ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 230
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрылысы.
2. Бүлшықеттініңжиырылуыныңтәртібі мен түрлері.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасына тоқталып кетіңіз
Өңеш: топографиясы, құрылысын айтып беріңіз
Жасушаларда энергия үш карбон қышқылы айналымына қатысатын маңызды метаболиттердің түзіліп, тотығуы кезінде босанып, жинақталады. Бұл процесс үстінде сутегі молекуласы бөлініп, көмірқышқыл газы түзіледі. Босанған сутегі молекуласы дегидрогеназалар коферменттерінің (НАД, НАДФ, ФАД) көмегімен тотығу тізбегінен емес тыныстық тізбекке қосылады. Бұл тізбекте сутегі электрондары біртіндеп жоғары энергетикалық тізбектен төменгі энергетикалық тізбекке өтеді де, ең соңғы акцепторға – оттегіге беріледі, басқаша айтқанда ол тотығады. Бұл процесс барысында бөлінген энергияның аздау бөлігі (30-40%) жылу түрінде болінеді де, қалған бөлігі (60-70%) АТФ-тың макроэнерргиялық байланыстарында жинақталады. АТФ-тың осылай тыныстык тізбектегі сутегінің тотығу энергиясының есебінен түзілу жолын тотықпалы фосфорлану деп атайды. Сонымен, энергия өзгерістерінің негізінде қоректік заттардан электрондар босанып шығуы салдарынан олардағы қуаттың организмдегі химиялық реакцияларды жаңдандыратын қасиеттері жатады.
Организмдегі энергия алмасуын энергия теңдестігін анықтау арқылы зерттейді. Ол үшін организм қабылдаған және бөлген энергия мөлшерін салыстырады. Организмнің қорекпен қабылдаған энергиясының мөлшерін брутто (жалпы) энергия деп атайды. Брутто энергия мен организмнің зәрмен, нәжіспен, түрлі газдармен бөлген және қабылданған қорек пен ішкен суды жылытуға шығындаған энергиясының айырмасын нетто-энергия дейді. Демек, нетто-энергия организмнің тіршілік әрекеті үшін жұмсалатын энергия. Брутто-энергия мен нәжіс энергиясының айырмасын қорыту энергиясы дейді. Ал, қорыту энергиясы мен зәрмен бөлінген энергия айырмасын алмасу энергиясы деп атайды. Алмасу энергиясы организмнің тіршілік әрекеті мен өнім өндіруге (жұмыс атқаруға) жұмсалатын энергия.
Организм қабылдаған жалпы энергияны қоректік заттардың қуаттық құндылығына сүйене отырып анықтайды. Ал, қоректік заттардың қуаттық құндылығын анықтау үшін арнаулы аспап калориметриялық құты (бомба) қолданылады. Бомбаның ішіне 1 г зерттелетін зат салынады да, оны таза оттегімен толтырып, электр тогын қосып, жағады. Зерттелетін зат бөлген жылу мөлшері Джоуль бірлігімен өлшенеді. Калориметриялық бомбада жанғанда 1 г көмірсу 17,6 кДж (4,1 ккал), 1 г белок – 24,3 кДж (5,7 ккал), 1 г май – 38,9 қДж (9,3 ккал) энергия бөледі. Организмде белок толық тотықпайды белок құрамынан бөлінген амин тобынан түзілген несеп нәруізімен бірге біршама энергияны ұстап қалады. Осымен байланысты белоктарға организмде 17,6 кДж (4,1 ккал) ғана энергия бөледі.
Рацион құрамыңдағы көмірсулар, белоктар және майлар мөлшерін анықтағаннан соң, организм қабылдаған энергия мөлшерін есептеп шығаруға болады,
Калориметриялық бомба көмегімен зәрдің, нәжістің кұрамындағы энергияны есептеп шығаруға болады.
Газдардың калориялық коэффициенті организмде тотыққан органикалық заттардың табиғатына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, белок тотыққанда организм сіңірген оттегінің, әр литріне 4,8 ккал энергия, май тотыққанда – 4,7 ккал, ал көмірсулар тотыққанда - 5,05 ккал энергия бөлінеді. Демек, организм шығындаған энергияны анықтау үшін денеде тотыққан заттың табиғатын білу керек. Ал, оны тыныс коэффициенгі (ТК) арқылы анықтайды.
