ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 229
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрылысы.
2. Бүлшықеттініңжиырылуыныңтәртібі мен түрлері.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасына тоқталып кетіңіз
Өңеш: топографиясы, құрылысын айтып беріңіз
1. Этиология анықтамасы, түсінік.
2. Патогенез анықтамасы, түсінік.
3. Патогенездегі негізгі тізбек.
4. Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.
№3 Тақырып. Миология
Мақсаты.
Қаңқа бұлшықеттерінің құрылымын, дамуын, жіктелуін және биомеханикасын оқып білу. Бас, мойын және тұлға бұлшықеттерінің құрылымын, дамуын, жіктелуін және биомеханикасын оқып білу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Жоғары омыртқалы жануарлардың организмінде және адамдарда екі түрлі бұлшықетті тінді ажыратады: тегіс (жолақсыз) және көлденең жолақты (сызықты). Соңғысы қаңқалы және жүректі тіндерден құралған. Тегіс бұлшықетті тіндер тамырлардың қабырғаларының құрамына кіреді және көптеген ішкі ағзалардағы бұлшықетті қабық түзеді. Көлденең жолақты бұлшықеттер тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі болып табылады, олар сүйектерге бекіп, оларды қозғалысқа келтіреді, денедегі қуыстардың қабырғаларын құрастыруға қатынасады, кейбір ішкі ағзалардың құрамына кіреді (жұтқыншақ, өңештің жоғарғы бөлігі, көмей), көздің қосалқы ағзаларының құрамына кіреді (көз алмасының сыртқы бұлшықеттері), дабыл қуысындағы есту сүйекшелеріне әсер етеді. Бұлшықетті талшықтар бұлшықеттің ортаңғы бөлігі – қарыншаны, venter, түзеді. Оның екі жағында сіңірлер орналасқан. Бұлшықеттердің біртұтас жіктеуі жоқ. Бұлшықеттерді адам денесінде орналасуына байланысты, пішіні бойынша бұлшықет талшықтарының бағытталуы бойынша, қызметтері бойынша, буындарға қатынасы бойынша, көлемі байланысты жіктейді. Бұлшықеттер жиырылған кезде өздерінің қызметін қосалқы аппараттың қатысуы арқылы іске асырады. Оларға шандырлар, сіңірлердің қынаптары, синовиалдық қаптар және бұлшықеттік шығыршықтар жатады. Бұлшықеттің құрылымдық-қызметтік бірлігі көлденең жолақты бұлшықеттік талшық болып табылады. Соңғысы сыртқы қабықпен (сарколемамен) қапталған, ішінде ядро, саркоплазма, әртүрлі органеллалар жалпы қолданысқа арналған және жеке жиырылғыш элементтерден – миофибриллалардан тұрады. Бұлшықеттердің әсері рычаг типті жүзеге асады, себебі сүйектер бір-бірімен буындар арқылы байланысады. Үш түрлі тіреуішті ажыратады: тепе-теңдік тіреуіш, күш тіреуіші және жылдамдық тіреуіші.
Бұлшықет орталық нерв жүйесінен келетін импульстардың әсерінен жиырылатындықтан, әрбір бұлшықет онымен нервтер арқылы байланысқан: «бұлшықет сезімінің» өткізгіші (И. П. Павлов бойынша, қозғалыс анализаторы) болып табылатын афферентті нервтермен және оған нерв қозуын әкелетін эфферентті нервтермен байланысқан. Одан басқа, бұлшықеттерге симпатикалық нервтер келеді, солардың әсерінен тірі организмдердегі бұлшықет үнемі тонус деп аталатын біршама жиырылу күйінде болады. Бұлшықеттерде өте күшті зат алмасу жүреді, сонымен байланысты олар қан тамырлармен бай жабдықталған. Қан тамырлары бұлшықетке оның ішкі бетінен ,бұлшықет қақпалары деп аталатын бір немесе бірнеше пунктен өтеді. Бұлшықет қақпаларына қан тамырларымен бірге нервтер де еніп, олармен бірге бұлшықет қабатында оның шоғырларына сәйкестене (ұзына бойына және көлденең) тарамдалады.
Бұлшықетте белсенді жиырылатын бөлігін — қарыншаны және пассивті, соның көмегімен сүйекке бекитін бөлігін — сіңірді ажыратады. Сіңір тығыз дәнекер тіннен тұрады және қызыл-қоңыр түсті бұлшықет қарыншасынан тым өзгеше келетін жылтыр ақшыл-алтын түсті Көбіне сіңірлер бұлшықеттін екі шетінде орналасады. Ол өте қысқа болса, бұлшықет сүйектен басталатын немссе оған тікелей қарыншасымен бекитін сияқты көрінеді. Зат алмасу аздау жүретін сіңір бұлшықет қарыншасына қарағанда қан тамырларымен кемдеу жабдықталады. Сөйтіп қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінінен ғана емес, сонымен бірге дәнскер тіннің әр түрінеи (perimysium) (сіңір), нерв тінінен (бұлшықет нервтері), эндотелийден және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан (қантамырлары) тұрады. Алайда көлденең салалы бұлшықет тіні басым келеді, оның қасиеті (жиырылғыштығы) бұлшықеттің жиырылу ағзасы ретіндегі қызметін анықтайды. Әрбір бұлшықет белгілі бір өзіне тән пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмдегі өзіндік жағдайы бар жеке ағза, яғни тұтас түзіліс болып табылады.
Саңсыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуык) пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болады. Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі. Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяктарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті — басы, caputі, ал екінші шеті — құйрық, cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі — tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.
Үлестірмелі материалдар.кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Бұлшықеттік тіндердің түрлері.
2. Бұлшықеттің құрамдық бӛліктерін атаңыз.
3. Бұлшықеттің қосалқы аппаратына не жатады?
4. Бұлшықеттердің жіктелуін айтыңыз.
5. Рычагтардың түрлерін атаңыз.
№4 Тақырып.Бұлшықеттердің физиологиясы: физиологиялық қасиеттері, жиырылу түрлері
Мақсаты. Бұлшықеттердің физиологиясы: физиологиялық қасиеттері, жиырылу түрлерін анықтап студенттерге түсіндіру
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Морфологиялық белгілері бойынша адам мен омыртқалы жануарларда кездесетін ет тіндері үш топқа бөлінеді:
1) көлденең жолақты қаңқа еті;
2) көлденең жолақты жүрек еті (миокард);
3) бірыңғай салалы еттер.
Көлденең жолақты еттердің организмдегі атқаратын қызметтері өте көп – олар динамикалық және статикалық қимыл-қозғалысты, тынысты, жылу өндіру (термогенез) және т.б. үдерістерді қамтамасыз етеді. Қаңқа еттерінің қызметі ми қыртысымен тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесінде ерікті қимыл-әрекеттерді жүзеге асырады.
Жүрек еті жиырылғыш жасушалар (кардиомиоциттер) мен өткізгіш жүйесінің жасушаларынан тұрады. Жүректің өткізгіш жүйесі жасушаларының жиырылғыш қаблеті болмайды, бірақ оларда туындаған электрлік серпіндер жүректің жыиырылғыш жасушаларына қарай өткізіледі. Жүрек етінің негізгі қызметі – сорғы (насос) ретінде тамырлармен қан қозғалысын қамтамасыз ету. Жүрек еті мен кейбір бірыңғай салалы (ішек, лимфа тамырлары) еттердің автоматиялық қасиеті бар. Бірыңғай салалы еттер ішкі ағзалар қабырғасының негізгі құрамында орналасады (асқорыту арнасы, қантамырлары, ішкі қуыс мүшелері, тыныс жолдары, сыртқы сөлініс бездерінің сөл шығаратын түтіктері және т.б.) және қимыл-қозғалту (кеңейту, тарылту, жылжыту тәрізді) қызметін атқарады. Бұл еттер унитарлы (бірыңғайлы) және мультиунитарлы болып бөлінеді және еріксіз еттерге жатады, сондықтан адам олардың жиырылу қасиетін өз еркімен бақылауға ала алмайды.
Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері: 1) қозғыштығы (жүйке талшығымен салыстырғанда төмен, себебі еттің МП шамасы төмен); 2) өткізгіштігі жүйкемен салыстырғанда баяу, шамамен 10-13 м/с; 3) рефрактерлігі (жүйке талшығына қарағанда ұзақтығы көп уақытқа созылады); 4) лабильдігі – 250-350 Гц; 5) жиырылғыштығы (ет талшығының қысқаруы немесе қатаюы). 6) созылғыштығы (серпімділігі) – қатты созылған ет талшығының оны босатқанда қалпына қайта келу қабілеті.
Бұлшықеттердің жиырылу түрлері. Бұлшықеттердің жиырылу сипатына байланысты үш режимі бар: изометриялык, изотониялық және ауксотониялық. Ауксотониялық жиырылу деп бұлшықет бір мезгілде қысқаруы мен оның тонусының (шиырығуы) күшеюін айтады. Бұл жиырылу табиғи қозғалыс актілерінде кездеседі және екі түрлі болады: эксцентриялық - ет тонусының күшеюі оның ұзаруымен жалғасады (мысалы, отыру кезінде) және концентриялық – ет тонусының күшеюі оның қысқаруымен жалғасады (мысалы, тұру кезінде аяқтардың жазылуы). Изометриялық жиырылу деп бұлшықеттің ұзындығы өзгермей, тек оның тонусының күшеюін (еттің қатаюын) айтады. Мұндай жиырылуды тәжірибеде байқауға болады, егер еттің екі жағынан қозғалмайтындай етіп бекіткенде, оның қысқаруға мүмкіндігі болмайды, ал табиғи жағдайда – отырып тұру кезінде және дене қалпын бекітуде болады.
Изотониялық жиырылу деп бұлшықеттің тонусы өзгермей, тек оның қысқаруын айтады. Мұндай жиырылуды бір жағынан ілінген, екінші жағы бос (жүксіз) етті тітіркендіргенде байқауға болады. Бұлшықеттердің жиырылу ұзақтығына байланысты екі түрін ажыратады: жеке және сіресіп (тетанустық) жиырылу. Ет талшығының жеке жиырылуы деп оны бір рет қана тітіркендіргенде байқалатын жауабын айтады. Тәжірибеде бақаның балтыр етін тікелей немесе жүйке арқылы жеке серпінді электрлік тітіркендірумен әсер еткендегі жеке жиырылу сызығын миографқа жазып алуға болады. Сонда жеке жиырылу қисығы – жасырын (латенттік, 5 мс), қысқару (40-45 мс), босаңсу (50-60мс) кезеңдерінен тұрады. Жалпы жеке жиырылу ұзақтығы 95-110 мс болады. Қаңқа еттері жеке жиырылу режимінде жұмыс атқарады, егер мотонейрондардың бір ізділік серпіндерінің арасындағы интервалы жеке жиырылу ұзақтығына тең немесе одан жоғары болған жағдайда. Сіресіп (тетанустық) жиырылу деп бұлшықетке ырғақты және жиі тітіркендірумен әсер еткенде оның ұзақ және тұтас жиырылуын айтады. Сіресіп (тетанустық) жиырылудың негізіне жеке жиырылудың жинақталу құбылысы жатады. Бұл құбылыс - бұлшықет талшығына немесе тұтас етке екі және оданда жиі бірінен соң бірі тез келетін серпіндер (тітіркендіру) әсерінен пайда болатын жиырылу амплитудасының жоғарылауы мен ұзақтығының ұлғаюы. Жинақталудың екі түрі бар: шала және толық. Егер еттің жеке жиырылуының қысқару кезеңінде жиі тітіркендірумен әсер етсе, серпіндер жинақталып еттің жиырылуын одан әрі күшейтеді, бұл толық жинақталу деп аталады. Мүндай да еттің босаңсуға мүмкіндігі болмайды да, ол ұзақ және күштірек сіресіп жиырылады. Мұны тегіс (жазық) тетанус деп атайды. Ал тітіркендіру серпіндері жеке жиырылудың босаңсу кезеңіне сәйкес келсе, онда ет солған жерінен бастап қайтадан күштірек жиырылып жауап береді, бұл шала жинақталу деп аталады. Осындай жинақталу нәтижесінде тісті (өркешті) тетанус байқалады. Тегіс тетануста дамитын еттің қатаюы, жеке жиырылумен салыстырғанда, 2-4 есе жоғары болады.
Тетанустағы жинақталудың максималды болуы, әрбір тітіркендіру серпінінен кейінгі саркоплазмалықретикулумдегі Ca2+иондары концентрациясының біртіндеп жоғарылауымен байланысты. Тісті тетануста Ca2+ иондарының бір бөлігі Ca2+-АҮФ-азаның көмегімен саркоплазмалықретикулумге қайта оралады, ал жеке жиырылудың босаңсу кезеңінде Ca2+ иондары концентрациясы қалыпты жағдайға келеді (10-8 М).
Үлестірмелі материалдар.кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1.Бұлшық ет физиологиясы
2.Жиырылғыштық қасиеті дегеніміз не?
3.Бұлшық еттің морфологиялық белгілері
№5. Тақырып.Ас қорыту жүйесі анатомиясы
Мақсаты.
Ішкі ағзалардың асқорыту жүйелерінің құрылысын және қызметік ерекшеліктерін оқып білу. Асқорыту жүйесіне түсінік беру, іш қуысының ағзаларының топографиясын білу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Ішкі ағзалар viscerasplanchna деп негізінен дене қуыстарында (кеуде, іш, жамбас астауында) орналасқан ағзаларды айтады. Оған асқорыту, тынысалу және несеп жыныс жүйелері жатады. Ішкі ағзалар зат алмасуға қатысады, тек көбею қызметін атқаратын жыныс ағзалары ғана оған жатпайды. Асқорыту жүйесі, systemadigestorium тағамды механикалық және химиялық жолмен өңдеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, қалған бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын ағзалар кешені болып табылады. Адамның асқорыту жолының ұзындығы 8-10 м және ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек және тоқ ішек деген бөлімдерге бөлінеді.Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады.
Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын – ас қорыту мүшелерінде болады.
Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.