Файл: Билет 1 Дниетануды оыту дістемесіні масаты мен міндеттерін атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 1337

Скачиваний: 13

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3,қмж , Пән: дүниетану 8-бөлім « Саяхат» Күні: .05.2019 Мектеп: Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні; Сынып: 2 Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны:Сабақтың тақырыбы Ежелгі қала-Отырар (99-101 бет) Өзіңді тексер (103-106-бет) ЖБ №8Осы сабақта қол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме) 2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттауСабақтың мақсаттары . Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.Бағалау критерийлері -ежелгі қала туралы ерекшелігін біледі: -топ ішінде тапсырманы орындайды; -жобалық жұмыстардың орындалу кезеңдерін түсінеді;Құндылықтарды дарыту Еңбек және шығармашылық құндылығыПәнаралық байланыс Музыка, жаратылыстану сабағыАКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.Тілдік мақсат Оқушылар: Негізгі сөздер мен тіркестер: Ежелгі қала Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер АрхиеологАлдыңғы оқу 34-сабақСабақ барысыСабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет РесурстарСабақтыңбасыЫнтымақтастатмосферасықалыптастыр5 минут Сәлемдесу Айналайын балғындар, Алға бағыт алғандар. Сабағымыз басталды, Кіруге қоңырау соғылды. Алға қойып мақсатты, Тілеймін сендерге сәттілік! Үй тапсырмасын тексеру :Сабақтыңортасы20 минут(Т)Оқулықпен жұмыс Қазбалардан қыш ыдыстар,әшекейлер,темірден,алтыннан соғылған бұйымдар табылды.Бұл Отырар қаласында ағаш,темір,қыш бұйымын жасайтын шеберлер тұрғанын дәлелдейді. Бағалау: қол шапалақ (Ж)2- тапсырма. ОқулықҚыштан бұйым жасайтын шеберлерді көзеші дейді.Ондай ыдыстарды қазіргі кезде кездестіруге болама? Шеберлер мен ұсталар жасаған әртүрлі бұйымдар мен құралдар Ұлы Жібек жолы арқылы дүние-жүзіне тараған. Бағалау:Қол шапалақ (Топтық)3-тапсырма. Суретке қара.Темір ұстасы мен көзешінің қалай жұмыс істеп жатқанын сипаттап айтыңдар. Тапсырма.Ұлы Жібек жолы картасынан Отырар қаласын тап. Бағалау.Қол шапалақ. (Ж)4-тапсырма. Суреттегі дайын бұйымдардың өрнектеріне мән беріп ,сипаттап бер.(білезік,алқа,сырға) Архиеологтер Отырардан күміс тиындардың қоймасын тапты.Алтын ,күміс,асыл тастармен жұмыс істейтін шеберді"зергер" дейді. Отырар қаласында ұста,зергер,шеберлердің көп болғаны нені білдіреді? Сен өскенде қолөнер шебері болғың келе ме?Неге? Бағалау.Қол шапалақ Сұрақтар мен тапсырмалар. 1.Қолөнер шеберлерінің елімізде бар екенін сен білесің.Оны немен дәлелдеуге болады? 2.Ағаш шеберлері не жасайды?Темір ұсталары ше?Зергерлер ше?Ұқсастары барма?Болса,қандай? Бағалау: Басбармақ Сюжетті суреттер
Сергіту сәті2 минут (Т) . « Қара жәшік» ойыны. Ойын шарты: Үстел үстіне екі жәшік қойып ,ішіне тарақ,кітап,қалам,алма,бор, дәптер, кітап,өшірігіш салады. Ойыншы бір затты алып,сипаттайды.Қарсы топ жасырып отырған затты табады. Жәшік Ойынға қажетті заттарАяқталуы10 минутЖазылым. Өзіңді тексер. Жұмыс дәптері ( -бет) Сабақтағы жұмысыңды бағала. Үйге тапсырма. Ежелгі қала-Отырар (99-101 бет) Өзіңді тексер (103-106-бет) мәтінді оқу, мазмұндау. Оқулық Дәптермен жұмысСабақтың соңы 3 минут Кері байланыс ауызша жүргізіледі. Рефлексия. Кестені толтыру арқылы бағалауды ұйымдастыру. - Менің түсінгенім...................... -Маған қиын болды, өйткені ......................... -Мен .................................тырыстым. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, жабыстырадыҚосымша ақпаратСаралау – Сіз қосымша көмеккөрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларғатапсырманы күрделендіруді қалайжопарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланысА деңгейдегі тапсырманы орындауарқылы ежелгі қалалар туралыбіледі. Бағдаршам, бірін-бірі тексеру, смайлик арқылы және мадақтау сөздеріБилет №3

  1. «Дүниетану» пәнінің негізгі бағыты және даму тарихын нақтылаңыз

  2. Дүниетану пәнінің оқу үдерісін ұйымдастыру формаларын ашыңыз

  3. Дүниетану пәні бойынша пәні бойынша 3 сынып «Уақыт» аралас тақырыбындағы «Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
үниетану» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласының жоспарланған білім нәтижесіне қол жеткізуге бағытталып дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.Дүниетану оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пәндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б.

«Дүниетану» пәнін оқыту:


  • оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;


  • оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;


  • Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;


  • әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінуін тереңдетеді;


  • оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,


  • оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;


  • қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;
«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынаноқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.Пәннің міндеттері:- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.2. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Құндылықтарға бағытталған ұстанымОқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады.Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.Тұлғаға бағытталған ұстанымТұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.Іс-әрекеттік ұстанымІс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны –оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
Саралап оқыту ұстаныСаралап оқыту ұстанымы оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтарынамамандандырылуын,оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшінарнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.Коммуникативтік ұстанымБілім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.Ортақ тақырыптар арқылы оқыту«Дүниетану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының «жақын аймағынан», яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.Ойын іс-әрекеттері арқылы оқытуОқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.