Файл: авимед кпсалалы колледжі бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 225

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрылысы.


Бұлшықет талшығының құрылысы.

Қан тамырлар жүйесінің жұмысы, жүректің қызметатқаруы, ас-қорту жолының жұмысы, кеңістікте дененің қозғалысы мен қимыл-тұрпаттың бір деңгейде болуы адам мен омыртқалы жануарларда бұлшықеттінің екі типімен іске асырылады, көлденен жолақты( қаңқа бұлшықетті, жүрек бұлшықетті) және тегіс. Олар бір-бірінен бір клеткалық және тканьдік құрылыммен, екі иннервациямен, үш қызметтену механизмінің дәрежесімен ерекшеленеді.

Бұлшықет қызметі.

1. Адам денесінің кеңістікте қалпын сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Кеңістікте дененің орын ауыстыруын, жүріп тұруын қамтамасыз етеді.

  2. Қимылдыіскеасырады.

  3. Жылукөзіретіндежылудыреттеуқызметтінатқарады. Бұлшықеттіңқызметтеубарысындаөтекөпмөлшердежылубөлінеді.

Барлықбұлшықеткетән физиология қасиеттері.

  1. Қозғыштық-тітіркендіргіштіңәсерінеәрекет потенциалы мен иондықөткізгіштіөзгерту мен жауапбереді;

  2. Өткізгіштік- бұлшықетталшығыныңтұлабойыменжәнетереңәрекетпотенциалынөткізуқаблеттілігі;

  3. Жиырылғыштың-қозукезіндеқысқарыпнемесебосаңсужәнекернеуліктідамытуқаблеттілігі.

  4. Серпімділік- бұлшықетсозылғандакернеуліктідамытуқаблеттілігі.

Бұлшықеттамырыныңқұрылысы.

Бұлшықетталшығыкөпядролықұрылымболыптабылады. Олмембранаменқоршалған. Ондаарнайыжиырылғыш аппараты меофибрилдер, митохондрия, Ка көлденеңорналасқантүтікшелікжүйе- саркорлазматикалыққұрылымжәнетігіненорналасқантүтікшелікжүйе-түтікшежүйесіболады. Ол Са2+толтырылған цистерлатәрізді.

Бұлшықетклеткасыныңжиырылуаппаратыныңқыз-дыңбірлігі-саркомер. Осы саркомерденмиофибриллалартұрады.миофибрилдердесаркомерлертізбектеліпорналасқан. Сондықтан да саркомердіңжиырылуы мен миофибрилдержиырылады да бұлшықетталшығыныңқысқарутуады.

Миофибрилдер актин жәнемеозинжіпшелерінентұрады.актингеқарағандамеозинжуанболыпкеледі. Ал актин жіпшелеріндебелогыорналасқан. Тропомиозинтропонинжәнемеозинбелогынантұрады. Тропонин мен тропомиозин актин мен меозинніңөзараәрекеттесумеханизміндеөтеқажетті роль атқарады. Саркомердіңорталығында, актин жіпшелерініңарасындажуанжіпшемеозинорналасқан.

2. Бүлшықеттініңжиырылуыныңтәртібі мен түрлері.


Бұлшықеттініңжиырылуыныңтәртібіүшкебөлінеді.

  1. Бұлшықеттіңизотониялық (изос- тұрақты, тонус-кернеулік) жиырылутәртібідегенімізбұлшықетталшығыныңеркінтүрдеқысқаруыкезінде, бұлшықетталшығының тек ұзындығыөзгереді де, ал кернеулігіөзгермейді. Мысалы :жүктіеркінтүрдекөтеру.

  2. Бұлшықеттініңизометриялықжиырылутәртібідегенімізбұлшықетталшығыекіжақтанбекітіліп, еркінтүрдеқысқараалмағанда, бұлшықетталшығыныңұзындығыөзгермейді де ал кернеулігіөзгереді.

Организмдебұлшықеттіңтабиғижиырылуыешуақытта тек қанаизотониялықнемесе тек қанаизометриялықболмайды. Өйткенібұлшықетжұккөтереотырыпқысқарады да өзініңкернеуліктіңдамуынанбұлшықеттіңұзындығықысқарады да, олбұлшықеттіңауксотониялықжиырылутәртібідепаталады.

Бұлшықеттініңнемесеоныңинервациялайтынқозғалыс (двигательн) жүйкесінбірғанаәсермен (стимулмен) тітіркендірудібұлшықеттінңжекежиырылуыдепаталады. Онданегізгіекі фазаны айыруғаболады.

б .Жиырылукезеңі .

в .Босаңсукезеңін.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

  1. Қаңқа б/ет. Физиологиялық қасиеттері.

  2. Б/ет жиырылуының түрлері. Жеке жиырылу және оның кезеңдері.

  3. Тетанус, түрлері, механизмі.

  4. Б/етқажуы, оқшауланғанб/ет пен біртұтасағзаныңқажуқағидасы.


