Файл: растырушы м.. д., профессор Курманова Г. М. 2017 17 01 Стационардаы ревматология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 100

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

17_03 Амбулаторлы – емханалық ревматология

$$$001

40 жастағы әйел қалтыраусыз дене қызуының 38-38,5 көтерілуіне, таңертегілік құрысуға, тізе буынының қозғалған кезінде ауыру сезіміне шағымданады.

1 жыл бойы ауырады, ең бірінші қызба, буындарының ауыру сезімі пайда болып, сол жақ тізе буыны ісінді, сол кезде қол терісінің «тітіркенуі», ұю сезімі мазалай бастады.

1,5 жыл бұрын AV-бөгеме 2 дәрежесі пайда болуымен миокардит болған. Анамнезінде – қызына Чехияға барған, тауда серуендеп жүргенде ортасы ыдыраумен, өлшемі үлкейетін папула пайда болған, сондықтан гиперемия диаметрі 20 см сақин сияқты болды, кейінен эритема жоғалып кетті. Қандай емдік тактика барынша оңтайлы?

A) метотрексат

B) микофенолатамофетил

C) преднизолон

D) ципрофлоксацин

E) доксициллин

{Дұрыс жауап}=Е

{күрделілігі}=3
$$$002

23 жастағы ер адам сол тізе буынының ауыру сезіміне және ісінуіне шағымданады.

2 ай ішінде ауырады, ауруы буындарда ұшпалы ауру сезімдерден басталған. Объективті: тізе буынының артриті, ахиллов тендовагиниті, эритематозды негізде ауру сезімді пустулалар. Бірнеше ай бұрын қорғанышсыз жыныстық қатынаста болған, одан соң уретрит пайда болып оны өз бетінше емдеген. Уретрадан жағынды микроскопиясы: формасы кофе дәндеріне немесе бұршаққа ұқсас теріс қос кокктар.

Қандай ем тактикасы барынша оңтайлы?

A) диклофенак натрия

B) метотрексат

C) сульфасалазин

D) ципрофлоксацин

E) ровамицин

{Дұрыс жауап}=Е

{күрделігі}=3
$$$003

22 жастағы қызда 2 ай бұрын 38,5С дейінгі қызба, бұлшықет және буындарында ауру сезімі, бетінде бөртпе(фото) пайда болды. Қарағанда мойын және қолтықасты лимфатүйіндерінің ұлғаюы; қол басы буындарының ісінуі және жергілікті гипертермиясы; гепатоспленомегалия анықталады.

Қанда: гемоглобин – 108 г/л, лейкоциттер-1,9 х 109/л, лимфоциттер - 25%, ЭТЖ-25 мм/с. РФ–оң.



Иммунологиялық зерттеудің қандай нәтижесі болуы мүмкін?

A) оң АЦЦП

B) оң АНЦА

C) оң анти-РНП

D) оң анти-ДНК

E) оң антицентромерлік антиденелер

{Дұрыс жауап}=D

{күрделілігі}=3
$$$004

19 жасар қыз бір апта бұрын ауырды, оң иық және иық үсті аймақ бұлшықеттерінде ауыру сезімдер пайда болды. 2 апта бұрын суықтап, еріндерінде ұшықтық бөртпелері пайда болған.


Бұлшықет әлсіздігі және ауыру сезіміне байланысты оң қолын көтере алмайды. ЖҚА: гемоглобин – 102 г/л, лейкоцит- 3,1 х 109/л, ЭТЖ-28 мм/сағ. КФК – 540 ед/л. ВПГ ИФА 1,2 – айқын оң IgM және IgG

Қандай емдік тактика барынша оңтайлы?

A) ацикловир

B) оселтамавир

C) сульфасалазин

D) ципрофлоксацин

E) преднизолон

{Дұрыс жауап}=А

{күрделілігі}=3
$$$005

52 жастағы әйелде шаршағыштық, қозғалыстың бөгелуі, бұлшық еттерде, буындарында, нақты орналасуы жоқ арқасындағы ауру сезімдері, парестезиялар, соңғы 6 айда ұйқысының дем алған тәрізді сезімінсіз болуы және күшінің қайта қалыпқа келуінің қиындау шағымдары пайда болды.

Етеккір үзілісі бар. Объективті: 12 бақылау нүктелерінің (желке, артқы мойын, трапеция тәрізді, екінші қабырға, жамбас) пальпациясы кезінде иррадациясыз ауру сезімі. Буындарында остеоартроз белгілері бар, қозғалысы толық көлемді, қабыну белгілері жоқ. Жалпы қан анализі – ерекшеліксіз. СРБ – теріс.

Қандай емдік тактика барынша оңтайлы?

A) диклофенак натрия

B) метотрексат

C) амитриптилин

D) ципрофлоксацин

E) ровамицин

{Дұрыс жауап}=С

{күрделілігі}=3
$$$006

67 жасар әйел аяқ бұлшықеттерінің үдемелі әлсіздігіне және ауру сезіміне, қатты, сонымен қатар сұйық тағам қабылданғанда да түйілуге, даусының қарлығуына шағымданады. Тексергенде гелиотропты тері бөрпелері, ''ішкөйлек симптомы'' және Готтрон симптомы оң, креатинфосфокиназа деңгейінің және АНА айқын жоғарылауы анықталды. Іш қуысында бос сұйықтық анықталады.

АФП – 125 МЕ (қалыпты 12), ОММА (СА 125) – айқын оң.

Қандай диагноз?

A) идиопатикалық полимиозит

B) идиопатикалық дерматомиозит

C) паранеопластикалық дерматомиозит

D) вирусты миозит

E) алып жасушалық дерматомиозит

{Дұрыс жауап}=С

{күрделілігі}=2
$$$007

19 жастағы ер адам тізе және табан буындарының ауру сезімдері және ісінуіне, өкшесіне тұра алмауына, ауыспалы сипаттағы жамбастағы ауру сезімі, бел аумағы қимылының шектелуі, қабырға-төс бірігуі аймағының ісінуі, дене салмағының 4-5 кг төмендеуіне шағымданып келді. Объективті: тізе буындарының асимметриялық пішін өзгерісі, ісінуі, тізе және табан буындарында қозғалыстың шектелуі.

Берілген патологияда қандай жүйелік өзгерістер болуы мүмкін?

A) кардит

B) увеит

C) гломерулонефрит

D) полисерозит

E) пульмонит

{Дұрыс жауап}=В

{күрделілігі}=3
$$$008

19 жасар қыз кешке қарай субфебрилитетке, тізе буындарында сыздаған тәрізді ауру сезімдерге шағымданады. 2 апта бұрын Омск облысынан келген.



Санында – эритема (сурет).



Қазіргі кезде буындар ісініп, жергілікті температура пайда болды, ауыру сезіміне байланысты қозғалыстың шектелуі байқалады.

Қандай диагноз?

A) парвовирусты артрит

B) лайм-бореллиоз

C) қызамықты артрит

D) энтеровирусты артрит

E) постстрептококкты артрит

{Дұрыс жауап}=В

{күрделілігі}=2
$$$009

20 жастағы ер адам, зоотехник аздаған жарақаттан кейін сол тізе буынында ауру сезімі, ісіну және қозғалысының шектелуі пайда болды. Буынның пункциясы кезінде 50 мл мөлдір емес жабысқақ синовиальді сұйықтық алынды. Реактивті артритке байланысты 10 мг/тәу преднизолон тағайындалды. Науқастың жағдайы азғана жақсарды, бірақ кейін қызба және тағы екі буынның (оң табан тобық және сол табан башпай) артриті пайда болды.

Қандай ем жүргізу тиіс?

A) гентамицин

B) метотрексат

C) сульфасалазин

D) левофлоксацин

E) ровамицин

{Дұрыс жауап}=D

{күрделілігі}=3
$$$010

56 жастағы әйел 4 жыл ішінде Ревматоидты артрит: иық, шынтақ, білек және тізе буындарының қосарласқан полиартриті бойынша ем қабылдап келеді. 7,5 мг/тәу метотрексат қабылдайды. Өршу кезеңдерінде өз бетінше преднизолон қабылдайды.

Биохимия: АЛТ – 125 МЕ/л, АСТ – 105 МЕ/мл, СФ 320 бір., жалпы билирубин – 34 ммоль/л.

Ары қарай барынша қандай тактика оңтайлы?

A) метотрексат мөлшерін төмендету

B) метотрексат алып тастау және циклоспорин бастау

C) метотрексат алып тастау және лефлюнамид бастау

D) емге преднизолон қосу

E) емге урсодезоксихоль қышқылын қосу

{Дұрыс жауап}=С

{күрделілігі}=3
$$$011

15 жасар қыз дене қызуы 38-38,5°-ға дейін көтерілуімен жіті ауырды, аурудың бірінші күнінде бетінде және құлақ артында көп мөлшердегі ашық-қызыл түстес, бірікпейтін розеолезды бөртпелер пайда болды, кешке қарай бөртпе денесінде және аяғында пайда болып, артқы мойын лимфа түйіндері ұлғайып, ауру сезімі пайда болды. 2 күннен кейін бөртпелер бозғылттана бастады, бірақ ірі буындар ауыра бастады, білек, тізе және табан буындары ісінді. Қанның жалпы анализі: Л – 3,2*109/л, лимфоциттер – 48%, плазмоциттер – 5%, ЭТЖ – 18 мм/сағ. РФ- 24 МЕ/мл. АНА- теріс.

Қандай ем тактикасы оңтайлы?

A) диклофенак натрия

B) преднизолон

C) кризанол

D) метотрексат

E) лефлюнамид

{Дұрыс жауап}=А

{күрделілігі}=3
$$$012

30 жастағы ер адам ірі буындарындағы ауыспалы ауыру сезіміне шағымданып келді. Өзін 2 ай аурумын деп есептейді. Терісінде бөртпелерден кейінгі пигмент дақтары көрінеді. Бөртпелер 2 жыл ішінде пайда болып, жоғалады. Әлсіздік, бір ай ішінде 3 кг азғандығын байқайды. Буындардың Р-графиясында патология табылмаған. Қанның жалпы анализі: лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ- 12 мм/с. Биохимия: глюкоза – 5,4 ммоль/л, АЛТ – 42 МЕ/мл, АСТ 22 МЕ/мл, билирубин 24 мкмоль/л. РФ – 240 МЕ/мл, АНА – әлсіз оң


Қандай зерттеу әдісін жүргізу керек

A) гепатит В және С маркерлі диагностика

B) парвовирусқа тексеру

C) Cl. trachomatis тексеру

D) Y.entеrocolitica РПГА

E) АИВ-инфекцияға ИФА

{Дұрыс жауап}=А

{күрделілігі}=2
$$$013

РФ –оң, ревматоидты артриті бар 46 жасар әйел (ауру ұзақтығы 15 жыл), метотрексат қабылдайды, темекі шекпейді, АҚ 130/85 мм сб.б аспайды, ДМИ – 27. Гликемия – 4,5-5,2 ммоль/л, холестерин ТТЛП 4,6 ммоль/л. Әйелге гиполипидемиялық емдәм және физикалық белсенділік ұсынылды. 3 айдан кейін холестерин ТТЛП 3,8 ммоль/л.

Науқасты жүргізудің келесі тактикасы?

A) емге орлистат қосу

B) емге преднизолон қосу

C) метотрексат алып тастау және циклоспорин бастау

D) емге аторвастатин қосу

E) емге фолий қышқылын қосу

{ Дұрыс жауап }=D

{күрделілігі}=3
$$$014

32 жастағы ер адамды 1 ай бойы бел аймағында, оң жақ жамбас сан және тізе буынында, балтыр бұлшық етінде ауыру сезімі мазалайды. Объективті: табанында гиперкератоз, ахилл сіңірі аймағында ауыру сезімі, мықын сүйегі қанаттарын басқанда ауыру сезімі, оң жақ тізе асты ойығында ісіну байқалады. Бактериоскопиялық тексеруде C.trachomatis ретикулярлы денешіктер анықталды. Азитромицин тағайындалды.

Антибактериальды терапияның нәтижелігін қандай зерттеу әдісі анықтайды

A) 3 айдан кейін С. Trachomatis антиденелеріне ИФА

B) 1 айдан кейін бактериоскопия

C) 4 айдан кейін С. Trachomatis антиденелеріне РПГА

D) Қан сарысуында С. Trachomatis ПШР

E) Уретра материалдарынан С. Trachomatis ПШР

{Дұрыс жауап}=Е

{күрделілігі}=2
$$$015

28 жасар ер адам танертең айқын болатын және физикалық жүктемеден кейін басылатын омыртқаның кеуде бөлімінде және бел аймағында ауыру сезіміне және құрысуларға шағымданып келді. Обективті: арық, белдік лордоздың тегістелуі. Мойын қантамырларына берілетін, екінші нүктеде диастолалық шу. Рентгенде мықын –сегізкөз буындық саңылаудың тарылуы, субхондралды склероз, эрозиялар. Белсенділігі жоғары болғандықтан инфликсимаб (ремикейд) тағайындау шешілді.

