Файл: І модуль. Басару психологиясыны теориялы негіздері ылыми білімдер жйесі ретінде 1Дріс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 159
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексеру сұрақтары:
1.Қарым-қатынас психологиясы нені зерттейді?
2.Қарым-қатынастың функциялары
3.Іскерлік қарым-қатынас деген не?
4.Кәсіби қарым-қатынас түсінігі
Әдебиеттер:
1.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
2.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201
3.Добреньков В. И. Управление человеческими ресурсами: социально-психологический подход. Учеб. пособие. - М.: КДУ, 2015.
4.Морозов, А. В. Управленческая психология. - М.: Академический проект; Трикста, 2015.
5.Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010 Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010
6.Розанова В.А. Психология управления. – М.: ЗАО «Бизнес-школа «Интел-Синтез». – 2012.
7.Салих Гүней. Ұйымдық іс-әрекеттер.-«Нобель» баспасы, Анкара, 2011(түрік тілінде)
9-Дәріс. Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану
Дәрістің жоспары:
1.Психологиядағы лидер мәселесі
2.Басшы және лидер
3.Лидердің психологиялық портреті
Түйін сөздер: лидерлік, басшы және лидердің айырмашылығы, лидердің психологиялық портреті
Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады. Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді.
Жалпы лидер келесі компоненттер негізінде туындайды: эмоциялық, іскерлік, ақпараттық.
Эмоциялық лидер топ жүрегі.
Іскерлік лидер топ қолы.
Ақпараттық лидер топ миы.
Лидер белгілі бір мақсатқа жету үшін адамдарды біріктіре алуға қабілетті.
Лидер қасиеттері: интеллегентілік, инициатива, өзіне деген сенімділік, шешім шығара алу, көрегендік, мотивациялық қабілеттер.
Басшы биліктің әр түрін қолданады: қысымға негізделген билік, марапаттауға негізделген билік, эксперттік билік, эталонды немесе үлгі билігіғ заңды билік.
Жетекшілік теориялары:
1. Р. Бейлз лидерлік рөлдер теориясы. Яғни жетекшінің белгілі бір рөл атқаруы.
2. Қырлар теориясы яғни жетекші адамның жаратылысынан лидерлік қасиеттер (харизма құдай берген қасиет) болу керек.
3. Интерактивті теория әркеттестік нәтижесінде лидердің пайда болуы.
4. Ситуативті теория яғни жетекшілік белгілі бір жағдайдың арқасында пайда болады.
Бұл теория негізін салған Э.Фидлер. Ол лидерлік жағдайларға үш фактор әсер етеді деген.
1. жетекші мен қызметкер адамның арасындағы өзара қатынас.
2. Топқа қойылатын міндеттер құрылымы.
3. Билік күші.
5. Синтетикалық немесе комплекстік теория лидердің топқа, топтың лидерге әсер етуі.
Лидерліктің психоаналитикалық теориясы: лидерлердің типтерін көрсеткен.
1. Soveren-повелитель - қатал, бірақ сүйетін әке ретінде.
2. Көсем - бар тілегіміз көсемде шоғырланған.
3. Тиран - өте күшті персона, қорқыныш тудырады.
4. Ұйымдастырушы - ол арқылы біздің жағымсыз күйіміз жоғалып кетеді.
5. Соблазнитель - ол біздің әлсіз жерімізді біледі.
6. Герой - басқалар үшін құрбан болу.
7. Кумир - біз оған құсағымыз келеді.
8. Жаман үлгі - өте кұшті сендіре алады. Сондықтан ұқсағымыз келеді.
9. Антилидерлер: изгой – қоғамнан шеттетілген адам. Козел отпущения басқалар игілігіне пайдаланады.
Басшы қызметкерлерін жұмыс жасауға мәжбүр етеді, мақсатына жетуге бағыттайды.
Көшбасшы-жетекшіні айналасындағылар сайлайды және оны мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қаңдай да бip мәселеге шешім қабылдағанға лидердің жоғары дәрежедегі ықпалын көпшіліктің мойындауы.
Көшбасшының міндеттері:
ұжымның эталонға жақын тәртібін (тілектестік, жауапкершілік, өзара нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектену, тартысу).
топтың әр мүшесіне баға бере отырып, бұйрықмен емес, сөзбен немесе дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді
Ғылым басшы және лидер деген ұжымға шекара қояды, бipaқ қарама-қарсы қоймайды, себебі олардың арасында ұқсас белгілері бар:
басшы мен лидер ұжым қызметін үйлестіру poлiн атқарады, тек
басшы әкімшілік, заңдылық өкілеттің негізінде атқарады, ал лидер
жеке өзінің бастамасы негізінде басшы мен лидер ұжымдағы әлеуметтік ықпалын әр түрлі жолмен жүзеге асырады. басшы мен лидер арасындағы қатынас реттеленіп, субординацияны
ұсталған болуы керек.
Тексеру сұрақтары
1.Лидердің анықтамасы
2.Басшы және лидер
3.Лидерлік теориялар
4. Басшы және көшбасшы ерекшелігі қандай?
5. Басқарудағы көшбасшы рөлінің ерекшелігі қандай?
Әдебиеттер:
1.Ахтаева Н.С., Абдижаппарова А.И., Бекбаева З.Н. Басқару психология. – Алматы: Қазақ университеті, 2018.
2. Аронсон Эллиот, Уилсон Тим, Эйкерт Робин. Социальная психология. Психологические законы поведения человека в социуме. – СПБ, прайм-ЕВРОЗНАК, 2012. – 560 с.
3. Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.
4.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
5.Добреньков В. И. Управление человеческими ресурсами: социально-психологический подход. Учеб. пособие. - М.: КДУ, 2015.
6.Морозов, А. В. Управленческая психология. - М.: Академический проект; Трикста, 2015.
7.Салих Гүней. Ұйымдық іс-әрекеттер.-«Нобель» баспасы, Анкара, 2011(түрік тілінде)
8.Столяренко А.Д. Психология управления. - Ростов - на - Дону: Феникс, 2013.
9.Sanderson A., Safdar S. Рsychology. - University of Guelph: Wiley-sons Canada. Ltd., 2012.
10.Эмре Өзкальп, Чигдем Кырел. Ұйымдақ іс-әрекеттер. «Еким» баспасы.- 2012 (түрікше).
10-Дәріс. Ұйымдағы қызметкерлердің қанағаттануы және гармония табу. Ұйымда эмоциялық күйді басқару
Дәрістің жоспары:
1.Ұйымдағы психологиялық ахуал
2.Ұйымдағы жайлылық
3.Қйымдағы эмоциялық интеллект
Түйін сөздер: психологиялық ахуал, психологиялық жайлылық, эмоция, гармония, стресс-менеджмент
Басқару бойынша ағылшын мамандары М. Вудкок пен Д. Френсис төмендегідей қосымша тізбелер ұсынады: «өзін басқару қабілеті», «жеке басының парасаттылығы», «жеке басының айқын мақсаты», «жеке басының өсуіне баса күш салу», «мәселені шешу әдеті», «тапқырлық және жаңашылдыққа қабілет», «айналасындағыларға ықпалын тигізуге қабілеттілігінің жоғары болуы», «осы замандағы басқарушылық амалдарды білуі», «басқару қабілеттілігі», «бағыныштыларын жетілдіріп, оларды оқытуға шеберлігі», «жұмысшылар тобын қалыптастырып, оларды жетілдіруге қабілеттілігі».
Басқарушылық еңбектің ерекшелігі, басқарушылық функциялардың күрделілігі мен жан-жақтылығы басқару практиктері мен теоретиктерінің есінен еш уақытта шықпаған және олардың назарында басты орын алған, оған деген көзқарастардың XX ғасырдың басынан қазірге дейінгі эволюциясына көңіл аударалық. Кәсіпорында немесе ұйымда басқару жүйесінің қалыптасу кезеңінде және әрі қарай ұзақ уақыт бойында (шамамен 70-жьшдарға дейін) менеджерлерге қажетті сапаны ұйымның жұмыс әрекеті, сипаты мазмұнына байланыстырған. Сонымен қоса, бұл сапалардың тізбегін уақыт өткен сайын кеңейтіп отырған.
Ғылыми менеджменттің классигі Ф.У. Тэйлордың пікірінше, мастерлердің «ақыл, білім, арнайы немесе техникалық мағлұмат, тәсілқойлық немесе күш, әдептілік, энергия, батылдық, адалдық, парасатты және дұрыс ойлау, мықты денсаулық» сияқты сапалары болуы керек.
Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі кәсіпорындарының басқарушыларына мына төмендегідей қасиеттер тән болуға тиіс:
а) денсаулық пен дене төзімділігі;
ә) ақыл және ақыл-ойының жұмыс қабілеттілігі;
б) өнегелі сапалар: қатаң, қажырлы, саналы жігер, белсенділік, қуат және, белгілі жағдайда, ерлік, жауапкершіліктен қорықпау, міндетті түсіну, барлық мүддеге қамқорлық;
в) жалпы түсінік шеңберінің кендігі;
г) әкімшілік қабілеттілік, іс-қимыл бағдарламасына көрегендік білдіру және оны жетілдіру қабілеті, ұйымдастырушылық сапасы, әсіресе әлеуметтік орта жасай білу мүмкіншілігі, бұйрық бере білу, адамдарды басқару өнері, олардың әрекетін үйлестіру және бақылау;
д) өте маңызды, қатысы бар барлық функциялармен таныс болу;
е) осы кәсіпорынға тән мамандықты жете білу
Менеджерлердің аталған қасиеттерінің ішінде адамдармен жұмыс істей білуіне әдейілеп тоқталсақ, ол, ең алдымен, өздеріне бағыныштылармен жұмысы. «Босстың» өз жұмысы бар, бірақ оны олар бағыныштыларының қолымен істейді», — деп жазды Дон Фуллер. Мәселе адамдарға алдағы нысанаға жетуге түрткі беруде, оларды белгілі нәтижеге жетуге пайдалануда. Ол үшін «босс» олардың қажетін, мүддесін, рухани байлықтарға бағытын, қабілеті мен мүмкіншілігін білуге міндетті. Өз жұмысын істей отырып, ол қатаң, адал және белсенді болуы керек және’, ең соңында, өз беделін жоғары ұстауы керек, бірақ бұл қол астындағыларға жалпақ шешей болу деген емес, сонымен қоса, жарлық беретін және жалпы бағытты көрсететін лидер болуы керек.
Біздің қазіргі экономикамызда Батыстағы рыногы дамыған елдерде кездеспейтін қолайсыз жағдайларға байланысты басшылардың әрекеті адам айтқысыз күрделіленіп кетті. Менеджерлер шешім қабылдау үшін үлкен тәуекелге баруға тиіс, осындай күрделі жағдайда қате жіберіп қоймау үшін, оларға шапшаңдық, тәуелсіздік және оның алғы ұйғарымына өз жауапкершілігінен тайсалмайтын табандылық көрсеткені жөн. Мұндай жағдайларда менеджердің кәсіпкерлік дағдысы, сонымен қоса, жиі өзгеретін рынок жағдайында тез ауысып тұратын бағытқа сай қорларды ең тиімді өрісте пайдалана алатын қабілеттілігі жоғары бағаланады. Сондықтан да менеджерлер бір мезгілде маркетинг саласымен және қаржы теориясымен тығыз айналысуға мәжбүр. Содан болар, көп мамандар менеджерлердің осы қасиетін ұйымның «жетістік формуласы» дейді.
Шындығында қызметкер басшыны түсінсе, ол оның талаптарымен келісті деген сөз емес. Барлық істі жақсы,орташа, қанағаттанарлық және өте жақсы жасау мүмкін. Егер қызметкер басшы талабына наразы болса, онда ол жұмысты жазасыз қалу үшін тек талапқа сай орындайды немесе өзі қалауынша жасайды.
Басшы мен қызметкер арасындағы өзара түсіністікті болдыру үшін бұйрықты ақпарат беруде мыналар маңызды: кәсіптік тілдің бірлігі, интеллект деңгейін есептеу, ақпарат толықтығы, мәселеге көңіл аудару немесе оны жеткізудің ойлылығы. Ақпаратты жеткізу мынадай үлгіде жүзеге асуы тиіс: Қызметкердің көзқарасына қарсылықты болмауы; Жұмысты атқарудағы қызметкердің қызығушылығын көрсету.
Тексеру сұрақтары:
1.Психологиялық ахуал деген не?
2.психологиялық денсаулық
3.Стресс-менеджмент деген ен?
4.Ұйымды гармония басқаруды талдап беріңіз
Әдебиеттер:
1. Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.
2.Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
3. Мандель В.Р. Современнная психология управления. Директ Медиа. 2015г.
4. Хасанова Г.Б., Исхакова Р.Р. Психология управления трудовым коллективом. Изд.КНИТУ. 2012г. 260стр.
11-Дәріс. Ұйымдық коммуникация
Дәрістің жоспары:
1.Жұмыс орны психологиясы
2.Жұмыстағы мінез-құлық
3.Қызметкерлердің тұлғааралық қатынастар психологиясы
Түйін сөздер: Жұмыс беруші, қызмет психологиясы, ұйымдық мінез-құлық, эмоцияны басқару
Басқару қатынасы – қатынастың ерекше түрі спецификалық түрі болып табылады. Басқа қатынастардан ерекшелігі осы қатынас түрі негізінде басшылық мәселелері шешіледі. Сондықтан басқару қатынасыны мақсаты нәтижесінде басқарудың спецификалық мәселелері шешіледі.
Басқарушылық қатынаста басқа қатынас сияқты үш жақты болып келеді:
коммуникативті (ақпаратпен алмасу);
перцептивті ( қатынас кезінде бір – бірін қабылдау);
интерактивті (бірігіп әрекет ету немесе қатынас үрдісінде әрекетпен алмасу).
Атақты психолог А. Ю. Панасюк басшылық қатынасының маңыздылығы қызметкердің басшысы не қалайтынын түсініп, өзін басшысынынң орнына қоя білуі. Бұл жағдайды Панасюк басшылық қатынасының бірінші заңы деп атаған.
Шындығында қызметкер басшыны түсінсе, ол оның талаптарымен келісті деген сөз емес. Барлық істі жақсы,орташа, қанағаттанарлық және өте жақсы жасау мүмкін. Егер қызметкер басшы талабына наразы болса, онда ол жұмысты жазасыз қалу үшін тек талапқа сай орындайды немесе өзі қалауынша жасайды.
Басшы мен қызметкер арасындағы өзара түсіністікті болдыру үшін бұйрықты ақпарат беруде мыналар маңызды: кәсіптік тілдің бірлігі, интеллект деңгейін есептеу, ақпарат толықтығы, мәселеге көңіл аудару немесе оны жеткізудің ойлылығы. Ақпаратты жеткізу мынадай үлгіде жүзеге асуы тиіс: