ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 243
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;
Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекетім – Қазақстан, 22 жылда жеткен табыстарыңа толағай табыс қосыла берсін, жайнай бер, өркендеп өсе бер!
Дені сау болған керемет !
Жоспар:
І Кіріспе
Денсаулық – басты байлық
ІІ Негізгі бөлім
1.Денсаулықтық жаулары
2. «Ұяда не көрсең»
ІІІ Қорытынды
Дені сау болу өз қолымызда
«Бірінші байлық - денсаулық» демекші, әр адам өз денсаулығын күтіп ұстауы қажет.Кейбір адамдар әр түрлі жолмен ақша табу үшін өз денсаулығын жоғалтып алуда.Егер деніміз сау болмаса, байлықтан, басқа қызықтан не пайда?! Дүниеде ешбір нәрсе де денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол себепті денсаулығымызға залалын тигізетін кейбір нәрселер жайлы білгеніміз жөн. Солардың бастылары ретінде денсаулықты құртатын,адамды көп жағдайда өлімге де жетелейтін, барлық ауруға жол ашатын, көп қылмыстардың жасалуына себеп болатын: арақ ішу, темекі тарту, нашақорлықты айтуға болады. Осылардың қай-қайсысы да жас балаға да, үлкен адамға да өте зиян алып келеді. Әсіресе, нашақорлық - ғасыр індеті. Кейбір адам өмірінде кездескен қиыншылыққа шыдамай, есірткі қолданады да, оның шырмауынан құтыла алмай қалады. Естуімше, нашаның дәмін бір рет татып көрген адам оған мәңгілік тәуелді болып қалады екен. Сол себепті есірткіні мүлдем қолданбау керектігін әрбіріміз айқын білгеніміз жөн. Ал кейбір жастарымыз темекі шегуді сән көреді екен. Біз бұл өмірге темекі тартып, ішімдік ішу үшін келген жоқпыз ғой. Содан соң қымбат тұратын осы заттарды алу үшін ата-анасы мен үлкендерге, мектептегі достары мен мұғалімдеріне өтірік айта бастайды, тіпті кейде ұрлыққа да баруы мүмкін. «Жамандық жамандыққа жетелейді» -деген сөз бар. Бір рет басталған нашақорлықтан арылу үшін анаңның , туған-туысқандарыңның көз жасы да тоқтата алмайды. Түрлі сериалдар мен кинолардан көріп жүргеніміздей, нашақорлыққа бір рет үйір болған адамның өмірі де астан-кестен болады. Отбасының берекесі қашып, балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бермек түгілі, олардың да теріс жолға түсуіне зардабын тигізеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, әрбір адам келешегін ойлауы керек. Өз басын ғана ойламай, қасындағыларға қалай әсер ететінін де біліп жүргені дұрыс. Егер біздің қасымызда нашақор адам жүрсе, бізге де тыныш, жайлы өмір жоқ. Ендеше, осы бір індетпен күресуіміз керек. Меніңше, деніміз сау болып өмір сүргеннен артық ештеңе жоқ. Ал енді денсаулығымыз мықты болу үшін не керек? Ең алдымен, күн тәртібін құрып, сол тәртіпке өз-өзімізді бағындыра білуіміз керек. Сондай-ақ ең керегі – спорт пен өнерді жанымызға серік ету. Білім ала жүріп, жаман әдеттерден жирене білуді айқын білген жан ешқашан да өз-өзіне жамандық жасамайды. Болашағын ойлаған адам бала кезден өзін тек жақсы әдеттермен дос болуға қалыптастырады. Сондықтан біз де зиянды әдеттерден арылып, ертеңгі күні өмірімізге үлкен соққы боларын бүгінгі күннен ойлауымыз қажет.
Қорыта келгенде, денсаулығымыздың мықты болуын ойласақ, уақытында пайдалы тамақ ішіп, спортпен айналысып, денемізді шынықтырып, уақытында дене еңбегі мен ой еңбегін алмастырып отырсақ екен. Адам баласына ең басты байлық деп берілген денінің саулығы өзінің қолында екенін естен шығармағанымыз жөн. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»- деген нақыл сөз бәрімізді ойландыруы керек. Ешкім де темекі тартпаса, есірткі пайдаланбаса, дүниеге келер балалардың дені сау болып, ешбір адамның денсаулығына зиян келмес еді. Деніміз сау болса, ешқандай ауруға шалдықпай, өмірімізді қызықты өткізер едік. Сонда өміріміз мәндіде мағыналы болар еді. Шынында да, дені сау болғанның қандай керемет екенін біле жүрейік!Денің сау болса, өмір де қызық, айналамыз да құлпырып, өзіміздің пайдамызды қоғамымызға тигізіп, отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеп, ата-анамыз бен жақындарымызды қуанышқа бөлеп, бақытты өмір сүрер едік! Адамға бір-ақ рет берілетін өмірде бақытты болғанға не жетсін! Өз-өзімізге қатаң талап қойып, сол талабымызға жете білсек, соның өзі де бақыт емес пе?! Бақытты болғымыз келсе, деніміздің сау болуы өз қолымызда екенін ешқашан естен шығармасақ екен!