Үлестірмелі материалдар. Кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
-
Зат алмасу дегеніміз? -
Организмдегі энергияның алмасуы қалай түсінесіз? -
Май және липид алмасу дегеніміз?
№30 Тақырып. Минералды заттар және дәрумендер. Энергия алмасу.
Мақсаты. Жалпы алмасу – организмнің әртүрлі жағдайлардағы тіршілік әрекеттерін (жылу реттеу, тамақтану, эмоциялық және жұмыстық жүктеме және т.б.) қамтамасыз етуге қосымша жұмсалатын энергия шығыны мен негізгі алмасу энергиясының жиынтығын студенттерге түсіндіру
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Адам (жануар) ағзасындағы зат алмасуы мен энергия алмасуы бірбірімен тығыз байланыстағы үдерістер. Зат алмасуы нәтижесінде тағам құрамындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар тотығудан және ыдыраудан өтеді де, олардың энергиясы (химиялық, механикалық, электрлік, жылулық) ағзаның қажеттілігіне пайдаланылады. Мысалы, тағам құрамындағы белок, май, көмірсулардың химиялық энергиясы АҮФ түзілуіне немесе басқа ірі молекулалық заттардың пайда болуына жұмсалады. АҮФ жасушаның бос энергиясының көзі болып саналады, сондықтан ол пайда болған соң бір минут ішінде іске қосылады. АҮФ-тың айналыстағы жылдамдығы өте жоғары: пайда болатын (түзілетін) және ыдырауға түсетін АҮФ-тың мөлшері дене салмағынан 2-3 есе асып түседі!. Тыныштық жағдайда тағамның энергиясының 25%-ы ағза мүшелері мен тіндердің жұмыстарына жұмсалады (тасымалдау, синтездеу, сөл бөлу, бірыңғай салалы және қаңқа еттерінің жиырылуына, т.б.). Энергия шығынының түрлері: пластикалық, негізгі алмасу және жалпы алмасу. Пластикалық алмасу – ұзақ ашығуда болған немесе ауыр науқастан кейін ағзаның құрылымдық бөлшектерін қайта қалпына келтіру үшін және өсіп келе жатқан ағзаның дамуына жұмсалатын энергия шығыны. Негізгі алмасу (НА) – үйреншікті (стандартты) жағдайдағы ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазды) қамтамасыз етуге шығындалатын энергияның аз (минималды) мөлшері. Оны анықтау сергек адамда тәңертең төсектен тұрмай, толық қимылсыз жатқанда, аш қарында, яғни соңғы рет ас ішкеннен кейін 12-16 сағат өткен соң, температуралық комфортты (18-22ºС) жағдайда жасалады. НА-ды осы көрсетілген стандартты жағдайда зерттеу керек, себебі физикалық және эмоциялық жүктеме, тағам қабылдау және қоршаған орта температурасының өзгерістері организмдегі зат алмасу қарқындылығын күшейтеді, яғни энергия шығыны да күшейеді. НА-дың энергиясы организмдегі барлық тіндер мен ағзалардың қалыпты қызметтерінің атқарылуына, дене температурасының тұрақтылығын сақтауға жұмсалады. НА деңгейі адамның салмағына, бой ұзындығына, жасына, жынысына байланысты. Ересек адам 1 кг салмағына 1 сағат ішінде 1 ккал (4,19 кДж) энергия жұмсайды. Сонда, салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия бөліп шығарады. Бұл нормалық энергия мөлшері адамның тіршілігін сақтауға қажет ағзалар қызметіне жұмсалады. Осындай салмақтағы әйелдерде бұл көрсеткіш 10%-ға төмен. НА-дың ең жоғары деңгейі 6 айға дейінгі балаларда болады, сосын ол біртіндеп төмендейді де, жыныстық дамудан кейін ересек адамдармен теңеседі. Жас ұлғайған сайын НА-дың шамасы төмендей береді. Негізгі алмасудың жартысынан көбі бауыр мен қаңқа еттерінің қызметінде шығындалады. Адамның НА-ның тиісті шамасын арнаулы кестелер (таблицалар), формулалар және номограммалар бойынша анықтайды. Сонымен қатар, Крог әдісімен де (толық емес газ анализі) анықтауға болады. Жалпы алмасу – организмнің әртүрлі жағдайлардағы тіршілік әрекеттерін (жылу реттеу, тамақтану, эмоциялық және жұмыстық жүктеме және т.б.) қамтамасыз етуге қосымша жұмсалатын энергия шығыны мен негізгі алмасу энергиясының жиынтығы.
