Файл: 1. Болжамды диагнозды табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 159

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

50 балл
1. Қараша айында, Нұртас ауылында 3 жасар қызды ата-анасы шұғыл түрде Нұртас ауылдық медициналық амбулаториясына дене температурасы жоғарылыуымен, бетте және денесінде бөртпелердің көрінуімен, жалпы улану белгілерімен жедел хабарласты.Қызды орталық аурухананың балалар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызды. Дәрігер қарап тексергенде, ұрттың шырышты қабығынан Бельский Филатов Коплик белгісін және құлақ артында, бетте, мойында қызыл бөрітпелердің бар екендігін байқады. Эпид. анамнезден, қызға 1 жасар кезінде жопарлы түрде тірі ККП вакцинасы енгізілген. Баланың өз уақытында алдын ала егу жүргізілген күні №026 нысанды медициналық журналында көрсетілген.Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде бұл инфекцияның қарқындылығын анықтау мақсатында қан алып тексергенде, нольдік иммунитетке сәйкес нәтиже алынды.

1.Болжамды диагнозды табыңыз; Қызылша

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі - ауру адам. Ауру адам жасырын кезеңінің соңғы 2 күндері, катаральді кезеңде, бөртпе шыққаннан кейін 4-5 күнге дейін жұқпалы болады. Барлығы 9-10 күн аралығында жұқпалы болады. Вирустасымалдаушылық болмайды.

Берілу механизмі – аспирациялы, берілу жолы - ауа-тамшылы. Ауруды жұқтыру науқаспен қатынаста болу уақтынан және бөлменің тығыздығына байланысты. Қызылша ауруы тек бір бөлме ішінде таралып қана қоймай, ашық есік-терезе, желдету каналдары арқылы төбедегі қабаттарға таралуы мүмкін.

Иммунитет. Жаңа туылған балаларда туа біткен баяу иммунитет 6 айға дейін сақталады. Қызылшаға қабылдағыштық өте жоғары: аурумен 1 күн қатынаста болғандардың 43%, 72 сағат қатынаста болғандардың 80%, 4 күн қатынаста болғандардың 100% ауру жұқтырады. Қайта жұқтыру, қайта ауыру болмайды

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

ДСМ ҚР қызылша, қызамық, эпидемиалық паротит ауруларымен сырқаттанушылығын эпидемиялық қадағалауды күшейту бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Науқас адам көбіне үйінде жекешеленеді, ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткішке сәйкес. Қызылша ауруы балалар үйі, мектеп-интернат секілді жабық мекемелерде немесе жатаханада тіркелсе жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.Ошақта қызылшамен ауырмағандар, вакцина егілмегендер 21 күн медициналық бақылауға алынады, 8ші күннен 17ші күнге дейін ұжымнан аластатылады. Медициналық бақылау барысында күнделікті дене қызуын өлшеу, сыртқы терісін, шырышты қабаттарын бөртпелерге қарсы тексеру қажет. Бала бақшаға баратын балалар 8ші күннен бастап жекешелендіріледі. Қызылшамен ауырған балалар, вакцина егілген балалар, үлкендер жекешелендірілмейді, медициналық бақылауға алынбайды. Балалар мекемесінде карантин 21күн. Карантин кезінде топтан топқа ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға болмайды. Вакцина егілмегендерге және егу туралы мәлімет жоқ болғандарға шұғыл түрде вакцина егіледі. 1жасқа дейін балаларға- иммундыглабулин егу қажет.


Ауруға қарсы ең тиімді шара- бұл вакцина егу.Қызылшаға қарсы вакцина бірінші рет -12, 15 айда, ревокцинация 6-7 жаста егіледі.Егу үшін қолданады:

  • ЖКВ россия, тірі құрғақ вакцина

  • Рувакс-моновакцина Франция

  • ҚҚП тривакцинасы қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы егіледі

Ошақтағы шаралар:

  1. Науқас адамды ауруханаға жатқызу немесе үйінде жекешелендіру.

  2. Науқаспен жанасқан балалардың егу құжаттарын, №63 алдын ала егу картасын тексеру.

  3. Қатынаста болған бұрын қызылшамен ауырмаған, вакцина егілмеген балаларды 21күн медициналық бақылауға алу, күнделікті дене қызуын өлшеу, бөртпеге қарсы тексеру, вакцина егу, ұжымнан аластату

  4. Бұрын қызылшамен ауырғандар және қызылшаға қарсы вакцина егілгендер медициналық бақылауға алынбайды, ұжымнан аластатылмайды.

  5. Бөлмені жиі желдету, ылғалды әдіспен жинау.

Қызылша ошағындағы алдын алу шаралары

Инфекция көзі

Ауру адам- клиникалық, эпидемиологиялық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу

Беріліс механизмі

желдету

Ылғалды жинау

Инфекция көзімен қатынаста болғандар

Қызылшаға қарсы вакцина егу:

-медициналық бақылау 21 күн

-термометрия күніне 2рет

-ұжымнан аластату

Вакцина егілмегендер:

-вакцина егу

-медициалық бақылау 21 күн

-термометрия күнніне 2рет

-жанасқаннан 8күннен 17 күнге дейін ұжымнан аластату

Иммундыглобулин егу, егер вакцина егуге болмаса:

-медициналық бақылау 21күн

-термометрия күніне 1рет

-ұжымнан аластату жанасқаннан 8ші күннен 21 күнге дейін

Қызылшамен ауырғандар бақылауға алынбайды


2. 5 жасар Есім, «Алия» балабақшасына барады. 20.02.18 күні қалтырап, температурасы жоғарылаған, интоксикация белгілері болған. 21.02.18 күні дәрігер педиатр баланы қарағанда келесі клиникалық көріністерді анықтайды: тамақтың қызаруын, бадамша бездерінің, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюын. Келесі күні баланың терісі қызарып, денеде ұсақ нүктелі бөртпелер пайда болған. 23-24.02.18 күндері бөрітпелер терінің қызарған жерінде ұсақ розеолаға өзгерген, «Алия» балабақшасын эпид. тексеру барысында келесі өзгерістер анықталды: топта дезинфекциялық тәртіп бұзылысы, бөлмеде желдету жүргізілмеген, сондай-ақ топта 7 бала келмегендігі анықталды, олардың келмеу себебі бақыланбаған және келу журналында тіркелмеген.



1.Болжамды диагнозды табыңыз; Қызамық

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі - ауру адам. Инфекциялы кезең вирус жұқтырғаннан кейін 7-8 күннен бастап бөртпе шыққаннан кейін 10 күн жалғасады.

Берілу механизмі – аспирациялы, аэрогенді (горизонталды) және вертикалді. Берілу жолы - ауа- тамшылы. Вертикалді механизммен – анадан балаға жұғады. Жүкті әйелдердің алғашқы 3 айында ауырғаны аса қауіпті, өйткені туа біткен қызамық патологиясымен туылуы мүмкін. Туа біткен қызамық синдромы белгілері: бауыр, көкбауыр үлкеюі, жүрек патологиясы, микроцефалия, өлі туылуы, катаракта. Туа біткен қызамықпен ауырған балаларда вирус 1,5-2 жылға дейін сақталады.

Инкубациялық кезеңі: 11-24 күн.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

Эпидемиологиялық тексерудің мақсаты инфекцияның көзін, таралу жолдарын және қатынаста болған адмдарды анықтау, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру

Науқас адам клиникалық жіне эпидемиологиялық көрсеткішке қарай ауруханаға жатқызылады. Науқасты жекешелеу бөртпе пайда болған күннен 5күнге дейін. Егер жүкті әйел болса оны 10күнге жекешелеу қажет. Қатынаста болған адамдарға шектеу шаралары қолданылмайды. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалмайды, бөлмені жиі желдетіп, ылғалды әдіспен жинау қажет. Бала бақшада тіркелсе карантин берілмейді.

Қызамыққа қарсы вакцина 12-15 айда егіледі, ревакцинация 6-7 және 15 жаста. ҚҚП тривакцина түрінде егіледі.
3.Түркістан облысына Пәкістаннан оралман Орман отбасымен көшіп келді. Отбасында: әкесі-43 жаста, шешесі-40 жаста, қызы-16 жаста 6 жасар баласы бар. Әкесінің туыстарында тұрады. Медициналық көмекке және әлеуметтік жеңілдік алуға құжаттар дайындап жүр. Педиатордың қарауында 6 жасар бала іш аймағының ауыруына, әлсіздікке, тершеңдікке, және қолдарының ауыруына шағымданады. Баланың анамнезінде екі күн бұрын температура болғаны анықталды. Сондай-ақ анасының айтуынша, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің жоғалуына, жұтудың қиындығына, баланың әлсіз және жылауық болғандығына шағымданады.Баладене температурасының жоғары болуымен балалар ауруханасынажедел медициналық жәрдем көмегімен егу куәлігінсіз жатқызылды. Баланы қарап тексергенде сол қолының саусақтары қалтырауы, дәретінің бұзылғандығы, баланың мәжбүрленіп отыруы және тұрақсыз қалпы анықталды. Педиатр «жедел әлсіз парез» диагнозын қойды. Қосымша сұрастыру барысында, балаға екпе кезінде қателік жіберілгендіктен екпелерді толық алмағандығы анықтады. Ата-анасы балаға жоспарлы иммунизация жүргізуге қарсылық танытқан.


1.Болжамды диагнозды табыңыз; Тырысқақ

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі-науқас адам және вибрион тасымалдаушы. Тырысқақ ауруы барлық кезде қоздырғышты сыртқы ортаға көп мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл түріндегі науқастар және сау вибрион тасымалдаушылар таратушы ретінде өте қауіпті, өйткені олар тырысқақ қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы сыртқы ортаға шығарып, ластап отырады. Өт жүйесінде қалып қойған вибриондар тасымалдаушылықтың себепкері болады. Эль Тор вибрионын тасымалдаушылық 9 жылға дейін жалғасуы мүмкін.

Берілу механизмі - нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық заттар мен жанасу. Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су арқылы. Тырысқақ су арқылы таралса ауырғандар саны 1-2 күн ішінде күрт өседі. Аурудың одан әрі таралуы індетке қарсы шаралардың жылдамда дұрыс, уақытылы ұйымдастырылуына байланысты болады. Тұрмыстық заттар арқылы ыдыстар, лас қол, есік тұтқалары, төсек жабдықтары, шыбындармен таралады. Соңғы кездері Эль-Тор тырысқағы тағам өнімдері арқылы, әсіресе сүт тағамдары, ет, балық, нан, жеміс-жидекпен жиі таралады. Инкубациялық кезеңі: бірнеше саған – 5тәулік.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Тырысқаққа қарсы шаралар 27.09.2010 жылғы ҚР ДСМ Тырысқақ ауруының таралуын алдын алу және індетке қарсы іс шараларын жүргізу мен ұйымдастыру, кешенді шараларды жоспарлау әдістемелік нұсқауына сәйекс жүргізіледі.Тырысқақ ауруы міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы бокстарға оқшауландырылады, тырысқақ ауруына күдіктілер – провизорлық мақсатта госпитализацияланады. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, жұқтыру жолдарын, аурумен қатынаста болғандарды толық анықтау, ошақтың шекарасын анықтау, және жою шараларын ұйымдастыру қажет. Тырысқақ ошағында төтенше эпидемияға қарсыкомиссия ЧПЭК, медициналық штаб жұмыс істейді, оның мақсаты: аурудың таралу аймағын, шекарасын анықтау, жою шараларын қйымдастыру:

-ошақтан шығуға, ошаққа кіруге тыйым салынады

-әрбір үйді аралау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы науқастарды және ауруға күдіктілерді ере анықтау.

-тырысқақ ауруларын арнайы көлікпен ауруханаға жатқызу.

-іші өткен, құсатын тырысқаққа күдікті адамдарды провизорлық ауруханаға жатқызу, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру

-аурумен қатынаста болғандарды анықтау, оқшаулау, 5күн медициналық бақылау, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру.


-шұғыл алдын алу ретінде 5күн антибиотикпен емдеу.

-көшіп қону арнайы көлікпен жүргізіледі, қызметкерлер 3 типті обаға қарсы киіммен жұмыс істейді

- қорытынды дезинфекция

Жіті ішек инфекциясынан қайтыс болған ануқастарды тырысқаққа қарсы бактериологиялық әдіспен тексеру

-Қоршаған орта обьектілерін тексеру көлемін көбейту, бактериологиялық әдіспен тексеру

Тырысқаққа қарсы шаралардың бағыты мен көлемі

Тырысқақ ауруы анықталған жағдайда:

1.медициналық қызметкерлерінің қорғану шаралары: қорғану киімін кию, қолды жуу, 0,2% хлорамин ерд

2.СЭҚБ хабарлау

3.антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес

Инфекция көзіне бағытталған шаралар:.

науқас адамды,

ауруға күдікті адамды,

вибрион тасымалдаушыны шұғыл ауруханаға жатқызу

Берілу механизмдеріне бағытталған шара- дезинфекция.


Құсық, нәжіс.

Құрғақ хлор әгімен 1:5- 1 сағат залалсыздау

Құрғақ ДТС ГК 1:10-1сағат залалсыздау

Құрғақ кальций гипохлоридімен 1:10-1сағат

5% лизол ерд-мен залалсыздау 1:2-1сағат

Ыдыстар.

2% сода ерд-мен 15 мин қайнату

0,5% хлорамин ерд-е 15 мин залалсыздау

0,25% ДТС ГК ерд-е 15мин залалсыздау

Төсек заттары.

0,2% сода ерд 15мин қайнату

2% хлорамин ерд 2 сағат залалсыздау

Тұрғын бөлмелер.

2,5% ДТС ГК ерд 30мин тазалау

Хлор әгі ерд 30мин тазалау

3% лизол ерд 30мин тазалау

Инфекция көзімен қатынаста болғандарды қорғау:


Оқшауландыру немесе медициналық бақылау-5күн

Нәжісті бактериологиялық зерттеу

Антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес


4.ХКТУ- нің құқық факультетінің 20 жасар студенті, науқастанған жолдасына хал сұрауға барған. 2 күні қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, маңдай аймағының қатты бас ауруы, көз алмасының ауруы, буындарының және бұлшықеттерінің ауруы, тамаққа тәбеті төмендеуі басталды. 1 күннің соңында ауру - мұрнының бітелуімен, тамақтың тарылуымен, қурғақ жөтелмен басталды.Дәрігерге қаралғанда науқасты тексеру үшін арнайы фильтр бөлмеге орналастырды, тексеру барысында мұрынның бітелуі және беттің гиперемиясы анықталды.Эпид. анамиезинде студент 1апта бойы салқын сусын тұтынғандығы және кешкі уақытта кафеден тамақтанғандығы, ал түскі уақытта құрғақ тағаммен “тіске басар” тамақтанғандығы, тамақтану режимін сақтамағандығы және құрамында витамині аз мөлшердегі азықты пайдаланғандығы анықталды