Дені сау болған керемет!
Жоспар:
І Кіріспе
Жан мен тәннің амандығы
ІІ Негізгі бөлім
1. «Дені саудың жаны сау»
2. Ел дамуының басты арқауы
ІІІ Қорытынды
Өмірім мәнді өтсін десең...
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жылы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
Денсаулық дегеніміз – адамның жаны мен тәнінің амандығы. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс жүріп-тұрғанымыз, түрлі жаман әдеттер мен дерттерден сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, қалған өміріңде аурулы жаныңды күйттеп, қайтсем мынадан аман қаламын деп қалтырап өмір кешкеннен не пайда?! Осыдан-ақ біз деннің сау, аман болуымыздың өзі ең бірінші байлық екенін аңғарамыз.
Дені сау болған керемет емес пе? Атақты Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Шынында да, кейбір адам осындай сөздердің байыбына бара бермейді. Өмірден естіп те, кездестіріп те жүрміз: көп адам байлық пен дүние жинауға ұмтылып, бәрінен де материалдық байлықты жоғары қойып жатады. Егер де денің сау болмаса, жиған мал-мүлкің мен дүниеңнің қызығын көре алар ма едің? Осы айтылғаннан қорытынды шығару қиын емес, алдымен адам баласына керегі денсаулық деп білемін. «Дені саудың – жаны сау» -деген сөз де осы айтылған ойымды жалғастыра түседі. Адамның дені сау болса, ол ойнап-күле алады. Оқу оқып, өзіне қызық іспен шұғылдана алады. Айналадағы болып жатқан түрлі өзгерістерге өзінің көзқарасын білдіріп, өмірден өз керегін іздеп тауып, өз орнын тапқан шат-шадыман көңіл иесіне айналады. Ал егер оның дені сау болмаса ше? Онда сырты бүтін, іші түтін жан сол болар еді. Денсаулықтың қадірін ауырған біледі екен. Сол ауырған адамдардың айтуы бойынша, бүгінгі таңда адам баласының қас жау болып жүрген есірткі мен нашақорлықтан қалай да құтылуымыз керек. Менің айналамда ондай адам жоқ, дегенмен түрлі ақпарат көздерінен естуімше, қазіргі күні олардың саны артып бара жатқан көрінеді. Біздің есірткіге қатысымыз жоқ болғанмен, өте жас балалардың ата-аналарының бақылауы болмауы себепті теріс жолға түсіп жатқаны мені алаңдатады. Себебі олар да – менің замандасым, Отандасым, біреудің үміт күтер қуанышы. Ата-анасын жылатып, бүгінгі күннің қызығымен өмір сүріп жүрген жастар да баршылық, олар қазір есірткі қолданып, ертеңгі күнін мүлдем ойламай, қателерін кейін түсініп, қатты өкінеді. Бірақ өткен күн қайтып келмейді. «Адам баласы адам баласынан оқу, білім, өнер арқылы артық болуы керек» деген даналы сөздің түбінде терең ой жатыр. Себебі бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты. Нашақор адамдарды өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Түсіне алсақ, жақсылық та, жамандық та адам қолымен жасалып, жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресі қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- Үшеуімен бақытты болады өмір»- деген тақырыпта біздің мектепте ата-аналар жиналысы өткені есімде. Сол жиналыстан анам ерекше әсер алып, осы сөздің байыбына барып жүруімізді ескертіп отырады үнемі. Мен қазіргі күні де, келешекте де мына ережеге сүйенемін: өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де сәнді өткізу- басты міндетіміз. Себебі біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет берілетінін бәріміз кеш ұғамыз. Сондықтан денсаулығымыздың мықты, рухымыздың күшті болғаны абзал екенін естен шығармасақ екен дегім келеді!
Есірткі-ел тыныштығы мен әлем тыныштығының қаупі
Жоспар:
І Кіріспе
Қоғам қасіреті
ІІ Негізгі бөлім
1. Зиянды әдеттің зардабы
2. Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлар
ІІІ Қорытынды
Есірткіні түп-тамырымен жояйық
Нашақорлық-бүкіл қоғамның қасіреті,болашаққа қауіп төндіріп тұрған індет.Есірткімен қызықсыз өмір сүргенше,болашақ құрып,бақытты өмір сүрген артық.Өмір адамға бір рет беріледі.Нашақорлық адамның, біріншіден, өмірінің қызықсыз өтуіне себеп болады,екіншіден, адамның денсаулығын бұзады.Есірткі тән саулығын зақымдап,өмір жасын қысқартады.Қылмысқа апарады және түрлі аурулар туғызады. Есірткі қолданған ерлі –зайыптылардың балалары кемтар болып туылады.
Қазіргі күні осы бір жаман індеттен көптеген ел қатты зардап шегуде. Ең алдымен, есірткінің әсерінен жер бетіндегі халықтың саны азаюда екенін түрлі ақпарат көздерінен естіп жүрміз. Келешек ұрпаққа ''Балаларымызды жақсы тәрбиелеп,нашақорлықтан,басқа да зиянды әдеттерден қорғап,халық санын көбейтуге үлес қосыңдар!'' дегім келеді. Нашақорлыққа, көбінесе, жастар бейім. Себебі олардың еліктегіш, аңқау сәттерін ақша тапқысы келетіндер жақсы пайдаланып, соған тәуелді ету жолын ойластырады. Көбінесе олар ауқатты отбасы балаларын тұзаққа түсіруді қарастырады екен. Ал олардың құрбылары түрлі қоспаларды егіп көруді қызық көріп, өз өмірлерін өз қолдарымен құртуда. Сондықтан ондай жастарға әлі де өз өмірін қайта бастауға кеңес беріп, жас балаларға бейтаныс адамдармен байланыс жасамау керектігін үнемі айтып отырып, зиянды заттарды қолданбай, тек бос уақыттарын пайдалы іс-әрекетпен өткізуді насихаттау керек. Мұндай жұмыстар жасалып та жатыр, қазір оқушылар үшін де, жастар үшін де қызықты жұмыс түрлері, үйірмелер мен секциялар өте көп. Десек те, нашақорлықпен өмірін қор етіп жүргендер де азаймай отыр.
Есірткінің ерекшелігі сол- адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалатын көрінеді. Міне,адамдардың нашақор болуының себептерінің бірі сонда жатыр.Танысы «бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең,шексең, нашақор болмайсың, қазіргі қиындықтардың бәрін ұмытасың, жаның ләззат алады, тыныштықта боласың» деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Барлығы осылай басталып, ақыр соңында бір рет қате басқан адам екінші рет, бірнеше рет шалыс басып, қайтып шығар жолды таппай, адасады. Ұлы ақынымыз Мұқағалидың мына өлең жолдары ойыма оралып отыр:
Сүрініп кетпе, сүрініп кетсең болғаны
Дей бергін, достым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы
Аңдамай кейде сүрініп кетсе болғаны.
Шындығына келсек, қандай қателікке де адам баласы өзі кінәлі. Десек те, нашақор жастарымызды «сен нашақорсың» дегенмен біздің елдігіміз не болмақ?! Алдын алған жақсы, бірақ нашақорлыққа түскендерді де емдеу, оңалту, айықтыру шараларын дамыту керек. Ең алдымен, олардың бәрін анықтап алу керек. Қазіргі күні әлеуметтік желілердің осы іске пайдасын тигізетінін ескеруіміз керек, басқаға айтпаған сырын олар сол жерде ашып айту арқылы өзіне жәрдем ала алса, одан әрі қайтадан сау адам қатарына қосылуына мүмкіндік болар еді. Себебі есірткіге құмарлық — ұзақ емдеуді қажет ететін ауру. Есірткіге құмарлықтан арылу үшін адам неғұрлым дәрігерге ертерек қаралса, соғұрлым тез жазылады. Ал кейбіреулер есірткімен заңсыз әрекет жасағандардың заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біліп, қылмысынан бұрын есірткі пайдаланатынын жасыратын болар. Не дегенмен, есірткі заттарын тек қана медициналық қажеттілік бойынша және қатаң дәрігерлік бақылаумен белгіленген мөлшерде ғана қолдануға рұқсат етілгені дұрыс. Ол мөлшерден асып кеткен жағдайда, адам өміріне қауіп туады. Егер адам есірткіні жиі қолданса, оның ағзасы соған үйреніп кетеді. Сөйтіп ол адам есірткісіз өмір сүре алмайтындай жағдайға — нашақорлыққа душар болады.
Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқау, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы күйзеліс, не отыра алмайды, не жата алмайды, өз денесін басқара алмай,қатты абыржуды бастан кешеді. Дәрігерлердің беретін сыртқы белгілері: нашақордың түрі бозарған және жүдеу,ішек-қарын жолында жайсыздық сезінеді, қанды іш өтуі де болуы ықтимал екен. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Сол сияқты асқа тәбеттің болмауы да кездеседі.
Сондықтан осындай белгілері бар адам көрсек, сенім телефоны арқылы хабар беру керек. Осылайша, еліміз бен әлеміміздің тыныштығына қауіп төндіріп тұрған есірткіні түп-тамырымен жою үшін бар күшімізді салғанымыз жөн.