ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 245
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәңгілік Елдің ұлы бастамасы
ІІ Негізгі бөлім
Ел мен тіл – егіз ұғым
ІІІ Қорытынды
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Н. Назарбаев сынды көшбасшысы бар Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты – экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы - осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни Қазақстандық дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Стратегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфрақұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы, бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.
«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек». Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз.
Ел мен тіл – егіз ұғым. «Мәңгілік» сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол– қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің қолданылуын дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Елбасы өз Жолдауында:«Мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,– деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді мәңгілік тіл ету өз қолымызда.Алға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Ендеше Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Балалық – бал дәурен
Жоспар:
І Кіріспе
Адам өмірінің ең аяулы сәті
ІІ Негізгі бөлім
1. Сәби болу – бір бақыт
2. «Нені көрсе, соған ерген балалық»
ІІІ Қорытынды
Мен бақытты баламын!
Құс та болғым келмейді қанатым бар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Мұқағали Мақатаев
Жетінші қара сөзінде Абай : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, екіншісі –білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмары» -дей келіп, баланың көргеніне талпынатынын, көзі көрген мен құлағы естігеннің бәрін білгісі келетінін жақсы сипаттайды. Шынында да, бала кезде бәріміз де дүниенің бар сырын танып –білгіміз келіп, алға ұмтылып, тезірек өскіміз келіп, үлкендерге еліктеп жүретініміз анық. Мүмкін, сонысымен де балалық шақты бал дәуренге теңеген болар?! Әйтеуір, үлкендер бала кездерін еске алса, еріксіз жымиып не қатты қиялға батып, қайта айналып келмес бал дәуренді аңсап жатады. Себебі балалық шақ – адам өмірінің ең аяулы, ең тәтті, ең қызық сәті. Иә, бал шақтың қадірін ерке кезде аңғармай өткізіп аламыз. Мен де қазір сол бір ата-анамның басымнан сипап, қыңқылдап сұрағанымның бәрін де алып беріп, асты-үстіме түскен кездеріндегі шат көңілім мен сәбилік еркелігімді еске алып отырмын. Сол кезде Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» деген әні еріксіз еске түседі. Шынында да, «тұлымында күн сәулесі ойнақтаған, аузынан ана сүті арылмаған сәби» болу қандай бақыт десеңші, шіркін! Ата- ана үшін сол сәбидің амандығынан артық бақыт болмайды, бар әлем оған бас иіп тұрғандай. Бала кезде дос болу да оңай, дос табу да оңай. Себебі бала көңілі аппақ қардай тап-таза болады. Сол кіршіксіз сезімнен таза достық, жақсы ниет, адал көмек туындап жатады. Біреудің жылағанын көріп, өзі де жылай салатын да сол бала көңілі емес пе?! Сол сияқты қолындағысын ойланбай бере салатын ақ көңіл жомарт пен дарқан жүректің иесі де – көбіне тәп-тәтті балдырғандар. Олардың тілін айтсаңызшы! Ойындағысын іркуді не алдауды білмейтін балдай тілден шыққан сөз көпке дейін жанымызды жадыратып, жақсы көңіл күй сыйлап жатады. С. Дөнентаевтың «Балалық» деген өлеңінде:
Алдау үшін көз жұмғанды «өлді» деп,
Уансын деп ұсынғанды «берді» деп,
Көңілін жықпай шұлғығанды «сенді» деп,
Нені көрсе, соған ерген балалық, - деген жолдар бар. Шынында да, балалықтың бірнеше сипатын осы өлеңнен таба аламыз. Бірақ кейбір үлкендер сол нәресте сезімді дұрыс түсінбей, баланы ренжітіп алып жатады. Бала жақсы азамат болу үшін оның бала шағында патшадай алаңсыз күн кешуін қамтамасыз ету керек екен. Ендеше, сәбиінің қайтып келмес бал шақтарын қолдан келгенше бақытты өткізуге әр адам талаптануы қажет. Әрине, бұған мемлекет те барынша қамқорлық жасап отыр. Елімізде «Балалар құқығын қорғау конвенциясы» сияқты маңызды құжаттар жұмыс жасайды. Сонымен қатар балалардың оқуына, демалуына, өсіп-өркендеуі мен жан-жақты дамуына бар жағдай жасалған. Қазіргі балалар барынша бақытты болу мүмкіндігіне ие деуге әбден болады. Дегенмен, бұрынғы қиын кезеңдерде балалардың еңбекке тез араласқанын, ойыншықтармен қалағанынша ойнай алмағанын біле жүргеніміз де жөн. Сонда балалық шақтың да, бақытты заманымыздың да қадір –қасиетін терең түсініп, оны барынша қорғайтын боламыз. Мәдина әпкемнің:
Балалық шақтың мекені,
Қалдырдың өмір жолында!
