ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 226
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрылысы.
2. Бүлшықеттініңжиырылуыныңтәртібі мен түрлері.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасына тоқталып кетіңіз
Өңеш: топографиясы, құрылысын айтып беріңіз
алды сатысы. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде жоғалтады. Осыдан қанда тура емес билирубиннің деңгейі көтеріледі, тура билирубин азаяды, уробилиноген толық жоғалады.
Вирустық гепатиттер. Вирустық гепатиттер бауырдың өзіне тән аурулары қатарына жатады. Оларды ең алғаш рет С.П.Боткин (1888) инфекциялық сырқат есебінде, жеке бөліп қараған. Қазіргі кезде осы вирустардың 5 түрі белгілі, олар А, В, С, Е және дельта вирустары. Осы вирустардың әрқайсысының өзіне тән клиникалық көріністері, патогенезі, кейбір морфологиялық белгілері бар екендігі анықталып отыр. Гепатит А вирус РНҚ вирустарына кіреді, клиникалық ағымы жедел. Гепатиттің басқа ішек инфекциялары тәрізді жуылмаған қол арқылы (яғни асқазан - ішек арқылы) жұғатыны белгілі. Сондықтан оның эпидемиясы жаз, күз айларынан байқалады. Оның жасырын кезеңі 15-45 күн.
Ал В-гепатитінің вирусы болса қан құйғанда, вакцинация кезінде, операциядан соң шанышқанда ауру адамнан сау адамға өтеді, сондықтан оны сарысу гепатиті деп атайды. Сонымен қатар вирус сөлде, ұрықтық сұйықтықта, қынаптың секретінде, несепте табылған. Яғни, В-гепатитін жыныстық қатынас арқылы жұқтырып алуға болады. Іштегі ұрыққа инфекция плацента арқылы түседі немесе туылу кезінде жұғады, жасырын кезеңі 25 күннен 180 күнге дейін. Клиника гепатиттің бұл түрі ауыр өтіп өлім-жітімге көбірек алып келеді және де созылмалы түрде өтеді. В гепатитінің вирусы ДНҚ-вирустарына кіреді, оның 3 антигені анықталған. Вирустың сыртқы қабығында беткей антиген — HbsAg бар. Вирустың өзінің қабығында (капсидте) екі антиген - HbcAg және HbeAg табылған. Иммуногистохимиялық әдістер арқылы HbsAg гепатоциттердің ядросында, ал HbeAg — олардың цитоплазмасында анықталады. Осы антигендерге қарсы организмде антиденелер түзіледі.
С гепатитінің вирусы бір спиралды РНҚ-вирусы қатарына жатады. Бұл инфекция қан құюды, вена ішілік инъекцияларға (наркомандарда), ағзалар трансплантациясына байланысты дамиды. Клиникалық ағымы жеңіл болғанымен 30-60% жағдайда созылмалы гепатит түрінде өтеді, сондықтан гепатит С-дан кейін бауыр циррозы немесе гепатоцеллюлярлық рак дамуы мүмкін.
Д гепатитінің вирусы организмде көбеюі үшін В-гепатитінің вирусы болуы шарт. Дельта-вирустар В-гепатитімен қатар дамиды немесе осы инфекцияға қосылады. Сөйтіп, В-гепатиттің клиникалық ағымын ауырлатады, бауырдың зақымдануын күшейтеді. Дельта-вирустар РНҚвирустары қатарында жатып, оның сыртқы қабаты HbsAg-мен қоршалған.
Е гепатитінің вирусы да РНҚ-вирустарына кіреді. Жұғу жолдары, клиникасы гепатит А-ға ұқсас. Бірақ, жүкті әйелдерде ауыр түрде өтіп, өлім себебі болуы мүмкін.
Цирроз деп бауыр жасушаларының дистрофиясымен, олардың үздіксіз қалпына келуімен, дәнекер тіннің диффузды өсіп кетуімен, осыған байланысты ағза пішінінің бұзылуымен (деформациясымен) сипатталатын созылмалы патологияны түсінеді. Клиникада бұл ауру бірте-бірте бауыр жетіспеушілігіне алып келеді. Цирроз тек бауырға ғана тән патология емес, себебі кез-келген организмнің дәнекер тін өсіп кетуі нәтижесінде пішінсізденуін цирроз деп атайды. Мысалы: нефроцирроз, пневмоцирроз және т.б.