ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 231
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрылысы.
2. Бүлшықеттініңжиырылуыныңтәртібі мен түрлері.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасына тоқталып кетіңіз
Өңеш: топографиясы, құрылысын айтып беріңіз
Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.
Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Бауыр беткейлерін атап көрсетіңіз
2. Өт қабын атап көрсетіңіз
3. Ұйқы безінің беткейлерін атап көрсетіңіз
№28Тақырып.Ауыз қуысының құрылысының жұтқыншақтың,асқазан және ішектің құрылысы мен қызметі.
Мақсаты. Ас қорытудың маңызы , қызметі , физиологиясымен және ас қорыту жүйесіндегі ағзалардағы ас қорыту үрдісімен студенттерді таныстыру.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Асқорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан
тұрады.
Ас қорытудың маңызы,қызметі.1.Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферментер (гидролазалар) бола-ды. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады.
Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза - әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза - полисахаридтерді (крахмал, гликоген) моно-сахаридтерге дейін ыдыратады.
Астың ауыз қуысында қорытылуы. Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды. Ұсатылған ас кесегі сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқын-шаққа жетіп
Сілекейдің бөлінуі.Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шыға-ру болып екіге бөлінеді.
Шайнау.Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсакталатыны, сілекейге шыланып жұмсаратыны, осыған орай адам астың дәмі, сапасы туралы түсінік алатыны жоғарыда айтылды. Ас кесегін асықпай шайнау, оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі қорытылуын жеңілдетеді, мұның арқасында, қарынның шырышты қабығы (ішкі беті) жарақаттанбайды, мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің (сөл шығару, жиырылу) қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді.
Ауызға түскен тамақты шайнауға, жақ еттерімен қатар, тіл және бет еттері де қатысады. Жақ сүйек жоғары көтеріліп, алға-артқа, солға-оңға немесе оңнан-солға қарай жылжып, төменгі жоғарғы тістер ай-қасып, ас кесегін ысқылап, ұсатады. Сілекейге шыланған асты тіл әрлі-берлі аударып, араластырып жинап жүтуға даярлайды.
Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі үрдіс. Жұтқыншақтың шырышты қабығына кокаин жағып, оның қабылдағыштарын жансыздандырса, яғни олардың тітіркену қабілетін жойса, адам аузын-дағы асын жұта алмай, қақалып-шашалады. Шайналған ас жұтуға даяр болысымен сопақша мида орналасқан үшкіл, тіл-жұткыншақ, жоғарғы кезеген жүйкелер арқылы келіп жеткен серпіністержүту орталы-ғын тітіркендіреді де, тікелей жұту үрдісіне қатысатын еттерді белгілі бір тәртіппен жиырылтады. Жүту үрдісі бірінен соң бірі басталатын бірнеше рефлекстерден тұрады, осыған орай ол ауыз, жұтқыншақ және өңеш деп 3 кезеңге бөлінеді.
Ауыздашайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. Көлемі 5-15 см3-дей ас кесегі шайналып бапталған соң, тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңцайға тақап қысады да таңдай доғасына, содан соң жүтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды.
Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ тандай мен тілшік, жұткыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды.Одан әрі ас кесегі өңешкеқарай жылжиды. Дәл осы кезде жүтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре-берісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да өңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен (перистальтика) 6-8 секунд ішінде ас қарынға жетеді. Қарын кіре берісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді.
Қарындағы астың қорытылуы. Қарындегеніміз-ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен түрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиадеп аталады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді, бұл - қарын күмбезі,қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус (қақпақша)деп, ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі пилорустікбөлікболып саналады. Қарынның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу, ал төменгі шеті ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын түйығі;і, төменгі шетін қарын ойығы дейді. Қарынның пилорустан басқа бөлігі қарын денесідеп аталады.
Қарын құрсақ куысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол жақта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында. Қабырғасы (кенересі) жалпы ішек-карын түтігіне тән үш қабаттан, ішкі - шырышты, ортаңғы - бірыңғай салалы ет, сыртқы - серозды қабаттан тұрады.
Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан (жәй түтік бездер). Безде түрлі без жасушалары гландулоциттер (негізгі, қосымша, айнала қоршалған) бар. Негізгі гландулоциттер сөл фер-менттерін (пепсиноген), айнала қоршалған гландулоциттер түз қышқ-ылын, қосымша жасушалар шырышты зат-муцин шығарады. Осы жа-сушаларданбөлінген заттар қарын сөлінің қүрамына кіреді. Қарын-ның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады.
Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі. Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6-8 сағат) оның құрамына байланысты. Қарында әсіресе майы, белогі көп тағамдар ұзақ жатып қалады, бірақ көмірсулы тағамдар тезірек жылжып, он екі елі ішекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тағам қарында тоқтамастан тез ішекке өтеді, ал жасанды қорек қарында жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді.
Пилоруссфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қала-ды, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан кел-ген рефлекс сфинктерді босатады, ал он екі елі ішектен келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылу-ына қарындағы және он екі елі ішектегі гидростатикалық қысым, химустың қышқылдық дәрежесі әсер етеді. Мұнымен қатар қарын-дағы астың осмостық қысымы жоғары болса, пилоруссфинктері көпке дейін (химусизотоникалы болғанша) босамайды. Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуін ішек гормондары да реттейді. Он екі елі ішекке химус қышқыл күйінде өтсе, көп мөлшерде секретин мен панкреози-мин бөлінеді. Бұл гормондар қарын қимылын тежейді, бірақ үйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыған орай ішекте рНжоға-рылап, пилорустың ашылуын тездетеді.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
-
Ас қорытудың маңызы,қызметін айтып кетіңіз -
Астың ауыз қуысында қорытылуы сатылары -
Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі және корытылуы
№29 Тақырып. Зат алмасу.Ақуыздар,майлар,көмірсулар.Реттелуі
Мақсаты.
Зат алмасу организмге енген қоректік заттарды жасушалар құрамдарын синтездеуге пайдалану мен энергия өндіруге, сонымен қатар сыртқы ортаға қалдық өнімдерді шығару үдерістерінің жиынтығын студенттерге түсіндіру
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Метаболизм гректің "metabole" сөзінен алынған, "өзгеру", "алмасу" деген ұғымды білдіреді. Қоршаған орта мен тірі организмдер арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі организмдер өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады. Өлі табиғатта да зат алмасу болады. Өлі табиғаттағы зат алмасу кезінде заттар бір орыннан екінші орынға тасымалданады немесе бір күйден екінші күйге ауысады. Мысалы, топырақтың шайылып тасымалдануы, судың буға не мұзға айналуы, т.б. Тірі организмдерде жүретін зат алмасудың сапалық жағынан өлі табиғатта болатын зат алмасудан үлкен айырмашылығы болады. Тірі организмдер қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне кажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігін сақтайды. Бұл процесс анаболизм (пластикалық алмасу немесе ассимиляция) деп аталады. Ол грекше "anabole" — "өрлеу" деген ұғымды білдіреді. Зат алмасудың екінші кезеңі — катаболизм (энергетикалық алмасу немесе диссимиляция) деп аталады. Ол грекше "Katabole" — ыдырау (бұзылу) деген ұғымды білдіреді. Катаболизм процесінде организмдер денесіндегі күрделі органикалық қосылыстар карапайым заттарға ыдырайды да, сол организмнің тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді. Заттар мен энергия алмасу аркылы тірі организмдердің ішкі ортасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылығы камтамасыз етіледі.
Зат алмасу.Өмірдің басты көрссткіші зат алмасу болып есептелінеді. Зат алмасу ішкі физиологиялық және айналаны қоршаған сыртқы орта факторымен байланысты жүреді. Зат алмасу екі үрдіске байланысты.
Біріншісі — ассимиляция (анаболизм), ал екіншісі — диссимиляция (катаболизм). Ассимиляция (анаболизм) – жұмсалған ткандардың құрылымын қалпына келтіріп және әр түрлі тағамдармен бірге келген химиялық заттардан тірі заттарды синтездеп шығару үрдісі. Диссимиляция (катаболизм) – ассимиляцяның қарама-қарсы келетін үрдіс. Ол тірі құрылымдардың ыдырауын қамтамасыз етіп түрады. Әсіресе органикалық заттардың өзінің құралған құрамына дененің ажырап энергия бөліп шығаруы. Адам өзінің барлық өмірідде асқорыту органдары арқылы 2,5 тонна белоктарды, майларды, 10 т. Көмірсулар және 25 т суды сіңіреді. Олар қанға келіп қосылып отырады. Ас адамның арқауы – дейді қазақ Адамдарға күш-қуат береді. Тағамдардың құрамыңда орасан көп күн сәулесі жиналады. Ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқаңдаконсервленеді. Ол туралы ұлы К.А.Тимирязев кезінде жазған болатын. Тағамдардағы байланысқан химиялық энергия зат алмасудың негізгі құрамды бөлігі. Сонымен бірге тағамдарда бірнеше қосылыстар болады. Олар: белоктар, майлар, көмір сулар, витаминдер, су және минерагщы қосылыстар. Осылардың барлығы жасушаның құрылысын құрауға қажетті заттар. Тіршілік тірегі белоктар, майлар, көмірсулар ыдырағанда ондағы жиналган химиялық энергия бөлініп шығады. Ол энергия ағзаларға өте қажет. Олардың өсіп-жетуіне, түрлі үрдістердің өтуіне жұмсалынады. Биологиялық бағалы тағамдар дегеніміз осылар.
Тірі организмдегі қуат алмасуы.Денедегі зат алмасу процесі қуат алмасуымен тығыз байланысты. Зат алмасу барысында қоректік заттардағы потенциалдық энергия босанып, ол механикалық, жылу, электр, сәуле энергияларына айналады да, ең соңыңда организмнен жылу түрінде бөлінеді. Демек, организмге энергия қоректік заттар құрамында келеді де, ол тіршілік әрекеттерін атқаруға, түрлі өнімдер өндіруге жұмсалады.
Өлі табиғаттағы энергия алмасуынан жасушаларда жүретін процестер үш түрлі принциппен ерекшеленеді:
1) қоректік заттардың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналмайақ бірден әртүрлі жұмыстар атқаруға пайдаланыла береді және энергияның басқа түріне ауыса алады. Демек, тірі организм хемодинамикалық принциппен жұмыс істеп, энергия көзін тиімді
пайдаланады.
2) тірі организмде энергия мысқалданып бөлінеді. Бұл организмді энергиялық дүмпуден сақтап, қуатты толық пайдалануға мүмкіндік береді.
3) көмірсулар, белоктар, майлар ыдыраған кезде бөлінген энергиядан артық мөлшері энергияның биологиялық аккумуляторы – мол қуатты заттардың (макроэрттердің) құрамына ену арқылы организмде жинақталып, қордасақталады.