Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 242

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жатқан күйде ларингоскопия жасағанда науқас басын артқа қарай шалқайтып, арқасымен жатады. Ларингоскопияның техникасы отырғызып жасағанмен бірдей.
5.3. Стробоскопия

Көмейдің негізгі зерттеу әдістері - тікелей емес және тікелей ларингоскопия. Бірақта, ларингоскопияда тек морфологиялық өзгерістер көрсетеді. Адамның көзі жиілігі секундына 16 — дан жоғары тербелістерді ажырата алмауына байланысты, дауыс қатпарларының қозғалыстарындағы функционалды ақауларды көре алмайды. Адамның дауыс қатпарларының тербеліс жиілігі 60-80 секундтан кем емес.

Стробоскопия – бұл көмей мен дауыс қатпарындағы патологиялық өзгерістерді ажыратуда қолданылатын басты зерттеу әдісі.

Стробоскопия дауыстың функционалды бұзылыстарының ерекшеліктерін, дауыс қатпарындағы қатерсіз және қатерлі ісіктерін ерте анықтау, емдеу нәтижелеріне баға беру, мамандығы дауыс аппаратымен және вокалдық жүктемемен байланысты адамдардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және дауыс физиологиясы мәселесін зерттеу үшін қолданылады.

Стробоскопиялық зерттеу стробоскоп аппаратының көмегімен жасалады (59 сурет).



59 сурет - Стробоскоп аппараты

Бұл құрылғы көмейдегі ұсақ құрылымдарды, бұзылыстарды және дауыс байламдарының микроскопиялық көрінісін көзбен көруге мүмкіндік береді

Стробоскопиялық әдіс, алдын ала дайындықты қажет етпейді. Тек құсу рефлексі жоғары адамдарға жұтқыншақтың кілегей қабатының беткейіне анестетиктер пайдаланылады.

Стробоскопияға көрсеткіштер: тыныс алу қызметінің бұзылысы, көмейде бөгде дененің сезілуі, дауыстың өзгеруі, ұзақ уақыт жөтелу, көмейдің созылмалы қабыну аурулары және т. б.

Стробоскопия көмейдің көптеген ауруларын анықтауға мүмкіндік береді:

* созылмалы атрофиялық, гипертрофиялық ларингиттер;

* көмейдің парезі немесе салдануы;

* дауыс байламдарының ісіктері;

* көмейдің туберкулезі;

* көмейдің бөгде денесі және т.б.

Стробоскопия кезінде науқас микрофонмен сөйлейді, сөйлеу кезінде жарық пайда болып, дауыс байламдарының қозғалысын анықтауға мүмкіндік береді. Олардың диапазоны дауыс байламдарының қозғалыс жиілігіне сәйкес келуі тиіс. Осы әрекетке байланысты бейне-жазбалар алынып, ол монитордың экранынан көрсетіледі.Аталған зерттеу әдістің көмегімен дауыстың патологиясын анықтауға мүмкіндік туады
(60 сурет).



60 сурет. Алынған нәтижесі.

Көмейді стробоскоппен зерттеу кезінде стробоскопиялық көріністің нәтижелері және қозғалыстағы дауыс байламдарының бейнелері пайда болады, бұл дәрігерге дауыс байламдарының өзгешіліктерін анықтауға мүмкіндік береді:

  • қозғалмайтын бөліктердің болуы;

  • діріл диапазонын;

  • қозғалыс пропорционалдығын;

  • дыбыстың тұрақты жиілігін;

  • тіндердің жағдайын.


5.4. Көмей рентгенограммасын оқу

Қазіргі таңда көмей ауруларына диагноз қоюда, оның ішінде көмейдің қатерлі ісіктерінде рентгенологиялық зерттеудің ролі ерекше. Көмейдің бүйір проекциядағы рентгенографиясы және қосымша алдыңғы тіке томографиясы қатайған шеміршектердің жағдайы, бөбешіктің және гипофарингстің қабырғалары, көмей қуысы және кеңірдектің жоғарғы бөлігін ғана емес, сондай ақ дауыс қатпарларының пішіні мен көлемі, морганиев қарыншалары, дауыс саңылауының көлемі және т.б туралы мәліметтер береді.

Патологиялық процесс кезінде шеміршектерді зақымдайтын (склерома, туберкулез, сифилис, оқ жарақатынан кейін болған перихондрит және т.б) көмейдің көптеген аурулары кезіндегі көмей рентгенограммасының өзіндік ерекшеліктері бар. Склеромада көмей қуысының тарылуы және шеміршектерінің пішінінің бұзылуы, туберкулезде шеміршектердің декальцинациясы, ларингоцеле кезінде ауалық қуыстың болуы және т.б. рентгенографиялық өзгерістер болады. Қайтымды /төменгі қалқанша нервісі/ жүйкенің параличі кезінде көмей функциясының бұзылуында типті томографиялық көрініс болады: «и» дыбысын шығаруға әрекеттенген кезде дауыс қатпарларының анатомиялық формасы және зақымдалған жақта морганиев қарыншасы көрінеді, ал сау жағында көмей қуысының қабырғасы қозғалады, бірақта анатомиялық элементтері анықталмайды /дифференцияланбайды/. Көмейдің қатерлі ісігінің рентгенодиагностикасы үлкен клиникалық маңызға ие. Көмейдің рентгенографиясында және томографиясында ісіктің орналасу жағдайын, көлемін, формасы мен шекарасын және де кеңірдектің жоғарғы бөліміне таралуын, көмей саңылауының тарылу дәрежесін анықтауға болады.

Хирургиялық және сәулелік емнің нәтижелілігін және рецидивін анықтау үшін, көмейдің динамикалық, сериялық рентгенграфиялық зерттеулерін қолданады.
5.5. Көмейден жағынды алу

Бұл манипуляцияны ларингитте, көмей ісіктері кезінде, туберкулез, мерезге күмәнданғанда және т.б. инфекциялық аурулар кезінде микрофлораны және оның антибиотикке сезімталдықты анықтау үшін жүргізеді. Осы мақсатта басына стерилді мақта оралған көмей жаққышы пайдаланылады.



Манипуляция техникасы. Бұл процедураны тікелей емес ларингоскопия арқылы жүргізіледі, бұл кезде науқас тілін дәкелі салфеткамен өзі ұстайды. Дәрігер сол қолымен көмей айнасын ұстап, оң қолмен көмей жаққышын ауыз қуысына және жұтқыншақтың кілегей қабығына тигізбей көмей қуысына енгізеді. Кілегей қабатының беткейінен жағындыны алады. Содан соң мақта көмей зәйтүнінен алынып, стерилді пробиркаға салынадыда бактериологиялық лабораторияға жолданады.
5.6. Жергілікті аппликациялық анестезия

Көмей анестезиясы эндоларингеальды хирургиялық емдеуде және тікелей емес ларингоскопия жасау кезінде құсу рефлексі жоғары болған жағдайда 2 % немесе 10 % лидокаин ерітіндісімен жүргізіледі.

Алғашында пульверизатормен жансыздандыру ерітінділерін ауызжұтқыншақтың кілегей қабатына шашады. Содан соң тікелей емес ларингоскопия жасап, анестетик сіңірілген көмей жақышынмен көмейдің кілегей қабығынмына реттілікпен жансыздандырады: валлекулалар, бөбешіктің тілдік беткейі және бөбешіктің көмейлік беткейі, ожау тәрізді шеміршек аймағы, ожау тәрізді шеміршек аралығы кеңістігі, қарынша және дауыс қатпарлары және қатпар асты кеңістігі. Егер көмей жаққышын көмей саңылауына (дауыс асты кеңістігіне) енгізгенде науқаста жөтел белгілері болмаса, онда анестезия жақсы жасалған. Осыдан кейін эндоларингеалды хирургиялық ем қолданылады.
5.7. Көмейге жақпаны дайындау

