Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 240
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сонымен қатар, қазіргі таңда заманауи техниканың дамуына байланысты жиі жұмсақ фибробронхоскоптар қолданылады. Бұл құрылғы құрылымы: қолмен ұстайтын жерінде /сабында/ құрылғыны қозғалысқа келтіретін тетіктері, жарық көзі, бейнежазба жазуға арналған камерасы, емдік және диагностикалық зерттеулер жүргізуге арналған қозғалмалы жұмсақ түтіктен тұрады (63 сурет).
63 сурет - жұмсақ фибробронхоскоппен трахеобронхоскопия жасау
5.12. Трахеостомиялық түтігі бар науқастармен қарым-қатынас орнату және оның түтігінің күтімі
Трахеостомиялық түтіктің диаметріне сәйкес, әртүрлі номерлері болады №1 ден №6 дейін. Трахеостомиялық түтіктің номеріне байланысты, диаметріде өзгеріп отырады және түтік 3 бөліктен тұрады:
1) сыртқы түтіктің қалқанында байлауға арналған тесік және сақтандыратын тетік орналасқан;
2) ішкі түтіктен 3) мандреннен. Баудың /лента/ көмегімен трахеотомиялық түтік мойынға тағылады. Сақтандырғыш тетікті ағытып /қозғап/, ішкі түтікті шығарып, тазартып, қайта орнына енгізіп, оны бекітеді.
Трахеостомиялық түтікті, трахеотомиялық тесікке горизонталды бағытта кіргізіп, содан соң тік /вертикальды/ қалыпта түтікті төмен қаратып, трахеяның саңылауына енгізеді. Қалқанның тесіктерінен өткізілген дәкелі лентаның көмегімен түтік мойынға таңылады. Трахеостомиялық түтіктің қалқанының астынғы жағына дәкеден дайындалған салфетка қойылады. Бұл жарақатқа іріңнің және қақырықтың өтуіне кедергі жасайды. Тыныс алған кезде ауаны ылғалдандыру үшін трахеостомиялық түтіктің беткейін суға батырылған дәкелі салфеткамен жабады.
Науқасқа ішкі трахеостомиялық түтіктің қалай алынатынын, тазартуын (тазалау, жуу, cұйық май жағу) және оны қайта орнына енгізу кезеңдерін түсіндіреді және үйретеді. Кей жағдайларда бұл процедураны (науқастың жағдайы ауыр болғанда және жас балаларда) медбикенің өзі жасайды. Сыртқы түтікті алу қажеттілігі өте сирек жағдайда болады. Сыртқы түтікті алуды немесе алмастыруды ЛОР - дәрігері өзі немесе хирург жасауға тиіс. Егер алғашқы күндері стома түзілмей тұрып алмастыруды қажет етсе, онда бұл манипуляцияны байлап-таңу бөлмесінде шалқасынан жатқан күйде атқарылады.
Науқаста стеноз белгілері толықтай жойылғаннан кейін, деканюляцияны қолданады. Бұл диагнозында көрсетілу керек. Ұзақ уақыт канюлямен жүретіндерде трахеостомиялық түтікті 7 күнде 1 рет алмастырылады.
5.13. Тыныс жолдарының және өңештің бөгде денелерінің рентгендиагностикасы
Тыныс жолдарының және өңештің бөгде денелерін анықтауда рентгенография және рентгеноскопия қолданылады. Металдан жасалған бөгде денелер (монета, тіс протездері және т.б) рентгенографияда айқын көрінеді.
Рентгендиагностика арқылы аспирациялық заттың орналасуы мен ерекшелігін, формасы мен кілегей қабатына қаншалықты еніп тұрғанын анықтауға болады.
Бронх саңылауында бөгде денелер орналасуынан байланысты кейбір жанама белгілері болады. Бронх бөгде денемен толық бітелсе, өкпенің бөгде дене жағында 2-3 сағаттан кейін ателектаз дамиды, ал кеуде қуысында рентгенограммасында сол аймақтың біртекті интенсивті қараюы анықталады. Сондай-ақ, тыныс алу кезінде көкірекаралық перде ауру жаққа ығысады.
Өңеш бөгде денесіне күдіктенгенде, науқасқа міндетті түрде рентгенологиялық зерттеу әдісі тағайындалады. Үлкен ет сүйектері және металлды бөгде денелер экранда бірден көрінеді. Бөгде дененің нақты орнын анықтау үшін екі проекциядағы рентгенографиялық әдіс қолданылады. Контрасты сұйықтық ішіне кіші көлемдегі мақта түйіршектерін қосып ішкізу арқылы тексеру үлкен диагностикалық көрсеткішке ие. Өңеште мақта түйіршігінің тұрып қалуы, өңеште бөгде дененің бар екендігін айқындайды.
Басқа да әдістерді де пайдалануға да болады. Қоймалжың барий қоспасын қабылдаған соң су ішкізеді, су барийді жуып өтеді, бірақта контраст қалдығы бөгде дене беткейінде қалып қояды, бұл бөгде дененің бар екеніне дәлел бола алады.
5.14. Эзофагоскопия
Эзофагоскопия жүргізу үшін де трахеобронхоскопияға арналған аппаратура қолданылады. Бұл кезде диаметрі үлкен түтіктер пайданылады: № 1 және №2 ересектерге, №2 және №3балаларға. Ереже бойынша эзофагоскопияны ашқарынға жүргізеді, өйткені толып тұрған асқазанда құсу пайда болып, зерттеу жүргізуге кедергі болады.
Зерттеудің алдында 30 минут бұрын науқасқа премедикация жасалады: 1 мл 2 % промедол ерітіндісі және 0,5 – 1 мл 0,1% атропин ерітіндісі тері астына егіледі. Жұтқыншақтың және өңештің жергілікті анестезиясы 2% немесе 10% лидокаин (1 мл) ерітіндісімен жүргізіледі.
Эзофагоскопияны науқастың әртүрлі қалпында жүргізеді: отырған немесе жатқан (бүйірімен, арқасымен немесе ішімен).
Бірінші жағдайда, науқас төмен орналасқан орындықта дәрігерге қарсы, денесін сәл алға иіп, басын артқа шалқайтып отырады. Көмекші басын ұстайды.
Эзофагоскопты енгізу техникасы.Түтіктің буланып кетуін болдырмас үшін, оны дене температурасына сәйкестендіріп жылытады, қозғалуын тездету үшін вазелин майын жағады. Науқас аузын ашып, тілін шығарады. Дәрігер дәкелі салфетка көмегімен тілді орап, сол қолының ортаңғы және бірінші саусақтарымен науқастың тілін ұстап, екінші саусағымен жоғарғы тістерін тірейді, бұл қалып түтіктің саусақ арқылы тез жылжуына көмектеседі. Эзофагоскоп түтігін горизонталды жағдайда, тілдің сол жақ шетіне енгізеді; жұтқыншақтың артқы қабырғасына жеткеннен кейін вертикалды қалыпта ұстап, сол жақ алмұрт тәрізді синусқа енгізеді, содан соң орталық сызыққа орналастырып өңеш кіреберісіне (жоғарғы күрек тістен 14-16 см) кіреді. Өңештің және жұтқыншақтың төменгі қысқыштарының /констрикторының/ түйілуі зерттеу жүргізуді қиындатады. Бұл жағдай аздаған кідірісті қажет етеді. 1-2 мин кейін түйілу тарайды да, өңешке енуге мүмкіндік болады. Бұл жағдайда өңештің алдыңғы кіреберісін итеріп, жайлап айналмалы қозғалыстар жасайды.
Түтікті күштеп енгізсе, өңеш қабырғасы зақымданады. Өңеш кіреберісінен өткеннен кейін, өңештің кеуде аймағы басталады. Бұл кезде түтікті ұзарту үшін, қосымша ішкі түтік енгізіледі. Түтікті кіргізгеннен кейін 37-40 см қашықтық бойында өңештің саңылауын және қабырғаларын қарайды. Өңеш саңылауындағы кілегейлі бөліністі электр сорғышпен сорып алады немесе ұшында мақтасы бар зәйтүндермен құрғатады.
Эзофагоскопия жүргізуге қарсы көрсеткіштерге айқын жүрек жетіспеушілігі және атеросклероз, жоғары артериалды гипертония, кеңірдек және көмей стеноздары, аорта аневризмасы, өңештегі жедел қабыну процестері жатады.
Қорытынды
ЛОР - мүшелерінің аурулары, аурудың құрылымы, еңбек қабілетінің төмендеуі жөнінен және тұрғындар арасында өлім көрсеткіш бойынша жалпы аурулар бойынша басты орындарға ие.
ЛОР - органдарын қарау (сыртқы немесе эндоскопиялық) реттілігі процестің орналасуына сәйкес өзгеріп отырады. Ол тәуелді патологиялық үрдістің ерекшеліктеріне және оның қай аймақта кездесуіне. Қарауды алдыңғы риноскопиядан бастайды, содан соң мезофарингоскопия, отоскопия, артқы риноскопия және тура емес ларингоскопиямен аяқтайды. Құлақ ауруы болса, онда бірінші кезекте қарауды сау құлақтан бастайды.
ЛОР - мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу әдістері, ЛОР- эндоскопы көмегімен жүргізіледі және бейнежазбаларды науқасқа толықтай көрсетуге мүмкіндік береді.Дәрігерқарау кезінде сыртқы есту жолына, дабыл жарғағына, ауыз қуысы, ауыз-жұтқыншақ, мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақжәне көмейдіңқалыпты жағдайына, патологиясына көңіл аударады. ЛОР - ауруларының уақытылы диагностикасында ЛОР - мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу әдістері манызды рөл атқарады. Шағымдарына назар аударып, аурудың пайда болу реттілігін ескеріп, ЛОР - ағзаларына зерттеу әдістерін пайдалана отырып, аурудың негізгі симптомдарын ажыратуға болады. ЛОР - науқастарына лабораторлы және инструменталды зерттеу әдістерін жүргізу үлкен қаржыны қажет етеді. Науқастарға инструменталды, эндоскопиялық және микроскопиялық зерттеу әдісін жүргізу аурудың диагностикасында ерекше рөл атқарады және сол алынған нәтижелерге сәйкес нақтылы диагноз қойылады. Осы зерттеу тәсілдері арқылы емдеудің нәтижелігін, науқастын өмір сүру көрсеткішін және емдеуге жұмсалатын қаржыны реттеуге болады.
ЛОР мүшелерін қарау кезіндегі алынған нәтижелерді қысқаша түрде ауру тарихына тіркейді. Дәрігер ауру тарихын толтыру барысында қажетсіз сөздерді көп қолданбауға тиіс, тек жалпы терминдермен және қысқартылған сөйлемдерді пайдаланғаны жөн.
Эндоскопиялық құрылғы консервативті және хирургиялық емдеу тәсілдерін орындауды жеңілдетеді, басқа дәстүрлі емдеу шараларына қарағанда бұл процедура зиянсыз және зақымдаусыз жүргізіледі, сондықтан көптеген артықшылыққа ие.
Оқу құралының негізгі мақсаты –тәжрибелік дағдыларды түсіндіру және студенттерге, резидент-оториноларингологтарға, жалпы тәжрибиелік дәрігерлерге ЛОР -науқастарының зерттеу әдістерін үйрету.
Бақылау сұрақтары:
1.Отоскопияда қолданылатын құралды атаңыз:
А. құлақ воронкасы;
В. шпатель;
С.стробоскоп;
-
фибробронхоскоп;
Е. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
2. Алдыңғы риноскопияны жүргізуге қажетті құралды атаңыз:
А. жоғарғы трахеобронхоскоп;
В. төменгі трахеобронхоскоп;
С. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
Е. отоскоп.
-
Артқы риноскопияны жүргізуге қажетті құралды атаңыз:
А. мұрын-жұтқыншақ айнасы;
В. диафоноскоп;
С. микроскопия;
D. көмей айнасы;
Е. отоскоп.
4. Тікелей емес ларингоскопияны жүргізуге қажетті құралды атаңыз:
А. Политцер баллоны;
В. шпатель;
С. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
Е. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
5. Мезофарингоскопияны жүргізуге қолданылатын құралды атаңыз:
A. құлақ воронкасы;
B. шпатель;
С. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
Е. Волков элеваторы.
6. Артқы риноскопия кезіндегі анатомиялық түзілістер:
А. тіл түбірі;
В. хоана;
С. хоана, мұрын кеуілжерлерінің артқы бөлігі, жұтқыншақ және түтік бадамшалары, есту түтігінің сағасы;
-
хоана, тіл түбірі;
Е. евстахий түтігінің сағасы.
7. Мұрын-жұтқыншақты қарауға арналған құрал:
А. отоскоп;
В. синускоп;
С. Брюнингс бронхоскопы;
-
көмей айнасы;
Е. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
8. Шектелген лабиринтите қай сынама оң мәнді болады?
А. Рине сынамасы;
В. Вебер сынамасы;
С. Бинга сынамасы;
D. Политцер-Федеричи сынамасы;
E. прессор сынамасы.
9. Жаңа туған нәрестенің есту қабілетін қай күні анықтауға болады?
А.10-15 күні;
В.25-30 күні;
С.20-25 күні ;
D.15-20 күні ;
E. 1-5 күні.
10. Жұтқыншақтың төменгі бөлігін көруге қандай құрал қолданылады?
A. құлақ воронкасы;
B. шпатель;
C. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
E. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
11. Тікелей емес ларингоскопия кезінде қандай анатомиялық түзіліс көрінеді?
A. мұрын кеуілжерлерінің артқы бөліктерін;
B. хоана;
C. шынайы дауыс қатпарлары;
-
евстахиев түтігінің сағасын; -
дабыл жарғағы.
12.Жас балаларда отоскопия кезінде құлақ қалқанын қай бағытқа қозғайды?
А. жоғары алға;
В. жоғары артқа;
С. төмен алға;
D. артқа төменге;
Е. алдыға төменге.
13. Гаймор қуысына қай мұрын жолы арқылы пункция жасалады?
А. төменгі;
В. жоғары;
С. ортаңғы;
D. артқы;
Е. хоана.
14. Иіс сезу қызметі қалыпты болған жағдайда мұрын қай дәрі-дәрмекті сезеді?