Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 308

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      3) электр станциялары мен кіші станциялардың электр қондырғыларында рұқсат тобы III төмен емес қызметкерге:



      АТҚ аумағын абаттандыру, шөпті шауып алу, жолдар мен өтпежолдарды қардан тазартуды;



      ТҚ-дан тыс 2,5 м-ден аспайтын биіктікте орналасқан сымды радио- және телефон байланысы құрылғыларын жөндеу және оларға қызмет көрсетуді;



      жабдық қаптамаларындағы жазбаларды және ТҚ камерасынан тыс қоршауларды жаңартуды;



      трансформаторлардың, генераторлардың және басқа да жабдықтың құрғатылуын қадағалауды;



      майды тазарту және құрғату кезінде май тазарту және өзге де шағын аппаратураға қызмет көрсетуді;



      электр қозғалтқыштарындағы және желдеткіштердің механикалық бөліктеріндегі және трансформаторлардың, компрессорлардың май сорғыларындағы жұмыстарды;



      ауа тазартқыш сүзгілерді тексеру және олардағы сорбенттерді ауыстыру, камералардан тыс 2,5 м биіктікте орналасқан жарықтандыру аппаратурасын жөндеу және қызмет көрсету;



      4) ТҚ-дан тыс 2,5 м-ден аспайтын биіктікте орналасқан шамдарды ауыстыру және шырақтарды тазартуды;



      тоқ өтетін бөліктер қоршалған 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларындағы үй-жайларды, сондай-ақ басқару қалқандары мен релелік үй-жайларды жинастыруды;



      оңай өтетін жерде және қолайлы ауарайы кезінде ӘЖ-ні қарап-тексеруді;



      ӘЖ тіректерінде тұрақты белгілерді қалпына келтіруді;



      ӘЖ габариттерін бұрыш өлшеуіш аспаптармен өлшеуді;



      ӘЖ тіректерінің айналасындағы алаңдарды өртке қарсы тазартуды;



      ӘЖ тіректеріндегі құрсауларды бояуды ІІ рұқсат тобы бар жұмысшының жеке орындауына рұқсат етіледі.



      Ескерту. 70-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      71. Бригада құрамын өзгертуге нарядты (өкімді) берген жұмысшыға рұқсат етіледі.



      Бригада құрамының өзгеруі туралы нұсқаулар телефон, радио, электронды құжат арқылы немесе нарядта өзінің қолынан кейін өзгеріс туралы нұсқауды берген жұмысшының аты-жөнін жазатын жіберуші жұмыс басшысына қолма-қол (жүргізушіге) беріледі.




      Жұмыс басшысы (жүргізуші) бригада құрамына кірген жұмысшыларға нұсқау беруі қажет.



      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      72. Жұмыс орнына жіберу оған рұқсат беретін адамның келісімімен жүргізіледі.



      73. Келісім рұқсат беретін адамның жеке өзіне телефон, радио, қолма-қол немесе аралық объектілердің кезекші персоналы арқылы беріледі.



      Рұқсат беруге келісімді алдын ала беруге жол берілмейді.







      74. Кіші станцияны, ӘЖ-ні және 10/0,4 кВ трансформаторлық кіші станцияны (бұдан әрі – ТС) авариялық өшіру және бригадамен байланыс болмаған кезінде жіберуге келісім осы жабдыққа нарядтарды беру құқығына ие және бригадамен зақымданған жерді іздеп табуға және жоюға шығатын адам арқылы немесе электрондық құжат беріледі. Бұл келісім ӘЖ-ні қуат көзі орталықтарынан ажыратқаннан және жерге қосқаннан кейін беріледі.



      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      75. Бригаданы жіберу бір наряд, өкім бойынша жүргізіледі.



      76. Жіберу алдында жедел журналдағы жазба бойынша, жедел схема немесе тұтынушылардың кезекші, жедел-жөндеу персоналының хабарламалары бойынша жеке тексеріп-қарау арқылы жұмыс орнын дайындау бойынша техникалық іс-шаралардың орындалғанына көз жеткізу қажет.



      77. Жұмыс басшысы және жүргізушісі (бақылаушы) жіберу алдында жұмыс орнын жеке өзі тексеру арқылы жіберушінің жұмыс орнын қабылдауы қажет.



      78. Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмысқа жіберу тікелей жұмыс орнында жүргізіледі.



      79. Бригаданы жіберу кезінде жіберуші:



      1) бригада құрамының нарядта немесе өкімде көрсетілген атаулы куәліктер бойынша сәйкестігін тексеруі;



      2) нұсқама жүргізуі, бригаданы наряд, өкім мазмұнымен таныстыруы, жұмыс орнының шекарасын көрсетуі, жұмыс орнына жақын орналасқан жабдықты және жөнделетін және көршілес қосылыстардың жақындауға рұқсат етілмейтін тоқ өтетін бөліктерін көрсетуі, басқа да қауіпті өндірістік факторларды көрсетуі;




      3) егер жерге қосу жұмыс орнында көрінбесе, орнатылған жерге қосуларды көрсету немесе кернеудің жоқ екендігін тексеру арқылы, ал 35 кВ және одан төмен электр қондырғыларында тоқ өтетін бөліктерге қолды кейінгі тигізу арқылы кернеудің жоқ екендігін бригадаға дәлелдеуі;



      4) нұсқама тақырыбын игеруге бригаданың 2-3 мүшесіне сауалнама жүргізуі қажет.



      80. Жұмысты жүргізуші жіберу кезінде бригадаға жұмыс технологиясына, бригадалық қорғау құралдарын, құрал-сайманды, аспаптарды, тетіктер мен машиналарды пайдалануға байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау беру қажет.







      81. Рұқсат нарядтың екі данасында да және нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналында немесе осы Қағидалардың 10-тармағының төртінші бөлігінде келтірілген қосымшаға сәйкес электрондық құжатпен ресімделеді. Жұмыс басшысы (өндірушісі) рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқарса, рұқсат нарядтың бір данасында ресімделеді.



      Өкім бойынша жұмысқа жіберу жедел журналда немесе нарядтар мен нұсқаулар бойынша жұмыстарды есепке алу журналында ресімделеді.



      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      82. Жібергеннен кейін бригаданың электр қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қадағалау жұмыс басшысына, бақылаушыға, жүргізушісіне (жұмыс басшысы тағайындалмаған кезде), ал жұмыс технологиясына, бригадалық қорғау құралдарын, құрал-сайманды, аспаптарды, тетіктер мен машиналарды пайдалануға байланысты қауіпсіздік бойынша жұмысты жүргізушіге жүктеледі.



      83. Жұмыс басшысы, жұмысты жүргізуші (бақылаушы) үнемі жұмыс орнында болуы қажет. Аталған адамдардың кез келгеніне жұмыс орнынан уақытша кету қажет болған кезде бригаданы жұмыс орнынан шығару қажет (оны ТҚ-дан шығару, ӘЖ тірегінен персоналды алып тастау және басқалары).







      84. Жұмыс басшысының, жүргізушісінің келісімімен бригаданың бір немесе бірнеше мүшесінің жұмыс орнынан уақытша кетуіне рұқсат етіледі.



      1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында жұмыс орнында қалған бригада мүшелерінің саны жұмысты жүргізушіні қоса алғанда екі адамнан кем болмауы тиіс. Жұмыс басшысының, жүргізушісінің келісімімен ІІІ рұқсат тобы бар бригада мүшелері өздігінен, І және ІІ төмен емес рұқсат тобы бар бригада мүшелері ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар мүшелердің еріп жүруімен ТҚ-дан шығып, жұмыс орнына орала алады.




      Оралған бригада мүшелері жұмысқа жұмыс басшысының, жүргізушісінің келісімімен кірісе алады.



      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.






      85. Бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыруды жіберуші немесе оның келісімімен жұмыс басшысы немесе жүргізушісі жүзеге асырады. Жұмысқа күнделікті жіберу және оның аяқталуы осы Қағидаларға 2-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес ресімделеді.



      Өкім бойынша жұмыстар кезінде басқа жұмыс орнына ауыстыруды ресімдеу қажет етілмейді.







      86. Жұмыс күні бойы жұмыстағы үзіліс кезінде бригада жұмыс орнында болмауы тиіс. Бұл ретте наряд жұмыс басшысында, жүргізушісінде (бақылаушыда) болады.



      Үзілістен кейін бригада мүшелері жұмыс орнына жұмыс басшысысыз, жүргізушісісіз (бақылаушысыз) оралмайды. Үзілістен кейін жұмыс орнына жіберуді жұмыс басшысы, жүргізушісі (бақылаушы) бұған келісімді алмай және нарядтағы ресімдеусіз жүзеге асырады.



      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      87. Жұмыстағы үзіліс кезінде жұмыс күнінің аяқталуына байланысты бригада жұмыс орнында болмауы тиіс.



      Бұл ретте, егер жедел өтінімде көрсетілген авариялық дайындық уақыты жұмысты орындау уақытына сәйкес келсе, наряд жұмыс басшысында, жүргізушісінде (бақылаушыда) қалады. Кейінгі күндерге жіберуді жұмыс басшысы, жүргізушісі (бақылаушы) бұған келісімсіз және нарядтағы ресімдеусіз жүзеге асырады.



      Авариялық дайындық уақыты жұмысты орындау уақытынан аз болса, жұмыс басшысы, жүргізушісі (бақылаушы) жұмыс күнінің аяқталуын өз нарядының данасында ресімдеу арқылы нарядты жіберушіге тапсыруы қажет. Кейінгі күндері дайындалған жұмыс орнына қайта жіберуді жіберуші бұған келісімді алмай, нарядта ресімдеу арқылы жүзеге асырады.



      88. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін жұмыс басшысы, жүргізушісі (бақылаушы) бригаданы жұмыс орнынан шығарып, бригада орнатқан жерге қосуды, қоршауларды, плакаттарды, жалаушаларды алып тастауы және нарядта жұмыстың толық аяқталғанын ресімдеуі қажет.



      89. Жұмыстың толық аяқталғаны ресімделгеннен кейін жұмыс басшысы, жүргізушісі (бақылаушы) нарядты жіберушіге тапсырады.



      90. Жіберуші өкім бойынша жұмыстың аяқталғаны туралы нарядты немесе хабарламаны алып, жұмыс орнын тексергеннен кейін осы ауысымда жіберуге келісім беретін жұмысшыға жұмыстың толық аяқталғаны туралы және электр қондырғысын қосу мүмкіндігі туралы хабарлайды.