Файл: авимед кпсалалы колледжі Клиникалы пндер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 137

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Менингококкты менингоэнцефалит ауыр ағыммен сипатталған. Ми симптоматикасы тез күшейеді. Бірінші тәуліктің соңы мен 2-ші тәуліктің басында терең сопор түріндегі ақыл-естің бұзылуы дамиды. Онымен қатар менингеальды белгілер де үдейді. Аурудың басталуынан 1 тәуліктен соң көпшілік науқастарда менингеалды қалып байқалған (науқас бір бүйіріне қарай аяқтарын бүгіп, басын шалқайтып жатады). Науқастарда тез арада психикалық бұзылыстар, толық немесе жарым-жартылай амнезия, көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе депрессиялық жағдай дамиды.

Менингитсіз менингококкемия сирек тіркелген. Аурудың жеңіл ағымында дене қызуы –38-39°С жоғарылайды. 1-ші сағаттарында-ақ аяқ-қолдың терісіне, кеудеге мардымсыз жұлдызша түріндегі қанталаған бөртпе шығады (диаметрі 2-3 мм). Аурудың орташа түрінде дене қызуы - 40°С тез арада көтеріледі. Геморрагиялық көп бөртпелер сирақ, жамбас, шап және қолтық асты терілеріне, ішке және кеудеге шығады. Бөртпелердің көлемі 3-7 мм-ге дейін өсуі мүмкін. Ал ауыр түрінде бұл бөртпелердің көлемі 5-15 см дейін үлкейеді. Көз шеліне, көздің дәнекер қабығына, мұрын жұтқыншағының шырышты қабықтарына қан құйылулар байқалған. Сондай-ақ мұрыннан, асқазаннан, жатырдан қанның кетуі мүмкін. Ересектердің ауыр және өте ауыр менингококкемиясы менингитпен сәйкес келеді. Науқастарда эндокардит, миокардит, перикардит типтері бойынша жүректің зақымдануы, ірі қан тамырларында қанның ұйысуы, токсикалық-инфекциялық шок сияқты асқынулар байқалады.

Асқынулары. Жас адамдарда ең қауіпті және жиі кездесетін аурудың асқыну түрлері - жедел ми ісігі және де токсикалық-инфекциялық шок. Жедел ісік пен ми ісігі аурудың 1-ші тәулігінің соңы мен 2-ші тәуліктің басында жиі пайда болады. Демікпе тез күшейеді (1 мин. 50-60 дейін тыныс алумен), науқастың демі сырылдап шығады. Өкпе ісігі дамып, гемипарездер пайда болады.

Менингококкемияның ауыр ағымында токсикалық-инфекциялық шок білінеді. Науқастарда жоғары қызбамен қатар, дене қызуы қалыпты деңгейге түседі. Сырқаттың терісі бозарып, тамырдың соғуы жиілейді. Қан қысымы төмендеп, цианоз, демікпе ұлғаяды. Дәреттің бөлінуі тоқтайды. Қарқынды емдеу шараларынсыз, шоктың алғашқы белгілерінің пайда болу сәтінен бастап, 6-60 сағаттан кейін өлім қатері тууы мүмкін.


Диагностикасы. Аурудың диагностикасы клиникалық және эпидемиологиялық мәліметтерге негізденген. Ең маңызды клиникалық белгілерге: аурудың жедел басталуы, ағзаның улануы-жоғары дене қызуы, қалтырау, тәбеттің жойылуы, ұйқының бұзылуы, көз алмаларының ауыруы, бұлшықеттердің ауырсынуы, қозу: үдеуші менингеалді синдром - бас ауыруы, гиперестезия, жүрек айну, лоқсу, сіңір және периостальды рефлекстер. Желке бұлшықеттерінің сіресуі, Кернинг және Брудзинский симптомдары оң мәнді. Орынды түрде емдеу науқастың толық жазылуына алып келмек. Ауруханада ерекше диагностикалық маңызды люмбальды пункция алынады. Ликвордың түсі “лайлы“, цитоз нейтрофильді, қант пен хлоридтердің мөлшері төмендеген, белок мөлшері жоғарылаған, Панди және Нонни-Аппельт тұнба реакциялары оң мәнді..

Менингококкемияны қызылшадан, қызамықтан, Шенлейн-Генох ауруынан ажырату керек.

Менингококкты инфекцияның эпидемиялық өршу жағдайында этиологиялық диагноз қиындық тудырмайды. Ал кездейсоқ жағдайларда дұрыс диагнозды қою едәуір қиын. Диагностика үшін менингеалды синдроммен қатар менингококкемиялық бөртпенің маңызы зор. Бактериологиялық тексеруге мұрын-жұтқыншақтан жағынды, қан мен жұлын-ми сұйықтығын алады. Зерттеудің экспресс-әдістері де маңызды: пассивті гемагглютинация реакциясы, коагглютинация, иммундыферментті анализ, латекс-агглютинация әдістері қолданылады.

Емдеуі. Ерте басталған және адекватты терапия науқастың өмірін сақтауға мүмкіндік бермек. Аурудың жедел кезеңінде этиотроптық және патогенетикалық емдерді қоса отырып, комплексті терапияны жүргізеді. Этиотропты терапияның негізгі препараты -бензилпенициллин, оны тәулігіне науқастың дене массасының 1 кг-на 200-300 мың бірліктен есептеп тағайындайды. Препаратты 4 сағат аралығымен бұлшықет ішіне енгізеді. Бір мезгілде кофеин бензоат натрийді (1 реттік дозада 4-5 мг/кг), лазикс (15-20 мг/кг), натрий хлориді мен глюкозаның (15-20 мл/кг) ерітінділерін белгілеу тиімді болып саналады. Бұл препараттарды 8 сағат аралығымен күре тамырға енгізеді. Терапияның ұзақтығы 6-7 тәулік. Емдеу барысында пенициллиннің тәуліктік мөлшерін төмендету, сондай-ақ көрсетілген патогенетикалық емді қайта-қайта ауыстыру жарамайды.

Левомицетин-сукцинатты 1,0-1,5 г күре тамырға немесе бұлшықет ішіне 8 сағат сайын, рифампицинді пероральды 0,6 г-нан 8 сағат сайын қолданады. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрлерінде таңдаулы антибиотиктерге бензилпенициллин, ампициллин, цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидим сияқты препараттар жататын болса, ал альтернативті топқа рифампицин, левомицетин, меропенем қарастырылады.



Күре тамырдың қысымы бірден түсіп кеткен жағдайда қосымша күре тамырға 1 мл 1% мезатон ерітіндісі, 500 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі енгізіледі. Ауыр түрдегі науқастарға кең спектрлі этиотропты препараттарды (цефалоспориндер, фторхинолондар, аминогликозидтер және т.б.) тағайындайды. Пенициллинді тәулігіне 32-40 млн. бірлікте қолдану керек. Токсикалық-инфекциялық шок дамығанда немесе ми ісігінде қанда едәуір гипопротеинемия байқалса, 1-ші тәулікте күретамырға альбумин (20%, 10%, 5%) ерітіндісін енгізу керек.

Денсаулығын қалпына келтіру ұзаққа созылған кезде науқастар дәрумендерді (ундевит, гексавит), глицерофосфат кальцийді 0,5 г-нан күніне 2 рет және глютамин қышқылын 1г-нан күніне 2 реттен алуы қажет.

Жедел назофарингит кезінде мұрын- жұтқыншақты фурациллин ерітіндісімен шаю керек.

Болжамы. Өлім қаупі 5-6%-дан 12-14%-ға дейінгі деңгейді құрайды. Менингитпен ауырған науқастарда астения синдромы жиі байқалады. Менингит энцефалитпен үйлескенде, сал ауруы мен шала салданулар білінуі мүмкін.

Алдын алу шаралары. Этиотропты терапия тоқтаған соң, 3 тәуліктен кейін бактериологиялық тексеру жүргізіледі. Бөлмеге дымқыл тазарту жұмысы жүргізіліп, дезинфекциялаушы ерітінділер пайдаланылады, ыдыстар мен ойыншықтарды қайнату керек. Ошақта науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар 10 күнге бақылауға алынады. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрімен ауырып, жазылғандар невропатолог-дәрігерде 2-3 жылдай диспансерлік бақылауда болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. 1   2   3   4   5


Менингококты инфекцияның қоздырғышы?


  • Менингококты инфекцияның клиникалық көріністері?


  • Менингококты инфекция қалай емделеді?


  • Менингококты инфекцияның асқынулары?

    Симуляциялық сабақ № 1

    Жұмыстың атауы: Люмбальдық пункция жасау

    Жұмыстың мақсаты: Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) инфекциясына күдік (жедел бактериалды менингит, вирустық менингит, энцефалит, субакуталық немесе созылмалы менингит)

    Күдікті склероз немесе аутоиммунды энцефалит (мысалы, анти-NMDAR энцефалиті)

    Нейробейнелеу кезінде диагноз қойылмаған спонтанды субарахноидальды қан кетуге күдікті немесе дереу нейровизуализация мүмкін болмаса

    Идиопатиялық бас сүйек қысымы гипертензияға күдік

    Бас сүйек қысымы гипотензияға күдік

    ОЖЖ басқа бұзылулары, соның ішінде Гийен-Барре синдромы, лептоменингеальді метастаздар (карциномаозды менингит), генетикалық энцефалопатиялар

    Миелография үшін радиопакетті агент енгізу

    Қажетті құрал-жабдықтар:

    • стерильді қолғаптар;

    • стерильді қысқыштар;

    • этил спирті (70%) немесе теріні емдеуге арналған хлоргексидиннің 0,5% спирт ерітіндісі;

    • лейкопластырь және стерильді шарлар;

    • 5 мл сыйымдылығы бар 5 шприц және оларға арналған инелер;

    • пункция орнын жансыздандыруға арналған 0,25% немесе 0,5% новокаин ерітіндісі;

    • Субдуральды және эпидуральды кеңістікке инъекцияға арналған 1-2% тримекаин ерітіндісі;

    • ұзындығы 10-12 см мандринмен стерильді инелер (белдік пункцияға арналған Бир инесі);

    • цереброспинальды сұйықтықты жинауға арналған стерильді түтіктер.

    Жұмыстың мазмұны:Менингококты инфекция - менингококктар қоздырып, ауа-тамшылы жолмен жұғатын, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен, ерекше септицемиямен (менингококкемиямен) сипатталатын, клиникалық көріністері кең диапазонды – бактериятасымалдаушылықтан назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропонозды жедел жұқпалы ауру.

    Әртүрлі клиникалық көріністері болуына байланысты көптеген аурулармен салыстырмалы диагностика жасау кезінде қиындықтар туады. Бұл аурудың ауыр түріне шалдыққан балалар мен жас адамдарда ұзақ уақытқа қалдық өзгерістер сақталу қаупі жоғары.

    Жұмыстың орындалу реті:

    1.Қолды жылы сумен жуып, спиртпен өңдеп, бір реттік резеңкелі қолғап киды.


    2. Науқасты бір қырымен жатқызамыз, аяқтары ішіне қарай бүгілген, иегі кеудеге тиген, арқасы жазылған, іші тартылған болуы қажет.

    3.Пункциялық нүктені анықтады. Қасаға сүйек қырларын біріктіретін омыртқа мен шартты линия қиылысы арасынан Якоби линиясын L4 - L5 тауып алды. Міндетті түрде L3 - L4 және төменде жатқан L5 - S1 аралығын пальпациялады.

    4. Пункциялық алаңды йодпен, кейн этил спиртімен ортадан шетке қарай өңдеді. Пункция орнын 5 % новакаин ерітіндісімен жансыздандырады. Пункция жасар алдында міндетті түрде ине мен мандренді бірнеше рет тексерді. Пункциялық инені кішкене еңкейтіп ұстаймыз.Ине қатты ми қабатынан өткенде бос қуысқа енген секілді сезім болады, бұл иненің дұрыс еңгенің көрсетеді.

    5. Инені субарахноидиялық қуысқа жеткізді, мандренді абайлап алғанда ликвордың шығуынан байқайды. Ликворды дайындаған жылы (370 градус) стерильды пробиркаға жинап анализге жіберді.

    6. Инені тез шығарып, пункция орнын йодпен өңдеп стерильды салфетка жабыстырды. Науқасты етпеттен жастықсыз 2 сағатқа жатқызып, тәулік бойы тұрмауға ұсынды.

    7. Қолданған медициналық заттарды дезинфектантпен өндеді. Қолдарын ағынды суға жуып, резеңке қолғаптарын шешті.

    Қорытынды:Білім алушылар науқасқа люмбалды пункция жасау шараларын үйренді. Люмбалды пункция кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.

    Симуляциялық сабақ № 2

    Жұмыстың атауы: Тағамдық токсикоинфекция кезінде алғашқы көмек

    Жұмыстың мақсаты:Тағамдық токсикоинфекция кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету

    Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, фартук, шелек, воронка, жылы су, зонд, пробиркалар.

    Жұмыстың мазмұны:

    Тағамдық токсикоинфекция - бұл салмонелла, стафилакокктар, протей топтарындағы бактериялар түрімен және басқа да шартты патогенді микроорганизімдермен шақырылатын жедел инфекциялық аурулардың үлкен тобы.

    Ауру тамаққа бактериялар және олардың тіршілігінде тағы басқа токсикалық өнімдермен бүлінген тағамдарды пайдаланумен байланысты. Инкубациялық кезеңі қысқа, сапасыз тағамды пайдаланған уақыттан бастап 2-ден 12-14 сағатқа дейін созылады. Асқазан ішек жолының қай бөлімінің басым зақымдалуына байланысты, тағам токсикоинфекциясы жедел гастрит, гастроәнтероколит, жедел әнтерит, түрінде өтуі мүмкін.

    Жұмыстың орындалу реті:

    1.Қолды жылы сумен жуып, спиртпен өңдеп, бір реттік резеңкелі қолғапты киді.

    Манипуляциялар жасау кезіндегі науқастың жағдайларын атау: отыру немесе сол жақ қырына жатқызу (егер науқас есінен таңған болса). Науқастың отырған жағдайын демонстрациялау үшін оның басын төмен қаратып және денесін сәл алға еңкейту керек.