Берілген препаратты қолданудың алдында төменде аталған қандай зерттеу әдісін тағайындаған барынша тиімді?

А) Хламидия антиденелеріне ИФА

B) Антибруцелездық антиденелерге ПГРК

С) Жай герпес вирусы антиденелеріне ИФА

D) Гепатит В және С маркерлері

E) Селективті емес ортаға қанды себу

{Дұрыс жауап}=D

{күрделілігі}=2
$$$016

32 жасар ер кісі 6 ай көлемінде көбіне таңертең пайда болатын және қимылдағанда басылатын арқасында, жамбасындағы ауыспалы ауру сезімдерге шағымданады. Р-графияда – илеосакральды байламдарда ешқандай өзгеріс анықталмады. Науқаста сонымен қатар оң жақ тізе буынының артриті бар. Буындардың инфекциялық зақымдалуы жоқ. Отбасылық анамнез ағасында - бейспецификалық жаралы колит. Иммуногенетикалық зерттеуде HLA-B27 анықталды.


Емдік тактика қандай?

A) сульфасалазин

B) преднизолон пероральды

C) дипроспан б\і

D) циклофосфан

E) инфликсимаб

{ Дұрыс жауап }=А

{ күрделілігі }=3
$$$017

48 жасар әйелде 8 жыл ішінде эрозивті симметриялық артриті бар. Метотрексат қабылдайды. Соңғы уақытта әлсіздік, шаршағыштық, терісінің бозаруын, парестезия, зейіннің, көңіл-күйінің төмендеуін, «ауыздық» пайда болғанын байқайды. Қанда – гиперхромная анемия.

Қандай препаратты метотрексатпен бірге біріктіруге болады?

A) цианкобаламин

B) фолий қышқылын

C) темір препаратын

D) кальций препараттарын

E) магний және марганец препараттарын

{Дұрыс жауап}=В

{ күрделілігі }=3
$$$018

Қол басы, білек буындарының зақымдануымен созылмалы артриті бар 44 жастағы науқаста алақан сүйегі мен саусақ буындарының ульнарлық девиациясы, бүгілу контрактурасы (аққу мойны), сүйек аралық бұлшықеттердің атрофиясы, ауамен, кейде сасық иіспен кекіру, эпигастрийде дискомфорт, тез тойып қалу сезімі, тұрақсыз дәрет, тері құрғауына шағымданады. ЖҚА: анемия, ЭТЖ 26 мм/с. РФ - оң. АНА – оң.

ФЭГДС нәтижесі барынша қандай болуы мүмкін?

A) жұқарған атрофияланған шырыш

B) көптеген эрозиялар

C) пилорикалық бөлімде жара

D) онекі елі ішек жарасы

E) гипертрофирленген шырыш қабаттары

{Дұрыс жауабы}= А

{күрделілігі}= 3
$$$019

48 жастағы әйел табан буындарының ісінуі және ауру сезіміне, ауру сезімі бар аяғына тұра алмауына, кешкі уақытта болатын субфебрилитет, тізе буындарындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып дәрігерге келді. Бақшада жұмыс жасап жүргенде жарақат алғаннан кейін ауырады деп есептейді. Соңғы жылда 2 рет ауыр пневмония болды. Объективті:буыны қатты ісінген, қызарған, тартпалы ауру сезімі бар, дене қызуы – 38,8ºС.

Қандай ем тактикасы барынша тиімді?

A) дипроспан буын ішіне

B) преднизолонды пероральды бастау

C) левофлоксацинді бастау

D) доксциклинді бастау

E) мелоксикамды бастау

{Дұрыс жауап}=С

{күрделігі}=3
$$$020

49 жасар әйел жүйелі қызыл жегі бойынша ем қабылдауда. Оған кальций 1500 мг/тәу және Д3 400 МЕ\тәу препараттары тағайындалды. Науқаста менопауза 47 жастан.

Ем тактикасының нәтижелігін қандай тексеру әдісі бақылай алады?