23Тақырып.Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмі. Бұлшықеттің күші мен жұмысы.
Мақсаты. Бұлшықетттердің құрылымдардың ерекшеліктері туралы білім беру, бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру,негізгі бұлшықет жиырылу түрлерін және синапс жұмысы механизмін салу.
Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

СИ жүйесі бойынша күш ньютон (Н) бірлігімен өлшенеді. Бұлшықеттің күші оның жиырылған кезіндегі көтере алатын ең үлкен (максималды) жүгімен анықталады. Мұндай күшті бұлшықеттің «жалпы» (максималды) күші дейді және бұл күш ет талшықтарының санына, оның әр қайсысының жуандығына байланысты. Бұлшықеттің жалпы күшінің оның анатомиялық көлденең кесіндісінің ауданына қатынасын оның абсолюттік күші деп атайды. Ап бұлшықеттің анатомиялық көлденеңі деп еттегі барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын айтады. Мұнымен қатар бұлшықеттің физиологиялық көлденең кесінді ауданы деген де ұғым бар. Егер ет талшықтары бір-бірімен қатар жатса, онда бұлшықеттің жинақы физиологиялық көлденең кесіндісі оның анатомиялық көлденеңіне тең болады. Ал ет талшықтары құстың жүні тәрізді қиғаш (мысалы, балтыр бұлшықеті) орналасса, онда әр талшықтың қақ ортасынан өтетін көлденең сызығының ауданы (физиологиялық көлденең ауданы) анатомиялық ауданынан жоғары болады. Сондықтан мұндай еттердің күші жоғары болады. Бұлшықеттің жалпы күшінің (Н) оның физиологиялық көлденең кесіндісіне қатынасын еттің «меншікті» күші (Н/см2) деп атайды. Еттердің меншікті күші 50-150 Н/см2 шамасында болады. Кейде меншікті күшті кг/см2 деп те белгілейді. Мысалы, үшбасты бұлшықетте – 17 кг/см2, иықтың бүккіш етінде – 8 кг/см2, балтыр бұлшықетінде – 1 кг/см2, т. б. болады. Бұлшықеттің жұмысы. Тіршілікте қаңқа бұлшықеттері организмнің кеңістіктегі алуан түрлі қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді және жүк көтеріп ұстап түра алады немесе оны белгілі бір жерге дейін жылжытып апарады. Мүның бәрі статикалық және динамикалық жұмыс болып есептеледі. Математикалық тұрғыдан қарағанда жұмыс мынандай теңдікпен анықталады: W = L x D, мұнда W –атқарылатын жұмыс, L – жүктеме (ауырлық), D – қашықтық. Жұмыс «Джоуль»- мен немесе «кгм»-мен белгіленеді. Жұмыс атқарудағы бұлшықеттің жиырылуына қажет энергия көздері: АҮФ,

креатинфосфат концентрациясы, ет жасушаларында жинақталған гликогеннің ыдырауы (гликолиз) және ет жасушасындағы тотықтырушы метаболизм. Жұмыс істегенде көтеретін ауырлықтың мөлшері орташа болса, жұмыс нәтижелі және ұзақ атқарылады. Бұл жұмыстың орташа ауырлық заңы. Жұмыс нәтижесі және тиімділігі оның ырғағына (ритміне) да байланысты. Орташа ырғақты жұмыс істегенде адамның жұмыскерлігі ұзаққа созылып, жұмыс көп істеледі. Мұны жұмыстың орташа ырғақ заңы деп айтады. Бұлшықеттің қажуы. Бұлшықет ұзақ және қүшті жұмыс атқару кезінде оның жиырылу күші мен қатаюы біртіндеп төмендей береді де қажу жағдайына түседі. Бірақ қажу уақытша құбылыс, біраз үзіліс жасап етті тынықтырса, ол қайтадан жиырыла бастайды, яғни дем алған соң бұлшықеттің жұмыскерлігі бұрынғы қалпына келеді. Қажудың пайда болуы ұзақтығы жұмыстың ырғағы мен жүктің ауырлығына байланысты. Ауыр жүк немесе жиі ырғақты жұмыс бұлшықетті тез қажуға келтіреді. Сондықтан жүктің ауырлығы мен жұмыстың ырғағы орташа дәрежеде болса, бұлшықеттің қызметі де нәтижелі болады. Бұлшықеттің қажу сызығын – эргограмманы алғашқы рет И.М.Сеченов жазып алған. Оның айтуы бойынша, бір қолдың еттері қажуға түскенде, екінші қолмен жұмыс істесе, еттердің қажудан кейінгі бұрынғы қалпына келуі жылдам болады. Сөйтіп, И.М. Сеченов толық организмнің жұмыскерлік қабілетін сақтау үшін алғашқы рет «белсенді демалыс» ілімін енгізді. Қажудың пайда болу себептерін түсіндіретін қағидалар өте көп, солардың ішінде: «әлсіреу» теориясы бойынша – энергия қорының әсіресе гликогеннің азаюы, «улану» теориясы – сүт, фосфор қышқылдарының және басқа да ыдырау өнімдерінің жиналуы, «тұншығу» теориясы – оттегінің жетіспеуі және т.б. Бұл пікірлер бұлшықеттің қажу сырын толық анықтамағанымен, оның жеке себептерін көрсетеді. Ал тұтас организмде бұлшықеттердің бәрі жүйке талшықтарымен қамтамасыз етілген және арасында мионевралды түйіспе орналасады. Міне осы түйіспеде қажу тез дамиды. Мұндай түйіспелер орталық жүйке жүйесінде де өте көп мөлшерде болады. Яғни қажу құбылысы тұтас организмде орталық жүйке жүйесінде байқалады.

Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

  1. Қаңқа бұлшықеттерінің қасиеттері.

  2. Жеке жиырылу және оның кезеңдері.

  3. Тетанус, түрлері, механизмі.




24 Тақырып.Ауыз қуысы, тіл, тіс. Сілекей бездерінің құрылысы.
Мақсаты. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құруын студенттерге үйрету
Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.

Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.

Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.

Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) депАс қорыту жүйесі және оның жастық ерекшеліктері

Ас қорытудың маңызы.Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады.

Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын – ас қорыту мүшелерінде болады.

Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.


Бұл химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы
бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші «кеуіп» мазасы кетеді.

Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.

Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы.Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.