ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 258
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1979 ж. қазақ жазушысы Қ. Исабаев неміс қаласы Габельбахтағы Гетенің музейіне Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі қашалып жазылған мәрмәр тақтаны және әнші М. Көшкінбаев домбырамен орындаған әннің магнит таспасын сыйға тартқан. Г. Бельгер Абай«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіне ән шығарған. Ән сипаты көңілге қонымды, жүрекке жылы, құлаққа жағымды. Алғашқы рет нотаға композитор Л. Хамиди 1935 ж. А. Ысқақовтың айтуы бойынша жазып алған. Ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңлім тоярсың» әндері осы әнмен ұқсас әрі сарындас.
IV. Мәтінмен жұмыс
Оқушылар өлеңнің мәтінімен танысады және мәнерлеп оқиды.
V. Өлеңді талдау
Өлеңді кешенді талдау технологиясы бойынша ауызша талдау.
VI. Пәнаралық байланыс
Досмұқасанның орындауындағы «Қараңғы түнде тау қалғып »әнін тыңдату
VII. Сабақты қорытындылау
Сұрақтар беру
VIII. Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау.
Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні: 14.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы:Абайдың батыс әдебиетінен аудармалары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың
аудармалары туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды
әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету
ә ) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыта
отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру
б )тәрбиелік : қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге,
отбасын қадірлеуге тәрбиелеу, әнге сүйіспеншілікті ояту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән-күй сабағы
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар, Абайдың аудармалары кітаптары.
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын аудару
-
Үй тапсырмасын тексеру
Проблемалық полемика –Дұрыс-бұрыс
Абай Семей облысы,Шыңғыстау жерінде туған
Абайдың ата-бабалары атақты адамдар болған
Ұлжан – қатыгез, зұлым, қара ниет адам
Абайды Ибраһим деп атасы қойды
Абайды екі қос ана тәрбиелеген
Қазақ тілінен басқа тілдерді білмеген
Алғашқы өленің 15 жаста жазған.
-
Жаңа сабақ .
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Абай аудармалары, дәптерлерінді ашыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар. Абай кім екенің аңықтадық енді Инсерт әдісі бойынша
Білем | Білгім келеді | Білдім |
| | |
– Енді Абай туралы білгендерінді кесте бойынша толықтырыңдар. Енді білгендерінді топтастырайық.
– Не туралы білгілерін келеді? Екінші бағанды толтырамыз.
Мұғалім сөзі: Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға пара -пар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.
Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.
Абай және Лермонтов
ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Лермонтов болды. Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз», «Альбомға» т.б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. «Теректің сыйы» («Дары Терека») атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау – Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек «казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады.
«Қараңғы түнде тау қалғып…» – Абайдың М.Ю.Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең – Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. «Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ» деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ.
Абай «Жолаушының түнгі жырын» – қазақ тіліне аударып қана қойған жоқ, оған әуен де берді және «Қараңғы түнде тау қалғытпай» данагөй, асқақ әуезді әнді білмейтін қазақ баласын табу мүмкін емес те шығар.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
Гете жолаушысы бақытты болып шықты. Оның түнгі жырын ұлы ақындар Лермонтов пен Абай естіп, әрі қарай көтермелей жөнелді. Бұл ән бейбітшілік пен тыныштықты дәріптейді.
Абайдың Лермонтовтан аударғандары – негізінде әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын, еріншек, белсенділігі жоқ адамды сынайтын шығармалар, азамат ақынның образын беретін өлең-жыр жайындағы шығармалар, жалғыздығын, бірақ оған мойымайтын беріктігін айтатын шығармалар.
Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын-лебізін, жаңа сапасын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып мол жеткізді. Абай Лермонтов оригиналын барлық жарастық сәнімен, бар ерекшелігімен қазақ тілінде қайтадан туғызды.
4.Ақпаратпен жұмыс:
Сабақты бекіту.
Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай аудармалары арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
-
Бағалау
Пәні:АбайтануСыныбы:9 Күні:21.11.2016 ж.
Сабақ тақырыбы: Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің орыс және басқа тілдерге аударылуы , жарыққа шығуы туралы оқушыларға түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа білімді игерту
Көрнекілігі: өлеңдер жинағы, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Кезекшімен сұхбат
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Байроннан аударған «Көңілім менің қараңғы» өлеңін жаттап келу
ІІІ.Жаңа сабақ
Абайды қытайша сөйлеткен
Ха Хуан Жан (Хабай) Абайдың қытай еліндегі аудармашысы, әрі насихаттаушысы ақын ұрпақтарының жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Ұлты- Сібе, Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласы маңындағы Қазақтар ауылында туып, балалық, жастық шағы қазақтармен бірге өткендігі, қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақша аса жетік білетіндігі, әсіресе Абайды бала күнінен жаттап өскендігі мәлім болды.
Хабай мырза Шыңжан университетінің орыс тілі факультетін бітіріпті, ұзақ жылдар Қытайдағы Қазақтар арасында жауапты қызметтер атқарған. 1970жылдан бастап Пекиндегі ұлттар баспасында, 1980жылдан Қытай қоғамдық Ғылымдар академиясы аз ұлттар әдебиетін зерттеу институтында, кейін «Аз Ұлттар әдебиетін Зерттеу» журналының бас редакторы болып істеген. 1950 жылы Абайдың «Ескендір» поэмасын, 1958 жылы «Масғұт»поэмасын Ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. 1958 жылы «Қазақтың ұлы ақыны- Абай» атты алғашқы ғылыми зерттеу мақаласын жазып, Пекинде «Тянь-Шань» журналында бастырған.
Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын,45 ғақлия сөздерін түгел аударған.
«Абай және Абай шығармалары » деген 3 кітабын Пекин қаласында бастырып шығарған.
Абайдың корей тіліне аударылғанын көп жұрт білмейді.Үш жыл бұрын Оңтүстік Кореяда алғаш рет корей тіліне аударылған Абайдың өлеңдер жинағы екі мыңдай таралыммен шыққан еді.
Ким Бён Хак Алматыға корей тілін оқыту үшін келген. Сегіз жыл бойы тіл үйретумен айналыса жүріп өзі де орыс тілін меңгерді. Алматыда жүргенде Ким Бён Хак әдеби аудармаға ден қояды. Осында танысқан Станислав Ли оның аудармасын бағалап, Абайдың өлеңдерін бірге аудару туралы ұсыныс жасайды.
– Мен Абайдың «Қара сөздерін» ғана білетінмін, онысы бұған дейін корей тіліне аударылған. Абайды мен философ, ғибратшы адам деп ойлайтынмын. Ал оның табиғат лирикасы, махаббат жайлы өлеңдерін оқыған кезде таң-тамаша қалдым, – деді Ким Бён Хак
Абай өлеңдерін басқа тілдерге аударған аудармашылар
Грузин тіліне аударған- Ш.Мчедлишвили
Қарақалпақ тіліне аударған- Ш.Сеитова
Қырғыз тіліне аударған- А.Токомбаев
Татар тіліне аударған-М.Максуд және Н.Арсланов
Француз тіліне аударған- Ғалымжан Мұқанов
Ағылшын тіліне аударған- А.Самохмалов
Түркмен тіліне аударған- А.Хайидова, Т.Касымова
Ұйғыр тіліне аударған- П.Искакова және М.Хамраева
Сабақты қорытындылау
Инсерт арқылы
Білемін Білдім Білгім келеді
VI.Үйге тапсырма
Абай Құнанбаев тақырыбына тест, сөзжұмбақ не слайд құрап келу
Пәні:Абайтану Сыныбы: 9 Күні:28.11.2016 ж.
Сабақ тақырыбы: Абай мұрасын зерттеушілер
Сабақ мақсаты:1Оқушыларға ұлы Абай шығармашылығының зерттелу тарихы, оны зерттеушы ғалымдар туралы түсінік беру,
2.Абай шығармашылығына қызығушылықтарын дамыту
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа білімді игерту
Көрнекілігі: Ақын шығармашылығын зерттеушілердің кітаптары
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу Кезекшімен сұхбат
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы Сұрақтар.
-
«Абайды бүкіл әлем мойындады»дегенді қалай түсінеміз? -
Абайды қытайша сөйлеткен кім?
3.Абай шығармаларын корей тіліне кім аударған?
4.Абай шығармашылығы тағы қай тілдерге аударылды және оларды аударғандар кімдер?
ІІІ.Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы –халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі –қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту –қоғамдық ой санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы –заңдылық.Абай –ұлы ұстаз-кемеңгер. Абай тақырыбы –мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы –таусылмайтын телегей теңіз.
Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында (1995) сөйлеген сөзінде айтқан мына салиқалы ойы кімге болса да бағыт берері сөзсіз:
«...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен.».