Оң қолға кертігі бар басы имек көмей зәйтүнін алады және оның ұшына сол қолдың бас және сұқ саусағының көмегімен жұмсақ /үлпілдек/ болып тұратындай етіп мақтаны тығыздап орайды. Мақтаны сұйық дәріге малып, көмейге жағады.
5.8. Көмейге жақпа жағу

Көмейге жақпа жағу үшін аурудың түріне байланысты әртүрлі дәрі-дәрмектер пайдаланылады: 2-3% азот-қышқылды күміс ерітіндісі, Люгол ерітіндісі, шабдалы немесе өрік майлары және т.б. Атрофиялық ларингитте Люгол ерітіндісін, шабдалы немесе өрік майларын, алоэ ерітіндісін жағу керек. Созылмалы катаралды ларингитті емдеуге 2-3% азот-қышқылды күміс ерітіндісі пайданылады.

Көмейдің вестибулярлы бөлігінің кілегей қабатының ісінуін тез басу үшін тамыртарылтқыш дәрілерді (адреналин және т.б.) жағады.

Көмейге жақпа жағу басына мақта оралған имек көмей зәйтүнімен жүргізіледі. Зәйтүнді мақтасымен бірге дәрі ерітіндісіне батырып алып, содан соң кілегей қабатына жақпаны жағамыз. Егер бұл манипуляция кезінде құсу және жөтел рефлекстері пайда болса, науқасқа 2% немесе 10% лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру жасалады.


5.9. Көмейге дәрі-дәрмектерді құю (инстилляция)

Шабдалы майы қосылып дайындалған стрептомицин ерітіндісін және т.б. көмей шприціне енгізіп, тікелей емес ларингоскопия жасалады. Науқас оң қолымен өзінің тілін ұстайды, ал дәрігер сол қолымен көмей айнасын, оң қолына дәрісі бар көмей шприцін алады. Жәймен имек шприцті бөбешіктің артына енгізіп, науқастан «и» деген дыбыс шығаруын өтінеді де дәріні көмейге құяды. Егер дәрі көмейдің саңылауына енсе, науқаста ұстамалы жөтел пайда болады. Дәрі көмейге енбесе, онда дәрі өңешке құйылған, бұл жағдайда процедураны қайталау қажет.

Құсу рефлексінің жоғары болуына байланысты, дәріні құю (инстилляция) мүмкін болмаса, онда жергілікті жансыздандыру жасалады.
5.10. Көмейден бөгде денені алу

Бөгде денеге тигізіп алмай алмұрт тәрізді синусқа, бөбешікке 2 % немесе 10% лидокаин ерітінділерімен жергілікті жансыздандыру жүргізеді. Тікелей емес ларингоскопия көмегімен (дәрігер көмей айнасын сол қолымен ұстайды, науқас өзінің тілін ұстап отырады) оң қолына көмей қысқышын ұстап бөгде денені алып тастайды.
5.11 Трахеобронхоскопия

Зерттеу жүргізілетін бөлме қараңғыланған болуға тиіс. Брюнингс, Мезрин бронхоскоптары қолданылады (61,62 суреттер).Кішкентай жастағы балаларға трахеобронхоскопия жүргізу үшін жалпы наркоз қолданылады. Үлкен жастағы балаларға және ересектерге трахеобронхоскопия алдында 30 мин бұрын бұлшық етке 0,1% атропин және 2 % промидол ерітіндісін егеді. Содан соң көмейді жансыздандыру 2% немесе 10% лидокаин ерітіндісімен, бронхты жансыздандыру – 10% лидокаин ерітіндісімен жүргізіледі.


61 сурет - Брюнингс бронхоскопы: 1- айна, 2- конденсоры бар жарық көзі, 3-негізгі түтік, 4-ішкі түтік, 5- түтікті ұзартатын сым.



62 сурет -Мезрин бронхоскопы: 1-жарық көзінің тұтқасы, 2-айна, 3-негізгі түтік.
Трахеобронхоскопия отырған немесе жатқан күйде жасалады. Бірінші кезеңінде науқас төмен орындыққа отырғызылады. Денесін алға иіп, басын артқа қарай шалқайтып, мойын бұлшық еттерін босаңсытады. Екінші кезеңде, науқас арқасымен, ішімен, оң немесе сол қырымен жатады.

Трахеобронхоскопияның екі түрі бар: жоғарғы және төменгі. Жоғарғы трахеобронхоскопияда түтік ауыз және көмей арқылы, ал төменгі трахеобронхоскопияда – трахеотомиялық тесік арқылы енеді.

5.11.1. Жоғарғы трахеобронхоскопия техникасы.

Науқас аузын ашып, тілін шығарады. Дәрігер дәкелі салфеткамен орап, сол қолының ортаңғы және бірінші саусақтарымен науқастың тілін ұстап, екінші саусағын науқастың жоғарғы тістеріне тигізеді, бұл түтіктің саусақ арқылы тез жылжуына көмектеседі. Түтікті тілдің ортаңғы сызығымен бөбешікке қарай енгізеді де бөбешікті алға қарай ығыстырады. Науқастың тілін босатады, содан соң дауыс саңылауы көрінеді. Осыдан соң түтікті ұзын осі бойына 900-қа бұрады (дауыс саңылауы бойымен), оның қиғаш басы сагитальды жазықтықта орналасуға тиісті. Терең тыныс алу кезінде түтікті дауыс саңылауының арғы жағына қарап өткізеді, жай айналмалы қозғалыстар жасап, кеңірдекке және бронхтарға енеді, осылайша түтікті алғашқы қалпына орналастырады.

Түтікті оң жақ бронх саңылауына енгізу оның анатомиялық ерекшелігіне байланысты қиындық тудырмайды (кеңірдектің жалғасы болуына байланысты). Науқастың басын солға қисайтады.

Сол жақ бронхқа өту қиындау. Себебі сол жақ бронх кеңірдекке 50-750 бұрыш жасап орналасқан. Сол себепті зерттелушінің басын қарсы жаққа қисайтады. Түтіктің жоғарғы жағы ауыздың оң жақ бұрышына ығыстырылады, ал төменгі жағын кеңірдектің сол жақ қабырғасына тигізеді. Бронхтың тармақтарын да (екіншілік және үшіншілік) қарауға мүмкіндік бар. Ол көріністі көру үшін науқастың басын, дене қалпын және түтік бағытын өзгертеді. Бронх саңылауын көрмей, түтікті күштеп итеруге болмайтынын ескеру керек.

5.11.2. Төменгі трахеобронхоскопияның техникасы.

Түтік трахеотомиялық тесік арқылы енгізіледі. Зерттеу алдында трахеяға 2% лидокаин ерітіндісін тамызады (1 мл). Бұл манипуляция басын бұрып отырған күйде жасаған ыңғайлы.

Төменгі бронхоскопия 3-4 жасқа дейінгі балаларда, сонда-ақ түтікті табиғи тыныс жолдары (толық қысқа мойын, омыртқаның мойындық бөлімінің кифозы және сколиозы, көмейдің тарылуы, көмейдің туберкулезді зақымдалуы, көмей ісінуі дамуына қауіп болғанда және т.б.) арқылы өткізу мүмкін болмағанда жасалады.

Бронхоскоптың номерлері: әйелдер үшін - №2, №3; ер адамдарға - №2; 3-5 жастағы балаларға - №5, 5-10 жастағыларға - №4, 10-14 жастағыларға - №3 қолданылады.

Трахеобронхоскопияда эндотрахеалды наркоз балаларда ғана емес, сонымен бірге ересектерде де жасалады. Наркоз көктамыр ішіне (2% гексенал ерітіндісі немесе тиопентал натрий 300-500 мг, листенон 100 мг), тыныстық бронхоскоп көмегімен өкпені жасанды желдетуі қолданылады. Науқас шалқасымен жатады.