Файл: 1. Болжамды диагнозды табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 173

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Беріліс механизмі- жанасу.

Сіреспе ауруын Жарақат жұқпасы деп те атайды. Тұрмыстық жағдайда жарақат алса, күйік үсік, жануар тістеген жағдайда зақымдалған теріге қоздырғыштар түссе ауру туындайды.

Қабылдағыштық өте жоғары, әсіресе жарақаттану көлемі үлкен болса.

Иммунитет тұрақсыз, қайта жұқтырудан сақтандыра алмайды.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

Алдын алуы- белсенді және енжер иммунизация.

Белсенді егу жоспарлы түрде, егу күнтізбесіне сәйкес жасалады:

• АКДС вакцинасы – 2, 3, 4 айда егіледі, қайта егу-18айда.

• АДС вакцинасы – 6-7 жаста, 16-17 жаста егіледі.

Үлкендерге АДС-М анатоксин әр 10 жылда қайта егіледі.

Сіреспеге шұғыл егу жасалуы қажет:

- Терінің зақымдалуымен байланысты жарақаттар;

- II, III, IV дәрежедегі күйіктер;

- II, III, IV дәрежедегі үсіктер;

- Ауруханадан тыс жасанды түсік пен босану;

- Гангрена, абсцесс, карбункул;

- Жануарлардың тістеуі.

Жарақат алған жағдайда алғашқы хирургиялық көмекпен қатар төтенше, шұғыл алдын алуы жүргізіледі:

1. Жара хирургиялық өңдеген соң жараның жан жағына 3000-10 000 МЕ сіреспеге антитоксикалық сарысу егіледі.

2. Бұлшық етке 50 000-100 000 МЕ сіреспеге ПСС- антиткосикалық сарысу егіледі. Адамның қанынан жасалған иммундыглобулин ПСЧИ 900 МЕ 6 мл егіледі.

Шүғыл иммунды алдын алу ДСМ бұйрығына сәйкес, алдыңғы сіреспеге алған жоспарлы егулеріне сәйкес жасалады:

a) Шұғыл ревакцинация – АС- анатоксин немесе АДС- анатоксин;

b) Белсенді-енжар иммунизация – АС-анатоксин +ПСС немесе ПСЧИ.

ПСЧИ- адамның қанынан жасалған сіреспеге сарысу -250 МЕ егіледі.

ПСС- жылқының қанынан жасалған сіреспеге сарысу – 3000 МЕ Безредко әдісімен егіледі. ПСС егу алдында сынама жасалады, 1:100 есе ерітілген сарысудың 0,1 мл тері ішіне егеді, 15 мин. Кейін ешқандай өзгерістер байқалмаса 0,1 мл ерітілмеген сарысуды егеді, 30 мин. Кейін сынама теріс болса қалған мөлшерін енгізеді.

Сіреспеге егулер іреспеге егулер №63 үлгідегі <<Алдын алу егу картасына>> сәйкес алдыңғы егулеріне қарап егіледі, егілген дәрмектің атауы, сериясы, мөлшері аурудың жеке картасына жазылады.
34. 12 жастағы қыз жедел ауырған, дене температурасы 38,5oC бас ауруы, әлсіздік, жұтынғанда ауырсыну пайда болды. Үйге учаскелік педиатрді анасы шақырды. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, белсенді емес, ұйқы мен тәбеті бұзылған. Дене температурасы 38,5oC , терісі бозғылт, құрғақ, тілі құрғақ, жабылған, бадамша безі, доға мен жұмсақ таңдай қызарған. Таңдай бадамшасы 1-2-дәрежеде ұлғайған, жабынды сұр-ақ түсті, шырыш беткейінен көтеріліп тұрады. Жабынды шырышпен тығыз жабысқан, қиын алынады, артынан қанталайды. Жақ асты және алдыңғы-мойын лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 21I, жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ 108I, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Анасы жұқпалы науқаспен қатынас болғанын жолға шығарды.


1.Болжамды диагнозды табыңыз; Дифтерия

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі- ауру адам және бактерия тасымалдаушылар. Эпидемиялық тұрғыдан көмей, көмекей, мұрын дифтериясы қауіпті болып табылады. Себебі, қоздырғыш тыныс шығару кезінде көп мөлшерде ауаға таралады. Көз, тері, жарақат, жыныстық мүшелер дифтериясы таратушы ретінде қауіптілігі төмен. Сау тасымалдаушылар және жеңіл не симптомсыз формадағы науқас адамдар тек жаппай тексеру барысында, зертханалық тексеру кезінде кеш анықталады, дер кезінде ауруханаға жатқызылмайды, емделмейді, ауруды белсенді түрде таратып отырады.

