Файл: . Мусин атындаы Балаш гуманитарлытехникалы колледжі Маманды 0111000 Негізгі орта білім беру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 295

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

 Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технолгиялардың, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технолгиялардың құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта

отырып, педагогикалық, психологиялық əдістемелік бастапқы дайындықты

қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті

информатика пəнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.

Бастауыш сынып оқушыларына жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту əдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық жəне шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сəйкес жазылған əрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады


Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал- тәсілдермен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Бастауыш сыныптарда АКТ-ның оқытудың əдістемесі

• АКТ курсын оқыту əдістемесін жетілдіру

• АКТ пəнін оқытудың тиімді əдістерін жетілдіру

• АКТпəнінің өзіндік сипаттамалық ерекшеліктері

• Оқытудың өзіндік əдісі.

• Көрнекілік əдісі.

• Иллюстрация.

• Демонстрация.

• Практикалық (іс-əрекет) əдістер.

• Кері байланысты жүзеге асыру тəсілдері. Бақылау.

Əдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған əрекет тəсілі ретінде анықтауға болады. Дидактикада оқушының іс-əрекеті, мұғалімнің іс-əрекеті жəне олардың бірлескен іс-əрекеті деп бөледі. Мысалы оқушыларға арналған инструкцияны жасау-педагогтың іс-əрекеті инструкция мен ЭЕМ-дегі програмамен жұмыс істеу - оқушының іс-əрекеті ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нəтижесін қорғау тапсыру олардың бірлескен іс-əрекеті. Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта жəне сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мəселелердің бірі. Бұл мəселелер бойынша тəжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу жəне жүріс–тұрыс мəдениеттілігін арттыру, оларды компьютер əлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.[4]

АКТ-ты курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-əрекетінің көлемін қысқартуда ісəрекеттің тəуелсіз түрде елеулі орын алады. Компъютермен жұмыс істеген оқушының өз білетіндігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - əрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану жəне оның тиімді əдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пəнін мектепте оқытатын басқа пəндермен үйлестіре отырып түпкілікті жəне саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пəнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жəне жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нəтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына жəне жеткен жеңістіктерінен лəззат алуға мүмкіндік беруі.


II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОКЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бастауыш сыныпта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пәнінің оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымы

Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» қатар педагогика ғылымының жаңа саласы – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту әдістемесі қалыптаса бастады. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту әдістемесі» пәнінің зерттейтін нысаны информатиканы оқыту болып табылады. Ғылыми мамандықтардың ресми жіктелуі бойынша, қоғам талабына сәйкес, қазіргі даму кезіндегі информатиканы оқу заңдылықтарын зерттейтін, педагогиканың бұл бөлімі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытудың теориясы мен әдістемесі» деген жаңа атауға ие болды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту әдістемесі жас ғылым болғанымен, негізсіз қалыптаспаған. Жеке ғылыми пән бола тұра, қалыптасу кезеңінде басқа ғылымдардан білім жинақтап, өз дамуында осы білімдерден алынған нәтижелерге сүйенеді. Ол ғылымдар – философия, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, информатика, сондай-ақ орта мектептің басқа да жалпы білім беру пәндерінің жалпыланған практикалық тәжірибесін атауға болады. Н.В.Софронова айтқандай, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі деңгейде оқыту ғылыми білімнің алуан түрлі салаларының мәліметтеріне сүйенеді:

- тарих пен қоғамтануға (қоғамдық әлеуметтік жүйелер),

- орыс тіліне (грамматика, синтаксис, семантика және т.б.),

- логикаға (ойлау қабілеті, формалды амалдар, ақиқат, жалған),

- математикаға (сандар, айнымалылар, функциялар, жиындар, белгілер, әрекеттер),

- психологияға (түйсікпен сезіну, ойлау қарым-қатынас)».

Адамзат әрекетінің барлық саласы ғаламдық жағынан ақпараттандырылып, информатика ғылымы басқа ғылымдардың барлық салаларына енген заманда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту әдістемесі де кез келген ғылыммен байланысы бар екендігін ашық айтуға болады.

