Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 311
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
505. ҚҚҰ-ның жұмысты толық аяқтағандығы туралы хабарлама жазбаша түрде немесе электрондық құжат айналымы арқылы беріледі.
Хабарламада наряд бойынша жұмыс толық аяқталғандығы, бригада (бригадалар) жұмыс учаскесінен шығарылғандығы, жұмыс орындары тексерілгендігі (материалдар, аспаптар, құрылғылар және өзгелері жиналғандығы, ҚҚҰ персоналы орнатқан жерге қосу, қоршаулар, қауіпсіздік белгілері мен плакаттары алынғандығы) көрсетіледі.
Ескерту. 505-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
506. Жұмыстың толық аяқталғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін пайдалануға беруші кәсіпорын өткізушісінің орнатқан жерге тұйықтау құралдарын, қоршауларды, қауіпсіздік белгілерін (плакаттарын) алуға және электр қондырғысын қосуға құқығы бар.
| Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 1-қосымша |
Электр техникалық (электр технологиялық) персоналдың электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама топтары және оларды беру жағдайлары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобы | Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобын растау үшін электр энергетикасы саласында орындалатын жұмыстардың ең аз өтілі (мерзімі) | Лауазымдық нұсқаулықта белгіленген талаптар шеңберінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобын растау үшін білімнің ең аз көлемі |
1 | 2 | 3 |
1 топ | Жұмысқа орналасқан сәттен бастап бір айдың ішінде, сондай-ақ білімді біліктілік тексеру нәтижелері бойынша электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік рұқсаттама тобын растамаған адамдар үшін электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімде. | 1) Адам ағзасына электр тоғының қаупі туралы қарапайым білім; 2) Лауазымдық нұсқаулық шеңберінде электр сымына қосу (электр розеткасы арқылы) және қорғаныс құралдарын (қаптамасын, панелін) алмай және электр ашасын, розетканы, адыратқышты, автоматты бөлшектемей тұрмыстық және кеңсе техникасын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау көлемінде. |
2 топ | Бұрынғы электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобымен жұмыс істеу кезеңінде кемінде 72 сағат бағдарлама бойынша оқығаннан кейін. | 1) Бұрынғы электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобы көлеміндегі білім, сондай-ақ бекітілген электр қондырғылары мен жабдықтары туралы қарапайым техникалық білім; 2) Электр жетегімен, электрмен пісірумен (өздігінін қосусыз), термиялық қондырғылармен, жүк көтергіш машиналармен, жылжымалы машиналармен және электр жетегі бар механизмдермен, қол электр машиналарымен және электр желісінің кернеуі 1000 В (бір мың вольт) дейінгі басқа да жылжымалы электр жабдығымен (құралымен) қауіпсіз жұмыс істеудегі білім. Электр қауіпсіздігі бойынша екінші рұқсаттама тобы кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жұмыстарды жүргізуге және соның ішінде оларда электр тоғы мен кернеу болмаған кезде қорғаныс құралдарын (қаптаманы, панельді) алуға және электр ашаларын, розеткаларды, ажыратқыштарды, автоматтарды бөлшектеуге мүмкіндік береді; 3) Электр тоғының қаупі, тоқ өтетін бөліктерге жақындау қаупі туралы айқын түсінік, сондай-ақ электр энергетикасы саласында, оның ішінде электр қорғаныс құралдары мен құрылғыларын пайдалану арқылы жұмыс істеу кезіндегі білім. |
3 топ | Бұрынғы топта 3 ай, ал электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ және одан жоғары рұқсаттама тобын бұрын растаған адамдар үшін жұмысқа орналасқан сәттен бастап бір ай аяқталғаннан кейін. | 1) Электр қауіпсіздігі бойынша бұрынғы рұқсаттама тобы көлеміндегі білім; 2) Мыналарды: сеніп тапсырылған электр қондырғыларына өздігінен қызмет көрсету, аралау, қарап-тексеру, қосу және өшіру және оның ішінде кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларындағы электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде), сондай-ақ жөндеу немесе баптау бригадаларын осы электр қондырғыларына жіберуді; электр қондырғыларында, автоматика сымдары мен аспаптарында жөндеу жұмыстарын өздігінен өндіру, энергетика объектілерінде, сондай-ақ тұрмыстық және кеңсе техникасында пайдаланылатын станоктар мен машиналарды (стационарлық және жылжымалы) есепке алу, тіркеуді; құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-баптау жұмыстары бригадасының құрамында, соның ішінде электр қондырғыларындағы сынау-өлшеу, автоматика сымдары мен аспаптары бойынша энергетика объектілерінде пайдаланылатын станоктар мен машиналарды (стационарлық және жылжымалы) есепке алу, тіркеуді орындауға арналған білім; 3) Жұмысты қауіпсіз жүргізуді және электр қондырғыларында жұмыс істеп жатқан адамдарды қарауды қамтамасыз ете білу; 4) Зардап шегушіні электр тоғының әрекетінен босата білу. |
4 топ | Бұрынғы топта 6 ай, ал электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсаттама тобын бұрын растаған адамдар үшін жұмысқа орналасқан сәттен бастап бір ай аяқталғаннан кейін. | 1) Электр қауіпсіздігі бойынша бұрынғы рұқсаттама тобы көлеміндегі білім; 2) Мыналарды: өздігінен қызмет көрсету, диспетчерлік және шұғыл келіссөздер жүргізу, электр қондырғыларын аралау, тексеріп-қарау, қосу, ауыстырып қосу және өшіру, оның ішінде кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде), сондай-ақ жөндеу немесе баптау бригадаларын осы электр қондырғыларына жіберуді; бригаданың құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-баптау және оның ішінде лауазымдық нұсқаулық шеңберінде сынау-өлшеу бойынша жұмыстарды орындауы кезінде басшылық. әкімшілік-техникалық персоналдың лауазымдық нұсқаулығына сәйкес кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғылары бар электр шаруашылығына (учаскеге, объектіге) жауапты адам ретінде ұйым жұмыстарына басшылық ету; өздігінен қарап-тексеру және оның ішінде электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде), электр энергетикасы саласындағы сарапшы, жобалау ұйымдарының мамандары, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшылар немесе мамандар (энергоаудиторлар) үшін; өздігінен қарап-тексеру және оның ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі басшылары мен мамандарының электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша в схемах (системах) учета электрической энергии руководителями и специалистами служб безопасности и охраны труда организаций по вопросам электробезопасности, контроля и принятия мер по выявленным нарушениям организации в рамках должностной инструкции. орындауға арналған білім; 3) Электр қондырғыларында жұмыс істеу кезіндегі өауіп туралы толық түсінік; 4) Персоналды қауіпсіздік техникасы қағидаларына оқыту білу. |
5 топ | Бұрынғы топта 12 ай, ал электр қауіпсіздігі бойынша V рұқсаттама тобын растаған адамдар үшін жұмысқа орналасқан сәттен бастап бір ай аяқталғаннан кейін. | 1. Электр қауіпсіздігі бойынша бұрынғы рұқсаттама тобы көлеміндегі білім. 2. Мыналарды: 1) әкімшілік-техникалық персоналдың лауазымдық нұсаулығына сәйкес, кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғылары бар электр шаруашылығына (учаскеге, объектіге) жауапты адам ретінде ұйымдағы жұмыстарға басшылық ету; 2) өздігінен қарап-тексеру және оның ішінде электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде), электр энергетикасы саласындағы сарапшы, жобалау ұйымдарының мамандары, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшылар немесе мамандар (энергоаудиторлар) үшін; 3) өздігінен қарап-тексеру және оның ішінде самостоятельного осмотра, и в том числе в схемах (системах) учета электрической энергии руководителями и специалистами служб безопасности и охраны труда организаций по вопросам электробезопасности, контроля и принятия мер по выявленным нарушениям организации, при условии требований их должностной инструкцией. 3. Электр қондырғылары схемаларын, жабдықты құрастыруды, өндірістің технологиялық процестерін білу. 4. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыра білу және кез келген кернеудегі электр қондырғыларындағы жұмысқа тікелей басшылық етуді жүзеге асыра білу. 5. Қызметкерлерге нұсқаулықты жүргізу кезінде қауіпсіздік шаралары жөніндегі талаптарды нақты белгілей және баяндай білу. 6. Персоналды қауіпсіздік техникасы қағидаларына, алғашқы медициналық көмек көрсетудің практикалық тәсілдеріне оқыта білу. |
Ескертпе:
1) кестеде келтірілген электр қауіпсіздігіне қатысты персоналға қойылатын талаптар ең аз және ұйым басшысының шешімімен лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген талаптарға сәйкес толықтырылуы мүмкін;
2) электр қауіпсіздігі бойынша бірінші рұқсаттама тобы электр-техникалық персоналға таралады. Өндірістік персоналдың І топқа жатқызылуын талап ететін мамандық, жұмыс орындарының тізбесін ұйым басшысы белгілейді. Өндірістік қызметіне жатқызылатын электр қауіпсіздігі бойынша талаптарды игерген персоналға белгіленген нысандағы журналда ресімделетін І топ беріледі (осы Қағидаларға 6-қосымша). І топты беру беру нұсқаулықты жүргізу арқылы беріледі, әдетте, ауызша сұрау нысанында және (қажеттілік болған жағдайда) алынған қауіпсіз жұмыс тәсілдері дағдысын тексеру нысанында білімді тексерумен аяқталуы тиіс. І топты беруді ұйым басшысының өкімімен тағайындалған, ІІІ төмен емес топқа ие электр-техникалық персонал арасынан шыққан қызметкер жүргізеді;
3) электр қауіпсіздігі бойынша бірінші рұқсаттама тобы ұйым персоналының электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобы төрттен төмен болмайтын адамның бірге жүруінсіз электр қондырғыларының жанына тікелей жақындауға мүмкіндік бермейді;
4) электр қауіпсіздігі бойынша екінші, үшінші, төртінші және бесінші рұқсаттама тобы электр-техникалық немесе технологиялық персоналға жататын ұйым персоналының арасынан шыққан адамдарға беріледі. Олардың қызметі лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, жеке қажеттіліктерін өндіру және электр, жылу энергиясын тұтыну бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары нормаларын сақтаумен байланысты лауазымдық нұқсаулыққа сәйкес;
5) электр қауіпсіздігі бойынша екінші рұқсаттама тобы электр қауіпсіздігі төрттан төмен болмайтын рұқсаттама тобы бар адамның еріп жүруі арқылы электр энергетикасы саласындағы объектіге (жабдыққа, қондырғыларға) баруға мүмкіндік беретін ұйым персоналы арасынан шыққан адамдарға беріледі;
6) Электр қауіпсіздігі бойынша үшінші рұқсаттама тобы осы 1-қосымшаның 5-тармақшада) көрсетілген нормалардан басқа, ұйым персоналының арасынан шыққан адамдарға беріледі, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес сеніп тапсырылған электр қондырғыларында мыналарды:
кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларына қызмет көрсету, қосу және өшіру, соның ішінде электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде), сондай-ақ жөндеу немесе баптау бригадаларын осы электр қондырғыларына жіберуді жүзеге асыру;
электр қондырғыларындағы құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске-қосу-баптау жұмыстарын, оның ішінде сынау-өлшеу бойынша жұмыстарды қарау;
бригадалар жұмысында жұмыс өндірісін бақылаушы персонал ретінде қатысуды өздігінен жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
7) электр қауіпсіздігі бойынша төртінші рұқсаттама тобы қызметі осы 1-қосымшаның 5 және 6-тармақшаларында көрсетілген нормалардан басқа ұйым персоналының арасынан шыққан адамдарға беріледі, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық шеңберінде өздігінен шешеді:
диспетчерлік және шұғыл келіссөздерді жүргізу, аралауды, қарап-тексеруді, бақылауды жүзеге асыру және электр қондырғыларын қосуға, ауыстырып-қосуға және өшіруге өкім беру және оның ішінде электр қондырғыларындағы электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде);
кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларына қызмет көрсету, қосу және өшіру және оның ішінде электр қондырғыларындағы электр энергиясын есепке алу схемаларында (жүйелерінде), сондай-ақ жөндеу немесе баптау бригадаларын осы электр қондырғыларына жіберуді жүзеге асыру;
бригаданы құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-баптау жұмыстарын және оның ішінде 1000 В дейінгі электр қондырғыларындағы сынау-өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға жіберу бойынша нарядтар мен өкімдерді беру;
кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғылары бар электр шаруашылығына (учаскеге, объектіге) жауапты адам ретінде мәселелерді шешу;
8) электр қауіпсіздігі бойынша бесінші рұқсаттама тобы қызметі осы 1-қосымшаның 5, 6 және 7-тармақшаларында көрсетілген нормалардан басқа ұйым персоналының арасынан шыққан адамдарға беріледі, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық шеңберінде өздігінен шешеді:
кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғылары бар электр шаруашылығына (учаскеге, объектіге) жауапты адам ретінде мәселелерді шешу;
бригаданы құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-баптау жұмыстарын және оның ішінде 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы сынау-өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға жіберу бойынша нарядтар мен өкімдерді беру.
| Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Электр қондырғыдағы жұмыс үшін наряд түрі
(нарядтың оң беті)
Кәсіпорын ___________________________________________________________
бөлімшесі ___________________________________________________________
НАРЯД № _________
Жұмыстың санаты _____________________________________________________
Жұмыс басшысына рұқсат етушіге ______________________________________
Жұмыс өндірушіге ________________ бақылаушыға _______________________
Бригада мүшелерімен
_____________________________________________________________________
Жұмыс категориясы ___________________________________________________
Тапсырылады _________________________________________________________
Жұмысты бастау: мерзімі ________ уақыты _____________________________
Жұмысты аяқтау: мерзімі _______ уақыты ______________________________
1-кесте
Арнаулы түсіндірмені тіркеу
Түсінлірмені жүргізген | Түсіндірмені қабылдаған | ||
Нарядты берген тұлға | ______________ (қолы) (фамилиясы, аты-жөні) | Жұмыс жетекшісі (жұмыс жүргізушісі, бақылаушы) | _________________ (қолы, фамилиясы, аты-жөні) |
Жіберуші | ______________ (қолы) (фамилиясы, аты-жөні) | Жұмыс жетекшісі Бригада мүшелері Жұмыс жүргізушісі (бақылаушы) | _________________ _________________ _________________ _________________ _________________ |
Жұмыс жетекшісі жұмыс жүргізушісі (бақылаушы) | ______________ ______________ ______________ ______________ | Жұмыс жүргізушісі бригада мүшелері | _________________ _________________ _________________ _________________ |