ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Ответы на вопросы
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 3595
Скачиваний: 3
Туберкулезден айырмашылығы - рак көбінесе, 40-тан асқандарда кездеседі, іші жүрмей, ол іш өтумен жиі алмасады, қанда лейкоцитоз, қан азайу болады. Туберкулез жас адамдарда жиі тіркеледі - өкпе зақымданады, қанда лейкопения, лимфоцитоз, нәжіс сұйықтау әрі жиі байқалады.
Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының диагностикасы
Тоқ ішектің бұл бөлігінің рагында әртүрлі тәсілдер қолданады.
Оларға:
-
Сыртатпаны терең, жан-жақты жинау,
-
Лабораториялық тексерулер,
-
Рентгенологиялық тәсілдер,
-
Эндоскопиялық зерттеулер (ректороманоскопия, колоноскопия),
-
УДЗ.
Науқастың сыртатпасын (анамнез) жинағанда белгілер қашан пайда болды, олар қалай дамыды, үдеді ме, жоқ кері кетті ме? Қай жерлерде алғашқы тексеру жүргізілді, қортындылары немен бітті, ем болды ма? Оның нәтижесі сияқты мәселелерді тиянақты тексеру қажет.
Клиникалық белгілерді ескергенде, олардың басқа да қосарланып келетін аурулардан болатындығын ескерген жөн.
Тоқ ішектің жиекті бөлім рагына, мына жағдайларда күдік туады.
Олар:
-
Іштің кебуі, белгісіз біртіндеп сыздап ауруы,
-
Іште нәжістің тоқтауы, кебуі және су жиналуы,
-
Нәжісте қан, немесе оның қалдықтарының көрінуі,
-
Қан азайуы,
-
Себепсіз дене қызуының көтерілуі,
-
Іш қуысынан ісік түйінін табу,
-
Нәжістің қатып қалуы,
-
Ішек қуысының бітелуі.
Осылардың біреуі оң болса, онда міндетті түрде арнайы бағытталған тексерулерді жүргізу қажет.
Тоқ ішектің жиекті бөлігін физикалды тексерулері
Көру кезінде -оң жағында орналасқан ісікте қан азайу мен уыттану, дене қызуы көтерілетіндіктен, терінің бозаруына, сұрланғанына көңіл бөлу керек, Осының бәрін науқастың бет- әлпетінен, терісінің сұрғылт түсінен, көз жанарынан аңғару қиын емес. Кейде ішек түйнек болған жердің үстінен, ішектің жыбырлаған тербелісін аңғаруға болады. Іштің алдыңғы қабаты бостау келсе, онда саусақпен тоқылдатқанда, дыбыстың тұйықталып, әрі іште сұйық бары анықталады. Іш қуысын тыңдағанда, бұл жерлерде ішек тербелісін және су деңгейінің шуы естіледі.
Сипау кезінде тоқ ішектің өрмелеуші және төмендеуші бөліктерінен ісікті табуға болады, ал көлденең және сигма бөлігінде ісік қозғалыста болғандықтан дәл анықтау қиынға соғады.
Тік ішекті саусақпен көру- міндетті түрде орындалуы жөн, себебі тоқ ішек көп жерден зақымдануы мүмкін.
Тоқ ішектің жиекті бөлігінде қолданылатын лабораториялық зерттеулер
Қанды жалпы тексеруде, гипохромды қан азайуды, ЭТЖ өзгергенін анықтайды. Егер лейкоцитоз болса, онда қабыну үрдісті байқауға болады.
Қандағы рак ұрық антигенін (РҰА) анықтау- ісіктің асқынған сатысында оң болатындықтан, оны аурудың алғашқы өсу кезеңдерінде жиі қолданбайды. Ал енді тоқ ішек рагы емнен кейін қайталанса (операциядан соң) онда бұл тәсіл- өте құнды, әсіресе оны маркерлерді (ТИ М2-РК) анықтаумен қоса, қосымша анықтаса өте тиімді.
Нәжістегі қанды анықтау тоқ ішек рагында құнды тәсіл. Бұл реакцияның мәні- нәжістің, егер онда қан болса, түсі өзгереді; гемоглобин және көміртегінің қос тотығы (Н202) бензидин тұрған жерде (Грегерсен әдісі) жасыл-көк түске, ал Гваяков тас майы (смола) қан тұрған жерде ол көк сия түске (Вебер әдісі) айналады. Бұл тәсіл халықты жаппай тексеру кезінде қолдануға болады, мұны гемокульт –тест дейді. Оның пайдасы, жасырын қан қалдықтары нәжісте болғанда өте тиімді.
Рентгенмен тексеру - тоқ ішектегі ракты анықтайтын ең негізгі әдіс. Тәжірибеде ирригоскопия жиі қолданады, ол екі орындау тәсілімен орындалады. Ол ұшін, ауыз арқылы – per os (пассажды әдіс), немесе тік ішек арқылы – per rectum (ретроградты ирригоскопия) барий тұзын енгізеді (№18- сурет).
Ирригоскопия жасар алдында тоқ ішектің жиекті бөлігін тазалау қажет, ол үшін ауру адам көкөністерді көп қолданбай, көбінде күріш ботқасын қабылдау керек, бұл әдісті қолданар алдында науқасқа кешінде (21 сағатта), таңертең екі сағат бұрын тазалау клизмасы (1,5-2,0 л), дене температурасындай жылылықта жасалынады. Науқас тексеруге келгенде жайма (сейсеп), не орамал ала келуі тиіс.
Ирригоскопия кезінде - ішекті екі рет көреді: алдымен ішектің ішкі көрінісі мен қуысының мөлшерін анықтау ұшін, оны барий тұзымен (1:4 қатнаста) толық толтырып болған соң қарайды, содан кейін оны босатып (әжетханаға барып), бос қуыстағы шырышты қабаттың өзгерістерін анықтайды. Ішек босағаннан кейінгі көріністі, алдыңғысымен салыстырады.
№18- сурет. Ирригоскопия
Рентгендік көрінісінде тоқ ішек рагының 3 белгілері болады:
-
толу кемістігі (тіннің + белгісі), оның пішіні (бейнесі) тіс тәрізді иректелген болып келеді,
-
ішек қуысының сақина тәріздес тарылуы және осы жерде ішек қабырғасының қатайуы және оның жоғарғы бөлігінің кеңейуі,
-
толу кемістігінің ортасында барий тұзы қалдығының қалуы.
Ирригограммадағы көріністерді айқындауға, өзгерістерді анық көру үшін, барий тұзы мен бірге, газ пайда болатын қоспа заттарды (лимон қышқылы + гидрокарбонат натрий), немесе ауа тік ішек арұылы енгізеді, сол кезде ішек қуысы газға толып, оны кернеп, кеңейтеді. Сол кезде, ішек қабырға бедері (рельефі) керіліп, беттеріндегі өзгерістері айқындалады.
Тәжірибеде, бұл әдіс «қоспалы көлеңкелеу» - деп аталынады; осы тәсілдің көмегімен, тіпті 0,5-1,0 см көлемдегі түймешіктерді де анықтауға болады.
Ректороманоскопия – арнайы тік және сигма тәрізді ішекті көретін аспап. Сол арқылы тік ішек және сигманы көзбен көруге болады. Бұл әдіске де алдын ала ішек қуысы тазалануы керек (емдәм және клизма). Көру кезінде, тік ішектен бастап сигмаға шейінгі ішек қуысының шырышты қабатындағы экзофитты, эндофитты ісікті көруге болады және көріп қана қоймай, одан биопсия алуға мүмкіншілік туады. Кейде ішек қуысы қысылғаны соншалықты оны қанша желмен үрлеп кеңейткенмен, аспап ұшын әрі қарай енгізуге болмайды, сондықтан мұндайда күш салмау керек.
Колоноскопия – арнайы аспап колоноскоп арқылы тоқ ішек қуысын көру (№19- сурет). Алдын ала ішек қуысын тазалау жоғарыда айтылғандай орындалады. Колоноскоп жұмсақ иілгіш келетін нәзік аспап, ол жоғары қарай ішек бойымен қозғалу үшін, алдымен арнайы тесігі арқылы ішекке жел үрлеу қажет, сол кезде ішек қуысы кеңейеді, сонда ғана аспапты емін-еркін енгізіп, оны әрі қарай жоғары жүргізуге болады. Біртіндеп аспапты енгізу кезінде, көзбен бақылай отырып, бүкіл тоқ ішек қуысын көріп, бақылауға мүмкіншілік туады да, онда экзофитты, эндофитты ісіктерді және түймешіктерді т.б. өсінділердің барлығын анықтап, өсінділерден ет кесіп алады (биопсия), сөйтіп алған затты цитологиялық, гистологиялық зерттеуге жібереді.
Ультрадыбыс арқылы зерттеудің нәтижесінде ісіктің 3-4- сатысын дәл анықтауға болады. Тоқ ішекті УДЗ-ман көру (сканирлеу) кезінде, ондағы (тік ішектен басқа) өзгерістерді толық тексеру мүмкіншілігі арта түседі. .
Тоқ ішектің жиекті бөлім рагын ерте анықтау жүйесіне – скрининг тәсілі кіреді.
Оны орындау үшін:
-
анықтаушы сұрақтаманы алдын ала дайындау,
-
оны тарату,
-
оны толтыру,
-
содан соң оларды сараптау.
-
гемокульт-тесттін жұргізу,
-
тік ішекті саусақпен тексеру,
-
УДЗ
№19- сурет. Колонофиброскоп арқылы тоқ ішекті зерттеу
Жалпы скринингтың мақсаты – қауіп-қатерлі топтарды анықтау және адам нәжісіндегі жасырын қанды табу. Тексеруге 50 жастан асқандар жатады, олар 2 жылда бір рет осы зерттеуден өтеді. Ал қауіп-қатерлі топтардағы адамдар жыл сайын тексеріліп, міндетті түрде, үш жылда бір рет колоноскопиядан өтуі керек.
Скринингтегі ең негізгі әдісі – гемокульт-тест. Ол Вебер және Грегерсен тәсілдерімен жүргізіледі. Вебер әдісі өте қарапайым және әр үйде қолдануға болады, ол үшін фильтрлі қағазға нәжістің кішкене бір бөлігін салады да, арнайы конверт арқылы емханаға жіберіледі. Емханада сол фильтрлі қағазға, конверттің басқа жағында арнайы тесігі арқылы 2 тамшы реактивті (гваяк смоласы) тамызады. Егер нәжісте жасырын қан болса, онда фильтрлі қағаз 30 секундтан кейін көгілдір сия түске боялады. Осындай оң реакция болған адамды жан-жақты терең тексеру керек.
Қазіргі таңда нәжістегі жасырын қанды анықтау тәсілдеріне криптогем және фекатест сияқты өте сезімтал әдістер жатады.
Криптогем әдісі – гемокульт-тестің жетілдірілген түрі, ол тек бөлектенген эритроциттен ажыраған гемоглобинді анықтайды. Көтеуде және тік ішек жарығында да, нәжісте қан болады, бұларда эритроцит бұзылмаған (гемоглобин ажырамаған) таза күйінде, кездеседі, сондықтан бұл реакция теріс болады.
Фекатест әдісінде гемоглобинді иммунологиялық жолмен анықтайды, гемокульт-тестке қарағанда бұл әдіс екі есе өте сезімтал келеді.
Жаңа тәсілдердің біріне – компьютер арқылы зерттеу жатады. Мұнда арнайы импульс беретін қондырғы (датчик) түймедақта орналасады. Түймедақты адам ауыз арқылы қабылдаған соң, оның жүрген жерін компьютер арқылы бақылап отырады. Бұл жаңа тәсіл әлі тәжірибеде кең қолданыста жоқ, бірақта келешекте ол бұдан әрі толығырақ зерттеліп, жетілдіріліп, тәжірибелік медицинада қолданылуы мүмкін.
Тоқ ішектің жиекті бөлік рагын емдеу жолдары
Хирургиялық емдеу әдісі
Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының радикальды еміне, тек хирургиялық әдіс жатады.
Оң жақ, сол жақ тоқ ішек рагында гемиколэктомия (тоқ ішектің жартысын), ал сигма және көлденең бөлігіндегі ракта резекция жасалынады. Егер рак, не түймедақтар тоқ ішектің бірнеше бөлігінде орналасса, одна колоэктомия жасалынады.
Соқыр ішек пен өрмелеуші бөліктегі және оң жақ бауыр иіріміндегі ракта бүкіл оң жақтағы тоқ ішек көлденең бөліктің үштен біріне дейін тұтас сылынады, оны оң жақты гемиколоэктомия дейджі (№20- сурет), ал сол жақтағы ракта көлденең бөліктің ортасынан бастап сигманың үстіне шейін ішек тұтас сылынады, оны сол жақты гемиколэктомия (№21- сурет).
А В
С Д
Е
№20- сурет. Оң жақты гемиколоэктомияны орындау кезеңдері
А- соқыр ішек пен өрмелеуші бөлікті ажырату, В- іш пердені кесіп ажырату,
С- мықын ішекті кесу, Д- көлденең ішекті кесу, Е- Тоқ ішек пен мықын ішек арасына қырынан анастомоз салу жолдары.
А В
№21- сурет. Сол жақты гемиколоэктомияны орындау кезеңдері
А- төмендеуші бөлігін ажырату, В- көлденең ішек пен сигма бөлігін бір-біріне тік анастомоз салудың жобалы кестесі
Көлденең бөлік пен сигманың ортаңғы және тік ішектің үстіңгі бөлігіндегі ракта резекция жасалынады (№22- сурет). Бұлай болу себептері қан айналымының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, алдын-ала қан тамырлар байланып кесіледі.
Кейбір кездерде (көбінесе түймешіктерде) эндоскопия арқылы түймешіктер алынады, бірақ бұл операциялар радикальды болмайды. Бұлардан кейін өте жиі рецидив болатындықтан, оларды дер кезінде анықтау мақсатында, ауруларға диспансерлік бақылау қажет.
Асқынған тоқ ішек рагы көбінесе жедел-тез медициналық көмекті қажет етеді.
Бұларға жататындар:
-
нәжіс қатып, жүрмей қалуы – тек ішек қуысы бітеліп түйнек болған кезде болады
-
ішектің тесілуі – іш перденің қабынуы қалыптасып, дамуы,
-
ішектен қан кетуі.
Нәжіс қату кезінде хирургиялық әдістің орындалу ережелері өзгереді. Бұл 12-20,0% ауруларда кездеседі. Бұрын мұндай ауруларға екі деңгейдегі операциялар жасалынатын – әуелі тоқ ішектің бітелген жерінің жоғары бөлігіне, көбінде соқыр ішекке, жасанды жыланкөз (цекостома) жасалып, содан соң науқастың жағдайы жасарған кезде ғана операция жасалынатын. Қазіргі кезде бұл тәсіл өзгерді, алдымен 6 сағатқа шейін нәжістің қатуын жойатын консервативті тәсілдер қолданады (клизма, спазмолитиктер, сусыздық пен уыттанумен күрес – сұйық ерітінділерді ағзаға енгізу, жүрек-қан тамыр, бауыр, бүйрек жүйелерінің жұмыстарын жақсарту т.б.). Егер бұл шаралар көмектеспеген жағдайда (нәжіс жүрмесе) тек сонда ғана операция жасалынады. Сол жақ тоқ ішек рагы асқынса, онда Гартман операциясына, ал оң жақтағы ісікте бүкіл ішектің осы бөлігін (гемиколэктомия) алу керек.
А
В
№22- сурет. Тоқ ішекке резекция жасау
А- көлденең ішектің резекциясы В- сигма тәрізді бөлігінің резекциясы
Гартман операциясы деп, ісік жатқан ішек бөлігін кесіп алып, төменгі (дистальды) ішек бөлігін жауып, іш қуысында қалдырады да, ал жөғарғы (проксимальды) ішек бөлігін сыртқа шығарып, жасанды жыланкөз (колостома) жасауды айтады (№23- сурет). Қабыну үрдістері толығынан кетіп, аурудың хал-жағдайы жақсарғанан соң, ішек қуысын қайтадан қалыптастыру үшін, проксимальды және дистальды бөлімдерін қайта бір-біріне қосады.
Егер оң жақтағы тоқ ішек рагы асқынса (тесіліп, перитонит болса), онда жеңілдік жасау үшін, жасанды жыланкөз қарастырылады. Оны орындау кезінде тоқ ішектің проксимальды және дистальды бөліктері бірдей сыртқа шығарылып, біраз мезгілден кейін, аурудың хал-жағдайы жақсарса, сонда ғана олар бірімен-бірі жалғанады.
№23- сурет. Гартман (Hartmann) операциясы
Паллиативті операциялар тек ісік асқынып, аурудың хал-жағдайы мүлдем нашарлағанда қолданады. Егер, тіпті, алыстан метастаздар табылып, бірақ ісікті алуға болатын жағдай болса, онда резекция жасалынып (зақымданған жері ғана алынып), кейіннен химиотерапия жүргізіледі. Егер резекцияға жағдай келмесе, онда жасанды жыланкөз жасалынады. Ал кейде, ісік орналасқан тоқ ішектің, жоғарғы және төменгі бөліктері арасына қосушы айналмалы анастомоз салады (№24- сурет), сөйтіп нәжістің ішек ішінде қатырмауды осылай қарастырады.
А В С
№24- сурет. Тоқ ішекке жасалынатын паллиативті операциялар
Илеотрансверзостомия: А- қырынан, В- қырына тік, С- трансверзосигмостомия
Тоқ ішектің жиекті бөлік рагын сәуле мен химия әдістерін қолдану
Сәуле әдісі тоқ ішек рагында жеке ем ретінде қолданбайды. Егер ісікке радикальды операция жасау мүмкіншілігі болмаған кездерде (операцияның алдында ісіктің көлемін кішірейту мақсатында немесе рак клеткаларының өсу қабілетін төмендету ретінде және кішкене ұялаған қосымша рак ошақтарын жойу үшін) аталмыш әдіс пайдалануы мүмкін.
Осы мақсатпен қолданған сәуле әдісінен кейін, операция да нәтижелі болады - ісіктің қайталану санын кемиді, сөйтіп бұл іс-әрекет науқастың өмір сүру көрсеткіштерін жақсартады.
Химиотерапия дерт асқынған кездерде қолданады немесе операциядан кейін, ісік қайталанған кезде және бөгелме ісіктер пайда болғанда орындалады. Дәрілерден тек 5-фторурацил 20% ауруларға нәтиже береді. Ол лейковоринмен немесе левамизолмен бірге қолданады.
Химиотерапия үлгісі:
1- вариант.
-
5-фторурацил 425 мг/м2 қан тамыры арқылы 1-5- күндері,
-
Лейковорин 20 мг/м2 қан тамыры арқылы 1-5- күндері.
Курс бір айдан кейін қайталанып, жарты жыл бойынша жүргізіледі.
2- вариант: