ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 107
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парасаттылық және әдеп | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Сәлем -сөздің анасы. | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға сәлемдесу туралы мәлімет беру, оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру.Ұлттық салт – дәстүрмен таныстырып, адамгершілікке тәрбиелеу | |
Құндылыққа баулу | Оқушылар үлкенді құрметтеуге,адамгершілікке баулу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Оқушылар,әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып,сабақтың тақырыбын ашамыз. «Сәлем-сөздің анасы» Тыңдалым алды тапсырмасы: Төмендегі сұрақтарды қойып, сәлемдесу үлгілерінің суреттері бойынша оқушы пікірін тыңдауға болады. · Сәлемдесу не үшін керек? · Сәлем беру мен сәлем алудың айырмашылығы неде? · Суреттегі сәлем түрлерін сөйлете синонимдерді тиімді қолдану. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір -бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір –біріне аман - саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді. Әрбір адам « қайырлы таң», « қайырлы күн », « қайырлы кеш » деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін де бір – бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.Амандасу -- адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.« Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені,Жақындықтың белгісі - келіп -кетіп жүргені » ,- деп халқымыз бекер айтпаған болар. Ақсақал мен жігіттің амандасуы Жігіт:Ассалаумағалейкум, ата! Ата: Уағалейкумассалам, балам! Жігіт:Деніңіз сау ма? Аман -есенсіз бе? Ата: Құдайға шүкір, балам . Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз. ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды; 2. Қарт әже мен қыз баланың амандасуы: Қыз:Армысыз , әже? Әже. Бар бол, балам! Қыз:Үй іші, бал – шағаңыз аман ба? Әже:Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман -есен. Пікіралмасу – сәлемдескен кезде сәлемді алмаған мәдениеттілікке жата ма? - сәлем беру үлгілерінің мағынасын ашу үш топқа тапсырылады ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор - ақпарат береді - анықтайды; Дескриптор- ажыратады; сипаттама береді; Дескриптор - сәлемдесу туралы талдау жасайды; мәдениеттілік жайлы түсінік алады - сәлем беру үлгілерімен танысады | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | «Сәлем сөздің анасы» Эссе | | | |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парасаттылық және әдеп | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Атадан – бабадан қалған ілтипат- отбасының негізі | |
Сабақтың мақсаты | Үлкенді құрметтеу, сыйлау, ата дәстүрімізді ардақтай білетін ұрпақ тәрбиелеу. Өз аталарының ісін өнеге ете білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына халқымыздың асыл-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге үйрету. | |
Құндылыққа баулу | Оқушылар үлкенді құрметтеуге,адамгершілікке баулу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Оқушылар,әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып,сабақтың тақырыбын ашамыз. Білім алушылар сурет арқылы тақырыпты болжайды. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. 1-тапсырма Отбасы жайлы мәтіннен өз түсінігімен , өз отбасы жайлы шағын әңгіме жазады. «Отбасылық құндылық» ағашы арқылы әр білім алушы өз отбасының құндылығы жайлы сөз етіп, отбасыларының қағидаларын ортаға салады. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор - ақпарат береді - анықтайды; Дескриптор- ажыратады; сипаттама береді; Дескриптор - отбасы туралы талдау жасайды; Отбасы құндылықтары жайлы түсінік алады - | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | «Екі жұлдыз , бір тілек » арқылы өзара талдап, баға береді. | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | Әңгіме «Менің шағын мемлекетім» атты. | | | |
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа» (Асан қайғы) |
Сабақтың мақсаты | Жырау өмірінен мәлімет алады, «Еділ бол да, Жайық бол» толғауымен танысып, толғау туралы түсініктерін кеңейтеді. |
Бағалау критерийі | «Миға шабуыл», СТО әдісі, топтық жұмыс ,жеке жұмыс |
Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттырады,поэзияны түсініп, сырына үңіледі.Оқушылар бірін-бірі сыйлайды, тыңдайды. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Тірек сөздер арқылы сабақты болжау. «Жерұйық», «Түйе», «Саяхаттау»Сурет арқылы да болжау «Миға шабуыл » 1. Асан қайғы деген кім? 2. Өмір сүрген кезеңі. 3. Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер? 4. Асан қайғының арманы не еді? 5. «Жиһангез жырау» деп аталу себебі неде? | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа. Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтып жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа. Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа. Ашу - дұспан, артынан Түсіп кетсең қайтесің Түбі терең қуысқа!.. Өлең мазмұны бойынша негізгі идеясын ашатын төрт сұрақ жазады. «Пиццаға» сұрақтар жазады. Пицца таратушы сұрақтарды келесі топқа апарады. Ол топ сұрақтарға толық жауап бергеннен кейін пиццаға ие болады. Жинақтау 1.Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар. 2. Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады? 3. Толғау бойынша өз пікірлеріңізі айтыңыз. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Рефлексия 1. Эссе: Толғаудың маңызы неде? 2. Синкуейн. Жырау сөзіне бес жолды өлең 3. «Ұйқасын тап» Адамдықты толғап өткен бұрыннан, Жырау деген – қасиетті ... . Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған, Асан қайғы – неткен ғажап ... . Кері байланыс. «СМС» арқылы кері байланыс береді. «Үйге тапсырма: Еділ бол да, Жайық бол, өлеңін жаттау. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Дастархан басында. |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды ізеттілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу |
Бағалау критерийі | өз ойын мәдени түрде жеткізе алады; |
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Әдептілер» «Тәртіптілер» «Мәдениеттілер» Миға шабуыл -Қонаққа, мейрамханаға, кафеге барғаныңызда. адамдар бірден сіздің әрекеттеріңіз қандай? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | ||||||||||
Сабақтың ортасы | Тапсырма №1 Анықта. (жеке жұмыс) Үстел басындағы этикет ережелер туралы бейнематериалмен танысып болған соң, ұсынылған шағын мәтіннің мазмұнына қарай сюжеттік кестені толтырады.
І«Қонақтар сөйлейді» Топтық жұмыс 1- топқа: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу 2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру 3- топқа: «Домино» ойыны: \ Сөз бөліктерінен өлең құрастырып шығу\ «Білген сайын келеді біле бергім.» Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу) «Домино» ойыны: Сыйластықты іздеген Әдеп сақтар ізгі өрен. Сыпайылық белгісі- Үлкендерге «Сіз» деген. Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек. «Білген сайын келеді біле бергім.» ( Мақалдардың жалғасын табу) 1. Жақсы –Ай мен күндей,............ 2. Жақсы адам жаймен келеді, ... ... .. 3.Балаң жақсы болса, сүйеніш, .... .... .......... 4. Ағаштан ағаш сәнін алады, \ адамнан адам тәлім алады\ 5. Әрқашан тілектес, .... .... \ досыңа көмектес.\ 6.Татулық- достық \ кепілі\ 7.Атаңа не қылсаң, 8.Әдепсіз өскен адамнан- \ тәртіппен өскен тал жақсы\ 9.Ұяда не көрсең... 10.Ашу – ... , ақыл -... | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы | ||||||||||
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. Кері байланыс Бүгінгі сабақтан мен не білдім? Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің? Сабақ барысында қандай сұрақ туындады? Қиын болды… Бүгін мен білдім… Қызықты болды… Үйге тапсырма: Дастархан басындағы әдеттер жайлы жазу. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |