Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 238

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


А. 0,5% сірке қышқылын;

В. 70% шарап спиртін;

С. валерианка тұнбасын;

D. мүсәтір спиртін;

Е. сілтіні.

Бақылау сұрақтарының жауабы:

1.А; 2.С; 3.А; 4.D; 5.D; 6.C; 7.E; 8.E; 9.E; 10.D; 11.C;12.D; 13.А; 14. А.
Ситуациялық тапсырма
1 тапсырма

Науқас 14 жаста. 2 күннен бері құлағының бітелуіне, естуінің төмендеуіне шағымданады. Аталған шағымдар бассейнге шомылғаннан кейін пайда болған.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады?

А. есту құжатын құрастыру;

В. сыртқы қарау;

С. құлаққа пальпация, перкусия;

D. құлақтан жағынды алу;

E. отоскопия.
2 тапсырма

Науқас 14 жаста. Тамағының ауырсынуына, жөтелге, дауысының қарлығуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Объективті:дене температурасы 39,2° С, ентігу, тері қабаттарының бозаруы анықталады. Ларингоскопияда: дауыс байламдары гиперемияланған, көмейдің шырышты қабатында алынуы қиын лас сұр түсті дақтар анықталады. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі қолдануы қажет?

А. өкпенің рентгенографиясы;

В.т ура ларингоскопия ;

С. көмейдің томографиясы;

D. спирография;

E. BL - жағынды алу.
3 тапсырма

26 жастағы науқастың шағымдары: оң жақ мұрын жартысынан тыныс алудың қиындауында. Өзін 2 жыл бойы науқас деп санайды. Мұрынның бітелуі бірте-бірте басталған, алғашқысында оң жағы мұрын жартысында тыныс алуы қиындаған, содан соң тыныс шығаруыда нашарлаған. Мұрын қуысын қарағанда кілегей қабығы орташа дәрежеде ісінген, мұрын пердесінің сүйекті-шеміршекті бөлігі қыр тәрізді оңға ығысқан, оң жағында іріңді бөлініс бар. Мұрын жұтқыншақты қарағанда оң жақ хоананы жауып тұрған сұр түсі түзіліс анықталады. Диагнозы: Оң жақты, хоаналды полип. Мұрын жұтқыншақтың жаңатүзілісі?Дәрігердің әрекеті қандай?

А. мойын аймағының ултрадыбыспен зерттеу;

В. мұрын маңы қойнауларының комьютерлік томографиясы, биопсия;

С. отоакустикалық эмиссия;

D. стробоскопия;

E. гаймор қуысының пункциясы.

4 тапсырма

Ер адам 53 жаста. Шағымы: дауысының қарлығуына, тамақ жегенде шашалуға, міңгірлеп сөйлеуге шағымданады. Дауысының қарлыққанына 20 жыл. Ларингоскопияда: көмей бөбешігі жоқ ,ожау тәрізді шеміршектерде және дауыс жалғамаларында тыртықты өзгерістер анықталады. Диагноз қою үшін науқасқа қандай зерттеу тәсілдерін жүргізу қажет?

А. микроларингоскопия;

В. көмейдің рентгенографиясы ;

С. тура ларингоскопия;


D. Манту сынамасы;

E. биопсия.
5 тапсырма

Вова К., 8 жаста. Анасының айтуынша, бірнеше жылдан бері мұрынмен тыныс алудың қиындауы, мұрыннан кілегейлі бөліністерге, құлағының бітелуі және естудің төмендеуі байқалады. Бала түнде ауызын ашып ұйықтайды, қорылдайды, дамып жетілуі жағынан өз құрбыларынан қалыс қалған, жиі салқын тиіп ауырады. Объективті: мұрын-ауыз қыртысы тегістелген, тістесуі және тістерінің өсуі дұрыс емес, таңдайы «готикалық» түрде. Мұрынның кілегей қабаты ісінген, көкшіл, мұрын жолдары тарылған, мұрынның төменгі жолында кілегейлі бөліністер анықталады. Мұрынмен тыныс алуы қиындаған. Бала мазасыз, артқы риноскопия жасау мүмкін емес. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

А. мұрын маңы қойнауларының ренгенографиясы;

В. артқы риноскопия;

С. мұрынжұтқыншақты эндоскоппен зерттеу;

D. тікелей емес ларингоскопия;

Е. орофарингоскопия.
6 тапсырма

Науқас 14 жаста, оң жақ мұрын жартысынан іріңді бөліністердің бөлінуіне, мұрынмен тыныс алудың қиындауына шағымданады. Соңғы 5 жылда жоғарыда айтылған шағымдар мазалайды және ұзақ уақытқа созылады. Осыдан 2 жыл бұрын мұрын маңы қойнауларының созылмалы қабынуы диагнозы қойылған. Риноскопияда: мұрынның кілегей қабаты қызарған, сол жақ ортаңғы және төменгі мұрын кеуілжерлерінің гипертрофиясы, оң жақ ортаңғы және төменгі мұрын жолдарында іріңді бөліністері анықталады. Пальпация кезінде: оң жоғарғы жақ қуысы аймағында ауырсыну байқалады. Мұрынмен тыныс алу оң жағында қиындаған. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

А. мұрын маңы қойнауларының компьютерлік томографиясы;

В. риномонометрия;

С. фиброларингоскопия;

D. акуметрия;

Е. BL жағынды алу
7 тапсырма

Мұрын маңы қойнауларының компьютерлік томографиясында, оң жақ жоғарғы жақ қойнауында субтотальды,гомогенді,құрылымы біртекті,тығыздығы 11 бірліктеХ дейін түзіліс анықталады. Сіздің диагнозыңыз:


А.оң жақты созылмалы этмоидит;

В. оң жақ жоғарғы жақ қойнауының көлемді түзілісі;

С. оң жақты экссудативті гайморит;

D. полипозды гайморит;

Е. оң жақ гаймор қуысының кистасы;
8 тапсырма

Науқас тамағының қатты ауруына және жұтынғанда ауырсынудың үдей түсуіне, даусының қарлығуына, дене температурасының 38,9 С-қа дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Түнде тұншығу пайда болған. Жартылай отырған күйде тыныс алуы жеңілдейді. Ауырғанына 2 күн. Ауруын салқын тиюмен байланыстырады. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?



А. көмей томографиясы;

В. зәйтүнмен тексеру;

С. мұрын маңы қойнауларының рентгенографиясы;

D. тікелей емес ларингоскопия;

Е. эзофагоскопия.

9 тапсырма

Науқас 6 жаста.Мұрын маңы қойнауларының компьютерлік томографиясында мұрын-жұтқыншақтың артқы күмбезінде дөңгелек пішіндегі жұмсақ тінді, жиектері тегіс емес шекаралары айқын, біркелкі құрылымдағы түзіліс анықталады,тығыздығы 42-49 бірліктеХ. Жұмсақ тіндердің инфильтрациясы анықталмайды, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сіздің диагнозыңыз?


А. жұтқыншақ бадамшасының гиперплазиясы;

В. көмей рагы;

С. хоанальды полип;

D. мұрын-жұтқыншақ бөгде денесі;

Е. негізгі қойнаудың жаңатүзілісі.
10 тапсырма

Ер адам 32 жаста, жол көлік апаты болған жерден жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Шағымы: сол жақ құлақтың және құлақ қалқанының ауырсынуы, құлақтан қан кету, құлақтың шулауына. Сыртқы қарауда: сол жақ құлақ қалқанының артқы аймағында ұзындығы 3 см жұмсақ тіндердің жарақаты анықталады. Жарақаттың жиектері тегіс емес, қан ұйындылары бар. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

А. акуметрия;

В. жарақатты зәйтүнмен тексеру, отоскопия;

С. шүйде сүйегінің рентгенографиясы;

D. есту қабілетін сыбырлап және сөйлеу арқылы тексеру;

Е. аудиометрия.

11 тапсырма

Қыз бала 3 жаста жылаған күйде клиникаға жеткізілді. Ата-анасының айтуынша, бала 2 сағат бұрын ойнап отырып, оң жақ мұрын бөлігіне түймені салып жіберген. Өздері пинцетпен бөгде денені алуға әрекет жасаған, түйме мұрын жолының артқы бөлігіне қарай ығысқан.

Объективті: оң жақ мұрын қуысының кілегей қабаты қызарған, инфильтрацияланған, тереңде бөгде дене анықталады. Оң жақ мұрынмен тыныс алу қиындаған. Мұрын қуысынан бөгде денені алу барысында бала басын шайқайды. Аяқ-қолдарымен тепкілейді. Алдыңғы риноскопия жүргізу барысында қандай қателік жіберілді?

A. баланың көзін жабу;

B. басын байлау;

C. баланы орындыққа отырғызу;

D. баланы төсек жаймасымен /жаялықпен/ орап, басын қозғалтпай ұстау;

  1. сол жақ мұрын жартысын жабу.


12 тапсырма

Әйел 26 жаста, шағымы шайнағанда және аузын ашқанда оң жақ құлағының ауруына. Объективті: оң жақ құлақ арты аймағының тіндері қызарған, ісінген, сыртқы есту жолы инфильтрация әсерінен тарылған, терісі қызарған, дабыл жарғағын көру мүмкін емес. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған тиімді?


А. самай сүйегінің компьютерлік томографиясы;

В. қанды стерилдікке тексеру;

С. тимпанометрия;

D. қанның қанттық құрамын тексеру;

Е. аудиометрия.

13 тапсырма

Созылмалы іріңді эпимезотимпанитпен ауыратын 9 жастағы бала, шүйде аймағында бас ауруға, құсу, лоқсу, жүрісінің бұзылуына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы- ауыр. Дене температурасы 38,4С, пульсі 52рет/мин, ырғақты. Диадохокинез. Саусақ-мұрын сынамасы оң жаққа ауытқиды. Сол жақта ұсақ екпінділікте көлденең нистагм. Сол жақ сыртқы есту жолында кілегейлі-іріңді бөлініс бар. Дабыл жарғағы қызарған, артқы жоғары бөліктері бұзылған. Аттикте-холестеатомды масса. Емізікше өсінді аймағы өзгеріссіз, пальпацияда ауырсынусыз. Дианозы: созылмалы іріңді мезоэпитимпанит, лабиринтит. Мишық абсцесі? Дәрігердің әрекеті қандай?

А. самай сүйегінің компьютерлік томографиясы, нейрохирург және көз дәрігерінің кеңесі;

В. акуметрия;

С. реанимация бөлімшесіне ауыстыру;

D. неврология бөліміне жолдама беру;

Е. отоакустикалық эмиссия.

14 тапсырма
Науқас 63 жаста тыныс алудың қиындауына,тамағының жұтынғанда ауырсынуына және жыбырлауына шағымданады. Ауырғанына 5 жыл. Соңғы 3 айда тыныс алудың қиындауы және жұтынғанда сол құлаққа таралатын тамағының ауырсынуы қосылған. Объективті: көмейдің сол жақ қарынша және дыбыс қыртысында орналасқан алдыңғы комиссура арқылы оң жақ дыбыс қыртысына таралған беткейі бұжыр түзіліс анықталады. Көмейдің сол жақ жартысының қозғалысы шектелген, ожау-бөбешік қыртысы ісінген. Дауыс саңылауы тарылған. Жүру кезінде ентігу пайда болып, бұғана үсті және төс ойықтарында тартылыс анықталады. Мойын регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Диагнозы: Көмейдің жаңатүзілісі? Дәрігердің әрекеті қандай?

А. көмейдің компьютерлік томографиясы, биопсия;

В. микроларингоскопия;

С. аралас ем;

D. химиотерапия;

E. сәулелік ем.
15 тапсырма

Науқас 24 жаста, есту қабілетінің төмендеуіне, құлағында шудың пайда болуына шағымданады. Анамнезінде-мойын остеохондрозымен ауырады. Объективті: науқастың жағдайы қанағатанарлық. Отоскопияда: оң және сол жақ құлақтары - қалыпты. Дәрігердің әрекеті қандай?

А.тимпанометрия;

В.отоакустикалық эмиссия;

С. ДШП (дыбыстаудан шақырылған потенциалдар);

  1. импедансометрия;

Е. акуметрия,аудиометрия.
16 тапсырма

Науқас 16 жаста. Оң жақ құлақ қалқанының ауырсынуына шағымданады. Айтылған шағымы 6 күн бұрын төбелестен кейін пайда болған. Қарау кезінде құлақ қалқанының жоғарғы 1/3 бөлігі гиперемияланған, ісінген, флюктуация айқындалады. Дәрігердің әрекеті қандай?


А.сыртқы есту жолын жуу;

В. самай сүйектерінің R-графиясы ;

С. аудиометрия;

D. акуметрия;

E. пункция.

17 тапсырма

Жаңа туған қыз бала,анасының түсіндіруі бойынша айтылған сөздерді естімейді.Қарау кезінде: хоана атрезиясы,таңдайдың толық емес ажырауы,қоян ерін, көз колобомасы, жүректің митральды және аортальды клапанының қосарланған ақауы. Дәрігердің әрекеті қандай?