Арман көп оған жететін,
Билет жоқ, әттең, қолымда!- деген әніндегі өкінішті шынайы өмірімізде сезінбеу үшін бал дәуреннің бал шақтарының естеліктерін қайта қарап, тәңірімізге тәубе етейік!
Жиырма екі жыл ішіндегі бейбітшілік, келісім және жасампаздық
Жоспар:
І Кіріспе
Тәуелсіздік – таң нұры
ІІ Негізгі бөлім
1. Мүдде – қоғамның қозғаушы күші
2. Азаттықтың ақ жолы
ІІІ Қорытынды
Менің Отаным – беделді мемлекет
Иә, шынында да осы 22 жылда біз көп нәтижеге қол жеткіздік. Ең бастысы- еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату-тәтті мекеніне айналған еліміз дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде. Қазірдің өзінде Қазақстан аумақтық тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне ие болған, сыртқы саяси-экономикалық саясатта «ТМД», «Азия-Тынық мұхит аймағы», «Азия», «Еуропа», «Америка» бағыттары даму үстінде, қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы жөнінде іргелес мемлекеттермен ресми келісім-шартқа қол жетті, беделді халықаралық ұйымдар мен бизнес алпауыттары елімізбен санасып отыр. Осының бәрі- Елбасымыздың сындарлы саясаты. 1993 жылыН.Ә. Назарбаев Ордабасы жерінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді дана билерімізді еске алу кезінде: «Біз мына дүниенің ең қуатты қозғаушы күші- мүдде екенін, негізгі тарихи қадамдарымыздың сол мүдде ортақтастығы қағидасына сай жасалу керектігін де ерте ұғынып, ерте жүзеге асыра алдық. Бұл ақиқат қағиданы да санамызға сіңірген осы билеріміз еді» деп атап өтті. Даналықтың мәйегінен, тарихтың тереңінен тағылым алған Елбасы Қазақстанның басты мүддесі сыртқа саясаттағы әріптестік пен ішкі саясаттағы тұрақтылық екеніне тоқталды. Сондықтан да мен осы биігімізден мәңгі таймайық дегім келеді. Өйткені «Қазақстан»дегеннің өзі, меніңше, конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулық, халықтың бірлігі, экономикалық тұрақтылық, азаматтардың құқығы мен бостандықтары, халықаралық әріптестік секілді кең ауқымды қамтитындай. Осы жылдар ішінде Қазақстан бұл талаптарға толық жауап беретін алатын демократиялық мемлекетке айналды. Мұның барлығы Қазақстанның тарихи таңдауы болатын.
Сонымен бірге жиырма жылдық тарихында Қазақстан халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру да әлемдік талаптарға сай өзгертіліп келеді. Себебі осыдан жиырма екі жыл бұрынғы Қазақстанды бүгінгі жаңарған жаңа әлемдегі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Небір қиын кезеңдерді бастан өткере отырып, еліміз өткен күндердің барлығын өзіне сабақ етіп, болашаққа жарқын қадамдарын жасады.
Атап айтар болсам, экономикалық дамудың көрсеткіші бойынша Орта Азия мемлекеттері ішінен көш бастап, ТМД-дағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылды. Ендігі меже - елу елдің арасына ену. Дүниенің дамыған елу елінің қатарына қосылып, бай қуатты Қазақстан атану - біз үшін үлкен мақсат. Егемендігіміздің 22 жылы ішінде жан басына шаққандағы жиынтық өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе ұлғайса, Малайзияда 2 есе, Сингапурде 4 есе өскен екен, ал бізде ол 16 есе көбейген. Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, «Дүние жүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылында осыншама қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес». Расында да, аз уақыттың ішінде осындай толағай табысқа қол жеткізу әлем экономикасының тарихында болған емес. Елбасының көреген саясаты қазақстандықтардың көңілінен шықты. Елмен ақылдаса отырып, халқына арқа тіреген Президентке елі әрқашан қолдау білдіре бермек.
Екі жыл бұрын тойланған Тәуелсіздігіміздің 20 жылы тарих үшін қас-қағым сәт қана. Білгенімізден білмегеніміз көп егемендіктің алғашқы жылдары-ақ алдағы кезеңді бейбітшілік пен жасампаздық үдерісіне айналдыруға болатынын кемелділікпен болжаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатына таңғалмасқа шара жоқ. Ең бастысы Елбасымыз мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмай, елдің көшін өркениеттің көшіне ілестіріп берді.
Қазақстан бүгінде әлемге өндірісі жедел дамып келе жатқан, ішкі саясатында тұрақтылыққа қол жеткізген, бейбіт идеялардың елі болып танылуда. Еуразия жүрегінде орналасқан әсем елордамыз Астана қаласы әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен келісімнің, рухани дамудың орталығына айналуда. 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Президент Жарлығы ұлтты біріктіруге, экономикалық және саяси тұрғыдан дамуға ұмтылған маңызды қадам екенін төреші уақыт өзі дәлелдеп берді. Астана қаласы бүгінде көркеюі мен халқының жедел өсіп келе жатқаны жағынан ерекше көзге түсіп келеді. Осы жиырма екі жыл ішіндегі нағыз көзге көрініп тұрған бейбітшіліктің де, келісімнің де, жасампаздықтың да нақты көрінісі ретінде Астананы атай аламын.Себебі қаламыз халқымыздың берекесі мен ұлтымыздың бірлігінің символына айналды. Қазіргі уақытта еліміздің азаматтары Астана қаласына ерекше сүйіспеншілікпен, патриоттық сезіммен, асқан ынтызарлықпен қарайды. Астана қаласы еліміздің басқару элитасының орталығына ғана емес, рухани бірлігінің ордасына да айналды. Қалада жыл сайын емес, тіпті ай сайын емес, күн сайын бой көтеріп жатырған бизнес орталықтары, мәдени кешендер, қол жетімді бағадағы тұрғын үйлер мен саясына келешек ұрпақ тыныстайтын саябақтар, басқа да маңызды құрылыстар - осының айғағы. Әлем көзімен қарайтын болсақ, «Астана – Азиядағы саяси-іскерлік орталығы, бейбітшілік бесігі, жасампаз халқы бар, бірлігі жарасқан мемлекеттің астанасы». Мұсылман әлемі де Астана қаласын Ислам елдері ішіндегі саяси тұрақтылық орын алған мемлекеттің астанасы деп қарайды. Елімізге сеніп тапсырылған халықаралық деңгейдегі Ислам конференциясына төрағалық құқығы - осының айғағы. Кәрі құрлық елдері Астананы Азия мен Еуропа арасындағы алтын көпір деп санайды. 2011 жылы ЕҚҰЫ-ға Төрағалық құқығын берер алдында Елбасымен ол басқарып отырған елдің саяси-экономикалық жетістіктерімен қатар, гуманистік тұрғыдан да дамуы зерделенді. Бір ауыздан Қазақстан Республикасына Төрағалық ету тапсырылды. Мұның бәрін Елбасының әлемдік қауымдастық алдындағы жеңісі деп білемін. Осындай бейбітшілікті сүйетін, ұлтаралық келісімді қолдайтын, халқы да, елі де жасампаз мемлекетте тұратынымды мақтан етемін. Себебі менің елім - Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет. Менің елім - халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекет. Сол сияқты ол - аз уақыт ішінде