ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 196
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Өндіріс функциялары мен ресурстары
Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс. Өндіріс көлемі қолданылатын ресурстардың көлеміне байланысты болғандықтан, олардың өзара тәуелділігін мына функционалдық байланыста жазуға болады:
Q = f (L, K, N, M),
мұндағы Q – берілген өндіріс факторларымен өндірілген өнімнің максималды көлемі;
L – еңбек; K – капитал; N – жер; M – басқа да ресурстар; f – функция.
Берілген технология бойынша өндірістік функцияның бірқатар қасиеттері болады, олар өндіріс көлемі мен қолданылатын факторлардың саны арасындағы арақатынасты анықтайды. Өндірістің әр түрі үшін өндірістік функция да әртүрлі болып табылады, бірақ оларға тән ортақ жалпы қасиеттері бар. Сонымен, өндірістік функцияның негізгі қасиеттері мыналар болып табылады:
-
белгілі бір өнім көлемін шығару үшін қолданылатын факторларды бір бірімен алмастыруға және толықтыруға болады, бірақ алмастыру мен толықтырудың шегі болады; -
өндірісте қолданатын белгілі бір факторлар тұрақты болса, онда басқа бір фактордың көлемін өзгерту арқылы өнім көлемін арттырудың шегін анықтауға болады; -
әрбір өндірістік функция белгілі бір технологиялық өзара тәуелділікті сипаттайды, ал технологиядағы өзгерістер өндірістік функцияның да формасын өзгертеді; -
өндірістік функция бір өнім көлемін алу үшін өндіріс факторларын қолданудың тиімді балама нұсқаларын сипаттайды; -
өндірістік функция факторлардың әрбір берілген үйлесімінде өнімнің максималды көлемін шығаруды сипаттайды; -
өндірістік функция өндіріс факторларының тек технологиялық жағынан тиімді үйлесімділіктерін ғана сипаттайды.
Немесе басқаша ақпарат бойынша айтсақ:
Әр түрлі өндіріс түрлерінің өндірістік функциясы өзгеше болса да, олардың барлығының ортақ қасиеттері бар.
Бірініші. Басқа жағдайлар бірдей болғанда, бір ресурстың шығынын көбейтіп. өндірістің көлемін өсірудің шегі болады. Айталық, фирмада станоктар мен өндірістік ғимараттардың саны берілген болса, онда жұмыскерлердің санын қосымша көбейту арқылы өндірістің шамасын өсірудің шегі болады. Жұмысшылардың саны өскендіктен болған арту бірте-бірте нольге жақындай бастайды.
Екішші. Өндіріс факторларының өзара алмасуы, немесе, бірінің орнына бірі жүре алатындығы болады. Бұл жағдайда өндіріс факторларының бірінін, орнына бірі жүргенде өндірістің көлемі төмендейді. Мысалы, егер жұмыскерлер өндірістік құралдармен қамтамасыз етілген болса, олардың еңбегі тиімді болады. Ал құралда) болмаса өндіріс көлемі төмендейді, немесе өседі (егер жұмыскерлер саны көбейсе). Бұл жәйтта бір ресурс басқа ресурспен алмастырылады. Өнімді шығаруды азайтпай, еңбекті одан коп капиталмеі алмастырудың шегі болады. Осы сияқты, жабдықтарды қолданбай қол еңбегін пайдаланудың шегі бар. Мысалы, фирмада машиналарды қолдануды қысқартып, қол еңбегінің санын өсіруге болады Бірақ, машиналардың саны аз, жұмысшылар саны көп болғанда машиналардың бір жұмыс сағатын өтеу үшін, жұмыскерлердің көп сағат еңбегі қажет болады. Қандай өндіріс болмасын, ол өзінің негізгі мақсатына — неғұрлым көп пайдаға жеткен жағдайды, өндіріс тепе-тендігі де атайды. Шығарылған өнімнің көлемінің өзгерістері, шығында көлемінен тәуелділігі сақталғанша, азды-копті түрақты болмақ Шығындардын. өсуімен бірге өнім колемі белгілі бір шекке дейі өседі. Осылай алынған өнім шекті өнім (ШӨ) деп аталады. Бұл өнім ресурстардың шекті өнімділігінің негізінде пайда болады. Ол өнімнің өсімімен ΔӨ ресурстардың өсімінің ΔХ ара қатынасы арқылы есептеледі:
ШӨ = ΔӨ /ΔХ.
