ғылымда қалыптасуы.Экономикалық әлеуметтанудің пайда болуы және оның әлемдік ғылымда қалыптасуы. Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшелігі. «Экономикалық мәдениет» түсінігі, оның қызметтері мен сипаттамалары. Экономикалық әлеуметтанудың әдістемелік, эмпирикалық және қолданбалы міндеттері. Экономикалық әлеуметтану пәніндегі экономикалық пен әлеуметтіктің өзара қарым-қатынасы. Экономикалық әлеуметтану бойынша зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары. Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы. Нарықтық экономиканың әлеуметтік мәселелері -
Сауалнама жүргізу әлеуметтанулық ақпаратты жинаудың әдісі ретінде.Бұл әдіс ғылымда ең кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемдегі ақпарат ала алады, сонымен қатар, олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдарды – анкетерлер, сұрақтарға жауап қайтарушыларды – респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарай сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке - отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.
Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
1 2 3 4 5
Отбасы әлеуметтік институт ретінде.
Әлеуметтік рөлдің құрылымы.Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым ұғымы "таптық қүрылым" ұғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтарға, жіктерге бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясы қарастырады
Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы.Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі.
Әлеуметтенудің түрлері мен агенттері.Әлеуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар. Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процесі, құбылыстар жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.
Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау-
Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
П.А.Сорокиннің әлеуметтануы.ХХ ғасырдың басында қоғамды зерттеу жұмысының ішіңде методология мен теория проблемалары өздерінің лайықты орнын таба бастаған уақыт туды. Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеясын Р. Мертон өзінің "Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым" деген еңбегінде өзекті мәселелердің бірі етіп қойды. Оның пікірінше, бұларды біріктірудің "алтын ғасыры" басталды. Р. Мертонның идеялары эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге қатыстыруға бағытталды. Теориялық зерттеулерге П. Сорокиннің (1889—1968 жж.) методологиялық және теориялық концепциялары да ықпал етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ-та жазды
Делинквентті мінез-құлықтың келесідей түрлері бар: 1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді. 2. Ашкөздік мінез-құлық: кішігірім ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық. 3. Наша сату және тарату. |