Файл: авимед кпсалалы колледжі бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 224

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф-ЦПБ-01/16



«АВИМЕД» көпсалалы колледжі


«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________________Э.Т.Тезекбаева

«____»___________________2022ж

«Арнайы пәндер» циклдік пәндер бірлестігі

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Модульдің атауы: КМ 01 Халықтың денсаулығын нығайту және қауіпсіздігі

Пән атауы: КМ 01.03 Анатомия, физиология.

Мамандық: 09120100 «Емдеу ісі»

Біліктілік: 4S09120101 «Фельдшер»

Курс: 1

Семестр: 2

Бақылау түрі: Емтихан

Жалпы сағат саны: 240 кредит саны: 10


Шымкент, 2022


ОӘЖ. 613.2

Құрастырған: Зайниддинов Х.Ш. - арнайы пәндер бірлестігінің оқытушысы

Осы әдістемелік нұсқау техникалық және кәсіптік білім беру орнына арналған «Анатомия, физиология» пәні бағдарламасы мен оқу жұмыс талаптарына сәйкес құрастырылған.

Арнайы пәндер бірлестігінің отырысында қаралды

Хаттама № « »___ __________2022ж

«АВИМЕД» көпсалалы колледжінің әдістемелік кеңесінде талқыланып, басылымға ұсынылды.

Хаттама № « »___ ___________2022ж

1 Тақырып.

Остеология. Синдесмология.

Мақсаты. Анатомияға ғылым ретінде анықтама беру. Анатомияның міндеттерін оқып білу. Анатомия адам денесінің құрылысын биологиялық заңдылықтар бойынша оқытады. Адам эмбриогенезінің бастапқы кезеңдерін оқып білу

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Адам анатомиясы – бұл адам организмінің пайда болуы және дамуы, пішіні мен құрылысы туралы ғылым. Анатомия адам денесінің сыртқы пішіні мен денесі және оның бөліктерінің сәйкестігін (пропорциясын), жеке ағзалардың құрылымын зерттейді. Анатомияның міндеттеріне адамның эволюция үрдісіндегі дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу, дене құрылысы мен жеке ағзалардың жас кезеңдеріне байланысты ерекшеліктерін, сыртқы орта жағдайында адам организмінің қалыптасуын зерттеу кіреді. Адам организмінің күрделілігін тану анатомияда келесі әдістерді қолданады:

-аймақтық принцип бойынша денені ашып көру;

- дене бөліктерін кесу (Н.И. Пирогов) бойынша және ағзаларды бөлшектеу;

- бояғыш заттармен қуысты ағзаларды және коррозиялық препараттарды келесі дайындауда суғыш
майлармен иньекциялау;

- құрғақ препараттарды дайындау;

- ағза мен тіндерді жарықтандыру;

- ағзалар мен бүтін мәйіттерді пластинациялау;

- рентгенанатомия;

- компьютерлік томография;

- гистопотопография;

- соматоскопия;

- тәжірибелер;

Қалыпты анатомия биология ғылымының құрамды бөлігі болып табылады. Биология ғылымдарының бөлімдерінде 2 топ пәнді бөлуге болады – морфология және физиология. Морфологиялық пәндерге анатомия, гистология, эмбриология, салыстырмалы анатомия жатады. Бұл ғылымдар тірі организмдерінің пішіні және құрылысын сыртқы ортамен байланысын және олардың даму заңдылықтарын оқытады. Анатомия – медициналық білім жүйесінде іргелі пән, ол келесі клиникалық пәндерді игеруде «фундамент» құрайды. Клетка элементарлы, құрылымды, қызметтік және тіндердің генетикалық бірлігі болып табылады. Организмде клетка жеке өмір сүре алмайды, жасуша аралық зат пен жиынтығында тіндерді құрайды. Негізгі морфоқызметтік тіндердің төрт топтарын ажыратады: эпителиальды, дәнекер, бұлшықеттік және нервтік. Тіндер ағзалардың құрылымын дамытуға қатысады. Ағзалардан ағзалар жүйесі құралады.

Келесі ағзалар жүйесін ажыратады:

1. Тірек және қимыл ағзалар жүйесі.

2. Асқорыту жүйесі.

3. Тыныс алу жүйесі.

4. Жүрек-тамырлы жүйесі.

5. Несеп-жыныс жүйесі.

6. Эндокринді жүйесі.

7. Нерв жүйесі

8. Жабынды жүйесі.

Адам қаңқасы деп сүйектердің жиынтығы мен олардың қосылыстарын атайды. Ол тірек-қимыл аппаратының пассивті бөлігін құрайды, оның активті элементі бұлшықет болып табылады. Еркек адамдарда қаңқасының орташа салмағы 10 кг, ал әйелдерде 6-8 кг құрайды. Адам қаңқасы біліктік және қосымша болып, екі топқа бөлінеді. Күрделірек біліктік қаңқаға — бас қаңқасы, омыртқа жотасы, кеуде торының сүйектері, ал қосымша қаңқаға — қол, аяқ сүйектері кіреді.

Біліктік қаңқаның тұлға бөлігі бөлек звенолардан тұрады (омыртқалар, қабырғалар, төстік бөліктері). Вертикалді орналасуына байланысты біліктік адам қаңқасының өзіндік ерекшеліктері бар. Жануарларға қарағанда адамның омыртқалары — вертикалді бірнеше серпімді иілімдері бар жота. Организмде адам қаңқасының қызметі маңызды және әртүрлі болады. Бас қаңқасы миды, есту, көру, иіс сезу, асқорыту және тыныс алу мүшелерін қорғап тұрады. Жамбас астауында несеп, қуық, жатыр, қынап, жатыр түтіктері, әйелдерде аналық бездер, еркек адамдарда қуықа сты бездер орналасады. Сонымен бірге, адам қаңқасы жұмсақ тін мен мүшелер үшін тірек қызметін атқарады. Ол адам организмінің дене сегменттерінің ішкі қалпын анықтайды. Қазіргі кезде адам қаңқасының биологиялық келесі қызметтеріне минералды зат алмасу, қан алмасу, иммунды кезеңдеріне көңіл бөлінген.



Қаңқа сүйектерінің байланысын  зерттейтін ілімді syndesmologia (грек. syn-байланыс; desmos-дәнекер;1оgоs-ілім) деп атайды. Сүйектер байланысы жануарлар қаңқасы сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың организмдегі атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Егер де сүйектер организмнің тіршілігіне тым қажет мүшелерді қорғау қызметін атқаратын болса, мысалы, ми сауыты, онда сүйектер байланысы шектеулі қозғалысты немесе қозғалмай байланысуды қамтамасыз етеді, яғни сүйектер бір-бірімен тұтаса байланысады. Ал организмнің кеңістіктегі қимыл қозғалысына қатысатын сүйектер бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы байланысады. Демек, жануарлар қаңқасы сүйектерінің байланыс түрлерін екі топқа бөлуге болады. Олар: қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы және буынды байланысы.   

Қаңқа  сүйектерінің  тұтаса  байланыс  түрлері. Тұтаса байланыс (не прерывное соединение, или сращение) — synarthrosis — қаңқа сүйектерінің бір-бірімен түрлі ұлпалар (тканьдер) арқылы байланысын қамтамасыз етеді. Байланысқан сүйектердің аралықтарында ешқандай қуыс қалмайды. Демек, сүйектер аралықтарындағы қозғалыстың сипаты, оларды байланыстыратын ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Қаңқа сүйектерін байланыстыратын ұлпалардың түрлеріне сәйкес, сүйектер тұтаса байланысының бес түрі ажыратылады:

1. Синсаркоз (мышечное сращение) — synsarcosis — сүйектердің бұлшық ет арқылы байланысы. Синсаркозға жауырын мен тоқпан жіліктің бұлшық еттер арқылы тұлға сүйектеріне байланысын жатқызуға болады. Синсаркозды байланыста сүйектер аралықтарында ауқымды қимыл байқалады.

2. Синэластоз (эластическое сращение) — synelastosis — сүйектердің серпімді (эластинді) талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Синэластозға бассүйектің, мойын омыртқаларының және көкірек омыртқалары жоталық өсінділерінің өзара желке, сондай-ақ, омыртқа доғалары мен жота өсінділері аралықтарындағы эластинді байламдар арқылы байланысын жатқызады. Сүйектер аралықтарында серпімді қимыл байқалады.

3. Синдесмоз (соединительно тканное сращение) — syndesmosis — сүйектердің талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Жануарлар организмінде мұндай байланыстың үш түрі кездеседі. Олар: 1. Жұқа талшықты жарғақ (membrana) арқылы сүйектердің байланысы. Бұған шүйде-атлант буынындағы, құйымшақпен жамбас-сүйек аралықтарындағы коллаген талшықтарынан тұратын жұқа жарғақтар жатады. 2. Байлам (ligamentum) арқылы сүйектердің өзара байланысы. Байлам тым берік коллаген талшықтары шоғырлы будаларынан құралған сіңір. Бұған иттің кәрі жілігі мен шынтақ сүйегі аралығындағы сіңірді жатқызуға болады. 3. Жік (sutura) сүйектер арасындағы тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы олардың байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдердің жалпақ бас сүйектері аралықтарындағы пішіні әр түрлі жұқа жіктер жатады. Сүйектер аралықтарындағы қимыл шектеулі болады.


4.  Синхондроз (хрящевое сращение) — synchondrosis — сүйектердің шеміршек ұлпалары арқылы байланысы. Синхондрозға омыртқа денелері мен төс сүйек бөліктері аралықтарындағы және қабырғалардың төс сүйекпен байланысы жатады. Сүйектер аралықтарындағы қимыл тіптен шектеулі.

5.  Синостоз (костное сращение) — synostosis — сүйектердің сүйек ұлпасы арқылы байланысы. Байланыстың бұл түріне, яғни сүйектенуге ересек жануарлар бассүйектерінің, құйымшақ омыртқаларының,
жамбас сүйектерінің, кейбір тізе және тілерсек сүйектердің байланысы жатады. Сүйектер аралықтарында қимыл тіптен болмайды.

Үлестірмелі материалдар. Кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Адам анатомиясы дегеніміз не? Анықтама беріңіз.

2. Анатомия нені зерттейді?

3. Анатомияның түрлерін атаңыз.

4. Тіндердің түрлері. Әрбір тін қандай қызмет атқарады?

5. Ағза, ағазалар жүйесі, ағзалар аппараты дегеніміз не?

Негізгі әдебиеттер.
2Тақырып.

Жалпы нозология. Этиология және патогенез

Мақсаты. Медициналық білім беру жүйесінде патологиялық физиология пәнінің маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру, жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).

«Денсаулық – бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық,

психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.

«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.

Аурудың нышандары

 Науқастың шағымы

 Дерттің айғақты әйгіленімдері

 Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі

 Еңбекке қабілетінің төмендеуі

  • Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.

  • Ауру алдының нышандары

  • Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі

 Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы

  • Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)

Дерттік серпіліс
– ( re – қарсы, action - әсер, серпіліс ) – қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы

Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің

жиынтығы

Біртектес дерттік үрдістер:

 Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,

 Көп себепті (полиэтиологиялы),

 Әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,

 Айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,

 Эволюцияда барысында түзілген

Дерттік жағдай – организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.

Аурудың сатылары:

 аурудың басталуы

 нағыз ауру сатысы

 аурудың аяқталуы

Жұқпалы аурулар сатысы:

 инкубациялық кезең

 хабаршы сатысы

 айқындалу кезеңі

 аурудың аяқталуы

Аурудың аяқталуы:

 сауығу (толық, шала)

 созылмалы түрге ауысуы

 өлім

Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.

Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.

Себепке тән:

 Ауру дамуының алдында әсер етеді

 Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар

 Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды

 Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.

Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар

Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.

Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара

байланысты үрдістерінің жиынтығы.

Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.

Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulusvitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.

Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар

Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.

Үлестірмелі материалдар. Кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).