Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрлігі Алматы облысты білім басармасы мм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 78
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы «Оқу-ағарту» министрлігі
«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ
«Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК
Курстық жұмыс
Мамандық:0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111000 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Пәні: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
Тақырыбы: «Қазақ тілі пәнінде жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушының жазу дағдысын қалыптастыру жолдары»
Орындаған: НасироваД
Жетекшісі:Қондыбаева М
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Есік қаласы 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
І | КІРІСПЕ………………………………………..……………………… | 3 |
ІІ | НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………..……………………..……………... | 5 |
1 | Қазақ тілі пәнінде жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушының жазылым әрекеті..................…………………………… | 5 |
1.1 | Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жазу дағдысы әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану ерекшеліктері......…………............... | |
1.2 | Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі сабағында жазу дағдысын қалыптастыру жолдары………………………………........ | 8 |
ІІ | ЖАЗУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘРЕКЕТІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ…............................................................... | 13 |
2.1 | Жазылым әрекетіндегі қолдалыналатын әдіс-тәсілдер……………… | 24 |
2.2 | Жаңартылған білім мазмұны аясында жазу дағдысы әрекетін дамытуға арналған тапсырмалар…….………………..….................... | |
| 20 | |
ІІІ | ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………... | 28 |
ІV | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРНЕГІЗІ…………………….. | 30 |
| ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………... | 31 |
КІРІСПЕ
Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесінің негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшедіктерге қатысты тілдік материалынын мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы болып іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асырады.
Әдіскерлерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен құралуы тиіс.Олар:
-
Себеп - салдарлық; -
Аналитика-синтетикалық; -
Орындалымдық.
Яғни, жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсердіекінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады.
Екіншіден, аналитико- синтетикалық кезінде сөйлем құрылымы жасалады,сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін, текст пайда болып, жазу орындалады [10,23 б].
Курстық жұмыстың өзектілігі:Бүгінгі күннің басты талабы – болашақта өркениетті елдердің технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігінен көріну, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптастыру.Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жазу дағдысын қалыптастыру қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің атқаратын қызметі.Жазылым дағдысын [1,23 б].
Курстық жұмыстың мақсаты-жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жазу дағдысы әрекетін қазақ тілі пәні сабағында қолдану және қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Жазу дағдысы әрекетін қазақ тілі сабағында қолдануды айту;
Қазақ тілі сабағында жазу дағдысы әрекетін қалыптастыру жолдарын үйрету;
Қазақ тілі пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілерін дайындау.
Зерттеу пәні:
Оқушыларды сауатты жазуға, сөздерді дұрыс жазуға, сөзбен сөздерді, сөз тіркесін дұрыс байланыстыруды үйрету үрдісі.
Курстық жұмысты зерттеудің болжамы: Егер қазақ тілі сабағында жазу дағдысы әрекетін жетік меңгерте алсақ, онда олардың қазақ тілден білім деңгейі жоғарылайды және т.б пәндерді оқушылардың жетелей түсінуін, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қазақ тілі пәнінде жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушының жазылым әрекеті
Жазылым – төрт дағдының ішінде оқушының нәтижесін көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы.
«Жазылым термині «жазу» деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті жеткізу үшін қағаз бетінде сауатты жаза білу» дегенді білдіреді.
Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологилық, физиологиялық әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынаста мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазба жұмыстары мазмұны мен мақсатына қарай 4 түрге бөлінеді: дербес,нанымды, ақпараттық,
Дербес – жазылым жазушының жеке тәжірбиесі мен сезімін көрсететін, бірінші жақты көзқарасты қолданантын, баяндаудың басы, ортасы, аяғы қызықты құрылымды болып келетін, оқиға орны мен реті логикалық тізбекте берілетін, уақытты көрсететін сөздер мен оқиғалар ауысу тәртібі байыппен баяндалатын жазылым түрі [5,171 б].
Дербес жазылым төртке бөлінеді: хат, өмірбаян, күнделік, монолог.
Ақпараттық жазылым-тақырып бойынша маңызды мәліметтерді нақты беретін, әртүрлі дерексөздерден алынған ақпаратты қолданатын, әртүрлі дерек пен мәліметтерге сүйеніп, қорытынды шығаратын, деректер мен мәліметтер жүйелі берілетін жазылым түрі.
Ақпараттық жазылым түрлері:
1.Хабарландыру;
2.Сұхбат;
3.Жазылым;
4.Есеп;
5.Хабарлама;
6.Баяндама;
7.Бұйрық;
8.Шақыру;
9.Нұсқаулық.
Шығармашылық жазылым-шығармашылық тұрғыда жазылған, идея және стильден шығармашылық мінез көрінетін, жұмыс барысында өте көркем және әсерлі сөздер таңдалып қолданылған, әсерді жақсарту үшін сәйкестендірілген құрылым қолданылған; кейіпкерлері мен сюжеті жанды суреттеліп, оқиғалар реті жымдасып, оқырманды қызықтыратын жазылым түрі.
Шығармашылық жазылым түрлері:
1.әңгіме;
2.ертегі;
3.сценарий:
4.сахналық сөз.
Нанымды жазылым – нақты тақырып бойынша айқын пікр айтатын, пікір нанымды себептер мен дәлелдермен негізделетін, келтіретін себептер мен дәлелдер логикалық тәртіппен берілетін,аудиторияны сендіру басты талап болатын,арнайы пікірді білдіретін сөздік қор көбірек қолданылатын жазылым түрі.
Нанымды жазылым түрлері;
1.жарнама;
2.резенция;
3.ашық хат;
4.ұсыныс;
5.коментарий;
6.эссе
Тиімді әдіс-тәсілдер оқушылардың жазба тілін дамытады, молайтады ойлауын жетілдіреді [10,4 б].
Қорыта келгенде, жазбаша сөйлеуді дамыту мынадай дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады: ұсынылған тақырыпты түсіну арқылы оған қатысты материалдарды бөліп, тиісті мағлұматтар арқылы нақтылай жауап беру; мазмұндама, шығарма жазу үшін қажетті материалдарды жинақтау дағдыларына үйрету, ой пікірін жүйелі әрі түсінікті жеткізе білу, тілдік материалдарды әдеби тіл нормаларына сәйкес пайдалану.
1.1 Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жазу дағдысы әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұны аясында қарастырылатын оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім дағдыларын қалыптастырудың басты көзі – жазылым әрекеті деп санаймыз. Себебі жазуды меңгерген бала оқуды да игереді.
Қазақ тілін меңгерту үшін, ана тілінде дұрыс сөйлеу, дұрыс жазуды жүзеге асыру үшін ең алдымен қазақ тілінің іргетасы болып табылатын дыбыстық жүйені оқытудың зерттелуіне көңіл бөлген дұрыс. Себебі А.Байтұрсынұлының пікірінше, «Дыбыстарды тізіп үйренсе, хәріптерді тізу қиын болмайды. Сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін айыруды білсе, хәріптерін қою қиын болмайды»[1,330].
«Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. [2,108].
Жазылым – әріптерді таңбалауда қиында күрделі жұмыс. Жазылым әрекеті бастауыш сынып оқушысы, әсіресе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушы үшін – ұзақ уақытты қажет ететіндіктен бірте-бірте қалыптасатын күрделі үдеріс. Оқушылар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен танысып, әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. Жазылым әрекеті қамтитын мазмұнды мына суреттен көруге болады:
Мектеп оқушыларына әріптерді алғашқыда жазып үйрету қиын болғандықтан жазуды үйренудегі мынадай дағдыларды білуі керек. Олар:
* әуелі әріптерді, содан соң сөздер мен сөйлемдерді жаза білу дағдысы;
* сөз және сөйлемдердегі орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы;
* әр түрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы.
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
· сөзді тыңдай білу;
· сөзді айта білу;
· көру факторы;
· қолдың саусақтарын дұрыс пайдалану.
Жазылым әрекетінде оқушының көру, есту мүшелері (көз, құлақ), мен сөйлеу мүшелері (тіл) қатысады.Әріптерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, алдымен мұғалім әріптерді ауада, содан кейін тақтада жазып көрсетуі тиіс.Оқытушы әріптерді дәптерлерінде жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазылым әрекетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді жазуға жаттығады.
Баланың мектеп оқып, білім алуы кезеңінде жазуға үйретіп, жазу дағдыларын қалыптастыру – оның өміріндегі ең күрделі үдерістердің бірі. Өйткені бала мектептегі оқуға алғаш рет кіріскеннен бастап, оны бітіріп шыққанша оқып білім алумен қатар, жазбаша түрде ойлауға және сол ойын жазбаша жеткізуге төселеді.Бұл дағды үнемі үздіксіз жүйелі жүргізіліп отыратын жазба жұмыстарының түрлері арқылы іске асырылады.Ендеше мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың сауатын ашуда, жазуға үйретуде жазу сабағын ұйымдастырудың маңызы зор[3, 51].
Жазылым – ұзақ уақытты қажет ететін, бірте-бірте қалыптасатын күрделі процесс. Ол оқушыларға графикалық таңбаларды үйретуден бастап өз ойын мағыналық және логикалық брлікте құрастырып, қағаз бетіне түсіруге яғни жазбаша жеткізуге дағдыланғанға дейінгі ұзақ уақытты қамтиды.Сондықтан жазылымның оқушы үшін психологиялық, әдістемелік және физиологиялық ерекшелігін басты назарда ұстаған абзал.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі– бір оқушылар жазуды тез әрі дұрыс меңгеріп кетсе, енді бір оқушылар аса зор қиындықпен үйренеді. Жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографикалық дағдылар мен шеберлікті ұштау үшін арнайы жұмыс түрлері жүргізіледі.Мысалы: әріптерді пайдалану арқылы бірнеше сөздер шығару, сөздерден сөйлем құрастырып жазу, мәтіндегі сөздердің қатесін тауып түзетіп жазу т.б. Фонетиканы қатысымдық тұрғыда оқыту үшін мұндай жұмыстарды сөйлеу әрекетіне байланыстырып берген жөн. Мұғалім әуелі әр баланың жеке психикалық ерекшеліктеріне көңіл аударып, әр оқушының жазу дағдыларын меңгеру қабылетінің деңгейі қандай дәрежеде екенін алдын ала біліп алғаны дұрыс. Сонымен қатар жазу барысында мұғалім дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді дұрыс қою сияқты ережелердің орындалуын қадағалап отыруы қажет.
Жазылымның физиологиялық ерекшелігі – жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрыс игеруді үйрету. Қолдың саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы, отырыстың пішіні т.б. – барлық адамның физиологиялық түр-тұрпатының алатын орны мен маңызы, қызметін ескеруді қажет етеді[3,112].Жазылым әрекеті барысында оқушылар орындауға тиіс ережелерді мұғалім оқушыларға жазуға кіріспестен бұрын көрсетіп үйретеді.Мысалы: екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге тіреліп арқаң тік тұрсын; жазғанда көкіректі партаға тақап тіремей, партаның шетінен 3 см алшақ ұстап, түзу отыру керек. Оқушыларға «партада түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» деген плакаттар сыныпта және дәптердің алғашқы бетінде болуы қажет.