Қазіргі уақытта Э.И.Кузнецов, М.П. Лапчик, С.А.Жданов, М.В. Швецкий, И.А.Румянцев, А.А.Малева және т.б. өткізген зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындау құрылымы қалыптасты. А.М.Пискунов, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенина, Н.Ф.Талызина және басқа да дидактиктер мен психологтардың жұмыстарында мұғалімдерді дайындап жетілдірудің негіздері көрсетілген. Бұдан информатика пәнінің мұғалімдерін әдістемелік дайындау мазмұны мен құрылысын жетілдірудің негізгі бағыттарын тұжырымдап шығаруға болады:


- әдістемелік, дайындықты күшейту бағытында информатика мұғалімін кәсіпті дайындау;

- мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытудың әдістемелік жүйесін дамытуда қазіргі заман талаптарына сай келетін әдістемелік дайындау бағдарламаларын құру;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту әдістемесінде жеке тақырыптарының мазмұнын, әдістемелік оқыту жүйесінің элементтерімен толықтыру және дамыту.

Оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту әдістемесі пәні өзінің алдына мына негізгі міндеттерді қояды:

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқудың нақты мақсаттарын, оның орта мектептегі оқу жоспарында жалпы білім беру пәні ретінде алатын орнын анықтау;

- практика-мұғалімге қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытудың ең тиімді ұйымдастыру формаларын және ұтымды әдістерді ұсыну;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және есептеуіш техниканы оқытудың барлық құралдарын (оқу құралдары, бағдарламалық құралдар, мультимедиалық құралдар, компьютерлер, интерактивті тақталар, т.с.с) қарастыру;

- мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;

АКТ пәнінің мазмұны екі негізгі бөлімді қамтиды:

- жалпы әдістемелік бөлім– онда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бағдарламалық және аппараттық жасақтамалар қарастырылады;

- жеке (нақты) әдістемелік бөлімінде оқу кезеңдеріндегі басты тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады.

Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытудың заңдылықтары анықталып, информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі. Оқу үрдісінде оқушыларды оқыту нәтижелерінің тиімділігі көбінесе мұғалімдердің кәсіптік дайындығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Пәнді меңгеру нәтижесінде болашақ информатика пәні мұғалімі білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы мектептің жұмысына толық дайындалып шығуы тиіс. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан әлі де зерттеуді талап етеді [5]

Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін. Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

2.2. Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың оқытудың әдістемелік жүйесі

Педагогикалық білім жүйесіндегі ақпараттық – коммуникациялық

технологиялардың оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық

түрде байланысқан компоненттерден тұрады. Олар: пәнді оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, түрлері мен құралдары (2.1-сызба).
2.1-сызба
Оқыту жүйесі компонененттерінің өзара байланысы




Оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз – оқушыны оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған, оқу процесінің өзара байланысқан және бір-біріне себепші болатын оқыту түрлерінің, формаларының және жоспарлау мен өткізу құралдарының, бақылау мен сараптаудың, түзетулерінің реттелген жиынтығы.

Информатканы оқыту әдістемелік жүйесі – оқыту тәсілдерін алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық тұжырымдау негізінде мұғалім мен оқушылардың өзара әр алуан әрекеттестіктерін қамтиды. Сондықтан жүйеде үйретуші (мұғалім) – сабақтардың жетекшісі, ал, үйренуші (оқушы) – оқу объектісі болып табылады.

Ақпараттық – коммуникациялық технолгиялардың оқыту әдістемелік жүйесінің өзіндік сипаттамалары:

  • оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау;

  • теория мен практикалық дайындықтың бірлігі;

  • оқу материалын оқытудың жоғарғы деңгейдегі қиындығы мен оны жеделдете оқытылуы;

  • оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ізденімпаздығы;

  • жеке және ұжымды іс-әрекетерді бірлестіру;

  • оқу процесін техникалық оқыту құралдарымен жабдықтау;

  • әртүрлі пәндерді кешенді түрде оқыту тәсілдері.

АКТ оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми

  • Мақсат

  • Мазмұны

  • Оқыту құралдары

  • Әдістері

  • Ұйымдастыру түрлері 18 өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.

Құралда АКТ оқыту осы ұстанымдардың негізінде қарастырылады. ақпараттық – коммуникациялық технолгиялардың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мазмұны мен өзара байланысы айқыналады (2.2- сурет)