А. отоакустикалық эмиссия;

В. қанның жалпы анализі;

С. құрсақ қуысының УДЗ;

D. биохимиялық анализде билирубинді анықтау;

Е. зәрдің жалпы анализі.
18 тапсырма

Науқас 48 жаста, мұрынының бітелуіне, басының әсіресе шүйде аймағының ауырсынуына байланысты науқас ауруханада ем қабылдауда. Жиі іріңді қақырықты бөлініс пайда болады. Ауырғанына 5 жыл. Риноскопияда: мұрын кеуілжірінің орташа дәрежеде ұлғаюы, жоғарғы мұрын жолынан аз мөлшерде бөлініс анықталады. Дәрігердің әрекеті қандай?

А. мұрын маңы қойнауларының рентгенографиясы;

В.торлы лабиринттің пункциясы;

С. маңдай қойнауының трепанопункциясы;

D. маңдай қойнауын зәтүнмен тексеру;

Е. гаймор қуысының пункциясы.

Ситуациялық тапсырмалардың жауабы:


  1. №1 тапсырма. Отоскопия.

  2. №2 тапсырма. BL жағынды алу.

  3. №3 тапсырма. Мұрын маңы қойнауларының комьютерлік томографиясы, биопсия.

  4. №4тапсырма. Биопсия.

  5. №5 тапсырма. Мұрынжұтқыншақты эндоскоппен зерттеу.

  6. №6 тапсырма. Мұрын маңы қойнауларының компьютерлік томографиясы;.

  7. №7 тапсырма. Оң жақты экссудативті гайморит.

  8. №8 тапсырма. Тікелей емес ларингоскопия.

  9. №9 тапсырма. Жұтқыншақ бадамшасының гиперплазиясы.

  10. №10 тапсырма. Жарақатты зәтүнмен тексеру, отоскопия.

  11. №11тапсырма. Баланы төсек жаймасымен /жаялықпен/ орап, басын қозғалтпай ұстау.

  12. №12 тапсырма. Самай сүйегінің компьютерлік томографиясы.

  13. №13 тапсырма. Самай сүйегінің компьютерлік томографиясы, нейрохирург және көз дәрігерінің кеңесі.

  14. № 14 тапсырма. Көмейдің компьютерлік томографиясы, биопсия.

  15. №15 тапсырма. Акуметрия,аудиометрия.

  16. №16 тапсырма. Пункция.

  17. №17 тапсырма. Отоакустикалық эмиссия.

  18. №18 тапсырма. Мұрын маңы қойнауларының рентгенографиясы.

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі


  1. Ананьева С.В. Болезни уха, горла, носа: учебное пособие/ С. В. Ананьева. -3-е изд., перераб. и доп.,4-е изд., стереотип. -Ростов н/Д: Феникс, 2011. -416 с.

  2. Альтман Я. А., Таварткиладзе Г. А. Клиническая аудиология. - М.: ДМК Пресс, 2003.-С. 199-212

  3. Бабияк В.И., Накатис Я.А. Клиническая оториноларингология. СПб.: Гиппократ, 2005. - 798 с

  4. Богомильский М.Р. Детская оториноларингология: учебник/ М. Р. Богомильский, В. Р. Чистякова. -2-е изд., перераб. и доп. -М.: ГЭОТАР - Медиа, 2002,2007. -576 с.

  5. Болезни уха, горла, носа в детском возрасте: нац. руководство + СД/ ред.: М. Р. Богомильский, В. Р. Чистяков. -М.: ГЭОТАР - Медиа, 2016. -736 с.

  6. Болезни уха, горла, носа в детском возрасте: нац. руководство. Краткое издание/ ред.: М. Р. Богомильский, В. Р. Чистякова. -М.: ГЭОТАР - Медиа, 2008. -544 с.

  7. Булл Т.Р. Атлас ЛОР-заболеваний/ Т. Р. Булл; пер. с англ. В.Ю. Халатова. -2-е изд., испр. -М.: ГЭОТАР - Медиа, 2005. -272 с.

  8. Гапанович В.Я. Оториноларингологический атлас/ В. Я. Гапанович, В. М. Александров. -Минск, 1989

  9. Гаращенко Т. И., Радциг Е. Ю., Астахова Е. С. Роль эндоскопии в диагностике заболеваний гортани // Россий. Оторинолар. – 2002. - №1(1). – С. 23 - 24.

  10. Детская оториноларингология: руководство для врачей, В 2-х т. Т.1/ ред.: М. Р. Богомильский. -М.: Медицина, 2005. -660 с.

  11. Детская оториноларингология: руководство для врачей, В 2-х т. Т.2/ ред.: М. Р. Богомильский, В. Р. Чистякова. -М.: Медицина, 2005. -528 с.
    1   2   3   4   5   6   7   8