Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 318

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      440. Электрленген темiр жол, трамвай және троллейбустардың түйісу желісінің сымын қиып өтетiн қиылыс құрылғылары мен ӘБЖ сымдарын жөндеу әзірленген ЖОЖ сәйкес жұмыс орнында ажыратылған және жерге қосылған түйіспелік желі барысында түйіспелік желі дистанциясы (аудан) өкiлiнiң қатысумен орындалуы тиіс.



      441. Электр тарату желілері сымдарының үстiнде электр сымдарын тарту кезiнде елді мекендердің көшелерін жүргiншiлер мен көлiктердi ескерту үшiн жалауша ұстаған сигнал берушілердi шығарып қою қажет.



      442. Жұмыс басталар алдында ӘБЖ сымдарының (жер мен электр сымдарының арасында) 42 В жоғарғы кернеудiң жоқтығын тексеру қажет.



      ӘБЖ электр сымдарында 42 В жоғары кернеу табылған жағдайда, кернеудiң туындау себебін анықтағанға дейiн және оны 42 В дейiн түсіргенде, жұмысқа кiрiсуге болмайды.



      443. Жiберiлген кернеуде тұрған ӘБЖ сымдарын жерге қосу тасымалды жерге қосуға арналған қарнақтың көмегiмен дренажды шарғы арқылы орындалады.



      444. ӘБЖ жұмыстары кезiнде жiберiлген кернеуде жазылатын және құрастырылатын электр сымдары аралықтың басында және тікелей жұмыс орнында жерге қосылады. Жерде жатқан электр сымы желілік сымдармен және келесi учаскеде жазылған электр сымдарымен жанаспауы керек.



      Иiлген жерде жөнге келтiру және электр сымын учаскеге бекiтуді оны алдынғы учаскенiң электр сымына жалғағанға дейiн жүргiзу керек. Жұмыс орында электр сымдарының жекелеген учаскелерiн жалғар алдында жалғайтын жердiң екi жағынан жерге қосылу керек.



      445. Транзисторлар мен микросхемаларда орындалған радио аппаратурасымен өкім бойынша жұмыс iстеуге болады. Жұмыс орнында диэлектрлік резеңке төсеніш жайылу немесе оқшаулағыш қондырғылар орнатылуы тиіс.







      446. Қандай да бір жөндеу жұмыстарын орындау құқығынсыз III төмен емес рұқсат тобындағы бір жұмысшыға кернеуі 42В дейін қуатталатын транзисторлар мен микросхемаларда орындалатын аппаратурадағы жұмыстан басқа радиоаппаратураға қызмет етуге рұқсат етіледі.



      Ескерту. 446-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      447. 60 килогерц – 300 гигагерц диапазондағы жиiлiкпен электр-магнитті өрісте (бұдан әрі - ЭМО) жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуы тиіс.




      448. Жоғары жиiлiктi аппаратураны баптау және сынау барысында электр тоғынан және жоғарылатылған электр магнитті сәулелерден қорғану құралдарын қолдану қажет. Қорғану көзiлдiрiгi әйнегінің металдандырылған жабыны болуы керек.



      449. Ақауларды жою, схемаға өзгеріс енгiзу, антенналық-фидерлiк құрылғыларды бөлшектеу және жинау олардан кернеу алынған соң жүргiзiледi.



      Мынадай әрекеттерді жасауға рұқсат етiлмейдi:



      1) электромагниттiк сәулеленудiң бар екендігiн қолдағы немесе дененiң басқа бөлiгiнің жылу әсерi бойынша анықтауға;



      2) қорғану құралдарынсыз шамадан тыс энергия ағынының тығыздығымен сәулелену аймағында тұруға;



      3) электромагниттiк сәулелену көзiнің экрандануын бұзуға;



      4) жұмыс істеп тұрған ашық антенналық-фидерлiк қондырғының алдында болуға.







      450. Мұнаралар мен дiңгектерде сыртқы антенно-фидерлi қондырғыларды құрастыру және тазалау жұмыстарын IV және III төмен емес рұқсат топтарындағы жұмысшылардан тұратын бригада орындайды. Жұмыс басталар алдында жоғарғы жиiлiктi аппаратураны өшiру.



