ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 161
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
Салмонелез
39. 3 жасар бала жедел жәрдем бөліміне қатты жөтелмен түскен, одан кейін айқайлаған, сосын құсу болған. Ата-анасы ұлдарына соңғы бірнеше күнде суық тигенін айтады, бірақ жаңадан пайда болған ауыр белгілер оларды медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр еткен. Отбасының үйлері жоқ, балаға жоспарлы екпелер жасалмаған. Дәрігер мұрын-жұтқыншақтан жағынды алды.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
40. Гинеколог қабылдауына 31 жастағы əйел жүктіліктің 10 аптасында келді. Науқас болашақ баласының денсаулығы үшін мазасызданады. Әйел мойын арты құлақ аймағындағы лимфа бездерінің үлкеюі, дене қызуының көтерілуі, бүкіл денесінде майда папулезді бөртпелердің пайда болуына шағымданады.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
41. К.есімді науқас, 46жаста, жүргізуші, поликлиникаға екінші рет 23.04 күні келіп, оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданды. 2апта бұрын әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде ірі буындарында ауырсынуды байқап, поликлиникаға келіп, ибруфен қабылдаған. Буындарында ауырсыну азайып, бірақ қайта пайда болған. Зәрі қарайып, 19.04 күні склерасының сарғаюын байқаған. жағдайы нашарлап, тәбеті жоғалып, дене температурасы жоғарылап, екі рет құсқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі және шырышы шамалы сарғайған, буын бөлігі өзгермеген, тілі жабылған, бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. көкбауыры перкуторлы ұлғайған. Пульсі минутына 56 соққы, жүрек тондары естілмейді. Өкпесінде сырыл жоқ. Зәрі «сыра» тәрізді, нәжісі түссіз. Басы ауырады, ұйқысы нашар. Эпиданамнезінде – қаңтарда оң жақ бүйрегінде кистаны алып, операция жасаған. Б/х: қанда тура билирубин 84, тура емес – 42мкмоль/л, АлАТ-624, АсАТ-123нмоль/л, тимол сынамасы -4ед. Серологиялық зерттеуде HbsAg және Ig M HB cor Ag-ға.
1. Болжамды диагнозды табыңыз;
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз
Гепатит
42. М.есімді науқас 55жаста, бас ауруға, тоңуға, жүрек айнуға, бас айналуға, ссол жақ бетінде күйдіргіш сезімге шағымданды. Қарағанда аурудың бірінші күні температура 39.5oС, сол жақ бетінде қызарған дақ сау теріден шеті анық, зақымдалған жерінің терісі қызарған, ыстық. Беттің және төменгі қабағының тері асты клетчаткасы айқын ісінген, эритема шетін пальпациялағанда ауырсынады. Екінші күні эритема бір кішкентай везикула пайда болды, сол жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады. Бұрын ондай байқалмаған.
1. Болжамды диагнозды табыңыз;
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз