ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 108
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Біз қорлауға қарсымыз |
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту. |
Бағалау критерийі | Ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсінеді; адамгершілік қасиеттерді меңгереді; |
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту Кімді қорласаң, содан зар тартарсың мақалды талдау барысында адамдардың «ар-намыс», «қорлық» деген сөздерді ұсыныңыз Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | |||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма Жұптық жұмыс Бейнежазба жұмыс Берілген «Қорлау– басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту» туралы мәтін мен бейнежазбадан алған білімдеріңіді қолданып, жұпта «Борт журнал» кестесін толтырыңыздар
ЕББҚ оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі. |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Саралау тапсырмасы:
Жеке жұмыс
Зерттеу сұрағы арқылы белсенді оқу мен зерттеу жұмысына бағыттау үшін сұрақ қойып ойлануға уақыт береді
Ар, намыс, ұят туралы мақал
1. Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.
2. Ер жігітке өлімнен ұят күшті.
3. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.
4. Ақылың болса арыңды сақта:
Ар - ұят керек әр уақытта.
5. Ел намысы - ер намысы.
6. Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы.
7. Өлімнен ұят күшті.
8. Мал сақтама, ар сақта.
9. Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
10. Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.
Талда-дерекпен жұмыс
Оқушыларға тұлғалар таратады, тапсырма мәнін түсіндіреді
«Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады? Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)
Маңайлама ар - ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ж. Баласағұни)
Пәле - жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық - ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер - Екі жалған бақытына бөленер. (Ж. Баласағұни)
ЕББҚ« Суреттер сөйлейді» әдісі бойынща оқушыға суреттер/иллюстрация ұсынып,жазбаша немес ауызша тапсырма орындайды
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Дескриптор:
Қорлық сөзінің мағынасын анықтайды;
басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті туралы сипаттайды;
өзгерістерін жіктейді
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Өзін-өзі бағалау»
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Суреттер
Тірек-сызбалар
Кесте
ҚБ парағы
Сабақ
тың соңы
Сабақты қорытындылау
Кері байланыс.
Нені білдім, нені үйрендім?
Нені толық түсінбедім?
Нені білгім келеді?
Үй тапсырмасы
Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қорлау — басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне әдепсіз түрде нұқсан келтіру туралы деректердi iздеп табыңдар.
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
А4, конспект
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Азаматтық және патриотизм |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Отбасындағы өзара сыйластық |
Сабақтың мақсаты | Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп,қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтуге үйрету. |
Бағалау критерийі | Сыйластық, қарым-қатынас , ұғымдарының мәнін түсінеді; Отбасылық қасиеттерді меңгереді; |
Құндылықтарды дарыту | Ізгілік,отбасы,шаңырақ |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту Атамнан басталар, Әжеммен қосталар, Отбасым мыналар, Ең жақын адамдар: Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар. Бәрін жақсы көемін, Еркелеймін,еремін. Балалар өлең не туралы айтылған? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма Кіріспе әңгіме(суретпен жұмыс): Бүгін біз оқу іс-әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз. Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? Кім суретке қарап,өз отбасы туралы айтып береді? Сілтеме арқылы өтіп , бейне жазбаны көріп өзара талқылау сұрақтарына жауап береді. «Сұрақ бізден , жауа сізден » әдісі арқылы сұрақ қойып, жауап береді. Саралау тапсырмасы: Жеке жұмыс 1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)1. Ананың көңілі балада, .......................... (баланың көңілі далада)12.Ананың сүті – бал, ................................ ( баланың тілі – бал)13.Туған үйдің түтіні жылы, ...........................( туған ананың күтімі жылы)14.Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)15.Бала – бақшадағы гүлің, ---------------------(оны тәрбиелеу үлкен ғылым)Берілген тапсырмалардың сыңарларын тауып , дәптерге жазады. | Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін https://youtu.be/pjHmgyDGLX8 Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс. Нені білдім, нені үйрендім? Нені толық түсінбедім? Нені білгім келеді? Үй тапсырмасы Сыйластық тақырыбында видео ролик дайындау. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Өз Отанымды мақтан тұтамын! |
Сабақтың мақсаты | Елін,жерін,тілін құрметтейтін ,адамгершілігі мол,өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру. |
Бағалау критерийі | Өз Отанын сүйетін азамат |
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік, Отансүйгіштік құндылықтары қалыптасады. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі Ой қозғау: 1. Сыныпта неге көгілдір жалаушалар қойылған? Тақырыпқа қарап сабақ не туралы болмақ деп ойлайсыңдар? Мағынаны тану: Интерактивті тақтада слайд арқылы тәуелсіз Қазақстан жетістіктеріне саяхат жасау: «Әлем таныған Қазақстан» | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Тапсырма №1 Туған елі үшін тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін, өмірін аямайтын - осы асыл тұлғаны қалай атайтынын білеміз бе? (Патриот) – Керек жерлерін естеріңізде сақтап қалыңыздар ("Түртіп алу" әдісі) https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/patriotizm-degenimiz-ne – Ал, енді "Мен өз елімнің нағыз патриотымын» атты ойынды ойнаймыз. Ортаға үш баланы шақырамыз бұл жерде сұрақ-жауап арқылы ұпай жинайсыздар. Топпен жұмыс 1-топ: «Еркін микрофон» әдісі (Егер мен әкім болсам....) 2-топ: «Спираль» әдісі (Отан туралы мақал-мәтелдер) 3-топ: «Пазл» әдісі (құрастыру) Ойлан, тап!» ойыны, топпен жұмыс: – Балалар, «Ойлан, тап!» ойынына назар аударайық, бұл ойында «Авторлар», «Жұмбақтар», «Ұлттық ойындар» деп аталатын үш категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30,40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Әр топтан бір оқушы ұяшықты таңдайды. «Авторлар» категориясының сұрақтары: 1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков) 3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов) 4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев) https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder «Ұлттық ойындар» категориясының сұрақтары: 1. Қазақтың ұлттық ойындарының логикалық ойлау мен математикалық ойлануды дамытуға негізделген (Тоғызқұмалақ) 2. Бұл ойынды қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, бір-бірінің қолынан ұстап, адамның атын атап шақырады, шақырған адам топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады (Айгөлек) 3. Бұл ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойыншылар қос қолдап ұстап тартады. Тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету керек (Арқан тартыс) 4. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы, тәйке, бүк, шік (Асық ойыны) | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. Кері байланыс Бүгінгі сабақтан мен не білдім? Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің? Сабақ барысында қандай сұрақ туындады? Қиын болды… Бүгін мен білдім… Қызықты болды… Үйге тапсырма: Отаным мақтаным тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |