Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 313

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      473. АРҚ және ӘЖ астымен өткен кезде жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің жылжымалы бөліктері транспорттық жағдайда болу керек. Егер мұндай қозғалыс заводтың нұсқауында рұқсат етіліп, сонымен қатар токтан ажыратылмаған шиналардың және ӘЖ электр сымдары астымен жүру талап етілмесе, жұмыс орны маңайында аралас жүк көтергіш машиналардың түзу жерде жүксіз жұмысшы органымен көтеріп, көтерілетін және жылжымалы бөліктердегі адамдар жұмысқа жіберіледі.



      АРҚ қозғалыс жылдамдығы жергілікті жағдайға байланысты белгіленеді, бірақ 10 км/сағ артық болмауы тиіс.



      Автомобильдер, жүк көтеруші машиналар және механизмдер ӘЖ астынан электр сымының ең аз салбыраған жерінен/тіреуден/өтулері тиіс.



      474. Жүк көтеретін механизмдерін кернеуі ӘЖ электр сымдарының астында орнатуға және жұмыс істеуге болмайды.



      Жүк көтергіш машинаны (механизмді) барлық шығарылатын тіректерге орнату қажет. Тіректердің астына бекем және орнықты төсеніш төселеді.



      Жүк көтергіш машинаның (механизмнің) жұмыс органын көліктік қалыптан жұмыс қалпына көшіруді орындайды. Осы мақсатта басқа жұмысшыларға тартуға болмайды.



      475. Автомобильдер, жүк көтергіш машиналар және механизмдерді орнатқанда, өткенде және жұмыс істеген кезінде көтеретін және жылжымалы бөліктер, мықарқандар, жүк көтеру құралдары, кернеуде тұрған ток өткізгіш бөліктерге дейінгі арақашықтық осы Қағидаларға 4-қосымшадағы 1-кестеде көрсетілген қашықтықтан кем болмауы тиіс.



      476. Телескоп мұнаралары мен гидрокөтергіштерде жұмыс басталар алдында жылжымалы және көтеру бөлігінің қимылын тексеру керек, ал телескоп мұнараларында көтеру бөлігі тігінен орналасады және осындай қалыпта белгіленеді.



      477. ӘЖ бұрыштағы тіректердегі оқшаулағыштарды, сымдарды ауыстыруға және арматураны жөндеуге байланысты жұмыс істеген кезде электр сымдарынан пайда болған бұрыштың ішін телескоп мұнарасын орнатуға болмайды.



      478. АТҚ және ӘЖ күзет аймағындағы барлық жұмыс кезінде автомобильдер, жүк көтергіш машиналар және механизмдер пневмa дөңгелекпен жүргенде жерге қосылған болу керек. Автомобильдің (жүк көтергіш машина, механизм) корпусын ұстауға және жерге қосу сымын орнатқанға дейін олардың жұмыс істеу органдарының біреуін ауыстыруға, жүк ілу құралдары және тірек бөліктерін жылжытуға болмайды. Табаны шынжырлы жүк көтергіш машиналар мен механизмдер тікелей топыраққа орналасқанда, жерге қосу қажет етілмейді.




      479. Жүк көтергіш машиналар мен механизмдер жұмыс барысында көтеретін жүктің, телескоп мұнарасы қоржынының астында адамның болуына, сондай-ақ тартылған сымдардан (сым арқан) тіректерден, бекіткіштер мен жұмыс істеп тұрған механизмдерден тікелей жақын тұруға (5м-ден) болмайды.



      480. Телескоп мұнарасымен (гидрокөтергішің) жұмыс істегенде қоржындағы (бесіктегі) бригада мүшелері мен жүргізуші арасы көру байланысымен қамтамасыз етілу керек. Мұнарада мұндай байланыс болмаған жағдайда, жүргізушіге бесікті көтеру және түсіру туралы бұйрық беріп тұратын бригада мүшесі болу керек.



      Телескоп мұнарасында бесіктің ішінде тұрып, сақтандыру белдігінің мықарқанымен бекініп, жұмыс істеу керек. Бесіктен тірекке немесе жабдыққа және керісінше ауысу тек жұмысты жүргізушінің келісімімен жүргізіледі.



      481. Кранның атқышы немесе көтергіш механизм бесігінің бойында кернеуі бар ток өткізгіш бөліктермен жанасқан жағдайда, машинист тез арада пайда болған түйіспені үзіп, механизмнің қозғалыстағы бөлігін ток өткізгіш бөліктерден осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген қашықтықтан бері жақындатпауы керек.



      Механизм кернеуде тұрса, механизмнен (машинадан) жерге түсуге немесе оған көтерілуге, сондай-ақ жерде тұрып, оны ұстауға болмайды.



      Машинист айналадағы жұмысшыларға механизм кернеуде тұрғандығын ескертуі қажет.



      Кернеумен тұрған автомобиль, жүк көтергіш машина немесе механизм күйген жағдайда жүргізуші (машинист) жерге аяғын біріктіріп, қолымен машинаға жанаспай секіруі керек. Одан кейін машинадан 8 м қашықтыққа табанымен жермен сүйретіліп, бір-бірінен ажыратпай, аулақ кетуі тиіс.



      482. 220 кВ және одан төмен РҚ жылжымалы металл басқыш қолдануға тыйым салынады.



      483. 500 кВ және одан жоғары АРҚ-да жылжымалы металл басқышты мына талаптарды сақтағанда, қолдануға рұқсат етіледі:



      1) басқыш көлденең қалыпта жұмысты жүргізушінің, кезекшінің немесе жедел-жөндеу қызметкерінің IV төмен емес рұқсат тобындағы жұмысшысының үздіксіз бақылауында жылжытылуы қажет;



      2) жылжымалы басқыштан енгізілген қуатты алу үшін оған жерге тиіп тұратын металл тізбек жалғануы керек.



      Сақтандыру белдігінің мықарқанын құрылымға, тірекке және басқасына бекіту мүмкін болмаған жағдайда, жоғарыда жұмыс істеу кезінде алдын ала құрылымға, тіректің бөлшегіне және басқаларға байланған сақтандыру аспаарқанын пайдалану керек. Бұл жұмысты екі адам орындайды, олардың бірі қажетінше сақтандырушы аспаарқанды баяу түсіріп немесе тартып тұруы қажет.




      Ескерту. 483-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      484. Ағаштар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес орындалуы тиіс.



      485. Егер биіктігі топырақтан бетінде болса немесе жабындымен 1,3 м асса, ағаш төсеніштер, төсеме тақталар, бесіктер қоршалады. Төсеніштер мен қоршауларды орнату мүмкін болмаған кезде немесе мақсатқа сай болмаса, сондай-ақ жабдықта жұмыс жасау барысында әрбір жекелеген жағдайларда қауіпсіздік шаралары технологиялық картамен, ЖӨЖ-мен немесе басқа құжатпен айқындалады.



      486. Кернеудегі тоқ өткізгіш бөліктер орналасқан құрылымдарда жұмыс істеу кезінде жөндеу аспаптары мен құрылғыларын, олар құламас үшін байлау қажет.



      487. Электр және газ дәнекерлеушілер металл шынжырдан жасалған мықарқаны бар сақтандыру белдігін қолданады.



      Егер жұмыс орны және оған барар жол қоршалмаған кернеудегі ток өткізгіш бөліктердің астында орналасса, ал металл шынжырдан, арақашықтық оны түсірген жағдайда, 1-кестеде көрсетілген қашықтықтан аз болса, жұмыс осы ток өткізгіш бөліктерді ажырата отырып, орындалады.



      488. Бөлшектерді құрылымға немесе жабдыққа шексіз аспаарқан, арқан немесе баудың көмегімен береді. Төменде тұрған жұмысшы тербелмес және ток өткізгіш бөліктерге жақындауы үшін аспаарқанды ұстап тұрады.



      489. Порталдарда, конструкцияларда, тіректерде және өзгелерде жұмыс істейтін персонал қозғалуға кедергі келтірмейтін киімді пайдаланады. Жеке аспап сөмкеде болады.



      490. Жарықтандыру арматурасында көпірлі кран арбасынан машиналық залдар мен қазандықтардың төбесінде жұмысты кезекші персоналдың кемінде екі қызметкері немесе наряд бойынша жөндеу персоналы жүргізуі тиіс. Жұмысшылардың бірі жұмыс істеушінің жанында тұрып, оның қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылайды. Уақытша төсеме тақталарды, сатылар мен өзге құралдарды арбаға орнатуға болмайды. Арбаның төсенішінен немесе оған орнатылған стационарлы төсеме тақталармен тікелей жұмыс істеу керек. Арбаға көтерер алдында оның троллейлі сымдарынан кернеу ажыратылады. Жұмыс барысында сақтандыру белдігін пайдалану қажет. Краншы кранның көпірін немесе арбасын жұмысты жүргізушінің командасы бойынша ғана жылжыта алады, көпірлі кранды жылжыту кезінде жұмысшылар кабинаға немесе көпір төсенішіне орналасады. Арбада адамдар болса, көпірді және арбаны жылжытуға жол берілмейді.




      491. Іссапарға жіберілген персоналға сыртқы ұйымдар мен кәсіпорынның қолданыстағы және олардың штатында жоқ электр қондырғыларындағы жұмысты орындауға жіберілген персонал жатады.



      492. Электр қондырғыларында жұмыс істеуге іссапарға жіберілген персоналға рұқсат беру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Іссапарға жіберілген жұмысшылардың жеке куәлігі болуы тиіс.



