Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 262

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы

Авторы

Жанры

Түйінді ой

Негізгі идеясы

Ғылым таппай мақтанба

Абай Құнанбаев

поэзия

Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады

Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.


6 . Мағынаны тану стратегиясы.


Бес асыл іс Бес дұшпан

7 .Сабақты бекіту.
Қоғамға

қандай адамдар

қажет?

- Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. (параққа жазылған қасиеттер, таза парақ «Топтастыру» үшін).

Қасиеттері:

Еңбекқор

Әдепсіз

Мейірімді

Ақылсыз

Надан

Дарынды

Залым

Өз Отанын сүйетін патриот

Еріншек

Сауатты

Білімді

- Сендерден де осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.

8. Әдебиет теориясы.

Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас, ырғақ /ритм/ болады.

Мысалы:

Ғылым таппай/ мақтанба, -а

Орын таппай/ баптанба, -а

Құмарланып/ шаттанба, -а

Ойнап/ босқа күлуге. -б

Өлеңнің құрылымдық жүйесі /структурная система/

1- шумақ

4 тармақ

2 бунақ

ұйқас – 1-а, 2-а, 3-а, 4-б.

7.Үйге тапсырма.

Өлеңнен үзінді жаттау.
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.

Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37
Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні: 06.02.2017 ж.


Сабақтың тақырыбы:  Абайдың   сегізінші қарасөзі

  Сабақтың мақсаты:

Абай Құнанбайұлының  қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы, қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі, бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары, аталмыш қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәнін түсіндіру.

Сабақтың түрі:    Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау, өз пікірін қорғау, іздену 

Сабақтың көрнекілігі:аудиотыңдау ,кестелер,   дидактикалық материалдар 

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

І. Ой қозғау. Нені білеміз?

    ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

 Сегізінші қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.

Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.


Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.

Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

 
Оқушылар талдайды.

 ІІ.Асыл сөздің жалғасын тап.

 Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)

Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)
Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)


 Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.     Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?

2.     Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?

3.     Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?

 Бекіту.

Халық  арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

2.Жаман дос – көлеңке:

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

    Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
3. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.
4. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
   Аздырар адам баласын
5. Баяғы жартас - бір жартас
6. Толғауы тоқсан қызыл тіл
   Сөйлеймін десең өзің біл
7. Ойын – арзан, күлкі қымбат

Қорытынды:

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

 Абай «Сегізінші» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,


Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

 Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Абайдың сегізінші қара сөзін оқып,талдау;
Өз пікірлерін жазбаша талдау.


 

 

Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні: 13.02.2017 ж.

Сабақ

тақырыбы



Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөзі


Жалпы мақсаты


Оқушылар ұлы ақынымыз Абайдың қарасөздерін оқу арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын мазмұнын айта біледі.Өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыланады.

Сілтеме

Газет-журнал материалдары.Оқулықтар.Интернет желісі



Күтілетін нәтиже


Оқушылар мәтінді оқып түсіне алатын нәтижеге жету,көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой- өрісін дамыту.


Негізгі идеялар


Оқушыларды елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке, ғылым- білімді меңгерген көзі ашық, көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу.


Тапсырмалар


Жеке жұмыс: Абайдың он жетінші қарасөзін мәнерлеп оқу арқылы мазмұнын білу.Топтық жұмыс: Топтастыру: «Жинақтау» кестесі.топ өздері тауып толтырады. Қайрат. Ақыл. Жүрек. Ғылым.

Сабақтың көрнекілігі


Интерактивті тақта. Тарих. Абай портреті.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу. Оқу құралдарының дайындығын тексеру. Балалардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар бір-бірімен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Назарларын сабаққа аударады.



Сергіту сәті


Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен.

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Оқушылар берілген тапсырманы орындап, бір-біріне тілек айтып, топқа бөлінеді.




Үй тапсырмасын сұрау.




Абай қай жылы, қай жерде туып өсті?

Абай балалық базарын кімнің қасында өткізеді?

Абай қай жерде оқып дәріс алады?

Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?




Оқушылар дайындалып кегендері бойынша айтады.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ





Абай Құнанбаев Он жетінші қарасөз.

Топтастыру: Абай кім?

Абайдың қарасөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абайдың қарасөздері- адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Қарасөздерінің жалпы саны-45

«Он жетінші сөзді» аудиотаспадан тыңдату Әр топқа оқыту, сол топтан бір оқушы мазмұнын айтып беру.

Талдау


Жаңа сабақ бойынша түсінеді. Ойларын жинақтап, өз ойларын

білдіре алады.

Өлеңді әр топ мәнерлеп оқиды.

Қорытынды


1.Абайдың қанша қарасөзі бар?

2. Он жетінші қарасөзінде не туралы айтылады?

Бағалау

Формативті бағалау

Кері байланыс

Стикерлер таратамын. Оқушыларға сабақта Не ұнады? Не ұнамады? Өз ойларын жазады, ұсыныс білдіреді.