Дифтерия ауруының 90% сау тасымалдаушылармен байланысты екені анықталған.

Бактерия тасымалдаушылықтың түрлері:

 Транзиторлы (1 рет лабораторлық тексеру кезінде анықталған);

 Жіті 15 күнге дейін;

 Орташа уақыт (3 айға дейін);

 Созылмалы (6 айдан астам);

 Сау тасымалдаушы (аурудың белгілері жоқ).

Ұзақ уақыт тасымалдаушылық тонзиллит, ринит науқастарында кездеседі. Инфекция көзі ретінде сауыққан адам да болуы мүмкін, реконвалесцент қоздырғышты 2 аптаға дейін, кейде одан да ұзақ уақыт бөліп шығаруы мүмкін.

Беріліс механизмі- негізгі берілу механизмі аэрогенді, аспирациялы.

Берілу жолдары:

1) Ауа-тамшы, ауа-шаң;

2) Тұрмыстық заттар-ыдыстар, бет орамал, сүлгі, төсек жабдықтары, ойыншықтар;

3) Алиментарлы-сүт жіне кремдік тағамдар арқылы.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. ДСМ «Дифтерия ауруымен күресу шараларын күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

1. Инфекция көзіне бағытталган шаралар:

Ауру адам және күдіктілер міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызылып емделеді. Науқас бокстарға немесе арнайы бөлімшелерге жатқызылады, жатқызған күні мұрнынан, жұтқыншағынан бактериологиялық тексеруге сынама алынады, күлге қарсы антитоксикалық сарысу, антибиотик беріледі. Клиникалық түрде жазылғаннан кейін және бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғанда ауруханадан шығарылады. Бактерия тасымалдаушылар ауруханада антибиотиктермен емделеді, ұжымнан аластатылады.

2. Беріліс механизміне бағытталған шаралар: Тиімді вентиляция орнату, ауаны жиі желдету, тағамдарды ластанудан қорғау, дезинфекциялық шаралар жүргізу.

3. Қабылдагыш организмге бағытталған шаралар: Ең тиімді алдын алу шаралары - бұл жоспарлы түрде вакцина егу ДСМ «КР халықты инфекциялық ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөнінде шаралар» бұйрығына, егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде вакцина егіледі:



АКДС- 2, 3,4 айда, қайта егу 18 айда;

АДС-6-7 жаста;

АД-М- 11-12 жаста;

АДС-М- 16 жаста және әр 10 жылда.

АКДС вакцинасының кұрамында тазартылған сіреспе мен дифтериялық анатоксин (алюминий гидрооксидіне адсорбцияланған) және көкжөтелдің мұқият шайылған микробтары бар. Вакцина сұйық және құрғатылған түрде шығарылады. Сұйық вакцинаны мұздатылғаннан кейін қолдануға болмайды. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке енгізіледі. Вакцина енгізілгеннен кейін қалыпты реакция 2 тәулік мерзімді қамтиды, дене қызуы көтеріліп, енгізген жері қызарып ісіңкірейді. Енгізгендердің 1%-да температура 38,5 С-тан асып, күштілеу реакция беруі мүмкін. Жұмсақтіндерінде диаметрі 5 см-дей ісік, 2 см-дей инфильтрат пайда болатын жергілікті күшті реакция 4%-тен аспауы керек. Егер де АКДС бірінші инъекциясына патологиялық реакция байқалса, кейінгі егулер АДС-Манатоксин енгізуарқылы жасалады.

Вакцина егу туралы мәліметтер егу құжаттарына тіркеледі. Егумен қамту 95% кем болмау керек. Егулердің уақтылы жасалғанын картотека бойынша, №63 үлгідегі егукарталарын талдауаркылы анықтайды. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Ошақта эпидемиологиялықтексеру төтенше хабарлау алғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілуі қажет.

Ошақта тексеру барысында науқас адамның соңғы 7 күн ішінде кімдермен жақын қатынаста болғанын анықтап, оларды 7 күнге медициналық бақылауға алу қажет, оның ішінде: жанұя мүшелері, достары, туыстары, мектепте, бала бақшада, т.б. оқу мекемелерінде қатынаста болғандар, мекемеде бір бөлмеде жұмыс істейтіндер, медицина қызметкерлері. 7 күн медициналық бақылау барысында күнделікті дене қызуын өлшеу, мұрын-жұтқыншағын тексеру, бактериологиялық тексеруге 1 рет сынама алу қажет, 5 күн антибиотик - эритромицин тағайындалады.

Науқаспен катынаста болған адамдардың егу карталарын (Ф63) тексеріп, иммунизациялау:

- алғашқы комплексті толық алмағандарға (3 ретегу және қайта егу);

- - егу кұжаттары болмаса;

- - соңғы қайта егуден кейін 5 жылөтіп кетсе;

Науқас адамға сауыкканннан кейін, ауруханадан шыкпай тұрып вакцина егіледі, егер:

- бұрын вакцина алмаған болса- алғашқы мөлшері және ревакцинация жасалады;

- толық егілген болса, бірақ соңғы егуден 5 жыл өтіп кетсе- бустерлі қосымша доза егіледі;

- егер соңғы егуден 5 жылдан аз уақыт өтсе- вакцина егілмейді.

Бала-бақшаға толық сауықканнан кейін және бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғаннан кейін баруға рұқсат беріледі.

Балалар мекемелерінде карантин 7 күнге беріледі. Карантин кезінде топтан топқа ауыстыруға және жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салынады.


Ошақта күнделікті дезинфекция жүргізіледі: ыдыстар 15 мин. қайнату немесе 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағат батыру арқылы залалсызданады. Төсек жабдықтары, ойыншықтар қайнату немесе 2% хлорамин ерітіндісіне 2 сағат батыру арқылы залалсызданады. Көрпе, матрас, төсектер камералық әдіспен залалсызданады.


35. 38 жастағы әйел терапевтке баяу жасырын түрде басталған, тұмау тәрізді ауруға шағымданып барған. Клиникалық белгілері : дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, анорексия, бас ауруы, бел аймағындағы ауырсыну. Соңғы аптада температура күндіз көтеріліп, түнде басылып отырған, қалтырау туындатады. Науқас жыныстық қатынаста болмағанын және саяхатқа шықпағанын айтады. Дәрігер қосымша сұрақтар қоя отырып, әйелдің жергілікті фермерлердің базарынан тек органикалық тағамдарды пайдаланатындығы анықталған, толық термиялық өңдеуден өтпеген ет қосылған тағам өнімдерін тұтынатындығын айтқан.

1.Болжамды диагнозды табыңыз; Бруццелез

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі-ауыл шаруашылық жануарлары: қой,ешкі,сиыр,шошқа. Ауру мал қоздырғышты сүтпен, зәрмен, нәжіспен, ұрықтық сұйықтық пен түсікпен шығарады. Ластанған жем, шөп, су арқылы малдан малға жұғып отырады. Ауру адам жұқпалы емес, адамнан адамға жұқпайды.

Беріліс механизмі- нәжіс- ауыздық.

Адамдарға жұғу жолдары: 1) жанасу

2) тағам өнімдері

3) ауа шаң

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу: бруцеллезге қарсы санитарлық ветеринарлық шараларды СЭҚБ қызметкерлері ветеринарлық қызметкерлермен бірігіп жүргізуі қажет. Алдын алу шаралары ДСМ “ҚР бруцеллезбен күресу шараларын күшейту” бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Жануарлардың бруцеллезбен күресу шаралары 3 топқа бөлінеді:

1. Сау қожалықтарды инфекция енуінен сақтау шаралары: малдарды бруцеллезге тексеру, ветеринарлық куәлікпен тек сау малдарды қожалыққа кіргізу, 1 ай карантинге қою, теріс болған жағдайда ғана басқа малдарға қосу

2. Жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бақылау.

3. Ауру табылған қожалықты сауықтыру шаралары. Малдарда бруцеллез табылса немесе сериологиялық тексеру оң болса мұндай қожалық бруцеллез бойынша қауіпті болып саналады, онда санитарлық ветеринарлық шаралар жүргізу. Ауру малды сау малдардан жекешелеп, арнайы жабдықталған пунктерде, ет комбинаттарында сойып, өнімдерін жою, мал ұстаған жерлерді дезинфекциялау қажет.

Ауру адам инфекциялық аурулар ауруханасына клиникалық көрсеткішпен жатқызады. Емделгеннен кейін диспансерлік бақылауда болады.

Диспансерлік бақылау— клиникалық түрде жазылғаннан кейін 2 жыл ішінде, бірінші жылы - 1,2,3,6,9,12 айда тексеріледі, екінші жылы- квартал сайын. Ошақта ауру малмен қатынаста болғандарды клиникалық және зертханалық әдістермен тексеру және 3 айдан кейін қайта тексеру қажет. Шұғыл алдын алу ретінде тетрациклин 0,5гр* 3 рет, рифамицин 0,3гр* 2 рет беріледі.