Егер шығындар шексіз аз мөлшерде өсіп отырса, онда шекті өнім ресурстың шекті өнімділігін корсететін болады. Ресурстарды шекті өнімділігін және оның (ресурстың) нарықтық бағасын салыстыра отырып, кәсіпорны (фирма) қоғамдық өндірістің ұйымдастырушы формасы ретінде, қосымша шығындар жасау-жасамау қажеттілігін шешеді. Егер динамикалық техникалық прогресс қамтамасыз етілмесе онда қосымша еңбек шығынының бірлігінің тиімділігі бірте-бірте азая береді. Сөйтіп, шекті еңбек өнімділігі мен шекті өнім төмендей беретін болады. Бұл машиналар мен імеханизмдерге жұмыскерлер жұмсайтын еңбек шығындары барған сайын көбейе беретінінен байқалады. Еңбектің техникамен құралдануы төмендейді, өндіріс техникалық шекке жетеді, өнімнің жалпы өсуі тоқтайды.
Техникалық шекке таянған сайын, өндірісті одан әрі дамыту мен байланысты шығындар да өсе бастайды. Бұл жерде тек мына жағдайды айтып кетейік: өндірістік функцияның өсу қисық сызығының «сөне бастау» процесі, экономикалық теорияда өнімділіктің кему заңы деп аталады: егер шығындардың бір түрінің көлемі өсіп отырғанда, олардың басқа түрлерінің шамасы өзгермей түрақты болып кала берсе, онда осы түрлі шығынның қосымша шамасы өнеркәсіптік жиынтық өнімге қосатын үлесі бірте-бірте азайып отырады.
X = f (F1 F2, ... Fn) деген өндірістік функция бар болсын. Тағы, осы функция сипаттайтын өндірістік процесте F1 ден басқа барлық факторлар тұрақты дейік. Бұл өндірісте F1 пайдалану бірте-бірте еседі және бұл өзгермелі фактор F1 мен өндірілетін өнімнің өзара тәуелділігін анықтау керек. Осы өнімді өндіру үшін барлық факторлар қажет болғандықтан, F, ноль шамасында болғанда, өндірілген өнімде нольге тең болады, F, фактордын. бірте-бірте кезекті болшекгерш өндірісте пайдаланумен бірге. өнім өндірісі де нольден бастап бірте-бірте өсе береді. Осы өнімнің өсу процесінің үш сипаттамасы бізден назар аударуды тіленді: жалпы өнім, орташа өнім және шекті өнім.
Жалпы өнім - бұл өзгермелі фактор Ғ1-дің бірге-бірте өсуімен байланысты. ені.мнің жалпы көбеюі. Жалпы өнімнін көлемін, пайдаланған өзгермелі Ғ, фактордың санына болсек орташа өнім шығады. Егер өнімнің сәйкес фактор бірлігінің өсуі арқылы пайда болған өсімшелерін есептесек, шекті өнім шығады. Өнімділіктің кему заңын тым мүлтіксіз әрекет ететін заң деп, оған шоқынуға болмайды. Бұл заңның әрекеті кем дегенде екі жағдайда жүріп отырды:
-
кем дегенде өндірістің бір факторы тіркелген болу керек; -
ғылыми-техникалық прогресс болмағанда.
Өндірістік ресурстар өнімділігінің төмендеуі, өндіріс тиімділігін төмендетеді. Баршаға белгілі, шығындардың өсуі мен өнімнің көлемінің өсуі ортақ пропорцияда өсетін болғанда, тиімділікте өседі. Ал өнімнін, шығуынын, көбеюі барған сайын шығын өсуінің салдары болса және олардың құны нарық бағасымен тең болса, онда тиімділік төмендейді. Бұл жағдай өндіріс масштабының кеңеюі нәтижесінде тиімділіктің кеми түсуін құрайды. Сөйтіп, өндірістік функция, өндіріс масштабының өсуіне байланысты, тұрақты тиімділікке ие болады, егер өндірудің өсу пропорциясы шығындардың өсу пропорциясымен бірдей болса.
Өндіріс ресурстары — бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді.Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр-түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолданылуы мүмкін.
Ресурстар (французша ressourse – құрал-жабдық, мүмкіндік), қосалқы қорлар – табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Өндіріс ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді.
Өндiрiс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте колданылатын өндiрiстiң әртүрлi құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б.
Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезенiнде өте маңызды рөл атқарады. Өндірістік ресурстар - фирманың, кәсiпорынның меншiгiндегi және пайда алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердiң, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндiрiстi қамтамасыз ету көздерi деген мағынаны бiлдiретiн iргелi экономикалық теория ұғымы.
Ресурстар төрт түрлі болады:
-
Табиғи — өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады. -
Материалдық — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар. -
Еңбек — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық. -
Қаржылық — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.
Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды құрайды.
Табиғи ресурстар - дегенiмiз бұлар адамның өмiр сүруiнiң табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндiрiс процесiнде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттерi. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегенiмiз өздерi өндiрiстiң (еңбек құралдары және заттары) нәтижесi болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндiргiш күштерiн бағыттау қажет.
Шаруашылық қызмет процесiнде өндiрiс ресурстары маңызды орынға ие, сондыктан қазiргi таңда ресурстарды шектеу және ресурстардың кәсiпорынға оптимальдык қатынасы өте актуалды мәселе болып табылады. Ресурстар саласындағы қаражат саясаты кәсiпорыннның ұзақ мерзiмдi жағдайына бағыттала әсер етедi және оның ағымдағы күйін анықтайды. Қазақстан экономикасының қалыптысуының күрделi жағдайларында өндiрiс ресурстарын тиiмдi және рационалды түрде пайдалану мәселесіне үлкен қызығушылық туындап отыр.
Шаруашылық қызметi процесiнде барлық кәсiпорындардың алдында қалыпты жұмыс жасау үшiн қажеттi ресурстардың жеткiлiксiздiгi проблемасы тұрады.
Ресурстар саласындағы басқару шешiмдерiн оңтайландыру үшiн болашақтағы жағдайдың тиiмдi анализдеуді бағалау керек. Кәсіпорынның қаражат саясаты ресурстарды пайдаланудың түрлi нұсқаларын комплексті түрде экономикалық бағалау қажеттігін көрсетедi.
Өнеркәсiптi ресурстарды меңгеруге итермелейтiн бiрнеше себептер бар.
Мұндай себептердiң бiрнеше түрi бар, бiрақ оларды бiрнеше түрге топтастыруға болады:
Ресурстар саласындағы жүргiзiлетiн өзгерiстердiң деңгейi әр түрлі. Егер өндiрiстiң қалыпты көлемін ұлғайтуға келсек, бұл жағдайда кәсiпорынның басшылығы қандай ресурсты қандай көлемде көбейту қажеттiгiн анық бiледi.
Ал егер ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға келсек, бұл жағдайда бiрнеше факторларды карастыруға тура келедi:
Қолданылған ресурстардың көп түрлiлiгiне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледi:
-натуралды немесе табиғи (жер, т.б.);
-материалды (капитал);
-адам ресурстары (еңбек).
Түрлi өндiрiстер және бүкiл шаруашылық қызметтерi әртүрлi экономикалық ресурстарды пайдалануға негiзделедi. Экономикалық ресурстар деп тауарлар мен қызмет көрсету процестерiнде қолданылатын ресурстардың барлық түрлерiн айтады.
жатады:
Экономикалық ресурстарға сұраныс тауарларға сияқты құрылады, бiрақ оған арнайы мiнездеме тән: экономикалык ресурстарға сұраныс туынды (тәуелді) болып табылады, өйткені ол аталған ресурсты қолданып өндiрiлген өнімге сұраныспен байланысты. Ресурсқа сұраныс өнімге деген сұраныстың улкеюi мен азаюына байланысты кеңейіп немесе кыскарып отырады.
Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негiз болады. Адам ресурстарын басқару кез келген ұйым үшiн материалды және табиғи ресурстарды басқарумен қатар, жалпы баскарудың бір құраушысы болып табылады. Алайда өз қасиет белгiлерiне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгешеленедi де, басқарудың ерекше әдiстерiн қажет етеді. Басқару процесiнде адам ресурстарының өзiндiк ерекшелiгiн ескерген жөн.
Оның мәні мынада:
Бiрiншiден, өндiрiс құралдарына қарағанда (машиналар, шикізат) адамдардын сапасы бар, соған сәйкес олар сыртқы әсерге сапалы түрде жауап бере алады. Яғни, ұйым мен қызметкер арасындағы өзара байланыс процесі екі жақты болып табылады.
Екiншiден, сапалы болғандықтан адамдар үнемі жаңарып дамып отыруға қабiлеттi. Технологиялар мен оған қоса кәсiптiк бiлiм бiрнеше жылдың iшiнде ескерiп отыратын ғылыми-техникалық прогрестiң қазiргi жағдайында қызметкерлердің үнемi дамып,жаңарып отыру қабiлетi кез келген ұйым қызметінің тиiмдiлiгiн арттырудың аса маңызды да ұзақ мерзiмдi кезi болып табылады.
Үшіншіден, қазіргі заманғы қоғамдағы адамнын еңбек ету өмiрi 30-50 жылды құрайды, осыған байланысты ұйым мен адамның ара қатынасы ұзақ мерзiмдi сипат алады.
Төртiншiден, материалды және табиғи ресурстарға қарағанда адамдар ұйымға белгiлi бiр мақсаттармен, саналы түрде келедi де, ұйымнан осы мақсаттарына жетуде көмек күтеді. Мамандарды басқару адамзат қоғамның даму тарихында ежелден бастау алады. Туыстық ұйымдарға бiрiккен сонау ежелгi адамзат қоғамның алғашқы өкiлдері-ақ өздерiнiң ете шектеулі ресурстарын пайдалану мәселесiн күнделiктi шешiп отыратын, кунделiктi еңбек бөлiнiсi, еңбек уәждемесi (мотивация) және тәртiп мәселелерiмен кездесiп отыратын.