Файл: 1 Геологиялы блім 1 Кен орын туралы жалпы мліметтер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 171
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі кездегі «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының құрамы МӨГБ – 1,МӨГБ – 2, ҒТӨБ –ан тұрады.
«Қаражнбасмұнай» акционерлік қоғамы құрамында жеті мұнай мен газ өндіру, үш жерасты жөндеу, төрт қабат қысымын көтеру, бір өндірістік процестерді химияландыру, бір өндірісті автоматтандыру цехы және т.б. қызметтер бар. Өндірістік процесс сипаты бойынша цехтар негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Мұнайгаз өндіру басқармасының негізгі өндірісі былайша топталады: мұнай кәсіпшіліктері – аудандық инженерлік–техникалық қызмет (РИТС) – мұнай және газ өндіру цехы (ЦДНГ), ҚҚК цехы (ЦППД), мұнайды дайындау және айдау цехы (ЦППН). Қосалқы өндіріс мұнайгаз өнеркәсібінің кәсіпорындарында негізгі өндірістік процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
«Қаражанбасмұнай» МГӨБ-на келесі негізгі бөлімшелер кіреді: бес мұнай өндіру цехы, алты ҚҚҰ бригадасы, мұнайды кешенді түрде дайындайтын алты бригада, механикалық-жөндеу цехы, сегіз ұңғыны жерасты жөндеу бригадасы.
Мұнай мен газды өндіруде негізгі өндірістік звеносы ретінде, мұнай газды өндірудің барлық кешенді жұмысының басқару функциясы бар, МГӨБ болып танылады. МГӨБ басқару аппаратына барлық бөлімшелердің басшылары кіреді.
– Мұнайгаз өндіру басқармасының басшысы болып, МГӨБ бастығы табылады. Ол кәсіпорынның бүкіл өндірістік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, басқарады және мұнай мен газдың өндірілуінің жоспарының орындалуына толық жауап береді. МГӨБ бастығының бірінші орынбасары болып бас инженер табылады. Ол өндірісті техникалық жөнінен басқарады.
– Бас геолог кәсіпорынның геологиялық қызмет етуінің жұмысын басқарады жөне кен орнының игерілуінің жетілуіне жауап береді. Оның басқаруымен геологиялық-техникалық құжаттар жетілдіріледі және ұңғының өнімділігі мен геологиялық зерттелуі қадағаланады.
– Бастықтың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары кәсіпорынды қажетті бүкіл ресурстармен қамтамасыз етіп, оның дұрыс жұмсалуын қадағалайды. Онымен қоса ол бүкіл әкімшілік–шаруашылық жұмыстарға, тұрмыстық-үймен қамту мәселелеріне және жол қүрылыстарына жауап береді.
– Экономикалық–жоспарлау бөлімі алдыңғы қатарлы жоспарды құрып, оның орындалуын қадағалайды. Шаруашылық есептеуді 1 ұйымдастырады, кәсіпорынның өндірістік–шаруашылық жұмысын талдайды және статистикалық есеп беруді жасайды.
– Еңбек пен жалақы төлеу бөлімі еңбекті ұйыдастырудың жаңа түрлерін енгізіп, жалақы төлеу жүйесін жақсартып, өндірудің өсуші нормасын материалды ынталандыру мен қызмет етеуді ұйымдастырады.
– Кадрлар бөлімі жұмысшыларды алу, орналастыру және біліктілігін жоғарылатумен айналысады.
– Техникалық бөлімі жаңа техника мен технологияны енгізу мұнай мен газ өндіруді және бұрғылауды механизациялау мен автоматтандырудың жоспарын жасап, олардың орындалуын бақылайды. Бөлімге машиналар мен жабдықтардың жұмысының техникалық нормасы, режимдерінің жетілдіруі, жаңа ойлап табулар мен тәсіл табуды басқару жүктеледі.
– Есепшілер кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметін есепке алу және есеп берумен айналысады. Материалды және ақша ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалайды.
Материалдық – техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
Қаражанбасмұнай акционерлік қоғамының материалдық – техникалық жабдықталуы – бұл кәсіпорынның қалыпты өндірістік іс – қимылына
қажетті құрал – жабдықтармен (материалдар, отын, жабдықтар) жоспарлы қамтамасыз ету процесі.
Материалдық – техникалық жабдықтаумен материалдық техникалық жабдықтау бөлімі айналысады, ол акционерлік қоғамның материалдық ресурстарға мұқтажын анықтайды, тапсырыстар жасайды, материалдық қорлардың дұрыс алынуын және сақталуын ұйымдастырады, өндірісті керекті құралдармен үзіліссіз қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын транспортын ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жаңа шаруашылық жағдайларға өту кезеңінде транспорт салаларының алдында тұрған жауапкершілік үлкен. Мұнай өнеркәсібі транспорт құралдарының ірі тұтынушысы болып табылады. Транспорт шығындарының өсіуінің өзіндік себептері бар, айталық, пайдаланудағы кен орындарының өнімділігінің төмендеуі, мұнайдың сулануы мен физика – химиялық қасиеттері күрделі көлемдерінің артуы, өндірудің негізгі көлемдерінің климаттық жағдайы күрделі аудандарға ауысуы және т.с.с.
Мұнай кәсіпшіліктерінің жолсыз және жан – жаққа таралған жағдайында технологиялық транспортқа үлкен жүк түседі. Осы және басқа да қиындықтармен күресу үшін өндірістік бірлестіктердің транспорт басқармасы келесі бағыттарды жұмыс жүргізеді:
-технологиялық транспорт және арнайы техника (ТТ және АТ) басқармасының ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;
-техникалық жабдықтауды, ТТ сенімді жұмыс қабілетін индустрияландыру;
-табиғи – климаттық жағдайы күрделі аудандарда паидаланудың рационалды қорлары мен автотраспорттық құралдардың техника–экономикалық талаптарын негіздеу.
Транспорттық шығындар кәсіпорын есеп қағаздарында жеке бапта көрсетілмеген, ол басқа да шығындарың қатарына кіреді, бірақ оған қарамастан транспорттық шығындар мұнай өндірудің өзіндік құнының бестен бір бөлігін құрайды.
3.2 Экономикалық тиімділіктің есебі
Игеріліп жатқан Қаражанбас мұнай-газ кен орнында қабаттағы көлбеу ұңғының мұнайбергіштігін арттыру мақсатында анағұрлым жетілдірілген механикалық өндіру әдісі қолданылуда. Түз қышқылын қолдану ұңғының орта тәуліктік шығымын және ұңғының өнімділік қуатын ұлғайтуға қол жеткізеді.
Мақсаты: мұнай өндірудің жаңа және анағұрлым жетілдірілген механикалық өндіру әдісін енгізу кезіндегі, барлық шығын түрлері бойынша калькуляция құрастыру нәтижесіндегі жылдық экономикалық тиімділікті анықтау.
Қаражанбас кен орнында электірлі ортадан түз қышқылдарды 2009 жылдың басынан бастап қолданыска енген. Іс-шараны жүргізгеннен кейін орта тәуліктік шығым 100 %-ға артты. Ұңғыны пайдалану коэффициенті 0,93-тен 0,96-ға дейін өсті [8].
3.1 - Кесте
Алғашқы берілгендер
Ұңғы қоры, Nұңғ дана. | 11 |
Ұңғы шығымының өсуі п, % | 100 |
Орта тәуліктік шығым, т/тәул. | 45 |
Жөндеу жүргізу уақытының қысқаруы Тж, сағ. | 900 |
Айдалатын су көлемі Qсу, т | 1200 |
Түз қышқлға жұмсалатын шығындар Рм , т • МЭ А | 2,0 |
Материалдардың құны Цм, тг/т | 1300000 |
Мұнайдың меншікті өзіндік құны С1, тг/т | 13000 |
ӨӨП саны, адам | 12 |
Мұнайды дайындауға және тасымалдауға кететін шығындар Цтс, тг/т | 450 |
Бір жылда өндірілген мұнай көлемін бір ұңғы үшін мына формуламен анықтаймыз:
Q=q*Nұңғ*Т*Кпайд (5.1)
мұндағы q – орта тәуліктік шығын, т/тәул; (5.1)
Nұңғ-әрекеттегі ұңғылар саны, шт.,(біздің жағдайда бір ұңғыны аламыз)
Тк – жылдық календарлық жұмыс күн (365 күн);
Кпайд – пайдалану коэффициенті.
Ұңғыманың орта тәуліктік шығыны qкө=45 т/тәул, Кпайд=0,80%.
Qкө= 45 *1*365*0,80=13140 т/жыл
Ұңғыманың орта тәуліктік шығыны qкө.қ= 87,9 т/тәул, Кпайд=0,97
Qкө.қ = 87,9*1*365*0,97=31120 т/жыл
Өңдеу кезінде алынған мұнай өнімінің жалпы өсуін анықтаймыз:
Q=Q2-Q1= 31120 –13140=17980 т/жыл
Іс-шараларды енгізгенге дейінгі пайдалану шығынын анықтау, яғни көлбеу ұңғы шығындары
Жаңа техникаларды енгізген кездегі мекемелер күрделі қаржылар номенклатураларының түгелдей емес, ал олардың жеке шығын есептерін талап етеді: жабдықтарды иелікке алу, транспорттық жеткізу шығындары, құрастыру және бастырма құны. Пайдалану аймағындағы тиімділікті анықтайтын болсақ, күнделікті шығымның жылдық өлшемін анықтау, қолданатын жабдықтармен қамтамасыз ету. Бұл шығында сол машиналардың көмегімен өндірілетін өнімнің өз құнын құрайды, жабдықтармен және кез-келген басқа техникалардың көмегімен.
Күнделікті шығындар - бір жыл мерзімінде үнемі өндірілетін, өнімді өндіру кезіндегі қоғамдық және ірі еңбек шығындары.
Капиталды шығындар - өнідірістік қорларды жасау үшін капиталды салымдар түрінде жинақтау және олардың ұдайы өндірісінің ұлғаюы, қайта техникалық қамтамасыздандыру.
Мұнай өндірудің шығын деңгейін есептеу үшін калькуляция бабы бойынша іс-шараларды енгізуге дейін 2009 жылғы жоспарлық құжатынан алынған негізгі мәліметтер (5.4 кесте) көрсетілген [8].
3.2–кесте - Пайдалану шығынын есептейтін нормативтер
Аталуы | Шама |
1 тонна өндірілетін мұнайға кететін электроэнергияның меншікті шығыны, кВт r/т | 24,55 |
1 м3 тұтқыр серпінді қоспа (ВУС) айдауға кететінэлектроэнергияныңменшіктішығыны, кВт r/м3 | 7,75 |
Электроэнергияныңқұны, тг/ кВт r | 13 |
Қазіргі 1 ұңғы қорының жұмысшылар саны, жұм/ұңғы | 12 |
Еңбекақы, тг/жұм 1 жылда | 602124 |
Әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры, жұмыстылық қоры, % ЕАҚ – нан | 11 |
Жинауға, тасымалдауға, дайындауғакететінменшікті шығын 1т мұнай, тг/1т мұнай | 899 |
Амортизация мөлшері, % | 5 |
Күнделікті жөндеу, % | 1,2 |
Жалпыөндірістікшығындар, тікелейжәнежанама шығындардыңпайызы, % | 21 |
Өндірістентысшығындар, толықөзкұндылықтыңпайызы, % | 0,5 |
Жалақы фондысының есебі
ЕАҚ=ЖМИН·КТАРИФ·КРАЙОН·КТЕР·КДОП.ЗАР·ЧППП·12 (3.10)
ЗПМИН – ҚР ең төменгі жалақы 21364 теңге құрайды
Ктариф.орт=4,2
Крайон=1,14
Ктер.=1,14
Кдоп.зар.=1,25
АС=12 (ШТС қанша адам жасаса, сонша адам БОТЭС-н да қызмет етеді)
Еңбек ақы қоры: ЕАҚ= Жмин*kтар *k қос*k ауд*k айм *АС*n
ЕАК = 21364*1,14*4,28*1,25*1,14*12*12=21389889,7
3.3 – кестеЕңбек ақы қоры:
ЖминҚР минимальді еңбек ақы, тг | 21364 | |
kтар – тарифтік коэф. | ӘБ | 11,73 |
ИТҚ | 8,53 | |
Қызметкерлер | 4,28 | |
АС – айлар саны | 12 | |
k ауд –аудандық коэффициент | 1,14 | |
k айм -аймақтық коэффициент | 1,14 | |
k қос – қосымша жалақы | 1,25 | |
n - адам саны | 12 |
3.4 - кесте
Көлбеу ұңғыманы игеру үшін кететін жалпы жылдық ЕАҚ
Персонал | Адам саны | ЕАҚ=Жмин*Ктар*Кқос*Кауд*Кайм *АС*n | Жалпы жылдық жалақы қоры, тенге |
ӘБ | 1 | ЕАҚ=21364*11,73*1,25*1,14*1,14*12*1 | 4885190,94 |
ИТҚ | 3 | ЕАҚ=21364*8,53*1,25*1,14*1,14*12*3 | 10657462,59 |
Қызметкер | 8 | ЕАҚ=21364*4,28*1,25*1,14*1,14*12*8 | 14259962,49 |
Барлығы | | 29802580,02 |