      Ескерту. 450-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      451. Антенналық-дiңгектi құрылыстарда жұмыс істеу кезінде мынадай талаптарды орындау қажет:



      1) олармен көтерілетiн жұмысшылардың жоғарыға өрмелеу жұмыстарына рұқсатнамасы болуы тиіс;



      2) жұмыстың алдында дiңгектiң сигналды жарықтануын және антеннаны жылыту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) iлiнуі тиіс.







      452. ТҚ немесе 1000 В жоғары ӘЖ орналасқан жоғарғы жиiлiктi қондырғылардың жабдығына қызмет көрсету, реттеу және жөндеу жұмыстарын кемінде екi адам жүргiзуі тиіс, оның бiреуiнің IV төмен емес рұқсат тобы болуы тиіс.



      Ескерту. 452-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      453. Панельдер (блогтар) ашық қолданыстағы аппатурада III төмен емес рұқсат тобындағы бір жұмысшы диэлектрлік резеңке төсеніш қолданып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.




      Жұмыс басталар алдында жалғастырушы жоғарғы жиілікті желіде кернеудің жоқтығын тексеру керек. 42 В жоғары желіде кернеу болса, жұмыс істеуге тыйым салынады.



      Ескерту. 453-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      454. Схемаларға өзгеріс енгізу, жоғары жиілікті жолды бөлшектеу және жинау, олардағы ақауды жою өңделген элементтерден кернеуді ажыратқаннан кейін және ӘЖ қосылған соң жүргізіледі. Кәбілде және сүзгіде жұмыс істеу кезінде байланыс шоғырлатқышының төменгі қаптамасындағы жерге қосылатын пышақтарды қосса жеткілікті.



      455. Байланыс шоғырлатқышының төменгі қоспай, жерге қосушы өткізгіштерді қорғаушы құрылғыдан, аппаратурадан және ӘЖ қосылған жоғары жиілікті қондырғының жабдықтарының басқа элементтерінен ажыратуға болмайды.







      456. Байланыс шоғырлатқыштары мен жалғаушы сүзгілердің арасындағы тізбек аспапты қосу және ажырату тек жерге тұйықтау пышағының көмегімен байланыс шоғырлатқышының төменгі қаптамасының жерге қосылған кезде пышақтың көмегімен рұқсат етіледі. Өлшеу кезінде аспаптарды бірнеше мәрте қайта жалғай берген жағдайда, байланыс шоғырлатқышының төменгі қаптамасы әрқашан жерге қосылған болуы керек.



      Бір сағатқа дейінгі ұзақтықтағы өлшеуді нұсқау бойынша IV төмен емес рұқсат тобы бар бір адам немесе IV төмен емес рұқсат тобындағы жедел жөндеу персоналы кезекшісі немесе жұмысшысының қадағалаумен жүргізе алады. Бұл өлшеу тек жалғастырушы сүзгінің ішінде разрядтауышты өшірмей, байланыс шоғырлатқышының төменгі қаптамасының жерге тұйықтау пышағы ажыратылған жағдайда жүргізіледі. Бұл кезде аспаптар жерге қосылған болу керек, өлшеуі электрден қорғану құралдарын (диэлектрлік қолғап пен аяқ киім, оқшаулау тұтқыштары бар құралдар т.б.) пайдаланып жүргізіледі.



      Ескерту. 456-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      457. Тасымалды жоғары жиіліктегі пост байланысын құрастыру және бөлшектеуді құрамы кемінде 2 адамнан: біреуі IV төмен емес рұқсат тобынан, екіншісі III төмен емес рұқсат тобынан тұратын бригада орындауы тиіс.




      Ескерту. 457-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      458. Антенна тіректерге кернеулігі 110 кв дейінгі ӘЖ үшін төменгі сымдарының кемінде 3м деңгейімен және 220 кв ӘЖ үшін кемінде 4м қашықтықта бекітілуі тиіс.



      459. Антеннаны орналастырар алдында пост антенна шарғысы бар пост тірекке 1-1,5м биіктікте бекітілуі және жерге қосулы болуы тиіс.



      Постқа кіретін антеннаның ұшы постың ішінде орналасқан дроссель арқылы және дроссельмен қатар жерге қосылушы пышағы арқылы жерге қосылу керек. Дросселге паралель 1 кВ кернеулікте разрядтауыш қосылады. Антеннаны абайлап, жұлқыламай керу керек.



      460. Антеннаны көтеру және түсіру кезінде аралықтың ортасында тас жолдың бір жағында тұрған бір адам 458-тармақта көрсетілген қашықтықтан жақын, кернеуде тұрған ӘЖ электр сымдарына антеннаның жақындамауын қадағалайды. Антенаның электр сымдары астында тұруға болмайды.



      461. Антенаны түсіріп, жерге қосу пышағымен немесе тасымалды жерге қосудың көмегімен жерге қосу қажет.







      462. Аппарат тұрған жерде орналасқан құрылғыларда жұмыс істеуге, қосуға және ажыратуға, сондай-ақ телефон байланысы, радио тарату аппаратурасын және электр станциялары мен кіші станциялардың электр қондырғыларындағы басқасын жөндеуге III төмен емес рұқсат тобындағы бір жұмысшы жіберіледі.



      Ескерту. 462-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      463. Еденде кәбілді және әуе байланыс желілерінің, енгізу және енгізу-сынау тіректерінің, қашықтықтан қуаттану тіректерінің, кернеуі автоматты реттеу тіректері, токты реттегіш тіректердің алдына диэлектрлік резеңке төсеніш немесе оқшаулағыш тұғырық болуы тиіс.



      464. Қашықтықтан қуаттандыру кернеуі жіберілген жабдықтың қабында кернеудің бар екенін ескертетін қауіпсіздік белгісі болуы тиіс.



      465. Іздеуіштер мен реленің түйіспелерін (түйіспелік өрістерін) жууды олардан кернеуді алған соң орындау қажет.




      466. Жабдықтарды тазалау кезінде металл жиектемесі тек жаққыштың өзін қолдануға, сондай-ақ шаңсорғыштың металл ұшы бар құбырішегін қолдануға болмайды.



      467. Аппаратурадағы радио шамын ауыстыруды олардан кернеулікті алғаннан кейін орындау керек, 250 В дейінгі кернеудегі шамды қорғану құралдарын пайдаланып, ауыстыруға болады.



      468. Іздестіру-сынау тіреуінде қосылған байланыс желісіне немесе 42 В жоғары бөгде кернеудегі кросстың қорғану жолақтарына (электр тарату желілерінен, қашықтықтан қуаттандыру аппаратурасынан және т.б.) түскен кезде, кезекші қызметкер қорғану құралдарын қолданып, мұндай желіні ажыратуы және оқшаулауы қажет. 42 В жоғары бөгде кернеудің бар екендігі туралы обьектінің кезекші қызметкеріне, егер ол болмаса, одан жоғары тұрған кезекшіге хабарлап қою керек. Бөгде кернеу болмаған кезде, разрядтауыштар немесе сақтандырғыштарды ауыстыруға болады.



      469. Айнымалы токты электр тарату және электрленген темір жол желілерінің ықпалына ұшыраған байланыс желілерінің аппаратураларымен жұмыс істеу кезінде желілік қорғану құралдарын ауыстыру диэлектрлік қолғаппен (немесе оқшаулағыш тұтқыштары бар қармауыштармен) және қорғану көзілдірігін, диэлектрлік резеңке төсенішті пайдаланып жүргізіледі.







      470. Қолданыстағы электр қондырғыларында жүк көтергіш крандарды қолданып жұмыс істеген кезде, жүкті кранмен қозғау бойынша жұмыстардың қауіпсіз өндірісіне уәкілетті тұлға IV төмен емес рұқсат тобындағы инженерлік-техникалық қызметкері болу тиіс. Бұл тұлғаның уәкілеттігі наряд берушіге немесе жұмыс басшысына жүктелуі мүмкін.



      Ескерту. 470-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      471. Энергетикалық кәсіпорындар штатына енгізілген және жүріп тұрған электр қондырғыларында жұмыс істейтін кран жүргізушілерінің II төмен емес тобы болу тиіс.



      Ескерту. 471-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      472. Автомобильдердің, жүк көтеретін машиналардың және АРҚ механизмдерінің қозғалысы және ӘЖ күзет аймағына осы Қағидалардың 470-тармағында ескертілген тұлғалардың бірінің бақылауымен немесе әкімшілік-техникалық қызметкерлер құрамынан IV рұқсат тобындағы жұмысшысының бақылауымен жіберіледі. АРҚ бойынша автомобиль, жүк көтергіш машиналар мен механизмдер кезекшінің немесе жедел-жөндеу қызметкерлер құрамынан IV рұқсат тобындағы өткізушінің қадағалауымен қозғалады