Әртүрлі эмоциялар кезінде энергия шығыны, негізгі алмасу дейгейінің, 40-90%-ын құрады және бұл бұлшықеттердің фазалық және тонустық жиырылуымен байланысты. Ұйқы кезіндегі зат алмасу деңгейі, сергектік жағдайымен салыстырғанда, 10-15% төмен болады, себебі бұл кезде бұлшықеттер босаңсыйды, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігі төмен, қалқанша безі мен бүйрекүсті бездерінің гормондарының түзілуі аз болады. Тағамның өзіндік-динамикалық қуаттық әсері. Тамақтанудан кейін, тағам өнімдерінің қанға сіңуі кезінде, зат алмасуы қарқыны күшейіп, энергия әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсалады. Мұны тағамның өзіндік-динамикалық қауттық әсері деп атайды. Ол астың құрамына байланысты, тағамда белок басым болса, энергия әдеттегіден 30%, ал тағамда көмірсу басым болса тек 15% көбірек жұмсалады. Жалпы алмасу НА-дан едәуір жоғары болуы қаңқа бұлшықеттерінің қызметіне байланысты. Дененің қимыл-қозғалыстарына, олардың ауыржеңілдігіне қарай энергия бірде көп, бірде аз шығындалады. Мысалы, адам жеңіл жұмыс істегенде (кеңсе қызметкерлері, мұғалімдер, тігіншілер) 1 кг салмаққа 1,8-2,5 ккал (7,5-10,5 кДж) энергия жұмсайды. Баяу жүріп қызмет атқаратындар (лаборанттар, дәрігерлер, кітапхана қызметкерлері) 2,8-3,2 ккал (11,8-13,4 кДж) энергия шығындайды. Сөйтіп, адам денесіне түсетін ауырпалық өскен сайын, оның салмағына қарай энергия шығыны да көбейіп отырады. Қазіргі кезде ересек адамның энергия шығыны оның атқаратын кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне байланысты 5 топқа бөлінеді. Энергия шығынын анықтау әдістері. Организмдегі қоректік заттар (белок, май, көмірсу) тотыққанда бөлінетін энергия мен сол заттарды сыртқы ортада өртегенде (Бертло калориметрінде) босап шығатын энергия жылуы бірдей емес. Белгілі бір заттың 1 грамы тотыққан (немесе өртелген) кезіндегі бөлінетін жылу мөлшері сол заттың калориялық коэффициенті деп аталады. Организмде белок толық тотықпайды, себебі оның тотығу барысында мочевина, несеп қышқылы және т.б. жылу шығаратын заттар пайда болады. Сондықтан ағзадағы белоктың калориялық коэффициенті 4,1 ккал (17,17 кДж); май үшін – 9,3 ккал (38,39 кДж); көмірсу үшін – 4,1 ккал (17,17 кДж). Сонымен белок пен көмірсудың жылу шығару қабілеті бірдей, ал тотыққан май бөліп шығаратын жылу мөлшері оларға қарағанда екі есе көп. Организмнің энергия шығыны екі түрлі калориметриялық әдіспен анықталады. Олардың біреуі – денеден шыққан жылу энергиясын тікелей калориметрмен өлшеу (тікелей калориметрия), бұған Этуотер-Бенедикт және В.В.Пашутин әдістері жатады; екіншісі – жанама калориметрия: газдар алмасу арқылы өлшеу (Крог, Шатерников, Дуглас-Холден әдістері). Тікелей калориметриялық әдіспен энергия шығынын өлшеу үшін камера қолданылады. Бұл камераның қабырғасы қоршаған ортадан оқшауланған, жылу сақтайтын материалдан жасалған. Сыналушы адам денесінен бөлініп шыққан жылу камераның төбесінде өтетін сулы түтікті жылытады. Демек, жылынған судың температурасын белгілі бір уақыт ішінде өткен судың көлемі арқылы біле отырып, денеден шыққан энергия мөлшерін есептеп шығаруға болады. Бұл әдіс өте қымбат және қолайсыз аспаптармен жабдықталған, сондықтан оны арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Жанама калориметрия әдісімен энергия шығынын анықтау тыныс жүйесіндегі газ алмасуға негізделген, яғни денеге сіңген оттегінің мөлшерін не денеден шығарылған көмірқышқыл газ мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға болады. Организмдегі қоректік затардың тотығуында бөлінетін энергия, тағам құрамындағы белок, май, көмірсу мөлшеріне байланысты әртүрлі болады. Сондықтан тотығу кезіндегі оттегінің әр литріне жұмсалатын энергия жеке тағамдық заттарда бірдей емес. Жанама калориметрия әдісімен энергия шығынын есептеу үшін тыныс коэффициенті (ТК) мен оттегінің калориялық эквиваленті (ОКЭ)деген зерттеулерді пайдалау керек. Тыныс коэффициенті дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде организмнен шығарылған көмірқышқыл газының көлемі мен ағзаға сіңірілген оттегі мөлшерінің аралық қатынасы. ТК-тің шамасы денедегі тотыққан ақуыздар, майлар және көмірсулардың ара қатынастарына тәуелді: ақуыздар тотыққанда 0,8; майларда – 0,7; көмірсуларда - 1,0 тең болады. Оттегінің калориялық эквиваленті дегеніміз организмдегі 1л оттегін пайдаланғанда бөлінетін энергия мөлшері. Оның шамасы ақуыздар үшін 4,48 ккал (18,8 кДж); майлар үшін – 4,69 ккал (19,6 кДж); көмірсулар үшін – 5,05 ккал (21,1 кДж).
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
-
Энергия алмасу дегеніміз? -
Организмдегі көмірсу және ақуыз алмасуы қалай түсінесіз? -
Май және липид алмасу дегеніміз?
№31 Тақырып.Бауыр патологиясы
Мақсаты.
Бауыр аурулары себепкер ықпалдарыныңбауырға тікелей әсерлерінен өзіндік және басқа ағзалар мен жүйелердіңбұзылыстары нәтижесінде дамитын салдарлық болып
Бөлінетінің студенттерге түсіндіру
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Бауыр - ағзада көптеген маңызды қызметтер атқарады./ өт бөлу арқылы ас қорытылады, дезинтоксикациялық функция, қан көлемін реттеу, фибриноген синтездеу және т.б./
Бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады.
Бауыр аурулары:
- Қабынумен (гепатит);
- Бауыр жасушаларында зат алмасуларының біріншілік бұзылыстарынан дамитын дистрофияларымен (гепатоздармен);
- Бауырда дәнекер тіннің көптеп өсіп- өнуінен оның беріштенуінен (цирроз);
- Өкпе өсуінен;
- Өт өндірілуі мен өттің ішекке шығарылуы бұзылыстарымен көрінеді.
Бауыр аурулары себепкер ықпалдардың бауырға тікелей әсерлерінен өзіндік және басқа ағзалар мен жүйелердің бұзылыстары нәтижесінде дамитын салдарлық болып ажыратылады.
Бауырдың өзіндік бүліністерінің себепкер ықпалдары болып:
- Бактериялар мен вирустар (вирустық гепатиттер А, В, С, Д, Е, энтеровирустар, туберкулез, мерез, іш сүзегі т.б. қоздырғыштары);
- Қарапайым жәндіктер мен құрттар (амеба, лямбийлер, эхинококтар, бөсір (аскарида) т.б);
- Экзогендік, эндогендік улы өнімдер, дәрі - дәрмектер (сынап, фосфор, сулфаниламидтер, антибиотиктер, ішімдік, тіннің ыдырау өнімдері т.б.);
- Өт жолдарының қабынуынан, тас байлануынан т.б. жағдайлардан дамитын өттің іркіліп тұрып қалуы;
- Аллергиялық серпілістер (екпе, емдік сарысу, тағамдық немесе дәрілік аллергендер организмге енгенде);
- Тағамдық факторлар (нәруыздық, витаминдік ашығулар, тым майлы тағам қабылдау т.б.);
- Өспелер (гепатома);
- Кома