      493. Іссапарға жіберетін кәсіпорын жазбаша түрде жетекші, жұмысты жүргізуші, бақылаушы және бригада мүшесі ретінде тағайындалатын жұмысшыларды, сондай-ақ ұзақ жұмыс кезінде наряд беру құқығы берілген жұмысшыны көрсетеді.



      494. Іссапарға жіберілген персонал жұмысшыларын қолданыстағы электр қондырғыларында жұмыс жетекшісі, жүргізуші және бригада мүшелері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін беру іссапарға жіберуші кәсіпорынның хатында қарармен немесе жазбаша нұсқаумен пайдалануға беруші кәсіпорын басшылығымен ресімделуі тиіс. Нарядтар мен өкім беру мүмкіндігін ұсыну пайдалануға беруші кәсіпорын басшылығының жазбаша нұсқауымен ресімделуі тиіс.



      495. Іссапарға жіберілген персонал іссапар орнына келген кезде, алдағы уақытта жұмыс істейтін электр қондырғының ерекшеліктерін ескере отырып, электр қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтеді. Нұсқаулықты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі.



      Іссапарға жіберетін мекеме іссапарға жіберілген жұмыскерлердің электр қауіпсіздігі бойынша берілген тобына сәйкес келуін қамтамасыз етеді.



      Электр қондырғыларында іссапарға жіберілген персонал жұмыс жасайтын мекеме жұмыскерлерді жұмыс және енгізілген кернеуде тұрған электр тоғынан зақымдалудан қорғану қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етеді.



      496. Құрылыс - құрастыру ұйымы (бұдан әрі – ҚҚҰ) пайдалануға беруші кәсіпорыннан жазбаша келісімді алғаннан кейін өз жұмысшыларын қолданыстағы электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін іссапарға жібереді.



      497. Келісім алу үшін ҚҚҰ пайдалануға беруші кәсіпорынның атына 493-тармақта аталған жұмысшылардың, сондай-ақ жауапты орындаушылардың тізімін қоса бере отырып хат жібереді.



      498. Жұмыс жүргізуге келісімде пайдалануға беруші кәсіпорын мыналарды көрсетеді:



      1) жұмыс жүргізілетін қолданыстағы электр қондырғысының учаскесі (РҚ, желі, тізбек, тірек);




      2) жұмыс жүргізу мерзімі (басталуы мен аяқталуы);



      3) жұмыстың аяқталғандығы туралы хабарланатын пайдалануға беруші кәсіпорынның уәкілетті тұлғасы;



      4) қауіпті және зиянды факторлардың болуы (жақында орналасқан қолданыстағы электр тарату желілері, электрлік және магнитті өріс, енгізілген кернеу), егер ол орын алса.







      499. Келісім алғаннан кейін ҚҚҰ бригадаға наряд береді. Наряд үш данада жазылады, олардың бірі пайдалануға беруші кәсіпорынның персоналына немесе электрондық құжат беріледі.



      Ескерту. 499-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      500. Ажыратуды және басқа техникалық іс-шараларды жүргізуді талап ететін құрылыс-құрастыру жұмыстарына, сондай-ақ кернеудегі электр тарату желілерінің күзет аймақтағындағы жұмыстарға рұқсаттама осы Қағидалардың 76-82-тармақтарының талаптарына сәйкес орындалады.



      501. ҚҚҰ үшін бөлінген жұмыс аймағы электр қондырғының қолданыстағы бөлігіне персонал кірмес үшін қоршалады.



      502. Қолданыстағы электр қондырғысының аумағын немесе орынжайын ҚҚҰ персоналы, машиналары және механизмдері оған бөлінген қоршалған аймаққа өту арқылы кесіп өтуін болдырмайтын іс-шаралар қамтамасыз етіледі.



      Бөлінген аймаққа ҚҚҰ персоналы жүрген жолы қолданыстағы РҚ аумағы немесе орынжайы бойынша өткен жағдайда, осы аймаққа жұмыс аймағына келуге және көлікпен кіруге дейін ҚҚҰ персоналы шығарып салатын РҚ-ны жеке өзі тексеріп қарауға құқығы бар пайдалануға беруші кәсіпорын өкілі жібереді.







      503. Егер ҚҚҰ үшін бөлінген жұмыс аймағы қоршалмаса, ондағы жұмыстар пайдалануға беруші кәсіпорын III төмен емес рұқсат тобы бар бақылаушыға берген наряд бойынша жасалады. Бұл туралы нарядта жазылады.



      Ескерту. 503-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      504. Осы Қағидалардың 498-тармағына сәйкес ҚҚҰ-ның жауапты адамы жұмыстың толық аяқталғандығы туралы пайдалануға беруші кәсіпорынның жауапты тұлғасына хабарлайды.